Қай заманда болмасын амазонкалар жөніндегі аңыздар жұртқа ұнап келген. Қазіргі уақытта оқ өтпейтін төс тартқыш киген жауынгер қыздардың арбайтын ғаламат бейнесі мифологиялық баяндардан компьютерлік ойындар мен киноматографияға көшіп отыр. Бірақ әлі күнге дейін тарихшылардың басым бөлігінің тұжыруы бойынша, амазонкалар айдаһар мен грифондар секілді қиялдан туған бейнелер ғана саналып келеді. Алайда соңғы табылған археологиялық зерттеулер көнеден жеткен мифке жаңаша қарау қажет екенін көрсетіп отыр.
Батыс Еуропа ғылымының тамыры христиандық дәуірден де терең мифологиялардың құндылығына бертінге дейін қырын қарап келді. Мұның бәрі «құдайсыздардың аңыздарын» жоққа шығарған христиан дінінің ықпалына байланысты қалыптасса керек. Тек 20 ғасырдың алғашқы жартысында ғана мифтерді зерттеу нақты ғылыми бағытта өрбіді. Дегенмен қазіргі уақытта ежелгі дәуір адамдарының ой жүлгесі мен өмір салты жөніндегі білімімізді тарылтып, түсінігімізді күңгірттендіре түскен үстіртін жасалған талқыларды жиі ұшырастырып келеміз.
Амазонкалар жөніндегі аңыздар (еркектермен тең тұрып, майданға түскен әйел-жауынгерлер) ертеден бері ең қатаң және сонымен қатар орынсыз сынға ұшырап келген. Осы тұста қазіргі уақытта өмірін әскери іске арнауға шешім қабылдаған қыз баласы табылып жатқанда, ежелгі уақытта мұндай әйелдер қауымының құрылуына нендей жағдай кедергі келтіруі мүмкін деген сұрақ туындайды? Алайда ежелгі әскери қауымдастықтардың бәріне тән деп саналатын қатаң гендерлік рөлге қатысты таптаурындар, ұдайы «ал шынтуайтында солай болса ше?» деген сау желіктен басым түсіп кетеді.
Сондай-ақ гректер варварлық еркек-жауынгерлерді әйел деп ойлап қалған деген де пікір айтылып келеді.i
Ал зерттеушілердің бір шоғыры амазонкаларға — кентаврi
Қазір, 21 ғасырдың алғашқы ширегінде, ақырын басып төмендегі тарихи фактіні мойындауға жақындап келеміз: Еуразияның иран тектес халықтарында шынтуайтында, әйелдердің әскери қауымдастықтары болған және аталған дәстүрдің сарқыншағы, кемінде Орта ғасырға дейін сақталып келген. Бірақ мойындау — түйсіну деген сөз емес және бұл факті жұмбақ мифтердің сырын ашып бермейді. Айталық, бұл амазонкалар хақындағы мифтердің «қай тұсы тарихи шындықтан алынды, қай тұсы қайта ой елегінен өтіп мистикаға айналды және қай тұсы өзгеріске ұшырады?» деген сауалдарға нақты жауап бермейді.
Амазонкалар тек ертегі ретінде қабылданатын әлем, әйелдің қару ұстау қақын ғана жоққа шығарып қоймайды, сондай-ақ қоғамдық құрылымның формалары мен алуандығын да шектейді. Ал амазонкалар хақында байыпты түрде талқылай алатын әлем, өзінің мәдени алуандығын мойындап, қабылдауға дайын болады.
Болған мен болмаған дүниенің арасы
Амазонкалар жайында сыр шертетін грек дәстүрі — біртоға баяндардың тұтастай жинағы емес. Бұл көбіне-көп түрлі тарихи оқиғалар мен олардың үзіктерінің ала-құла әрі қарама-қайшы баянына ұқсайды. Оларды негізінен екі топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі — бізге дейін поэтикалық шығармалар арқылы жеткен астарлы, символдық баяндар, екіншісі — ежелгі дәуірдің тарихшылары қалдырған шындыққа жанасатын этнографиялық суреттеулер. Бірақ фактілердің аңыздармен біте қайнасып кеткені сонша, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру өте қиын.
