БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Шымкент

Қазіргі таңда елімізде мәдени -тарихи жерлер қарқынды танылуда. Оңтүстік өңірі тарихи- мәдени ескерткіштерге өте бай өлке. Түркістан облысында белгілі 900 ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер тізімге алынса олардың арасында тас ғасырынан қалған тұрақтар, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлық оба қорымдары мен обалар, ерте және ортағасырлық елдімекендер, қалалар менбекіністер, қарауыл төбелер сынды көптеген кәріздер бар. 500 ге жуық кесенелер тізімге алынған.

Тарихқа толы Төлеби ауданында тарихи ескерткіштер мен әулиелі мекендер аз емес. Солардың ішінді бірі білсе бірі біле бермейтін Сахара Ғұламасы деген атақпен танылып Түркі жұртының рухани ұстазы атанған Бекасыл Биболатұлы туралы және әулиенің атындағы мұражайы мен кесенесі туралы, сонымен қатар Б.Биболатұлының адамның 12 мүшесіне ем болатын 12 көздік бастауы туралы деректермен танысып қызығушылығым артып, ізденіп, қағаз бетіне түсірейін деп шештім. Өзіміз Төлеби ауданының тұрғындары болғандықтан ата әжелерімнен көптеген дүниелер естіп білдім. Жалпы ауданымызда Бекасыл Биболатұлы туралы білмейтін адам кем де кем екен. Анам да Бекасыл Биболатұлының туған ауылының қызы және Бекасыл Биболатұлының ағасы Бишымыр Биболатұлының ұрпағы болғандықтан әулие туралы деректер жинап, қасиетті мекендеріне саяхаттап, Бекасыл Биболатұлы туралы мақалалар жазып және әлеуметтік желілерге жүктеп жүргендіктен менде осы тақырыпты жаныма жақын деп таптым.

https://www.facebook.com/share/p/1RZnwDGZw7RoyyBa/?mibextid=oFDknk

https://www.facebook.com/100045622751113/posts/pfbid02Uz1Du8hTAxyfcQ4Upi3uJbExXB92rxTpVES2xusRKKkRYfHQ9oPNxPhwRBqeoxiYl/?app=fbl

Бекасыл Биболатұлы өмір сүрген Түркістан облысы төлеби ауданы Кеңесарық ауылы.

Мен күн емеспін, Жұрттың бәрін жылытар. Мен құл емеспін, Ата- тегін ұмытар- деген Алланың жолынан айнымаған, пайғамбарымыз Мухаммадтың (с.ғ.с.) өнегелі өмірін уағыздаумен өткен атақты Бекасыл Биболатұлы -Адам ата -Хауа Анадан бергі қайырғы тіршіліктің заңдылықтарын, әлем жаратылысын тылсым табиғатты, Алланың атымен айтылған баян хикаяттарды тарихи шежірелерді терең білген, ілім білімді игерген, жұлдыздар сырын таныған, дұғалар құпиясын меңгерген қасиет дарыған ғұлама, сәуегей әрі көріпкел, жұлдызшы әрі шипагер. Ол небір сиқырлардың тілін білген, небір ғажайыптардың тылсымын ашқан.

Бекасыл Биболатұлы 1822-1915 жылдар аралығында өмір сүрді. Бекасыл Биболатұлы өз өмірінде халық арасында Сайрам, Ташкент, Самарқант, Бұхара, Қарнақ, Сирия еліндегі білім ордаларын түгелдей меңгерген данышпан, теолог, астролог, математик, философ , шипагер, бақ қонған көріпкел әулие ретінде танылған. Есім ханның уәзірі Құдайберді бидің тікелей ұрпағы Төлебидің жақын аталас туысы. Бекасыл Биболатұлы мекендеген ауылда Есімхан төбе деп аталып кеткен төбе бар. Есімхан төбе де қазіргі таңда орхеологтялық зерттеулерді күтіп жатқан тарихи төбелердің бірі. Осы маңда Қорғантас шатқалында Сайрамсу өзенінің бойында атақты Есім ханнаң ханаралық демалатын орны да мен мұндалап көрініп, ерекшеленіп тұр.

