КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН КҮЛГЕ ҚАРАП БАЛ АШУ

Геркуланумдағы өртке оранған қолжазбаларды оқудың сәті түсті

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН КҮЛГЕ ҚАРАП БАЛ АШУ

Жазғы триклиний Геркуланумдағы Нептун мен Амфитрита үйінде / Getty Images

Таяуда әлемдік мәдениеттің қорына антика классикасының бір туындысы келіп қосылатын тәрізді. Бір кездері Везувий жанартауы атқылауының салдарынан мүлдем келмеске кеткендей болып көрінген көне туындыны қайта қалпына келтіру ісінде айтарлықтай нәтиже пайда болды.

Екі мың жыл бұрын атқылаған Везувий жанартауы өркендеп келе жатқан римдік Помпей мен Геркуланум қалаларының тас-талқанын шығарған болатын. Түрлі дүниелермен қатар папирус орамалары сақталған көне кітапхана да жанартау күлінің астында қалды. «Папирустар вилласы» деп аталған құдайлардың, батырлар мен философтардың мүсіндері, бюстарымен көмкерілген салтанатты ғимарат Геркуланум қаласында орналасқан еді.

18 ғасырда энтузиастар Геркуланум қаласын қазуға кіріскенде, жиырма метрге жуық күл астында қалған ғимараттың қирандысынан мәтін жазылған екі мыңға жуық папирус орамасы табылды. Дегенмен аталған орамалардың барлығы дерлік тас болып түйіршіктелген күйінде қатып қалған: папирустар жанартау тасқыны қыздырған ыстық ауаның әсерінен көмірге айналып кеткен.

Әйтсе де жақсы сақталған орамалар табылды — олардың құпиясы ашылып, мәтіні оқылды, бірақ қалған орамаларды кері аударған кезде күлі көкке ұшқан. Геркуланумда қалған мұраларды алу үшін қолданылып жатқан әдістердің басым бөлігі орамаларды бүлдіретін болғандықтан, папирустарды аршу жұмыстары тоқтаған. Сондықтан зерттеушілер орамаларды қаптап, табылған ғимараттың астына көміп тастады. Үйінді астында көл-көсір мұраның қалғаны анық, бірақ тас боп қатқан көне орамаларды аз-маз қозғаса я сілкісе болғаны қирап, не үп еткен желдің өзіне шашырап кетуі мүмкін еді.

1 / 2

Заманауи технологиялардың арқасында тарихшыларға жаңа мүмкіндіктер ашылды.

2019 жылы Кентуки университетіндегі EduceLab зертханасының профессоры Брент Силз, бейнені 4 мкм тұнықтықта көрсете алатын үш өлшемді томограмма жасап, Геркуланум орамаларының 3D суретін жасады. Сканер жасау арқылы орамның күйіп қалған қабатының визуалын жасап, оларды бір-бірінен бөліп алуға болады. Көлденең қиылған жүздеген жеке орамның қабаттарын сегменттеудің күрделі әрі ұзақ процесі төмендегі роликте көрсетілген.

Содан кейін арнайы әзірленген бағдарлама арқылы ішінара қолмен және жасанды интеллект көмегімен папирус парақтарының үзінділерін қалпына келтіруге болады.

Сет Паркер Diamond light source синхротронды сәулелену үдеткішіндегі түтік қағазды сканерлеуде / Vesuvius Challenge

Сет Паркер Diamond light source синхротронды сәулелену үдеткішіндегі түтік қағазды сканерлеуде / Vesuvius Challenge

Осындай ілгерілеуден кейін жоғары технологияларға маманданған Нат Фридман мен Дэниео Грос есімді екі кәсіпкері, Vesuvius Challenge (Везувия шелленджі) деп аталатын жобаны іске қосты. Ол қолда бар суреттерді желіге жүктеп, ынталы болған жандар мәтінде оқитын болса, 700 000 $ көлемінде сыйақы мен қосымша сыйлыққа ие болатынын жариялады.