Салыстырмалы түрде таяуға дейін Троя зұлматының (Кіші Азиядағы кішігірім Троя патшалығы мен ахейлік Грекияның қалалары арасындағы одақтың майданы) тарихы қиялдан туған оқиға ретінде қарастырылып келді. Бүгінде оның бәрі ойдан шығарылған оқиға емесін білеміз: б.д.д. 13 ғасырда Кіші Азияда өткен шынайы оқиға баяндаушыларды шабыттандырған секілді. Сондай-ақ бізге Гомер (кім болғаны маңызды емес)i
Соғыстан кейін мәшһүр халық солимдердің арасына барды...
... Үшінші ерлігінде ол еркектерге ұқсайтын амазонкаларды жеңді.
Жырдың аталған үзіндісі ақылған қонымды бастапқы екі оқиғадан айтарлықтай айрықшаланады: салимдар мен амозонкалар (Кіші Азияның жергілікті халықтары) таңғажайып мақлұқтармен бір қатарға қойылған бұл үзік қаһармандық аңыздарға ұқсайды. Жалпақ тілмен айтқанда, Гомердің тұсында амазонкалар қатысты түсінік гректердің арасында екіұдай болған тәрізді: елді айнала қоршаған халықтар мен тайпалардың олпы-солпы жасалған картасындағы жарқын бір нүкте, шынайы өмір сүретін қандай да бір қауым және өте құдіретті әрі мақлұқ кейпіндегі экзистенциялық қарсылас.
Осы бір екіұдайылық ежелгі дәуір бойына сақталып келген. Амазонкалар хақындағы мифтер мәшһүр болып қала берген және кейінгі дәуірдің авторлары олар жөнінде ақпарды бізге дейін жеткізген. Эллиндер Отрера есімді нимфаға ғашық болып қалған соғыс құдайы Аресті, амазонкалардың арғы атасы деп санаған. Осы бір одақтан бірнеше ержүрек қыз дүниеге келіп, олардан амазонка халқы тараған. Тура немесе жанама түрде болсын амазонкалар грек әлемін қалыптайтын барлық аңыздарда көрініс тапқан: Геракл мен Тесей оларға қарсы соғысқан, Афинаны қоршауға алған және Троя зұлматында Приам патшаның жағында болған. Ескендір Зұлқарнайынныңi
Сонымен қатар амазонкалар шынайы оқиғалар баян етілген шығармаларда да көрініс тапты. Олардың арасындағы ең мәшһүрі — «Геродоттың тарихы»i
Әлемдер соғысы
Гректердің дүниетанымында амазонкалардың орны қандай болғанын түсіну үшін, кескіндеме өнеріне назар аударған жөн. Мүсіндер мен қыш құмыра сыртындағы суреттерде олардың бейнесі көп бедерленді, ал грек-парсы соғысынан кейін аталған кейіпкерлердің танымалдығы тіптен арта түсті. Амазономахия (жаужүрек амазонкалар мен грек қаһармандарының арасындағы соғыс) ежелгі Афинаның бас ғибадатханасы Парфеонның өрнектерінде бедерленген. Саркофагтарды мифтік соғыс сахналары арқылы безендіру қалыпты іске айналған: Троя зұлматының эпизодтары, олимп құдайларының алыптармен ұрысы және, әлбетте, варварлардың киімін киген ат үстіндегі қаһарман әйелдермен гректердің соғысы.
