БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

16. Ringo Willy Cat - Les oiseaux de Thaïlande

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

Әнші Ринго және әнші Шейла. Туари, Франция. 1972 жыл/Patrice PICOT/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Ринго жетпісінші жылдарда атақ-даңқы шыққан, бірақ кейіннен мүлдем ұмыт болған француз поп-музыкасы корольдерінің бірі. Оның компакт дискілері мүлдем қайта шығарылған жоқ деуге болады, тек 2013 жылғы визиттік топтамасы және сексенінші жылдардағы кейбір жазбалары ғана еске түседі. Ол сол кездегі өзі сияқты танымал француз әншісі Шейланың күйеуі болды, олар біраз уақыт дуэт болып өнер көрсетті, ал олардың 1974 жылғы үйлену тойына 15 мың қонақ жиналды. 1976 жылы шыққан тай құстары туралы ән оның репертуарындағы ең әдемі және босаң әндердің бірі, осы орайда әннің маужырататын әсері тек формалды әдіс-тәсіл ғана емес, сондай-ақ сол жылдары кең тараған Жюст Жакеннің «Эммануэль» (1974) фильмі де себеп болды, соның әсерімен еуропалықтардың санасында Бангкок қаласы бастан кешкен сексуалдық сипаттағы хикаялы оқиғалардың символына айналды.