ЦИН ШИХУАҢДИ

Мәңгі өмір іздеген император

ЦИН ШИХУАҢДИ

Terracotta Army/Getty Images

Қытайды біртұтас мемлекет қылып біріктірген алғашқы император, орасан зор құрылыс жобаларының бастамашысы және өлі жауынгерлер армиясының иесі Цинь Шихуаңди – мәңгілікті іздеп, өмірін сол мақсатқа арнаған аңыз тұлға. 

Мазмұн

Б.з.д. 221 жылы үздіксіз соғыстардан әбден әлсіреген Қытай алғаш рет бір шаңырақтың астына жиналды. Бұл тарихи оқиғаның бастауында тұрған адам – Цинь әулетінің негізін қалаушы әрі біртұтас Қытайдың тұңғыш императоры Цинь Шихуаңди еді. Оның есімі тарихта бір жағынан ұлы реформатор, екінші жағынан қатал тиран ретінде қалды. Ұлы деп танылуы – Қытайды біріктіру жолында табандылық пен саяси көрегенділік танытып, мемлекетті нығайтуға жасаған батыл қадамдары үшін. Ал тиран атағы – елді басқарудағы шектен шыққан қатыгез әдістері, қарсыластарын аяусыз жаншып, халқының қажыр-қайратын сарқып тынғаны үшін таңылған.

Сонымен, Цинь Шихуаңди Қытай тарихында несімен ерекшеленді? Оны шынымен де тек қатал билеуші деп қарастыруға бола ма, әлде ол өз заманынан озып туған данышпан ба?

Мұрагер

Цинь Шихуаңди – билеушінің шын есімі емес, титул. Бұл атау «Циннің алғашқы қасиетті императоры» дегенді білдіреді. Б.з.д. 221 жылы елді біріктіргеннен кейін ол бұл титулды қабылдап, өзін қытай мифологиясындағы құдай патшалармен теңестірді және император билігінің шексіздігін паш етті.

Оның шын есімі – Ин Чжэн. «Чжэн» сөзі «бірінші» деген мағына береді, бұл есім оған б.з.д. 259 жылы бірінші айда дүниеге келгені үшін берілген. Ал «Ин» – оның әулетінің тегі (нақты айтқанда фамилиясы). Ин Чжэннің балалық шағы Соғысушы Патшалықтар кезеңіндеi Б.з.д. V ғасырдан б.з.д. 221 жылға дейінгі кезең Цинь патшалығында өтті. Өз атасы Циннің ваныi Қытай иерархиясындағы патшалық билеушісі болған, бірақ әжесі төмен дәрежелі күң болғандықтан, Ин Чжэннің таққа отыру мүмкіндігі өте төмен еді. Алайда, оның әкесінің тағдырына бай саудагер Люй Бувэй араласты. Люй Бувэй Ин Чжэннің әкесі Ин Ижэньді тақ мұрагері ету үшін барын салды. Ол оны ақшамен қамтамасыз етті, ықпалды адамдармен кездесуін ұйымдастырды, қажетсіз қарсыластарын (кей деректер бойынша) жойып, ақыры мұрагер ханзаданың басты күңі оны асырап алатындай жағдай жасады. Осылайша, Ин Ижэнь таққа келетіндей жол ашылды.

Цинь Шихуаңди. 19 ғасыр/Wikimedia Commons

Цинь Шихуаңди. 19 ғасыр/Wikimedia Commons

Әрине, Люй Бувэй бұл іспен тек ізгі ниетпен айналысқан жоқ. Алдын ала келісім бойынша, Ин Ижэнь патша болған жағдайда Люй Бувэйге патшалықтың біраз бөлігін сыйлауға уәде берген. Сонымен қатар, қауесеттерге сенсек, Ин Чжэн, болашақ Цинь Шихуаңди, шын мәнінде Люй Бувэйдің ұлы болған. Бұл пікір бойынша, Чжао есімді күңнің Ин Ижэньмен кездескен кезде аяғы ауыр болған. Алайда, бұл қауесеттерді негізінен Конфуцийді жақтаушылар таратқан. Олар кейіннен Цинь Шихуаңди билігіне қарсылық білдірген еді. Мұндай айыптауларды растайтын нақты құжаттар жоқ.

