БҰЛ ЗАТТЫҢ ОЛАРҒА КЕРЕГІ ҚАНША?

Ежелгі Римнің құпиясы ашылмаған заты

БҰЛ ЗАТТЫҢ ОЛАРҒА КЕРЕГІ ҚАНША?

Лука Пачоли мен белгісіз жігіттің портреті. 1495

Біз тарих ғылымындағы ең ұлы дәрменсіздік туралы айтып отырмыз. Әлі күнге дейін бірде-бір адам додекаэдрдың не екенін, оны римдіктер не үшін қайда барса, сонда тасып жүргенін анық айтып бере алмады. Бәлкім, бұл сіздің қолыңыздан келетін шығар?!

Атауын, әрине, археологтар ойлап тапқан. Қазба жұмыстарынан табылған заттар тізіміне, мұражайдағы заттар картасына бірдеңе деп жазу керек қой. Бұл сөз көне грек тілінен «он екі қырлы» деген мағынаны білдіреді.

Римнің додекаэдры бұл шағын (4-тен 10 см-ге дейін) он екі қырлы бес бұрышты қыры бар зат. Әр бұрыштың төбесі кішкентай шарлармен әрленген, ал жайпақ тұсында дөңгелек тесіктер бар. Әр тесіктің мөлшері әртүрлі.

Қола немесе мыстанiбірнеше тастан жасалған додекаэдрлар табылғанын айта кетуіміз керек додекаэдрлар римдіктер тұрған елді мекеннің бәрінде, Италияда да, Солтүстік Еуропада, Кіші Азия мен Британ аралдарында да табылған. Олардың көбін тұрғын орындарында, молада, римдіктердің қорынан қазып алып жатады. Археологтар қазірге дейін жүз елуден аса додекаэдр тауып алды. Олардың бәрі дерлік 2–3 ғасырларда жасалған.

Римдіктерге бұл зат не үшін керек болған, неге олар оны үйінде ұстаған, неге дүниеден өткен соң моласына бірге көмген? Ешкімнің миына кіріп-шықпайды. Жазбаша дереккөздерде додекаэдр туралы бір ауыз сөз жоқ.

Римдік қола додекаэдр. Б.з. 1-3 ғғ./Alamy

Римдік қола додекаэдр. Б.з. 1-3 ғғ./Alamy

Бұл заттың қолданылуы туралы көптеген нұсқа бар, алайда олардың әрқайсысының бір кемшілігі тағы бар.

Бұл ойын немесе жорамал үшін пайдаланған зат. Кемшілігі: бұндай затты қолдану өте қиын, себебі төбесіндегі шарлар бұның домалауына кедергі келтіреді, әр қырының салмағы әртүрлі болғандықтан, оның қалай түсетінін болжап білуге болады және көптеген додекаэдрдың көлемі болжам тасы болуға келмейді, тым үлкен.

Бұл шамға арналған тұғыр, тесіктері әртүрлі болған соң да, оған әртүрлі майшам қоюға болады. Кемшілігі: мұндай формасы қиын, материалы қымбат шамқойғышты жаппай жасаудың не керегі бар? Қарапайым римдіктер бұл үшін майшам ыдысы мен стақандарды пайдаланса, қалтасы қалың тұрғындар әлдеқайда эстетикалық және қымбат заттар қолданған. Оған қоса бір ғана додекаэдрдан балауыздың ізі табылған, оның өзі тамып кеткенге ұқсайды.

Бұл әртүрлі көлемдегі қолғап тоқуға арналған зат. Бұл процесс қалай жүргенін көрсететін ісмерлер де табыла қойған. Кемшілігі: додекаэдрдағы кейбір тесіктер өте тар, оған тіпті саусақты былай қойғанда, егеуқұйрықтың құйрығы да сыймайды. Сондай-ақ қолғапты қарапайым бізбен тігу әлдеқайда жеңіл (римдіктер бұл істі аса жақсы көрмеген).

Нидерланд аумағында табылған римдік додекаэдр. Б.з. 1-3 ғғ./Alamy

Нидерланд аумағында табылған римдік додекаэдр. Б.з. 1-3 ғғ./Alamy

Бұл қашықтық өлшегіш, нысанға дейінгі қашықтықты өлшейтін құрылғы. Кемшілігі: қашықтықты кез келген нәрсемен өлшеуге болады. Тіпті қарындаштың өзі жеткілікті. Өлшем дәлме дәл пропорция мен стандартталған нүктелерге байланысты. Додекаэдрларда ешқандай стандарт жоқ, оның әр бөлшегі, өрнегі және т.б. әртүрлі, яғни оны кез келген өлшеуіш құрал ретінде пайдалануға келмейді.

Бұл күн сәулесінің түсу бұрышын көруге болатын, сол арқылы көктемдегі және қыстағы тұқым себу уақытын есептеуге болатын күнтізбе. Кемшілігі: бұл шаруалар үшін өте қиын есеп. Одан да көршіңнен бүгін айдың қай күні екенін сұрай салған оңайырақ. Оған қоса римдіктер жыл мезгілі мен ай-күннен шатасқан емес.

Бұл біз білмейтін магиялық және діни рәсімдерге пайдаланған әлдебір қасиетті зат. Кемшілігі: одан әрі қиындап кетті.

Бұл балаларға арналған саусақты жаттықтыратын ойыншық, мысалы, арба немесе т.б. сияқты әлдебір сәндік зат. Кемшілігі: Олай болса бұны римдіктер ашыған орамжапырақ салынған бөшкенің аузын жабатын тақтайдың үстіне қоятын ауыр зат деп айтсақ та болады. Бұл зат өте күрделі жасалған, оны қарапайым мақсатқа пайдалануға келмейді.

1 / 2

Сол үшін додекаэдрларды қолданысы әлі де жауабы жоқ жұмбақ болып қалды. Әзірге бұл жұмбақтың шешімін адамдар таба алмайды, сол үшін оңай нәрсеге қарай жүгіреді: мысалы, Римнің додекаэдрларына ескерткіш орнатады. Қазір олардың саны үшеуге жетті бірі Бельгияда, екеуі Германияда тұр.

Онсыз да күрмеуі қиын мәселені шешу үшін қызылкеңірдек болып жатқанда 1799 жылы шыққан «Petit atlas moderne» географиялық атластың мұқабасы табыла қойып, одан сайын отқа май құйды. Гравюрадағы геодезиялық құрылғылардың арасында додекаэдр да тұр. Ол мұнда қайдан жүр, 1799 жылы өмір сүрген адамдар додекаэдр туралы бізден көп біле ме?

«Petit atlas moderne» атласының мұқабасы/Getty images

«Petit atlas moderne» атласының мұқабасы/Getty images