Аталған ұрыстардың бәрі — тек қызықты ертегілер ғана емес. Бұл — ең алдымен ежелгі дәуірдің адамдарына дүниетаным мен грек дінінің қалыптасу жолын баян еткен символдар. Алыптар мен алысқан Құдайлар, Троя зұлматы мен амазономахия олар үшін ауқымы әртүрлі болғанымен, бір қатарда тұрған құбылыстар ретінде саналған. Бейбіт процестерді бақылап отырған эллиндіктер, бұдан ұдайы қарсыластықтарды көріп отырған. Космостық күштер, дәуірлер, ұрпақтар, мәдениеттер мен адам табиғатының әртүрлі қасиеттері арасында тынымсыз ұрыстар жүріп жатады. Аталған майданда жеңгендер мен жеңілгендер болады, алайда мұнда сөзсіз жағымсыз және талассыз жағымды кейіпкер жоқ. «Соғыс — бәрінің патшасы, бәрінің атасы» деген философ Гераклит,i
Грек мәдениеті негізгі дүниетанымы ретінде санаған осы бір толассыз таластың қызған ортасында, амазонкалар абсолюттік варварлықтың символына айналды. Шынтуайтында: оларға патриархалдық грек қоғамы қабылдай алмайтын жағымсыз қасиеттің бәрі телінді. Ежелгі Афина әйелдерінің саяси қақы болмады, сондықтан олардың қандай да бір майданға қатысуы жөнінде әңгіме қозғаудың өзі артық. Оларға қарағанда Спарта әйелдері әлеуметтік тәуелділіктен арылып, кейде мемлекеттік істерге араласа алғанымен, олардың қақы ерлермен тең болды дей алмаймыз. Әйелдер қауымына маңызды рөл берілген қоғамдық құрылымды, гректер құндылықтар төңкеріліп түскен немесе, ұғынықты етіп айтар болсақ, дүниетанымы үшін күйретуші сипаты бар анти-әлем ретінде қабылдаған.
Эллиндік пен варварлықтың күресі, олимп діні мен маңайындағы халықтардың жоралғылары арасында талас, ер мен әйел арасындағы «жыныстар таласымен» теңестірілді және ол майданға түсу (рухани я физикалық па маңызды емес) қаһармандық сыналар сәт болды. Сондықтан тыстағы сенімнің тағы бір символы саналған қорқынышты Химераны жеңген, гомерлік қаһарман Беллерофонт, артынша амазонкалықтармен шайқасты.
Бірақ политеистікi
Амазонкалар қай мекенді жайлады және бұл атау қайдан шықты?
Амазонкалардың отанына қатысты ежелгі дәуір авторларының деректері бірізді емес: бірі олар Эгей теңізінің шығыс жағалауында тұрды десе, басқалары — қазіргі Түркия жерінің шығысындағы Фермодонт өзенінің жағасын жайлады деп мәлімдеді, ал үшінші көзқарасты ұсынған авторлар — амазонкалар өзінің ержүректігімен аты шыққан Қара теңіздің Солтүстігіндегі далалық аймақты мекен еткен сақ, сармат және басқа да мал бағатын халықтармен қатар тұрды деп жазды. Тағы бір нұсқада, тіптен ливиялық (ежелгі дәуір адамдары Африканы Ливия деп атаған) амазонкалар жөнінде айтылады. Осы деректердің бәрі, бір қарағанда, тұтас бір түсінік қалыптастыра алмайды. Бірақ ежелгі дәуір жазушылардың басым бөлігі амазонкаларды Қара теңіз жағалауымен байланыстырады. Өз кезегінде, ежелгі Үндістанда орналасқан жері Герадот айтқан азиялық сақтар мекен еткен аймақпен сәйкес келетін «әйелдер патшалығы» жөнінде аңыз болған.i
«Амазонкалар» сөзінің шығу тарихы түбегейлі анықталмаған. Бірақ қазіргі уақытта ең иланымды болған гипотеза ретіндеi
АМАЗОНКАЛАРДЫҢ МАЗАРЛАРЫ
Бірақ жазбаша дереккөздердегі үстіртін ғана жасалған ишараттардың, кесіп-пішуге келетін, ақылға салып саралай алатын археологиялық деректерсіз ғылыми салмағы болмайды. Осы тұста мазарлар маңызды дереккөзге айналады: ежелгі қыстақтарды қазу барысында табылған бұйымдардың қожайыны белгісіз, киелі жерлер мен ғибадатханалардан алынған заттарды айрықша, діни тұрғыдан талдауды қажет етеді, ал суреттер қиялдың жемісі болуы бек мүмкін. Ал қабірінде жатқан адамның сыры зерттеушіге биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ешқандай боямасыз ашылады және әйел-жауынгерлердің болып-болмағанын тек жоғарыда аталған аймақтардағы әйелдердің мазарларын зерттеу арқылы ғана анықтауға болады.
