DAVID SYLVIAN – KRISHNA BLUE

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

DAVID SYLVIAN – KRISHNA BLUE

Дэвид Сильвиан © Anthony Pidgeon / MediaPunch/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Ағылшын сылақшысының андрогиндік баласы Дэвид Сильвиан Japan тобында ән салып жүрген шағында өзін асау оренталист ретінде көрсетті (оның 1981 жылы жарық көрген Tin Drum деп аталатын маоисттік пластинкасын еске түсірсек те жеткілікті). Оның 1999 жылы жарық көрген «Бәліште өлген аралар» деп аталатын жекелей шығарған 5-альбомындағы «Krishna Blue» (Көк Кришна) әні — Дантенің сөздерімен сипаттар болсақ, шығыстық сафирдің тәтті түсі іспеттес. Нақтысын айтар болсақ, бұл әндегі терісінің түсі көкке боялған Кришна мен үнді поэзиясына тән үлпілдеген нәзік сезім ғана (Сильвианның музыкасы шынтуайтында, түнерген бұлттың қозғалысын еске түсіреді) шығыстық сарынға жатады. Аталған музыкалық баянның өзегінде құдайдан алшақтау экстаздың формасы ретінде ұғынылатын кришнаизмнің алуандығын символдайтын абстрактілі әйелдің бейнесі орналасқан. Лирикалық қаһарман түрленудің жолына түсіп, махаббат пен ессіздіктің қақпасын ашады.

Аталған альбомда Рюичи Сакамото (Сильвианның жарты ғасырға жуық бірге ән салған серігі) мен Талвин Сингх секілді шығыстың корифейлері төбе көрсеткен.