Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Жетпісінші жылдардың аяғында ағайынды Алан мен Ричард Бишоп негізін қалаған Аризонаның өте тамаша командасы. Олардың атасы Ливанның уд аспабын тартқан, бәлкім, олардың индонезиялық музыкамен эксперимент жасаудан бастап «Тибеттік джаз 666» сияқты альбом атауын қоюға дейінгі барлық әрекетінен көрініс тапқан шығыс тақырыбында сансыз импровизация жасауға құмарлығы осыған байланысты болса керек. «Radio Morocco» композициясы — оларға өте тән асқан шеберліктің, беймазалықтың және диуаналықтың үйлесімі.
Алан Бишоп басқасына қоса, Sublime Frequncies бірегей этнографиялық лейблін құрып, оның аясында Бирма, Солтүстік Корея, Сирия, Лаос, Индонезия және т.б. елдердің көше және радио музыкасының өте көп туындысын шығарды.