БҰҚА ҰРЛАҒАН ӘЙЕЛ

Материктердің атауы қайдан шыққан

БҰҚА ҰРЛАҒАН ӘЙЕЛ

Валентин Серов. Еуропаны ұрлау. 1910/Wikimedia Commons

Қазіргі кезде Еуропаның неліктен Еуропа, ал Африканың — Африка деп аталатынына ешкім басын қатырмайды. Негізінде, әлем құрлықтары басқаша да аталулары мүмкін еді. Мысалы: Оңтүстік, Аюлы, Үкіметтік, Шаңды, Батыс, Жылқы мекені.  

Аустралия

«Аустралия» атауы бұл құрлық ашылардан бірнеше ғасыр бұрын пайда болды. Ежелгі географтар, философтар және ғалымдар оңтүстікте «жерді тепе-теңдікте ұстап тұрған» әлдебір үлкен материктің бар екенін айтып жүретін-ді. Кезінде ұлы географ ПтолемейiiКлавдий Птолемей (б.д.д. 100–170) — ежелгі географ, астроном және математик «Terra Australis Incognitа» — «Белгісіз Оңтүстік Жер» (латынша — Australis) туралы жазған болатын-ды. Сондықтан Аустралия барынша ыждағаттылықпен ізделді. Ал 17 ғасырда оны әйтеуір, тапқанда, оған атау табудың қажеті болған жоқ.

Джеймс Кук 1770 жылы Ботани шығанағына табан тереді.  19 ғасырдағы иллюстрация/Alamy

Джеймс Кук 1770 жылы Ботани шығанағына табан тереді. 19 ғасырдағы иллюстрация/Alamy

Шынын айтқанда, оны көпке дейін материк ретінде мойындамады, тек 1801 жылы Аустралия контурлары картаға түсірілді, міне, сол кезде Аустралияны айналып өткен бірінші теңіз жүзуші және оны континент ретінде мойындаған Мэтью Флиндерс өзінің баяндамасында ескі атауды жаңа жерлер үшін пайдалануды ұсынды, сөйтіп, оның ұсынысын картографтар мен географтар қабыл алды.

Азия

Бұл атау Кіші Азияда орналасқан Ассува мемлекеттері одағынан бастау алуы ықтимал, кейіннен оны хеттерiiқола дәуірде Кіші Азияны мекендеген үндіевропалық халық, осы жерде ежелгі заманның алғашқы қуатты мемлекеттерінің бірі — Хет патшалығын құрған, (шамамен, біздің дәуірге дейінгі 1800 ж.) басып алған, шамамен, біздің дәуірге дейінгі 1230 жылдарда. Хеттер сөйлеген Лувия тілінде ассува «жылқы» дегенді білдіреді, яғни бұл аймақты «жылқылар мекені» деуге болады.

Пол Густав Доре.  Океанидтер.  1869 жыл/Wikimedia Commons

Пол Густав Доре. Океанидтер. 1869 жыл/Wikimedia Commons

Сол кездегі Греция тұрғындары хеттер иелігіндегі жылқы мекендерін зерттелген Жердің қиыр шығысы ретінде қабылдаған және өз тілдерінің мәнеріне орай, «Асивия» деп атаған. Кейіннен бұл атау аңыздарда бірнеше рет қайта түсіндіріліп, ежелгі шығыс билеушісі Асияның бейнесі пайда болды, артынан бұл атау мұхитқа берілді.

Америка

Көпшілік екі құрлық та өз атауларын италиялық саяхатшы Америго Веспуччи есімінен алғанын біледі, бірақ флорентиялық теңізшінің неліктен осындай құрметке ие болғанын түсіне бермейді, өйткені ол аталмыш құрлыққа Колумбтан әлдеқайда кеш жеткен-ді. Бұл жерде мәселе мынада, Колумб көпке дейін өзінің Жаңа әлем ашқанынан бейхабар болды. Өзінің алғашқы үш экспедициясында ол Үндістан мен Қытайға апаратын жаңа жол ашқанына кәміл сенді, бұл жол аралдарға бай болып шықты. Жол-жөнекей Колумб Кубаны, Ямайканы, Гаитиді, Сан-Сальвадорды, Тринидадты және басқа жерлерді ашып, ақыр-аяғында, Гондурас маңында өзінің материгіне келіп жетті. Соған қарамастан, ол Қытайға, Үндістанға немесе Жапонияға жүзіп жеттім деген ойда болды. Нәтижесінде, ол ашқан жерлер көпке дейін Вест-Индия деп аталса, сол жерлерді мекендеген аборигендер әлі күнге дейін «үндістер» деп аталады.

