SLEAFORD MODS – ARABIA

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Sleaford Mods тобы. Глазго, Ұлыбритания. 2014 жыл/Redferns via Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Егер бүгінде өзінің қызба қайрат-күшімен, бұзақылығымен және жалпы адами әртүрлілігімен Ұлыбританияның байырғы көше рухын танытқан бір топ болса, ол — ноттингемдік постпанк дуэті Sleaford Mods. Олар таңғаларлық монотонды және сонымен бірге қызуқанды әрі сонысымен тартымды және тыңдарман жүрегін бірден жаулап аларлық музыка тудырды. Олардың речитативті-диалектілік стилі Набоковтың «қуыскеуделіктен ада» («безфинтифлюшечный») деген сөзіне жақсы келеді. Бұлар — сан қилы сөз бен мың түрлі ырғақтың жыртқыштары, әрине, олар өз Отаны үшін өмірлік маңызы бар араб тақырыбын назардан тыс қалдырған жоқ.

Көшірілді