ПЛАТОННЫҢ БЕЙІТІ ТАБЫЛДЫ МА?

Өртенген шиыршықта философтың қайда жерленгені жазылған

ПЛАТОННЫҢ БЕЙІТІ ТАБЫЛДЫ МА?

Рафаэль Санти. Афины мектебі. 1510-1511/Wikimedia Commons

Біз Геркуланумның жанып кеткен орамаларын зерттеудегі керемет жетістік туралы жазғанбыз. ВезувийiПомпей мен Геркуланум қалаларын қиратқан бұл жанартаудың атқылауы 79 жылы болған жанартауының күліне көмілген мың жарымнан астам орамалардан тұратын кітапхана өзінің өртенген папирустарын ғалымдардың көз алдында аша бастады.

Ғалымдар жұмыс істеуге рұқсат алған өртенген орамалардың бірі — философ Филодем Гадарскийдіңiiб.з.б. 1 ғасырда өмір сүрген эпикуршы философ шығармасы болып шықты. Филодемнің асқақ материялар туралы ой-пікірлерінен бөлек, одан аса маңызды тарихи мәліметтер де табылды.

Пиза университетінің папирологы Грациано Раноккияның айтуынша, орамада философ Платонның1i1Платон (б.з.б. 428–348) ежелгі философ, ғалым, жазушы және мұғалім нақты жерленген жері көрсетілген — «Академиядағы Мусейонның жанындағы бақта». Платон атындағы Афина Академиясы бұрыннан қазылып, зерттеліп, музейге айналды, ал музалардың ғибадатханасы, Мусейоннан көрінетін іргетас қалды.

Геркуланум жазба орамалары/Getty images

Геркуланум жазба орамалары/Getty images

Археологтар ұлы философтың сүйегін, тіпті, осындай шағын іздеу радиусынан да таба алады деп үміттену қиын, өткен мыңжылдықтардан кейін оның сүйегінен ештеңе қалмауы да мүмкін. Бірақ қазірдің өзінде бұл жерде мемориалдық қабір, кенотафiшынайы мәйітті жерлеу мүмкін болмаған кезде қолдан жасалған бос бейіт, мысалы, теңізде батып кеткендерге кенотафтар тұрғызылған салынуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр.

Бұдан бөлек, Филодем Платонның б.з.д. 404–399 жылдары біраз уақыт құлдықта болғанын айтады. Бұл философ тиран Сиракуз Дионисийдің ашуын келтіріп, біздің эрамызға дейінгі 387 жылы құлдыққа түсті деген бұрыннан бар нұсқаға қайшы келеді. Егер Филодем датаны дұрыс атаса, Дионисий қонағын ұстап алды және философты тас карьерлеріне құл етіп жіберді деген айыптаулардан бас тартуға тура келеді. Ол кезде Платон Сиракузаға әлі бармаған болатын-ды, сондықтан Афинаның Спартамен соғысы кезінде тұтқындалып, құлдыққа түсуі мүмкін еді.

Афины Академиясының қазба орны/Wikimedia Commons

Афины Академиясының қазба орны/Wikimedia Commons