Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Тынық мұхитындағы соғыс кезіндегі бұл америкалық жорық ән алғаш рет 1941 жылғы желтоқсанда Нью Йоркте жазылған. Сондай-ақ жапондардың Перл Харборға шабуылы сол жылғы 7 желтоқсанында болғандықтан, мұндай жеделдік америкалық билік шабуыл туралы алдын ала білетін қастандық теориясының пайдасына айқын куәлік етуі мүмкін.
Қалай болғанда да, аталмыш әнде ерен кейіпкердің сәуір айына дейін үйіме ораламын деген үміті жырланады. Егер АҚШ-тың 1942 жылғы маусымда ғана Мидуэй атоллында жапон флотын шешуші айқаста жеңгенін ескерсек, бұны айтарлықтай оптимистік ән деуге болады.
1950 жылы бүкіл әлем бойынша америкалық әскери белсенділіктің кеңеюіне байланысты, бұл ән Кореядағы соғысқа арналған «Goodbye Maria (I' m off to Korea)» сипатта жалғасын тапты.
Ал 2000 жылдардың басында түпнұсқа композиция сол кездегі сәнді болған Мюнхендік Trikont лейблімен қайта шығарылып, «Hitler & Hell» («Гитлер және тозақ») деп аталатын америкалық соғыс әндерінің жинағына енді.