БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

33. Александр Вертинский — «Араб әні»

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ

Александр Николаевич Вертинский/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

«Палестинаны секілді «еті тірі» әрі өздігінен күн көруге қабілеті бар елге залал келтіріп, қоғамдық қамқорлыққа алынған мүгедек елге айналдырған — ең алдымен қайырымдылық және еврей мен араб халқының арасындағы бітпейтін қайшылық… оны мейілінше қолдап, ушықтырған мүдделі шетелдік топтар олардың сауда ісі мен табиғи өсуін бәсеңдетіп жатыр», – деді Вертинский 1933 жылғы Палестинаға сапары туралы жазғанында. Сол жазбасында «жеті мың Иерусалимдік менің әндерімді жылы қабылдады» деп те жазды. Ал оны Қасиетті қабірге апарған жолсерік Сталиннің үлкен портретін үйде сақтаған.

«Палестина тангосы» әні (Кеңес кезінде «Араб әні» деген атаумен пластинкалар шығып жүрді) осы гастрольдік сапарларға дейін жазылған (1929 жылы) және сол әннің сөзі бүгін де мұңға толы үміт үніндей әсер етеді:

«Дауыл соқпас, соғыс болмас мекенде,
Мүлгіп жатқан уайымсыз беймарал,
Құдай берген құтты күнді күбірлеп,
Қарсы алады дұға оқыған күйде олар».