Қара теңіздің далалық аймақтарындағы мазарларды зерттеуге кірісе сала, ғалымдар мол мұраға кезікті. Мельгун қорғаны, Чертомлык, Күлоба, Солохи және басқа да сақ патшаларының қорғандарынан табылған мұралар алдымен ғалымдардың, сосын қалың жұрттың назарына ұсынылды. Осылайша далалық Еуразияның төсінде қоныс тепкен парсы тектес жартылай мифке айналған, тек кітап беттерінде ғана өмір сүрген халықтар, ақыр соңында тарихта нақты болған, өзіндік мәдениеті бар, айталық артта қалған жабайы емес, дамыған, өзіндік төл таңбасы қалған ел болғаны анықталды. Археология қорғандардан шыққан байлыққа қана ден қоюын тоқтатып, адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейтін толыққанды ғылымға айналғанда, қатардағы мазарларға да назар аудара бастады. Мазарлардан оқтын-оқтын оғаш дүниелер де шығып жатты: мәселен, әйелдердің қабірінен қандай да бір қару табылуы мүмкін. Бірақ мұндай деректерге қарап, үлкен мәлімдеме жасауға әлі ерте болатын.
Қазіргі уақытта сақ, савромат және сармат әйелдерінің мазарларынан табылған қару-жарақтар кездейсоқтық емес, дәстүрлі элемент екенін айғақтайтын статистика жиналды. Мәселен, ежелгі Танаисаныңi
1990 жылдары Ресей-америкалық экспедиция Қазақстан шекарасына жақын маңдағы оңтүстік орал даласында орналасқан Покровка-1 және Покровка-2 қорғандарын қазды. Экспедиция барысында шамамен 180-ге жуық савромат және сармат мазарлары қазылған. Әйел мазарларының 75 пайызынан «үй шаруасындағы» әйелдің классикалық атрибуттары (айна, ұршық пен ұршық тасы) табылды. Бұйымдар мол шыққан кейбір мазарларда абыздарға жерленгені анық. Бірақ әйелдер мазарының 15 пайызында әскери қару-жарақтар болған. Соған қарағанда қыздарды әскери өнерге ерте жастан баулыған тәрізді. Мазарлардың бірінен жанында қысқа болат қылыш пен қырық жебе басы көмілген он жасар қыздың мәйіті қазылып алындыi
Осы бір табылған жәдігерлерге қарамастан, кейбір ресейлік зерттеушілер қыңырлыққа салынып, таптаурын болған пікірден таңбай келеді. Олардың тұжыруы бойынша, аталған заттар әйелдің нақты әскери қызметімен байланысы жоқ, тек таза мәдени дәстүрге сай қойылған. Бірақ жауынгердің мазарынан, қарапайым «бейбіт тұрғынның» қабірін айрықшалап тұратын сенімді бір белгі бар: соғыстан алған жарақаттардың ізі. Айталық жауынгер әйелдердің мазарынан шыққан қаңқадан сынықтар, бас сүйек жарақаттары, сүйекке қысылып қалған жебе ұшы ұшырасты, ал олардың буындары атқа көп мінгеннен деформацияланған (атты әскер құрамындағы ер жауынгерлердің де қаңқасынан осындай белгілер байқалады). Сондықтан аталған деректердің бәрін «көздің жауын алатын ескі жоралғыларға» тели берудің қажеті жоқ.
Теңіз валькириясы
Шамамен б.д.д. 11 ғасырда қазіргі Иранның территориясына парсылар (сақ және сарматтармен туыстас, парсы тілді тайпалар одағы) ауып келді. Ежелгі шығыстың Бабыл, Ассирия, Элам секілді өркениеттерінің мәдениетімен байланысқа түскен көшпелі-парсылар көптеген ғылымды, өнер, кәсіп түрлері мен жазуды игеріп, дамыған мемлекеттің жарқын үлгісімен танысты. Б.д.д. 550–530 жылдары Ахеменид руынан шыққан Ұлы Кир патша ежелгі дәуірдегі ең құдіретті патшалықтың негізін қалады. Аталған патшалық дамуының шырқау шегіне жеткен мезетте шекарасы Эгей теңізінен Үндістанға дейінгі алып атырапқа созылды.
