БЕЙІТ БАСЫНДАҒЫ ТҮЙНЕКТЕР

Корольдің құлыптасына неліктен картоп қояды?

Р.Мюллер. Король. Ұлы король Фридрих картоп алқабын тексеріп жүр. 1886/Wikimedia Commons

Германияның Потсдам қаласында орналасқан Сан-Суси сарай-саябақ кешенін Ұлы Фридрихтіңi i1740–1786 жылдар аралығында билік құрған Пруссия королі өзі жобалаған көрінеді. Тіпті келешекте бой көтеретін резиденцияның король сызған кейбір нобайлары сақталып та қалған.

Әскери құрылымға қатты қызыққан Фридрих, Сан-Суси сарайына жауынгерлік рухты сіңіруге тырысқан. Айталық, мұндағы жүйектер, жүзім бағы, аллеялар мен пирамида пішінінде бірдей етіп қиылған көшеттердің бәрі де қалыптан шыққандай түп-түзу, жинақы әрі орны-орнымен қойылған. Мұнда шығармашылық еркіндікке орын жоқ. Король аталған сарайға Sans souci («Қамсыз») деген француздық атау берген және өзі бұл сөзді қатты жақсы көрген деседі. Тіпті өлер алдында Сан-Сусиге жерлеуді бұйырған.

Фридрихтің Сан-Сусидағы бейіті/Alamy

Қазір осы бір Пруссия королінің бейіт басына қойылған құлыптасқа, жыл сайын туристер келіп картоп түйнектерін қойып жатқанын көруге болады. Бұл жоралғының түп төркіні қызықтырған болса, мұның бәрі Фридрихқа қатысты аңызға байланысты туған. Айталық Фридрих Жаңа Әлемнен жеткен өсімдікті Пруссия шаруаларына күштеп еккізбек болған екен. Бірақ шаруалар күшке көнбегенде, қағілез билеуші қулыққа басқан. Айлалы король қазына ақшасына жалға алынған жерлерге картоп егуге бұйрық беріп, егістіктің айналасына күзет қойған. Осы бір көрініске алданған жұрт, картопты құнды азық ретінде көріп, өтірікке иланып қалған. Ақыры қарауылдар кеткенде түн ішінде ұрлыққа түсетінді шығарған (осыған ұқсас миф Ресейде де бар, бірақ онда айлалы билеуші ретінде Бірінші Петр айтылады). Осылайша шаруалар суыққа төзімді, колориясы көп әрі мол өнім беретін картопты жеп үйреніп, артынша өсіруге де әдеттенген. Тіптен халық арасында, Еуропа құрлығындағы 19 ғасырдағы халық өсімі, осы картоптың арқасында орнаған деген пікірлер жиі айтылады. Өйткені картоптың арқасында Солтүстік өлкедегі халықтар аштықтан аман қалған.

Потсдамдағы Сан-Суси сарай-саябақ кешені /Shutterstock

Шын мәнінде Фридрих билік еткен жылдары Пруссияда картоп өсіру кең етек алған мәдениет саналған. Аталған өсімдікті Пруссия халқы Ұлы Фридрихтің әкесі тақта отырған кезде жаппай өсіре бастаған. Алайда картоп шаруаларға оған дейін де таныс өнім болған. Шаруалар бидай мен қарабидайды егуге арналған жерге картопты ақымақ я оның не екенін әрі қалай жейтінін білмегендіктен екпей қойған жоқ. Ол шақта нанның бағасы қымбат болғандықтан, шаруалар нан нарығын арзан картоппен құлатуды қаламаған. Бидайды сатып күн көрген халық мол табысқа кенелген әрі шаруаларға күтімді көп қажет етпейтін бұл кәсіп үйреншікті тірлікке айналған. Ара-тұра «картоп бүлігі» орнап тұрған. Мұндай бүліктің ең танымалы 19 ғасырда Ресей жерінде өткен. Айталық билік шаруаларға бидай орнына күштеп картоп еккізіп, бұлқынған жұрт бұл іске қарсы шыққан. Пруссия билігі де аштық мәселесін шешу үшін, ара-тұра шаруларды картоп егуге әскер күшімен мәжбүрлеп, табысы мол кәсібін құрбан етуге көндіріп-баққан. Осы тұста Ұлы Фридрих күштеп картоп еккізу тәжірибесін тыйып тастап, ауыл шаруашылығына еркіндік берер болсақ, ақыр соңында көл-көсір байлыққа кенелеміз деп жорамалдаған.

Иоганн Генрих Вильгельм Тишбейн. Картоп. 1814/Wikimedia commons

Бірақ айлалы король мен картопты тонаған халық жөнінде миф немістерге қатты ұнап қалғаны сонша, бұл бейне көркем әдебиет пен сурет өнеріне кең тараған. Сондықтан корольдің мазарына картоп түйнектерін әкелетін туристер легі таяу арада толастамасы анық.

Вильгельм Кампхаузен. Ұлы Фридрих. 1870/Wikimedia Commons

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Кулишер М. И. Очерки сравнительной этнографии и культуры. — СПб.: Типография И.П. Скороходова, 1887.

Көшірілді