Ин Ижэнь б.з.д. 250 жылы таққа отырып, Чжуансян-ван деген есім алды. Люй Бувэй премьер-министр болып тағайындалып, жеке қарамағына 100 ауыл берілді. Ал Ин Чжэн тақтың заңды мұрагеріне айналды. Ин Ижэнь билігі кезінде Цинь патшалығының аумағы айтарлықтай кеңіді. Сондықтан, Ин Чжэн 13 жасында (б.з.д. 247 жылы) билікке келгенде, көршілес патшалықтарды біртіндеп жаулап алу саясатын жалғастыра алды. Ол үлкен әрі мықты әскерді мұраға алып, оның күші Қытайдағы ең қуатты әскер ретінде танылды. Б.з.д. 221 жылы ол алты патшалықты (Хан, Чжао, Ян, Вэй, Чу және Ци) толық жаулап, Қытайды өз билігінің астына біріктірді. Осылайша, Цинь империясының тарихы басталды.

Люй Бувэй/Wikimedia Commons

Люй Бувэй/Wikimedia Commons

Билеуші

Б.з.д. 247 жылы жасөспірім шағында таққа отырған Цинь Шихуаңди алғашқы жылдары регент Люй Бувэйдің көмегімен билік жүргізді. Кейінірек Люй Бувэй қаһарға ұшырап, оның орнын премьер-министр Ли Сы басты. Ли Сы өзіне тым көп билік алған деп айыпталса да, Цинь Шихуаңди б.з.д. 221 жылы Қытайды біріктіргеннен кейін, дербес саясат жүргізе бастады. Сол кезде шамамен 40 жаста болған император дербес басқару тәсілдерін күшейтуге кірісті.

Біріккен Қытайды тиімді басқару және көтерілістерден қорғану үшін Цинь Шихуаңди өз билігін нығайтуға бағытталған реформалар легін жүзеге асырды. Ол шенеуніктердің лауазымдарды мұрагерлікпен иемдену ұстанымын жойып, оларды жетістіктері мен қабілеттеріне қарай тағайындай бастады. Империяның әкімшілік құрылымы да түбегейлі өзгертілді: Цинь әулеті елі 36 әскери округке бөлінді. Әр округ бірнеше аймақтарға, уездерге, ал олар өз ішінде 100 отбасыдан тұратын ауылдық болыстарға бөлінді. Бұл жаңа орталықтандырылған жүйе ескі патшалықтардың шекараларын жойып, бүліктер мен төңкерістер қаупін азайтты.

Соғысушы мемлекеттердің Цинь династиясы тұсында бірігуі/Wikimedia Commons

Соғысушы мемлекеттердің Цинь династиясы тұсында бірігуі/Wikimedia Commons

Цинь Шихуаңди өлшемдер мен салмақ жүйесін біріздендіріп, иероглифтік жазуды стандартқа келтірді. Бұл жаңа жазу империяның кез келген азаматына түсінікті болды, осылайша ел ішіндегі коммуникацияны едәуір жақсартты. Тіпті арбалар мен күймелердің дөңгелек осьтерінің ені стандартталды, бұл кез келген жолмен бүкіл Қытайды еркін шарлауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, елде алғаш рет бірыңғай валюта — бань лян айналымға шықты. Ол бұған дейін Цинь патшалығында қолданылған, бірақ бүкіл Қытайда ортақ ақша айналымын құрудың бастауы болды. Бұл реформалар империяны басқаруды ғана жеңілдетіп қоймай, сауда мен көлік қозғалысын әлдеқайда тиімді етті.