Заманауи поп-мәдениетте парсы патшаларын садистік сипаты бар деспоттық құбыжық ретінде бейнеленеді: «300 спартандық» фильміндегі Ксеркстің бейнесінің айтсақ та жеткілікті болар. Шынтуайтында Ахеменидтер өте білімді әрі көреген саясаткерлер болған. Олар қатаң басқару мен либерализмнің элементтерін сәтті қабыстырып, басып алған халықтарына өз дүниетанымын таңбай, жетістіктерін қуана-қуана игеріп алатын болған. Парсы империясының мәдениеті өзінің көп қабаттылығымен және дәстүрінің алуандығымен айрықшаланады. Жаңашылдықтар мен басқа мәдениеттерден сіңірген дәстүрлер, парсылардың арғы аталарының мекені далалық Еуразияда туындаған көне жоралғылармен ым-жымы білінбей қабысып кетті. Бәлкім, Шығыс әйелдері үшін тосын болмаған еркіндік қақы дәл сол аймақтан бастау алса керек. Парсы әйелдері күштеп тұрмысқа шықпады, жекеменшік жерді иеленуге қақы болды, тәуелсіз экономикалық жұмыстармен айналысты, жеке дара саяхатқа шығып, қызметшілерді жалдады, ал патша тұқымынан шыққан ханшалардың еркектермен бір қатарда ресми жиындарға қатысуға қақы болды және, әлбетте, мемлекеттік істерге тура я жанама түрде болсын араласып отырды.
Бәлкім, ақсүйек әулеттерден шыққан әйелдер ғана бүкіл саналы ғұмырын әскери қызметке арнауға қақылы болған шығар, бірақ егер сондай мүмкіндік туған болса, ол санаулыларға ғана берілген. Дегенмен парсы патшалары варвар әйел жауынгерлердің көмегінен бас тартпаған. I Ксеркс патшаның жақын одақтасының бірі кариялықi
Телегей теңіз ақылдың иесі әрі күштің ара-салмағын өте терең білген Артемисия, б.д.д. 480 жылы, қыркүйек айында парсы патшасын гректермен теңіздегі ұрыстан бас тартуға көндірмек болған. Бірақ көзін шел басқан Ксеркс оның кеңесіне құлақ түрмеген. Ақыр соңында ол парсы флоты тас-талқан болып жеңілген Саламин шайқасына қатысуға мәжбүр болған. Теңіздегі ұрыс барысында жеңілгенін түсінген Артемисия, парсы туын төмен түсіріп, жанынан өтіп бара жатқан одақтастарының кемесіне соғуға бұйрық берген. Гректер Артемисия өз тарабына ойысқанын аңдап, оның кемелеріне соққы жасамаған. Осылайша патшайым өзінің және отандастарының өмірін сақтап қалған.
Әрмен қарай Артемисия Ксеркске гректерге қарсы ұрыста өзі қатыспай, орнына Мардониді бас қолбасшы ету қажет деп кеңес берген: «Мардони қандай да бір бәлеге ұшыраса, тіптен элиндіктер оны тізе бүктірсе де маңызды емес, жау жеңістің тәтті дәмін татпайды. Өйткені олар тек сенің бір құлыңды ғана жер жастандырады»i
Артемисияның стратегиялық ой жүлгесі Ксеркстің таңданысын тудырған; ол тіптен, қолбасшы әйелге өзінің ең құнды саналған бала-шағасын сеніп тапсырған. Дегенмен оның жеке басының қасиеттеріне лайықты баға беру үшін, алдымен әйел-жауынгер мен әйел-саясаткерге есі ауысқан мансапқұмар емес, қалыпты құбылыс ретінде қарай алатын мәдениеттің өкілі болуың керек. Айталық грек әскери кемелерін қандай да бір әйелдің басқарғанын көз алдыңа елестетудің өзі мүмкін емес жәйт. Артемисия феномені Кіші Азия тайпаларындағы әйелдердің дәрежесіне қатысты ой жүгірту үшін жеткілікті.
