БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

26. Les Clodettes — Chinese Kung Fu

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

Les Clodettes / Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Les Clodettes — француз идолы Клод Франсуаның бэк-вокалистері мен бишілерінен құралған тобы, олардың арасынан Беатрис Сержефф есімді қыз ерекше көзге түсті. Олар орасан зор тәуелсіз құндылықты дәріптемегенмен, бірақ сол диско-дәуірінің сарқылмас қорына айналды. Олардың баббл-гам стиліндегі аспаптық бейберекеттік, әрине, Брюс Ли фильмдерінен туындаған жетпісінші жылдардағы кунг-фуға батыстың қызығушылығын көрсетеді. Бұл тақырыптағы ең үлкен музыкалық хит Карл Дугластың 1974 жылы шыққан «Кунг-фу күресі» болды. Бір қызығы, КСРО бұл жағынан он жылға жуық артта қалды — кунг-фу мен сол Брюс Ли сексенінші жылдардың бірінші жартысында видеомәдениеттің жалпы дамуына байланысты орыс тіліндегі әндерде айтыла бастады.