БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

61. Владимир Высоцкий – Нагасаки аруы

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино актері Владимир Высоцкий/Галина Кмит/РИА Новости

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Владимир Высоцкий мен Лев Троцкийді байланыстыратын не бар, білесіз бе? Ол — Жапонияның Нагасаки қаласы. Высоцкийдің қиялынан туған, сол жердің хас аруы 20 ғасырдың басында кеңестік композитор Пол Марсель жазған порт әнінің кейіпкеріне айналды (ол расында Марсель қаласында Ростовтан келген еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген). Әннің мәтінін кеңестік әдебиеттің мінсіз ресмилеу тұлғасына айналған Вера Инбер жазған. Ал алғашқы жылдары оның шансонетканың қызғылт шұлықтары, ұйқыдағы какаду құсы, шие бәліші және шын мәнісіндегі Нагасакилік көк көзді ару туралы декадентті өлеңдері ғана болатын (Троцкий Вераның әкесінің немере ағасы еді). Содан бері әннің түпнұсқасы қатты өзгеріске ұшыраған (атап айтқанда, Инбер жазған өлеңде омырауының кішкентайлығы туралы сөз жоқ), ал Высоцкий жартылай фольклорлық нұсқасын шырқады. Бұл, әрине, Высоцкийдің репертуарындағы ең керемет ән емес, ол көбінесе өз өлеңіне жазылған әндерге төселген. Алайда ол әнді Козин де, Вертинский де және қазіргі әншілер де Высоцкийден асырып орындай алған жоқ.