Бекасыл Биболатұлының өз заманының қасиетті тұлғасы болғанының бірден бір дәлелі Бекасыл бастауы. Көнекөз қариялардың айтулары бойынша бұл жерге бастаудың басына барып, өз заманында Бекасыл әулие Осы төңіректегі үлкен әулие ғұламалармен бірге үнемі дәрет алып, намазға жығылатын қасиетті мекен болған. Және құдыретті күш иесімен бірге басқа адамдардың көзіне көріне бермейтін періштелер көктен түсіп Бекасыл Биболатұлымен бірге намаз оқитын болған. Бұл құбылыстарды Бекасыл бабаның туған қарындасы Көккөз әжей бірнешерет көріп, куә болған. Бірақ Бекасыл Биболатұлы басқа әулие әмбейлер өзіне демеу болып, бірге намаз оқитындықтарын ешкімге айтпай, жасырын ұстаған және қарындасына да айтпауын ескертіп тыйым салып отырған.

Қарындасы ағасының құдыретті мен қасиеті туралы өзінің ұрпақтарына толықтай баян етіп өмірден өткен. Қазіргі таңда Көккөз әжейдің яғни Бекасыл Биболатұлының жиен ұрпақтары өсіп өнуде.

Бекасыл Биболатұлынан тараған өзінің ұрпақтары да баба рухының қолдауымен өсіп- өніп, еліміздің түпкір- түпкірінде жоғарғы лауазымды қызыметтер атқаруда.

Бүгінгі ұрпаққа Бекасыл бабамыздан қалған асыл мұрамыз өзінің өмір бойы жазған қолжазбасы -«Жұлдызнамасы». Заманында бабамыз өзінің шәкірті- ақын Қазанқап Байболұлына –«Мұның иесі келіп сұрайды, иесіне берерсіңдер соған дейін сақтаңдар» -деп тапсырып кеткен қолжазбасы сол әулетте бес жүз жыл сақталған екен. 2003 жылы Бекасыл әулиенің шөбересі Ержан Исақұлов атамыздың қолына тиеді.

Міне содан бері құнды жәдігерлеріміз Ержан атаның бастауымен елдің игілігіне айналып келеді. Қолжазба араб, парсы, түрік тілдері араласқан ескі шағатай тілінде жазылған екен. Оның үстіне діни наным ұғымға,

көне аңыз әңгімелерге құралғандықтан аудару өте қиын болғаны және терең білімді талап еткені һақ. Ескі қолжазбалардың мамандары Мақсұт Шапиғи, Сәрсенбі Дәуітұлы көз майын тауысып сегіз ай бойы аударған деседі. Соның өзінде де қасиетті дұғалардың көбінің кілті ашылмай, біразы аударылмай қалды деген деректер бар.

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Биболатұлын аса құрметпен хазірет, ұстаз деп атайды және пір тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты аша түседі, оның «Зикзал»(«Жұлдызнама») атты еңбегін аса құнды туынды деп бағалан. Және Бекасыл бабамызды былайша суреттеп өзінің қолжазба дәптеріне түсіріп кеткен екен.

–«Есік пен төрдей күрең төбелден басқа ат алып жүре алмас, алып денелі, бойы ұзын, салалы саусақтары, еңбектеген бала түгілі жасы үлкенге көлеңке болғандай ірі. Үстінен ақ киімін тастамайтын, сұрағандар болса: «Ақта қара жоқ, қараға шара жоқ. Шырағым, ішің қандай ақ болса, сыртың да солай болсын, аққа Құдай жақ» деп отырушы еді. Сонша ірі болса да асқа, тамаққа қомағай емес. Ішетін асының түрі-сүтке қосылған жеміс талқаны, қысырақтың қымызы, ет біткеннен қойдың құйрығын турап, араластырып жатқаны. Қанағатшыл адам».

