БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

27. Camel – Rajaz

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

«Camel» тобының репетициясы. 1975 жыл/Estate Of Keith Morris/Redferns/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Camel британдық ғажап прогрессивті роктың ерте кезгі өкілдері. Бұл әннің жарқын тұстары да, еңсені басар тұстары да бар. Өйткені бұл ән 1999 жылы шыққан осы аттас альбомына енген әні. Раджаз араб поэзиясының ең көне метрлерінің бірі, яғни сөзбе-сөз аударғанда түйенің тұруға ұмтылған сәтінде тірсегінің қалтырауы деген мағынаға саяды. Түйе малы бұл ұжымның тотемдік жануары әрі көшкен керуеннің әсерін керемет береді (айтпақшы, Caravan британдық арт-роктың және бір классиктерінің аты). Бұл енді топтың Шығыс сфераларына алғашқы үндеуі емес, атап айтқанда, 1981 жылы Camel Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отыз жыл бойы Филлипин джунглиінде жасырынып, қасқайып қарсы тұрған жапон солдатының тағдырына арнап жазған Nude деген концептуал альбомын жарыққа шығарды.