Бань Лян монетасы/Alamy

Бань Лян монетасы/Alamy

Қытайдың астанасы Саньян қаласы болды. Бұл қала Цинь империясының бастапқы аумағында орналасып, б.з.д. 350 жылы оның астанасына айналған еді (Цинь әулеті құлағаннан кейін астана тағы да көшіріледі). Императордың бұйрығымен барлық бағынған патшалықтардың шенеуніктері Саньянға көшірілді, бұл олардың үстінен бақылауды айтарлықтай жеңілдетті. Астананы абаттандыру мақсатында Цинь Шихуаңди бағындырған патшалықтардың жауынгерлерінен тәркіленген қаруды пайдаланды: бұл қарулар қайта балқытылып, қоңыраулар мен мүсіндерге айналдырылды. Цинь Шихуаңди билігінің екінші қыры – өзгеше ойлайтындарды жаппай қудалау. Цинь Шихуаңди премьер-министр Ли Сының ықпалымен кітаптарды өртеу бойынша кең ауқымды науқан жүргізді деген пікір бар. Бұл науқан б.з.д. 212 жылы басталды және Қытай тарихында алғашқы ірі кітапхана апаты ретінде белгілі болды. Тек ауыл шаруашылығы, медицина және алхимия бойынша кітаптар ғана сақталып қалды. Цинь Шихуаңди бұл әрекеті арқылы халқының Соғысушы Патшалықтар кезеңіндегі оқиғалар туралы естеліктерін жоюды көздеген.

Цинь империясының әкімшілік бөлінісі/Wikimedia Commons

Цинь империясының әкімшілік бөлінісі/Wikimedia Commons

Цинь Шихуаңди кезінде ежелгі Қытай философы Конфуцийдің ізбасарлары қатты қудалауға ұшырады. Конфуцийшілдік сол кезеңде Қытайдағы негізгі философиялық ағым болу үшін легизммен бәсекелесті. Легизмді Цинь Шихуаңди өзі қолдағандықтан, ақырында легизмнен басқа барлық философиялық мектептерге тыйым салынды, ал конфуцийшілдік кітаптар өртелді. Аңызға сәйкес, императордың бұйрығымен 460 конфуцийшіл ғалым тірідей көміліп, жойылған. Қытай тарихнамасында Цинь Шихуаңди конфуцийшілдерді мәңгілік өмір идеясына сенбегені үшін қудалаған деген кең таралған пікір бар. Бұл мәңгілік өмірге деген құмарлығы оны идеологиялық қарсыластарына қарсы күресуге итермелеген болуы мүмкін.

1 / 2

Цинь Шихуаңди мәңгі өмірді іздеу жолында кез келген тәжірибеге дайын болғаны туралы мәліметтер бізге қытай тарихшысы Сыма Цянның еңбектері арқылы жеткен. Б.з.д. 3–2 ғасырларда Хан әулеті тұсында өмір сүрген Сыма Цян атақты «Тарихи жазбаларында» императордың өмірін егжей-тегжейлі сипаттап кеткен. Бұл еңбекте Цинь Шихуаңди ел ішіндегі сапарларын сиқыршылармен кездесіп, мәңгілік өмір эликсирін іздеумен байланыстырған.

Көптеген жылдар бойы бұл әңгімелер аңызға айналғанымен, соңғы археологиялық деректер оның мәңгі өмір идеясына жан-тәнімен берілгенін растайды. Қытай ғалымдары Хунань провинциясындағы ескі құдық маңынан табылған қыш жолақтарды зерттеп, оларды Цинь Шихуаңди билік еткен уақытқа жатқызды. Бұл жолақтардың 48-інде әртүрлі провинциялардың тұрғындарынан мәңгілік өмір эликсирін іздеу бойынша есеп беру туралы императордың бұйрығы жазылған. Жергілікті шенеуніктерден тек сылтаулар жазылған жауаптар келсе де, бұл факт императордың мәңгі өмірге деген құмарлығын айқын көрсетеді.

Иронияны қараңызшы, ол осындай сапарларының бірінде қайтыс болды. Аңыз бойынша, Цинь Шихуаңди денсаулығын жақсарту және өмірін ұзарту мақсатында сынап жұтқан. Бірақ оның салдары ауыр болды: сынаптың уыттылығы оның ағзасын улап, ажал құштырған.