«Бабаларымыздан мирас болып қалған, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» деп қазақ даласынан шыққан ғұламаларымыздың есімін қайта жаңғыртуымыз керек және ондай жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі Бекасыл Биболатұлы-түбі бір түркі жұртының руханиятының орнығуына мол еңбек сіңірген рухани ұстаз ретінде халықпен қайта қауышып танымал бола бастады»-депті Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Бекасыл Биболатұлының Шөбересі Генерал-мойор, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Саясаттану ғылымдарының докторы Ержан Исақұлов бабасы Бекасыл Биболатұлының «Жұлдызнама» және «Зикзал» атты ІІ томдық кітаптарын жарыққа шығарды. Бекасыл Биболатұлының жиен ұрпағы Бауыржантанушы,Филология ғылымдарының докторы, Мамытбек Қалдыбай атамыздың «Бекасыл әулие» және «Сахара ғұламасы» атты кітаптары жарық көрген.

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Кеңесарық елдімекенінде яғни Бекасыл Биболатұлының туған жерінде Түркі жұртының рухани ұстазы Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығының қарсаңында баба рухына тағзым, құрмет ретінде Қазақ Қырғыз зияляларының V форум ұйымдастырылып, еліміз бен шет елден келген қонақтарға баба мұрасы толықтай таныстырылып, атқарылып жатқан жұмыстар дәріптелді.Жалпы Республикалықфорум болғандықтан кең көлемде ұйымдастырылып, еліміздің бірқатар тұлғаларынан құттықтау хаттар мен Алғыс хаттар келіп жатты.

https://www.facebook.com/100002645384600/posts/pfbid03QiN7indV8HMA45dEjhk3wSreDd5C5yaarcrpT9UB3vdfd4HWM13yEpA7JJ5YiErl/?app=fbl

https://www.facebook.com/100002645384600/posts/pfbid0PogJ6FiVRgMNzsZ3SFxb8W7BxpTt1DCHcmsNg9skKPojNYZH1b9KWuZewLwZmCGMl/?app=fbl

Жолданған Құттықтау хаттарымен алғыс хаттар тізімінде:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев мырзаның атынан.

2.Нұр -Сұлтан қаласының әкімі А.Кульшнов мырзаның

3.Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мырзаның

4.Министр Д.Қыдырәлі мырзаның

5.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан Төраға Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан т.б бірқатар еліміздің зиялыларынан келген хаттарымен толықты.

Бекасыл Биболатұлы туылып өмірінің соңына дейін мекен еткен елді мекендегі мектепке 2001 жылы бабаның аты беріліп, Бекасыл Биболатұлы атындағы мектеп болып аталынды. Мектепте Бекасыл Биболатұлының атынан арнайы сынып ашылып мұражай ретінде келген қонақтарға және өскелең ұрпаққа дәріптелу үстінде. Мектеп фаесінде Бекасыл Биболатұлының үлкен суреті салынып ілінді. Бекасыл Биболатұлының ескерткіші дәл осы мектептің мектептің алдына бой көтерген.

Бекасыл Биболатұлы атындағы орта мектеп

Бекасыл Биболатұлының шөбересі Генерал-мойор, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Саясаттану ғылымдарының докторы Ержан Исақұлов баба атындағы мектепте қонақта.

Ауыл ішіндегі Бекасыл әулие барып намазын оқитын бұлақ басында 12 көз болып ашылып адамның 12 мүшесіне ем дарытып, шипа болып ағып халықтың игілігіне жарап келеді. Бекасыл Биболатұлы бабаларының рухын қастерлеген ұрпақтары әулиеге арналған мұражайда күрделі жұмыстар жүргізіп, заман талабына сай етіп жасап қойды.

Бекасыл Биболатұлының бастауы

Бекасыл Биболатұлына ашылған мұражай

Кесене

Осы игі істердің атқарылуына жалпы баба ұрпақтары ат салысуда. Мұрындық болып отырған Бекасыл Биболатұлының шөбересі Генерал-мойор, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Саясаттану ғылымдарының докторы Парламент мәжілісінің экс –

депутаты Исақұлов Ержан Бекбауұлы. Басы қасында жүрген тарихшы ұстаз Миразов Мұхит Үмбетұлы және Бекасыл Биболатұлының шөбересі Әль-Фараби қалалық әмбебап кітапханасының І санатты кітапханашысы Мамытбекова Ботагөз

Маметқызы.