Грек дереккөздерінде, шынтуайтында хетто-лувийлікi
Жалпы алғанда, Ксеркс билік құрған кезеңде жергілікті әйелдердің қақы мол болған. Ахеменидтердің құрған империясының б.д.д. 331 жылы, Гавгамелах түбіндегі майданда III Даридің әскерін Ескендір Зұлқарнайынның жауынгерлері тас-талқан етіп жеңгенде күні батты. Ескендір патша дүние салған соң, парсы державасының территориясында, македон әскерінің қолбасшылары құрған бірнеше мемлекет бой көтерді. Аймақтың сырт келбеті мен жоралғылары қатты өзгерді: гректердің барлық бұйымдары сәнге айналды және жергілікті ақсүйектер құрлықтағы Элладаның аристократтық мәдениетті ұстануға тырысты. Дегенмен парсы әйелдерінің мінезі әп сәтте өзгере қоймаған тәрізді.
Амазонкалардан кейін
Нағыз ирандық әулеттер билік құрған жаңа алпауыт ел б.д.д. 250 жылы Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында пайда болды. Бұл әскери қолбасшы Аршак құрған Парфия патшалығы болатын. 2004 жылы ирандық БАҚ-та өте маңызды жаңалық жөніндегі хабар тарады: ДНҚ талдауы, парфия дәуіріне тиесілі әскери мазарлардың бірінде әйел адамның жатқанын көрсетті. Өкінішке қарай, аталған ақпараттың рас-өтірігін анықтау мүмкін емес. Интернеттен осы тақырыпқа қатысты жалған ақпарлар мен спекуляциялар жетерлік; он шақты жылдың айналасында парфия әскерін басқарған «ханшайымдар» жөніндегі әңгімелер еш толастар емес.
Б.д. 3 ғасырда үздіксіз жалғасқан Рим империясымен қияң-кескі ұрыс пен ішкі алауыздықтарға байланысты Парфия патшалығының ақыры таяды. Осы аралықта ежелгі Парс (Парсы атауы осы мекенге байланысты туған) провинциясында, жаңа саяси күш бой көтерді. Ежелден бері келе жатқан абыздар әулетінен тараған Сасанның немересі Ардашир, алдымен Парстағы билікті қолына алып, сосын парфия патшасымен таласқа түскен. 224 жылы сәуір айында Ардашир бүлікші жеңіске жетіп, Сасанилер деп аталатын өз патшалығының негізін салды. Сасанилік Иран өз кезеңінде әскери-экономикалық өрлеудің шығына шыққан империя болды: түрлі кикілжіңдерге байланысты әбден әлсіреп, тарыдай шашылып кеткен мемлекет айналасы бірнеше жылдың ішінде ұлы державаға айналды. Тіптен айбыны асқақ Римдіктердің өзі жаңадан таққа келген парсы патшасына қарсы тұруға жүрексініп, келіссөздерде тым жұмсақтық танытқан. Бірақ үлкен майданнан қашып құтыла алмаған. Сасанилер әулеті билік құрып тұрған уақытта Рим империясымен, сосын оның ізбасары Византиямен соғысып, ара-тұра жеңіске де жетіп отырған. Аталған соғыстардың тарихы жылнамаларда бүге-шүгесіне дейін хатталып қалған және кітап беттерінде әйел жауынгерлер жөніндегі деректер (бұл жолы жартылай аңыз аралас бейнелер ретінде емес, шынайы тарихта болған адамдар кейпінде) тағы да көрініс берген.
Византиялық жылнамашы Иоанн Зонараның дерегі бойынша, римдіктер мен сасани патшасы I Шапур арасындағы 260 жылы болған ұрыстан кейін еркектердің киімін киген әйелдердің денесі табылғанi
Ал «еркек еместерге» қатысты не айтуға болады?
