БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

20. Katerine – Juifs arabes

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

Филипп Катрин/Julien Mignot/Contour by Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Филипп Катрин — постгенсбур плеиадасының Француз шансоньері, керемет сазгер және ғаламат эксцентрик. Алайда оның музыкалық гүлденуі артта қалғанын мойындау керек (ол тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында және 2000 жылдардың бірінші жартысында өнімді еңбек етіп, жақсы альбомдар жазды) және кейінгі жылдары актер ретінде (айтпақтай, «Сезар» сыйлығының иегері атанды) көпшіліктің көзайымы болды. Бұл ән әзіл ретінде басталып, кейін діни әнұрандық сипат алды. Онда «араб еврейлері бірге» деген үш сөз бар, олар қазіргі уақытта (және ән 2011 жылы шыққан) айтарлықтай күпірлік болып көрінеді. Екінші жағынан, бұл қазіргі қақтығыс туралы бірдеңе айтудың және біржақты қарғысқа ұшырамаудың жалғыз жолы болуы мүмкін.