ГУСАР БАЛЛАДАСЫ

Ридли Скоттың «Наполеоны» хақында

Хоакин Феникс Ридли Скоттың "Наполеон" тарихи эпопеясында / Legion-Media

Францияның қызғаншақ көрермендер қауымдастығы Ридли Скотты Наполеон мен Жозефина жайлы емес, Барби мен Кеннің арақатынасы туралы таспа тартуға мәжбүр етті. Иә, тарихтың шындығына мүлде жанаспайтын фильмнің өзі, Құдай қарасып, ең ғажап туындығы айналуы әбден мүмкін. Мәселе тарихи қателікте емес, осы ұсынылған эпостың құрғақтығы мен екіұштылығында болып отыр.

Владимир Набоковтың бұрынырақта жазылған «Отчаяние» (Үмітсіздік) деген романында мықты, көрнекі тип ретінде ерлердің ішіндегі Наполеондарды тілге тиек етеді.

Хоакин Феникс сомдаған Бонапарт тарихи тұлғадан гөрі образ я фетиш секілді көрінді. Фильмнің көп бөлігінде ол үш бұрышты қалпақ киген эмблематикалық мүсіннің кейпіндей әсер етті.

Бәлкім, бұл әдейі жасалаған әдіс те болар. Түптеп келгенде, Феникстің асқан актерлік дарыны Наполеонды сомдауға үйлеспеді. Дегенмен мұнда оның ойнайтын дәнеңесі де жоқ сияқты. Сондықтан ол бұрынғы сомдаған кейіпкерлін жиі қайталайды. Мысалы, Тулон шайқасы көрінісінде оның қан-жоса болған беті Лин Рэмсидің «Тебя здесь никогда не было» (2017) (Сен мұнда ешқашан болмағансың) фильміндегі рөліне анық ұқсайды.

Хоакин Феникс Ридли Скоттың "Наполеон" тарихи эпопеясында / Legion-Media

Негізгі режиссерлік нұсқасы төрт жарым сағатқа созылады (прокатқа шыққандардың екі жарымымен салыстырғанда) сюжет пен уақыт тұрғысынан бұл суицидтік жобаны ашудың кілттері барға ұқсайды.

Сюжеті, аудиокітаптардың аннотацияларында айтылғандай, хаотикалық. Кімнің кім екені, ең бастысы, кімнің немен айналысатыны белгісіз (жарайды, төменде талқыланатын Жозефинаның денесін қоспағанда). Бір қызығы, Таллейрандты ойнайтын Уэльстік актер Пол Рис ұлы кеңес актері — Владимир Белокуровқа ұқсайды, бұл фильмге ертегілердегі зұлымдықтың әсерін берері анық.

Нәтижесінде, одақтастар бір кездері Наполеонның әскери жоспарларын білуге тырысқанындай, киногерлердің ниеттерін әшкерелеуге тура келеді.

Хоакин Феникс Ридли Скоттың "Наполеон" тарихи эпопеясында / Legion-Media

Жасампаздар Наполеонның ұлылығы оның жаралы сексуалдылығына байланысты екенін дәріптегісі келді деп болжауға болады. Иә, бұл өз алдына жаман емес те, дегенмен 2023 жылы түсірілген фильмдерден, әрбір ұлы ер адамның артында қандай да бір полиаморлы әйел тұрады деген қарапайым идея бар сияқты. Бұл — аздап қауіпті тапсырма.

Қалай болғанда да, фильм маникалды махаббаттың үлкен тарихына сәйкес келмейтіні анық. Барлық эротикалық эпизодтар қалжыңның айналасында берілген, ал императордың өзі құмарлығын жоғалтқан адам ретінде ұсынылған, басқа сахналарда сөзбе-сөз ым-ишараны көрсетеді. Бұл — Тинто Брассты, дәлірек айтсақ «Кілт» деген эротикалық комедиясын еске түсіреді.

Кинокомедиялар туралы айтатын болсақ, Хоакин Феникс қандай да бір гусар балладасын әдейі ойнап жатқан сияқты; фильмнің кейбір көріністерінде ол Бонапартқа қарағанда Орфен Деуске көбірек ұқсап кетеді. Мысалы, «Сен семізсің!» деген сияқты диалогтар. «Жақсы, мен тамақ ішкенді жаным сүйеді», – деген ол «Ұрыс-керісті ұмытайық, сіз менің ең нәзік досым болуыңыз керек» деген сөздерге қарағанда әлдеқайда жақсырақ.

Бұл фильм жарқын бір ода іспетті. Наполеон соғыста жүріп Джозефинаны ойлап сағынса, Джозефинаның жанына келіп, соғыс туралы ойланады. Егер мұнымен нәзік бір сезімді ояту көзделген болса, онда фильм діттегеніне жетті десек болар.

Хоакин Феникс Ридли Скоттың "Наполеон" тарихи эпопеясында / Legion-Media

Әрине, фильмнің сәтті түсірілген тұсы жоқ деуден аулақпыз. Мысалы, Аустерлиц шайқасындағы мұз астынан атқылаған зеңбірек оқтары, аспанды қаптаған сұрғылт тұман және қанды дала — міне, осылар фильмді кинематография бойынша оқулықтардың ұрыс көріністеріне мысал ретінде алуға лайық. Фильмнің соңы да жақсы аяқталды, бірақ ол «Өкіл әке» фильмінің бірінші бөлігіндегі танымал өлім көрінісіне әдейі жасалған пародия ма, әлде бұл кинемоторгафиядағы әдепкі сәйкестік пе, ол жағы беймәлім. Жозефина рөлін сомдаған Ванесса Кирби олар айтқандай, көп нәрсені түсіндіреді.

Фильмнің өне бойында «ұлылықты әспеттеу» деген сөзді аңғарамыз. Мойындауым керек, фильмнің өзіне қатысты бұл өте күлкілі естіледі.

Көшірілді