Егер Еуразияның иран тектес халықтары әйелдерге өзін таныту үшін барлық еркіндікті берген болса, еркектерге арналған осыған ұқсас институт болған ба? Егер әйелдерге (әлбетте, кез келгені емес) атқа мініп, қолына қару алуға рұқсат болса, еркектердің үй шаруасымен айналысып, аттан түсуге қақы болды ма? Аталған сұрақ, бір қарағанда кекесін болып естілуі мүмкін, бірақ қолда бар деректер, мұндай тәжірибенің іс жүзінде болғанын көрсетіп отыр. Сақтар тілге тиек еткен Геродот өз еңбегінде: «Сақтардың арасында бақсы-балгерлер көп... Энарейлер (қызтекелер) бал ашу өнері өздеріне Афродитадан жеткенін айтады. Олар жабысқақ жөкейге қарап бал ашады. Жөкені үшке бөліп алып, сосын онымен саусақты орап, артынша шешіп алады да, соған қарап болжамын айтады» деп жазған.
Псевдо-Гиппократi
Бірақ егер бақсы-энарейлер «әйелге айналған» еркектер саналса, амазонкалар «еркекке айналған» әйелдер деген сөз емес пе? Бәлкім, олардың қауымдастығы бақсылық дәрежеге ие болған шығар? Бұл сұраққа «бәлкім солай болар» деп қана екіұдай жауап қатуға болады. Бәлкім, амазонкалар жөніндегі мол мифтердің ғибадатханалар мен киелі мекендерде өріс жаюы олардың бақсылық қызметті атқарғанын меңзеп тұрған болар. Сондай-ақ амазонкалардың омырауын кесіп я күйдіріп тастағаны жөніндегі әпсаналарда, қандай да бір инициациялардың сарқыншағы қалған болуы да бек-мүмкін. Дегенмен бұл ойларды қуаттай түсетін дәлелдер жоқ.
Алайда «жынысын ауыстырған шаманды» еске салатын, кем дегенде бір тарихи тұлға кездеседі. Бірақ ол тұлға парсы әлемінің басқа бөлігінен, атап айтқанда, Қара теңіздің оңтүстік аймағындағы Понти патшалығынан шыққан. 2004 жылы Таман түбегінде: «Митридат Евпатор Дионистің жұбайы Гипсикрат» деген оғаш бір жазу жазылған құлыптас табылдыi
Өзге мәдениеттің адам ретінде, римдіктер күйеуіне байланып қалған патшайымның «оғаш қылығын» түсіндіріп баққан. Бірақ иран тайпаларының дәстүріне қатысты білгеніміздің қасында, бұл баян тым қарабайыр көрінеді. Соған қарағанда, сармат патшайымының немересі Гипсикрат(ия), «амазонкаға» айналдырар қандай да бір жоралғыдан өтіп, еркектің есімін алған шара қоғам алдындағы дәрежесін арттырған тәрізді. Заманауи зерттеулерде аталған тәжірибелерді гендерлік теориялар арқылы түсіндіріп, оларды «трансгендерлік», «гендерфлюилік» сынды және т.б. терминдер арқылы сипаттау әрекеттері жиі жасалып келеді. Мұның орынды-орынды емесіне қатысты кесіп-пішіп бірдеңе деу қиындау.
Дегенмен ежелгі дәуір адамдары өздерін бұлайша қарастырмағанын естен шығармаған жөн. Олардың сана-сезімі, қазіргі уақытта қолданып жүрген «гендерлік экспрессия» және «өзін-өзі бірегейлендіру» сынды түсініктер аясында қалыптаспаған анық. Олардың құндылықтар жүйесінде дін басты орында тұрды: қара басының қалау емес, дәстүр, символ және жоралғылар маңызды саналды. Ежелгі дәуір адамының бүкіл өмірі таусылмайтын инициация тізбегінен, жоралғылар мен метаморфозадан тұрды. Ұрыс алдында арғы атасының тотемдік кейпіне (мәселен, қасқыр немесе аюға, және әйелдің киімін киген бақсыға) символдық тұрғыдан енген жауынгер, өзін басқа адамдар қалай қабылдайтынына мүлдем мән бермеген. Оның ойында тек жоралғы арқылы қандай мистикалық күшке ие болып, әлемдегі орны қалай өзгеретіні ғана тұрған.
