БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

63. Frank Sinatra — A slow boat to China

Фрэнк Синатра/Murray Garrett/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл әнде Қытай бастапқыда покер сленгінен келген, кейіннен романтикалық сипат тапқан метафора ғана. «Қытайға апаратын баяу қайық» деген сөз ұзақ әрі қиялдағы сапарды білдіреді (біраз жылдар өткенде Егор Летовтың «Қытайға жаяу бару бар болғаны жарты қадам» деген кекесін аралас тармағы да осы мағыналас).

Ән 1947 жылы жазылған. Оны Розмари Клуниден бастап Дин Мартинге дейін кім орындамады деңізші, бірақ Синатраның дауысы бұл әндегі қытайлар айтатын «мың ли жол бір қадамнан басталады» дейтін даналықты байсалды әуезбен ерекше жеткізеді. 1962 жылы Синатра Гонконгте гастрольдік сапарда болған да еді, сол жолы бұл әнді орындамапты. Дәл сол жылы ол «Гонконгке жол» фильмінде ойнап, басында пропеллері бар бөгде ғаламшарлықты сомдайтын эпизодқа да түскен.

Көшірілді