БИЛІКТІҢ ҚЫЗЫЛ КЕБІСІ

Бұрын қызыл тақалы аяқ киімді кімдер киген?

БИЛІКТІҢ ҚЫЗЫЛ КЕБІСІ

Хефнер-Альтенектің "Костюмдер, өнер және тұрмыстық техника" коллекциясындағы әйелдер мен аяқ киім, Франкфурт, 1889 ж. Доктор Джейкоб Генрих фон Хефнер-Альтенектің иллюстрациясы (неміс мұражайшысы, археолог, өнер тарихшысы, иллюстратор және гравер), Джо Клипфахнның литографиясы, Генрих Келлер басып шығарды/Florilegius/Universal Images Group via Getty Images

Андерсеннің әйгілі «Қызыл кебіс» ертегісін еске түсірейік, онда Карен есімді кішкентай қыз қызыл кебіске қатты қызығып, тура жолдан тайып кетеді. Ақырында ол кебісінен де, аяғынан да айырылады. 

Иә, бұл ертегі бірнеше ұрпақтың жүрегіне үрей ұялатқаны рас. Әдеттегідей, моралистер аяқкиімнің қызыл түсін Андерсен дәуіріндегі Данияда жеңілтектік пен теріс пиғылдың бейнесі болды деп түсіндірді. Иә, ол кезде алқызыл аяқкиім протестанттарға тән қарапайымдық пен ұстамдылықты айқындайтын киім үлгісіне жат еді. Дегенмен әуелде қызыл түсті аяқкиім оны киген кісінің азғындығын емес, ең биік әлеуметтік мәртебесін білдірген.

Мәселен, қызыл түсті туфлиді Екатерина Медичи (1547–1559 жылдардағы Франция патшайымы) киген, энциклопедияларда былай деп сипатталған раритет бар: «Екатерина Медичи киген кебіс. Өкшесі қызыл, үсті ақ теріден тігіліп, қызғылт жібекпен кестеленген. Қосалқы табаны да қызыл түсті».

Француз жібек аяқ киімі, 1760-75 / Метрополитен өнер музейіндегі Бруклин музейінің костюмдер жинағы, Бруклин музейінің сыйы/Wikimedia Commons

Француз жібек аяқ киімі, 1760-75 / Метрополитен өнер музейіндегі Бруклин музейінің костюмдер жинағы, Бруклин музейінің сыйы/Wikimedia Commons

Қызыл аяқкиім немесе қызыл өкшелі аяқкиім 16 ғасырдан бері ақсүйектердің атрибуты саналады. Францияда 17 ғасырда және 18 ғасырдың бірінші жартысында төменгі тап адамына табаны қызыл аяқкиім киюге тыйым салынған, қарапайым адамның кейбір мата мен өрнек түрін пайдалануға, «кюлот» сынды шолақ шалбар, т.б. киімдерді киетін еркі болмаған.

«Аристократияның қызыл тақасы» дәстүрі (мысалы, Ресейде) 19 ғасырдың басына дейін сақталған.

Джон Коллетт (1725-1780). Қара орамал мен қызыл аяқ киім киген сәнқой қыз.  Акварель, сия. Шамамен 1778/Wikimedia Commons

Джон Коллетт (1725-1780). Қара орамал мен қызыл аяқ киім киген сәнқой қыз. Акварель, сия. Шамамен 1778/Wikimedia Commons

«Қазір көбі қызыл тақаның (les talons rouge) не екенін түсінбейді. Қызылың не, қараң не, бәрі де сол сән үшін емес пе? Бәлкім, аяқкиім тігіп, оған қызыл тақа қаққан кісі де байыбына бармайтын шығар. Әрине, Юсупов, Куракин секілділер де болды. Олар қызыл тақалы аяқкиімнің мағынасын білді, сондықтан сәнге қайшы жүріп, аяқкиімді өзінше кие берді. Қызыл тақа асыл текті білдіреді, бұл сәнді біз, әрине, француздардан, басқа да дүниелерін алғандай қабылдап алдық. Онда Версаль сарайында ақсүйектер қауымы қызыл тақалы аяқкиім киіп жүретін салт болған-ды. Ақсүйек екеніңді айғақтаудың осы бір күлкілі түрін біз де үлгі етіп алдық. Алайда олардың мұнысын сынап, келеке қылғанбыз, артынша өзіміз де оны сәнге айналдырдық. Әсіресе сарай патшайымдары қатты ұнатты, оның үстіне, қара халықтан ерекшеленбей тұра ала ма?! Кінәз қызы Прасковья Михайловна Долгорукова қартайған шағына дейін қызыл тақалы аяқкиім киіп өтті».iД. Благово. Рассказы бабушки из воспоминаний пяти поколений, записанные и собранные ее внуком Д. Благово. — Москва: Ленанд, 2023.

1 / 3

Әйгілі қызыл табанды Louboutin туфлиінің дизайнерлері табан түсін ойластырғанда не нәрсеге жүгінгендігін, қызыл табанның қандай мағынасы барын жақсы білді.

Гиацинт Риго. XIV Людовик портреті.  1700 немесе 1701 жыл/Wikimedia Commons

Гиацинт Риго. XIV Людовик портреті. 1700 немесе 1701 жыл/Wikimedia Commons