Жаңа тарау
Шын мәнінде барлық бодаудан ада, тәуелсіз ғылым болмайды. Адамзат дамуының әрбір кезеңінде қоғам ғылыми фактілерге қатысты көзқарасымды тарылта түсетін өзіндік факторларды тауып алады: саяси үрдістер, таптаурындар, наным-сенімдер мен жалған үміттер. Сондай-ақ сән қуу да, консервативтік қыңырлық секілді таным процесіне залал келтіреді. Біздің теріс түсінігіміздің кесірінен амазонка мәселесі секілді «әлеуметтік қауіпті» тақырыптар қатты зардап шегіп отыр.
Ғалымдардың бір шоғыры қолда бар барлық фактілерді елеусіз қалдырса, кейбірі — деректердің бәрін өз болжамына сай бұрмалауға тырысып келеді. Сондықтан объективті және жан-жақты сараланған зерттеулерді табу оңай емес. Бірақ тақырыпқа қатысты жинақталған материалдың көлемі артып барады. Техникалық ілгерілеудің арқасында археологиялық қазбаларға қатысты мол мағлұмат алуға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдер пайда болып жатыр. Салыстырмалы түрде таяуда ғана мазардағы қаңқаның жынысын кәдімгі өлшемдер арқылы, әдетте жиі қателіктер жіберіп анықтайтын болған. Қазіргі уақытта жынысты генетикалық анализ арқылы білуге болады және кейде осылай алған нәтижелер таңдандырады. Мәселен, Биркедегі (Швеция) екі ат және мол қару-жарақ қоса жерленген атақты Bj 581-қорымындағы викинг, әйел болып шықтыi
Қазылған мазарлардан алынған нәтижелер бұл тақырыпқа қатысты түсінігімізді кеңейтіп, ескіріп кеткен гипотезаларды кез келген сыншыға қарағанда жақсы жоққа шығарып келеді. 2019 жылы Донның ортаңғы сағасының бойынан табылған V Бикеш қорғанындағы қабірден түрлі қару-жарақтар мен ат әбзелдері қоса жерленген төрт сақ әйелінің мүрдесі табылдыi
Амазонкалардың, әйелге айналған энарея-бақсылардың антиподы жөніндегі аңыздар, жанама түрде болсын дәлелденіп келеді. Айталық сақ-сармат мазарларында әйелдердің тұрмыста қолданатын заттарымен бірге, кейде тіптен, әйелдердің культтік әшекейлерімен жерленген ер адамдар табылып жатыр. Бұл ендігіде ежелгі дәуірдің жазушыларының қалдырған деректерінің бәрін шындық ретінде қабылдай беруге болмайды деген сөз. Бірақ осы іспеттес мазарлардан табылған деректер парсы тектес тайпалардың қоғамдық құрылымы, біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі екенін аңғартады. Ақсүйек адамның шыққан тегі оның жыныстық тұрғыдан қай топқа жататынын таңбаған, ал діни сенімдер бір әлеуметтік топтан басқа топқа ауысуға рұқсат еткен, тіптен солай жасауға итермелеген болуы да бек-мүмкін. Кейбір зерттеушілер мұндай әрекеттерден матриархаттың (әйелдерге көшбасшылық рөл берілген қоғамдық құрылым) сарқыншақтарын көреді. Бірақ бұл пікірді құптай түсетін деректер жеткіліксіз.
Көз жетпес дала кеңістегінде әлі талай сырлардың жасырын жатқаны анық. Қорғандардың көз тартар үйінділерінің және пәс келген мүрделердің астында, еркіндігіне тіптен, өркөкірек гректердің өзі тамсанған көшпелілер жатыр. Тіптен амазонкалар жөніндегі аңыздар, шындыққа мүлдем жанаспайтын ойдан құрастырылған оқиға болып шықса да, бұл көшпелі дала халқының ішкі қуатын, қатаң демократиясы мен ержүректігін мінсіз паш етеді. Бірақ бастан аяқ ойдан шыққан аңыздар болмайды. Алайда олардың астарындағы мағынасын ашу арқылы аңыздың шындығын табуға болады және бұл шындық ең көркем деп саналған мифтің өзінен қызықты көрінеді.