CHRIS & COSEY – HE’S AN ARABIAN

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

CHRIS & COSEY – HE’S AN ARABIAN

Chris & Cosey. Trance альбомының мұқабасы. 2010 жыл/Ашық дереккөзден алынған

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Британдық Throbbing Gristle индустриалдық квартеті сөздің әдеттегі түсінігі тұрғысынан алғанда музыкадан гөрі музыкалық идеяларды көбірек шығарды және ұжым ыдырағаннан кейін бұл идеялар үш еншілес жоба Psychic TV, Coil және Chris & Cosey өнерінде одан әрі өркендеуін жалғастырды. Коузи Фанни-Тутти мен Крис Картер дуэті «United» әні сияқты Throbbing Gristle әзірлемелерінің ең жеңіл-желпі болып көрінетіндерін дамыта бастады. Көбіне-көп олар сексенінші жылдарға тән синти-поп сияқты естілетін, бірақ адамның тұла бойын мұздататындай әсер беретін ерекше эфирлік дыбыс пен гипноз атмосферасы орындаушылардың өте тәжірибелі визионер екенін байқатты. Осы тұрғыдан алғанда олардың ең әсерлі деуге болатын Techno Primitiv пластинкасы 1985 жылы шықты. Ондағы әндердің бірі вокалшы әйел Коузи Фанни-Туттидің (жас кезінде ол көркем өнер мен порножурналға фотосурет түсіруді тиімді үйлестірген) махаббат нұрында жалаңаш билеп жатқан шығыстың адамы туралы эротикалық қиялы.