BRAZZAVILLE — BOSPHOROUS

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Brazzaville/Qalam редакциясы

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Калифорниядан шыққан денди-көшпенді Дэвид Браун 90 жылдардың соңында Барселонаға тұрақтап, Brazzaville тобын құрды. Кейбір топтар өз уақытын бейнелесе, Brazzaville кеңістікті көрсетеді. Бұл әндердің нақты қай онжылдықта жазылғанын немесе қандай музыкалық стильге жататынын анықтау қиын, бірақ әрқашан белгілі бір жердің бейнесі көрінеді: Оңтүстік Қытай теңізі жағалаулары, Осака, Владивосток, Бродвей немесе Алматы. Айта кетсек, Браун Алматыға да жиі келген-ді. Brazzaville — саяхат пен тыныштықты ұштастырған музыка. Браунның әндері ескі кітаптың арасында ұмыт қалған ұшақ билеттері мен пошта маркаларының коллекциясы сияқты әсерге бөлейді. Қай уақыттың еншісі екені беймәлім әні — Босфорға арналған ежелгі одасын мәңгіге қалған мұрадай сақтағың келеді.

Көшірілді