БҰХАРА ҚАЗАҚТАРЫ ТУРАЛЫ

Арминий Вамберидің жолжазбаларынан

Jules Marie Cavelier de Cuverville (1865–1927). A Kazakh Caravan, 1895. Source: gallica.bnf.fr/Bibliothèque Nationale de France.

Ежелгі салт-дәстүрлердің бесігі, әртүрлі идеологиялар, мәдениеттер мен наным-сенімдер тоғысқан жер — Орталық Азия ертеден алыс-жақыннан ат арылтып келген саяхатшылардың қиялына қанат бітірген. Олар өздерінің жарқын жазбалары мен ой толғауларында бұл аймақтың шулы базары, көшпелі ғұрпы мен мәдени мұрасы сынды үнемі риясыз болмаса да айшықты бай өмірінің сан қиылысына есік ашты. Аталған мақалалар сериясында Qalam әртүрлі дәуірді қамтитын және аймақтың санқырлы болмысын ашатын әңгімелер мен естеліктерден үзінділер ұсынады. 

 

Бүгін назарларыңызға көрнекті венгр зерттеушісі және лингвист маман Арминия Вамберидің қазақтар туралы айтқан пікірлерін ұсынамыз.

Арминий Вамбери (1832–1913) — венгр зерттеушісі, лингвист және түрколог, Орталық Азияға жасаған саяхаттарымен және түркі халықтарын зерттеуге қосқан үлесімен танылған. Венгрияда кедей еврей отбасында дүниеге келген, ол кейінірек өзінің Герман Вамбергер атты төл есімін Арминиус Вамбери деп ауыстырған.

Анри Дюваль. Бұхара қақпасы/ gallica.bnf.fr / Bibliothèque nationale de France

Вамбери 1860 жылдары Орталық Азияға жасаған экспедициясымен танылды, өзінің қауіпсіздігі үшін ол мұсылман дәруіш сипатына еніп саяхаттаған.

Оның жүріп өткен жолы Парсы, Ауғанстан, Түркістан сияқты аймақтарды қамтып, құнды этнографиялық, тілдік және геосаяси деректер жинаған.

Ол өзінің «Орталық Азияға саяхат» кітабында (1865) Бұхара хандығында кездескен қазақтар туралы қызық сипаттама келтіредіiБұхара әмірлігі көбінесе хандық деп аталған:

Бұхара хандығында өздері атайтындай қырғыздар немесе қасақтар өте көп емес, бірақ соған қарамастан, біз сан жағынан ең маңыздысы және Орталық Азия халықтарының ішінде ерекше көшпелі өмірі бар халық туралы бір ауыз сөз айтамыз. 

Мен сапарымда жеке қоныстарды жиі кездестірдім, олардың саны туралы сұрағыма олар: «Алдымен даладағы құмды сана, сосын бізді — қырғыздарды санарсың» деп күлетін. Дәл солай олардың шегарасын анықтау мүмкін емес. Олардың Сібір, Қытай, Түркістан және Каспий теңізінің аралығындағы Ұлы далада тұратынын ғана білеміз және бұл кеңістіктер өздерінің әлеуметтік құрылымына орай қырғыздарды орыс яки Қытайдың меншігіне жатқызудың қателік екенін анық дәлелдейді. Ресей, Қытай, Қоқан, Бұхара және Хиуа қырғыздарға олардың кеденшілері көшпенділер арасында өмір сүрсе ғана иелік етеді.

Олардың кездесуі ұзаққа созылмағанымен, Вамбери қазақтардың музыка мен поэзияға бейімділігін, сондай-ақ олардың ерекше дәстүрлерін атап өтеді:

Олардың бойында бір жағынан — музыка мен поэзияға деген үлкен бейімділік, екінші жағынан — ақсүйектерге тән паңдық сезімін байқағанда таңғалдық. Екі қырғыз кездескенде бірінші кезекте: «Сенің жеті атаң кім?» деп сұрайды. Ал сұралатын адам сегіз жастағы бала болса да, жауабы дайын тұрады, әйтпесе оны көргенсіз деп санайды.

Сондай-ақ ол қазақтардың батылдығын өзі әлдеқайда тереңірек зерттеген өзбек, түркімендердің ерлігі, діндарлығының деңгейімен салыстырады:

Қырғыздар өзбектер немесе түркімендер сияқты батыл емес. Исламшылдық та мұнда шатқыаяқтап тұр. Бай билердіiбайларды есепке алмағанда, көбі қаладан молда іздеп, оларды ұстаздық, дінбасылық немесе хатшылық міндетті атқаруға шақырады, белгілі бір мөлшердегі сыйақыға үнемі қой, жылқы немесе түйе береді.

Көшірілді