Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Британдық Fairport Convention атты фольклорлық тобының бұрынғы мүшесі — Ричард Томпсон 1974 жылы ислам дінін қабылдап, әйелі Линдамен бірге Лондондағы сопылар қауымдастығына көшті. Келесі жылы олар «Pour down like silver» деген алғашқы жаңа альбомын жарыққа шығарды. Жағдай оңай болмады, өйткені, біріншіден, Томпсонға электрогитара тартуға молда тыйым салды (бұл кейінірек әлемдегі ең жақсы гитаристер тізіміне енген адам үшін айтарлықтай мәселе болды), екіншіден, ол қазірдің өзінде Island records-пен бірлесіп пластинка жазбақ келісімшартқа қол қойды. Нәтижесінде, тараптар ымыраға келіп, альбомдағы музыка (сопылық дәстүрдегі өз алдына өте маңызды элемент) Жаратқанға деген махаббаттан туындайтындықтан, мұндай контекстегі, тіпті «drink the wine, the wine of lovers» сияқты тармақтарға да түсіністік танытты (мұндағы образ, жалпы алғанда, сопылық поэтикаға әбден сәйкес келеді). Айта кету керек, Томпсонның дінге сенуі аранжировкаларға көп әсер еткен жоқ, атап айтқанда, «Night Comes In» балладасы, егер сіз түп-тамырының қайда жатқанын білмесеңіз, жетпісінші жылдардағы англосаксондық фольклорлық роктың тамаша үлгісі сияқты естіледі. Жалпы, Ыдырыс шах сопылық туралы монографиясында «Сопылық өмірді кез келген уақытта және кез келген жерде өткізуге болады. Әлемнен безіп, айдалаға лағып кетудің қажеті жоқ. Сопылық тек Шығысқа емес, Батыс өркениетінің негізіне де зор әсер етті».