Цинь Шихуаңди (Йинг Чжен) бірінші Цинь императоры/Pictures From History/Universal Images Group via Getty Images

Цинь Шихуаңди (Йинг Чжен) бірінші Цинь императоры/Pictures From History/Universal Images Group via Getty Images

Құрылысқұмар билеуші

Цинь Шихуаңди билігі кезінде көптеген реформалар мен құрылыс жобалары жүзеге асырылды. Императордың қарсыластары мен наразылық білдірушілерді жаппай қудалауының нәтижесінде мәжбүрлі еңбекке тартылған тұтқындар саны күрт өсті. Бұл еңбек күші ауқымды құрылыс жобаларына жұмылдырылды.

Цинь Шихуаңди билігі кезінде Қытайдың шекараларын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанының құрылысы басталды. Ол елдегі басқа фортификациялық құрылыстарды жойып, олардың орнына біртұтас қорған салуды қолға алды. Бұл шешім қосылған патшалықтардың тәуелсіздігін шектеу және олардың әскери күші мен жеке билік жүргізу мүмкіндігін әлсірету мақсатында шығарылды. Қорған елдің бірлігін нығайтуға және сыртқы қауіптерге қарсы тиімді қорғаныс жүйесін құруға бағытталған.

Императордың бұйрығымен ұзындығы 36 шақырымды құрайтын су каналы қазылды. Ол Қытайдың оңтүстігіндегі үлкен аумақтарды біріктірді. Сонымен қатар, елде 7 мың шақырымға созылған үш жолақты жолдар жүйесі салынды. Бұл жолдардың ортаңғы жолағы тек императордың арбасына арналған болатын. Қытайдың күрделі жер бедері жағдайында мұндай ауқымды инфрақұрылым құрылысы өте қиынға соқты. Шексіз билікке ие болған Цинь Шихуаңди мәжбүрлі еңбекті шектеусіз пайдаланды.

Цинь Ши Хуаң (Йинг Чжен) бірінші Цинь императорыAlamy

Цинь Ши Хуаң (Йинг Чжен) бірінші Цинь императорыAlamy

Цинь Шихуаңди Саньян қаласында өзінің сүйікті күңінің құрметіне Эпан сарайын салдырды. Бұл сарай туралы аңыздарда оны адамзат жасаған ең әсем ғимарат ретінде сипаттайды. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін сарайдың бар болғанын растайтын ешқандай археологиялық деректер табылған жоқ. Тек сарайдың орнында қалған үлкен платформа ғана белгілі. Бұл платформа 1991 жылы ЮНЕСКО тарапынан әлемдегі ең үлкені деп танылды. Кейінгі зерттеулер сарайдың ешқашан салынбаған болуы мүмкін деп те болжайды, бірақ Қытай аңыздарында Эпан сарайы әлі күнге дейін ұлы архитектуралық туынды ретінде көрініс табады. Сарайдан бөлек, Цинь Шихуаңди Саньянда өз балаларына, күңдеріне және туыстарына арналған басқа да сән-салтанатты сарайлар тұрғызды. Оның құрылыстары елдің бірігуіне ғана емес, императордың құдіреті мен даңқын дәріптеуге бағытталған еді.