«Бекасыл Биболатұлының құдыретті күшке ие екендігінің бір ден бір дәлелі қазіргі таңда Бекасыл Биболатұлының ерекше әулиелік қасиеттерін сезіп біліп, тылсымына еніп, сенім артып жүрген Халық емшісі-Жаңыл Жұмабекқызының айтуынша шипасына дерт іздеп келген қандастарымызды Бекасыл әулиенің тәсілдерімен яғни қарапайым халыққа беймәлім тылсым күшпен, құпияға толы рухани байланыс арқылы емдеп жататынын айтты. Жаңыл Жұмабекқызы өзі емшілік жолға түскелі бері Бекасыл әулиемен яғни оның рухымен байланыста екенін айтты. Бекасыл әулиені пір тұтып әулиенің қасиетінде шек жоқтығын және әлі де ашылмаған құпия сырларының бар екенін ескертті. Жаңыл Жұмабекқызы Алланың құдыретімен төмендегідей бірнеше жыр жолдарын қағаз бетіне түсіріп, кітап етіп шығарып жүргенін баян етті. Мені таң қалдырғаны Жаңыл Жұмабекқызының Бекасыл әулиеге, және біздің өңірге қатысы жоқ болсада баба туралы ақпараттар, тың деректер өте көп білетіндігі таң қалдырды» деп анам айтқан.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100034771650514

Төмендегі өлең шумақтарынан да Бекасыл Биболатұлы мен Жаңыл Жұмабекқызының бізге беймәлім байланыс бар екенін де аңғаруға болады екен.

БЕКАСЫЛ ӘУЛИЕ

Уа, әулием, Бекасыл!

Өмір сүрген бір ғасыр!

Құран-дұға бағыштап,

Бойымнан сыр, жыр тасыр!

Алла төкті бұршақты,

Жолды нұсқап біржақты!

Қыздырғандай бойымды,

Тылсым бейне тіл қатты!

Жауын жауды әп-сәтте,

Шелектете құйғандай.

Бүкіл әлем қозғалып,

Нұрын төгіп тұрғандай!

Бір періште жол нұсқап,

Шамшырағын қолға ұстап.

Бірі жүрді алыстан,

Сол ауылды қорғаштап!

Биболаттың ұлдары,

Жатыр екен бір жерде.

Байшымыры алпыс үш,

Тоқсан екі Бишымыр.

Бекасылдай әулие,

Ғасыр тола бір ғұмыр!

Байқағаным және де,

Келін жатыр бір түйір!

Әсер алып ерекше,

Кеңесарық ауылы~

Табиғаты бөлекше,

Білмейтұғын пенде жоқ,

Диханкөл мен Қасқасу,

Шымкент елін сөз етсе!

Көрегендік бойында,

Ілімді екен мойында!

Періштелер жебелеп,

Өткен екен не керек!

Шын ғұлама білімді,

Айтқан осы күніңді!

Мәшһүр Жүсіп бабадай,

Ол тарихқа ілінді!

Жұлдызнама, Зикзалды,

Оқыған жан қозғалды!

Әсер етіп ілімі,

Тез баруға жол салды!

Ұқтым біраз сырларын,

Танып неше қырларын...

Сүйрелеумен қасиет,

Бір орында тұрмадым!

Іздегенге сұраған,

Ойға ойды құраған.

Бекасылдай әулием,

Мен іздеген бір адам!

Әруағы сүйрелеп,

Құпия сөз ирелек...

Баурап алды жанымды,

Амалсыздан түйрелеп!

Бардым бүгін басына,

Үш кісі ертіп қасыма.

Бір мал сойып арнайы,

Құран оқып асына!

Қуаныштан тасына,

Бір құпия жасыра...

Үйге жеттім кеш бата,

Жеделдетіп асыға!

Данагүл Аманжол

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Көшірілді