Адамның көзі қатталған қалың бояуларды ажыратып, оқи қоюы екіталай, сондықтан көмекке компьютерлік бағдарламалар келді. Айталық, орамадағы бірнеше бояудың қандай әріптер екенін анықтап болған соң, жасанды интеллектіні суреттердегі осы іспеттес миллиондаған майда бояуларды анықтауға баптандыруға болады. Сайысқа қатысқан қатысушылардың жасаған кейбір бағдарламалары папирус бетіндегі сия іздерін ажырата алатындай деңгейге жетті және 2023 жылы күзде папируста жазылған алғашқы сөз оқылды (Πορφυρας грек тілінен — күлгін деп аударылады). Ал 2024 жылы ақпанда бас жүлде 700 000 доллардың жеңімпаздары анықталғаны жөнінде хабар тарады. Аталған сыйақыны Space X компаниясында тағылымдамадан өтіп жатқан, Люк Фарритор есімді колледж студенті, Германияда білім алып жатқан мысырлық робототехник Юсеф Надер және швейцариялық студент-бағдарламашы Джулиан Шиллигер иемденді.

Бірінші «ποτφυρας» сөзі мен жеке әріптер оқылған түтік қағаз / Vesuvius Challenge

Бірінші «ποτφυρας» сөзі мен жеке әріптер оқылған түтік қағаз / Vesuvius Challenge

Жүлде жарияланып, оқылған бөлік жалпы ораманың 5 пайызын ғана құрады. Аталған үзінді бұған дейін белгісіз болып келген философ Филодемге тиесілі тәрізді.iiФилодем (шамамен б.д.д 110 жыл – б.з.д, 40–35 жыл аралағында өмір сүрген) — эпикурлық антикалық философ әрі ақын.Мәтінің жаңадан ашылған бөлігінде эпикурліктер үшін өзекті тақырып саналатынiЭпикурліктер — өмірдің мәні қорқынышсыз әрі қайғысыз ләззатқа бату деп санайтын философ Эпикурдің ізінен ерушілер.ләззат жөнінде сөз болған. Соған қарағанда туындыда тұтастай эпикурліктер мен стоиктердің арасындағы дау қозғалған тәрізді.iiСтоиктер — мінсіз өмір сүру жолында рух пен денені сынайтын алаң ретінде қарастыратын философиялық мектептің ізбасарлары.

Папирустың құпиясы ашылған бөліктері төмендегідей:

«ас жағдайындағыдай, ас-суды аз-маз ғана талқажау ету, шамадан тыс тамақтануға қарағанда жағымдырақ. Алайда шамадан тыс көп болған дүниелерден табиғи түрде бас тарту оңайға соға ма? Осы іспеттес мәселелерді жиі қарастыратын боламыз».

«... жалпылама болсын, нақты болсын, әңгіме ләззатты анықтауға қатысты өрбігенде, олардың ауыздарына сөз түспейді...».

«... не біз кейбір дүниелерге күмәнмен қараудан тартынбаймыз, бірақ өзге нәрселерді есте сақтап, түсінеміз».

«... және біз әдетте тым айқын болып көрінсе де, шындықты қайталай беруден бас тартпауымыз қажет».

Алайда, сайыс әлі де жалғасып жатыр, кезекте — келесі мәтіндердің құпиясын ашу мәселесі тұр және 2024 жылы жүлдені ұтып алғысы келгендер төмендегі сілтемеге өтіп бақ сынап көрсе болады: https://scrollprize.org/grandprize

Шығыс қабырғаның ортасындағы фрескада Геракл Юнона мен Минерваның қасында бейнеленген, олардың үстіндегі кемпірқосақ Юпитердің бейнесі/Getty Images

Шығыс қабырғаның ортасындағы фрескада Геракл Юнона мен Минерваның қасында бейнеленген, олардың үстіндегі кемпірқосақ Юпитердің бейнесі/Getty Images