Эпан сарайы/Wikimedia Commons

Эпан сарайы/Wikimedia Commons

Цинь Шихуаңди жүзеге асырған ең ауқымды жобалардың бірі – алып кесенесі. Бұл ғаламат мавзолейдің құрылысы император 13 жасқа толғанда басталып, 38 жылға жалғасқан. Оған шамамен 700 000 адам жұмылдырылды. Мәңгілік сапарында Цинь Шихуаңдиді шамамен 8 000 терракоталық жауынгер — генералдар мен қатардағы солдаттар бірге алып жүруі тиіс еді. Жақында мавзолейден қола арбалар, акробаттар мен музыканттардың мүсіндері табылды. Әрбір фигура шынайы өнер туындысына парапар: олардың әрқайсысы қолмен, әртүрлі әдістермен жасалған және әрқайсысының бет әлпеті мен ерекшеліктері бірегей. Тарихшы Сыма Цяньнің жазбаларына сүйенсек, кесенеде императордың жанында шамамен елу күңі жерленіп, сондай-ақ көптеген қымбат асыл заттары көмілген. Мұның бәрі Цинь Шихуаңдиге о дүниеде де асқақ даңқына бөленіп, мәңгілік өмірден ләззат алуы үшін қажет болған.

Цинь Шихуаңдидің терракоталық әскерін 1974 жылы қытай шаруалары құдық қазу кезінде кездейсоқ тауып алған. Содан бері ол бірнеше рет археологтардың зерттеу нысанына айналды. Дегенмен, кешенді зерттеу өте шектеулі болды: археологтар мавзолейдің тек бір бөлігіне ғана қол жеткізді. Цинь Шихуаңди кесенесінің өзі әлі ашылмаған. Кесенені ашу қауіпті деп саналады, өйткені ғимараттың ішкі құрылымы бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар, Қытай тарихнамасында кесененің ішінде ртуть пен жарылғыштармен толтырылған тұзақтар бар деген аңыздар сақталған. Олар кесенені ашуға тырысқан кез келген адамды өлтіре алады деп айтылады. Бұл аңыздың шындығы белгісіз, бірақ археологиялық зерттеулер кесененің айналасындағы ртуть деңгейінің қалыптан тыс әлдеқайда жоғары екенін растады.

Утогава Кисуеси. Мәңгі өмірді іздеген Цин императоры /Alamy

Утогава Кисуеси. Мәңгі өмірді іздеген Цин императоры /Alamy

Династия негізін қалаушы

Цинь Шихуаңди негізін қалаған Цинь әулеті Қытайды мәңгі басқарады деп үміттенген (кем дегенде алдағы 10 мың ұрпақ бойы). Алайда бұл болжам орындалмады: Цинь әулетінің билігі бар болғаны 15 жылға жалғасты. 221 жылдан б.з.д. 210 жылға, яғни қайтыс болғанға дейін, Қытайды біріктірген Цинь Шихуаңди әулеттің ең танымал билеушісі. Оның артынан тек екі адам таққа отырды. Біріншісі – Цинь Шихуаңдидің кіші ұлы Эр Шихуаңди («Екінші император» деген мағынада). Ол таққа ағасына қарсы ұйымдастырылған қастандықтың арқасында отырды. Алайда сарайдағы интригалардың нәтижесінде, б.з.д. 207 жылы ол өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Эр Шихуаңди қайтыс болғаннан кейін, Цинь империясында ірі қақтығыстар басталып, билік Хань әулетінің қолына өтті. Цинь әулеті елдегі билікті қысқа мерзімге ғана қайтарып алды: б.з.д. 206 жылы таққа Цзинь отырды. Ол Цинь Шихуаңдидің үлкен ұлы Фу Судың немересі еді. Бірақ Цзинь тек «ван» (патша) ретінде ғана билік етті және оның билігі бірнеше айдан аспады. Елде Цинь билігіне қарсы ірі көтеріліс басталып, қастандық нәтижесінде Цзинь ажал тапты.

Бұл оқиғалардан кейін Қытай тарихында бірнеше жылдық тұрақсыздық дәуірі басталды. Чу мен Хань империялары арасында Қытайдың билігі үшін күрес жүрді. Б.з.д. 202 жылы бұл тартыста Хань империясы жеңіске жетіп, Қытайды 400 жылдан астам уақыт басқарды.

Дегенмен, Цинь әулеті Қытай тарихына өшпес із қалдырды. Ежелгі уақыттан бері, кейбір тілдерде Қытайдың атауы Цинь әулетінің атымен байланыстырылады. Мысалы, ағылшын тілінде (China) және француз тілінде (Chine).