Теодор де Бри.  Америго Веспуччи астролябияның көмегімен Оңтүстік крест шоқжұлдызын өлшеуде.  16 ғасыр/Getty Images

Теодор де Бри. Америго Веспуччи астролябияның көмегімен Оңтүстік крест шоқжұлдызын өлшеуде. 16 ғасыр/Getty Images

Басқа теңізжүзуші Америго Веспуччи Колумбтың қате пікірін жоққа шығарып, бұл жерлердің Жаңа Құрлық екенін жариялады. Оның жаңа жерлер туралы жиналған және 1507 жылы жарияланған хаттары көпшілік үшін Америго есімін Жаңа Құрлықпен тығыз байланыстырды. Сөйтіп, «Америгоның жаңа жерлерінің» барлығы картаға енгізілді және ресми географияда солай бекітілді. Айтпақшы, Америго атауы — Эммерих деген герман атауының романизацияланған түрі «әмірші» дегенді білдіреді.

Антарктида

Бұл жерде бәрі қарапайым. Солтүстік жарты шардағы теңізшілерге солтүстік бағытты дәл анықтауға әрқашан көмектесетін Темірқазықты әркім аспандағы ең танымал жұлдыздар шоғыры — Жеті қарақшы шөмішінің тұтқасы арқылы табады. Ол «аю бағыты» деп аталатын. «Арктика» гректің «arctos» — «аю» деген сөзінен шыққан.

Белгісіз оңтүстік материк бейнеленген Ортелий әлем картасы.  16 ғасыр/Wikimedia commons

Белгісіз оңтүстік материк бейнеленген Ортелий әлем картасы. 16 ғасыр/Wikimedia commons

Ол жақта жер табылған жоқ, солтүстік полюс мұз басқан теңіз болып шықты, есесіне, көптеген ғасырлардан кейін оңтүстік полюстен континент табылды. Ол қисынға сай, «Арктикаға қарсы» — «Антарктида» деп атанды.

Африка

Бір кездері гректер мен римдіктер бүкіл Африканы осы құрлықтың өздеріне жақсы таныс аймағы — Ливия атауымен атаған. Римдіктер «Африка» деп біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың ортасында өздері құлатқан Карфаген жерінде құрған провинцияны атаған. Провинция империяның аса маңызды бөлігі болды. Ол метрополияға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын Мысырдан кейінгі екінші аймақ атанды. «Африкалық бидайдың» жеткізілуі — Рим кедейлері үшін аса маңызды оқиғаға болатын, олар осы бидайдан өз үлесін алатын-ды.

1 / 2

Бірте-бірте «Африка» сөзі «Ливияны» ығыстырып, бүкіл құрлықтың атауына айналды. Бұл атаудың тарихы өте бұлыңғұр — оның пайда болуының бірнеше нұсқасы бар. Солардың біріне сәйкес — бұл жергілікті «афри» тайпасының өз атауы. Басқа танымал нұсқа бойынша, бұл атау финикиялық11Финикиялықтар Шамамен, біздің дәуірге дейінгі 13 ғасырда Финикия өркениетін құрған ежелгі семит халқы. Олардың отарлары бүкіл Жерорта теңізінің жағалауында орналсқан.) «Аfar» — «шаң» деген сөзден шыққан. Ал Иосиф ФлавийiiИосиф Флавий (б.д.д. 37–95–100) — ежелгі еврей тарихшысы және әскери қолбасшысы. былай деп жазады: «... Аврам Хетурадан асыл ұлдар сүйді... олардың есімдері: Афера, Сурима және Иафру. Суримадан өз атауын Ассирия алды, Афера мен Иафрадан өз атауын Афра алды да кейін бүкіл ел Африка атанып кетті».

Еуропа

Әлемнің осы бөлігінің ежелгі өркениеттері қабылдаған ресми аңыз былай баяндайды, финикиялық патшаның Еуропа есімді қызы болған, оны әдемі де мейрімді бұқа кейіпін киген Зевс алып қашады — аңғал патшайым бұқаның кең арқасына отырады, ал ол болса, теңіз жағасындағы жартасқа қарай қашады да толқып жатқан теңізге секіріп, ару бойжеткенді алыстағы солтүстік-батыстағы бос жерлерге алып кетеді. Бұл атау, шын мәнінде, финикиялық ereb немесе семитік ərā̊b ib, немесе аккадтық êrêb šamši сөзінен шығуы ықтимал — бұл сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы тамырлас және «күннің батуы», «батыс» деген мағынаны білдіреді. Замануи ивритте «кешті» осылай атайды.

Аружан Сатылғанова

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