КІЛЕГЕЙЛІ ТАУЫҚ ЖАНЖАЛЫ

Үндістанның ең танымал асының драмаға толы хикаясы

Ортағасырлық Үндістанда тамақ даярлау. "Ләззат кітабынан" Иллюстрация. 1495-1505/Wikimedia commons

Кілегейлі томат соусындағы тауық — дүниежүзіне баттер чикен — butter chickeniкілегейлі тауықдеген атпен танымал керемет үнді тағамы. Бірақ әуел баста оны кім пісірді және бұл сұрақтың жауабын неліктен үнді соты іздеп жатыр?

Мазмұны

Баттер чикеннің тарихы әу бастан драмаға толы. Аты ұқсас екі ер адам — ​​Кундан Лал Жагги мен Кунда Лал Гужрал Пәкістанның Пешавар қаласында аспаз болып жұмыс істеген. Олар 1947 жылы Үндістан бөлінгенге дейін үнді шелпектері мен панир ірімшіктерін дайындаған.

Британдық бұрынғы колония екіге бөлінді — Пәкістан және Үндістан одағы.iқазіргі ҮндістанҚанды қақтығыстарда 700 мыңға жуық адам қаза тапты. Миллиондаған адам ұжымдық зорлық-зомбылықтан екі бағытта жаңадан салынған шекара арқылы бас сауғалап, қашып кетті, яғни мұсылмандар Пәкістанға, үнділер мен сикхтар Үндістанға бет алды.

Пәкістан мен Үндістан бөлінгеннен кейін шекарадағы Армитсар қаласына пойызбен келген босқындар. 1947 жыл/Alamy

Жагги мен Гуджрал да туған жерлерін тастап кетуге шешім қабылдады. Әбден қажытатын әрі қауіпті жол сапарынан кейін екеуі Делиге табан тірейді. Жаңа жерге қоныстанған достар хинди тілінен аударғанда «інжу-маржан сарайы» дегенді білдіретін Moti Mahal мейрамханасын ашты. Алғашында мейрамхана өте қарапайым көрінді — бірнеше үстел, орындық, шелпек пен тауық қуыратын биік саздан жасалған тандыр пеш.

1947 жылы Moti Mahal мейрамханасын алғаш ашқан команда/Wikimedia commons

Бір күні Жагги сатылмаған тандырдағы тауық етін пайдаға жарату керек деген ойға келді. Пісірілген тауық еті жаңа піскен кезде тіл үйіреді, бірақ шөлдей құрғақ кезінде ешкім дәмін татып алғысы келмейтін. Мейрамхана шығынға ұшырай бастады.

Президентке арналған таңғы ас

Мәселені шешу үшін Жагги ұзақ уақыт тауық етімен тәжірибе жасады. Біз оның алғашқы тәжірибелерін білмейміз, бірақ тауық етін алдымен хош иісті йогурт маринадына салып, содан кейін қызанақ, кілегей, май және дәмдеуіштерден тұратын тұздыққа бұқтырған кезде, оның қандай тіл үйірер тағамға айналғаны баршаға аян.

«Баттер чикен» деген атауға ие тағам мейрамхана мәзіріндегі ең танымал тағамға айналды. Кілегейлі қызанақ соусы құс етін нәзік әрі жұмсақ қылып, шырыш пен хош иіске байытатын. Мейрамхана аяққа тұрды, кеңейді және көп ұзамай Делидегі ең танымал орынның біріне айналды.

Кундан Лал Гуджрал мен Кундан Лал Жагги/Wikimedia Commons

Мекемеге келушілер арасында актриса және гастрономия туралы кітаптардың авторы Мадхур Жаффри болды. Ол жасөспірім кезінде аталған мейрамханадан жиі тамақтанатын.

«Жагги мен Гуджрал Делиге тез орнықты. Алғашқы минуттардан-ақ олар әйтеуір күн көру үшін аянбай еңбек ете бастады. Көптеген жаңа тағам түрін босқындар алып келді. Бұл дарынды жігіттер Делиге келмегенге дейін ешкім кәріптас татымды тұздықтағы тағамды жеп көрмеген. Баттер чикеннің дәмі мүлдем үнді дәміне ұқсамайды!».

Moti Mahal гүлденді. Мейрамханаға Үндістанның бірінші премьер-министрі Жавахарлал Неру келді. Ол өзімен бірге біресе АҚШ вице-президенті Ричард Никсонды, біресе АҚШ-тың бірінші ханымы Жаклин Кеннедиді алып келді. Қонақтың бәрі кілегейлі қызанақ тұздығына әбден бұқтырылған құс етінің мінсіз дәмінен ауыз тиіп, таңдай қақты.

Баттер чикен/Getty Images

Міне, 70 жылдан бері баттер чикен әлемдегі ең сүйікті тағамның бірі. Оны тіпті Үндістанда болмағандардың өзі биік бағасын беріп, көптеген ел бұл тауықты өз дәміне қарай бейімдеген. Оны такоға, бургерге, пиццаға, пастаға да қосады. Тіпті Жаңа Зеландиядағы McDonald's бөлімшесі баттер чикен бәлішімен тәжірибе жасап көрді.

Үндістанды осынау ғажап құссыз елестету мүмкін бе? Жаспиндер Нарулаi1970 ж.т. Үндістандық әншіБоллиудтың «Махаббат анты» фильмінде: «Аузыңның суы құрып тұр! Ал мен сенің алдыңа шыққан кезде менің баттер чикен екенімді түсінесің» деп ән шырқайды.

Өкінішке орай Moti Mahal 1992 жылы жабылды, өйткені оның негізін қалаушылардың ұрпағы бір-бірімен сөзге келіп, жолдары екіге айрылды. Гужралдың ұрпақтары Moti Mahal Delux франшизасын ашты, оның әріптестері Үндістанның әртүрлі штатында табысты жұмыс істеп келеді. Өз кезегінде Жаггидің немересі Daryaganj мейрамханасына жаңа тыныс берді. Мейрамхананың ұраны — «Баттер чикен жасаушылардан». Қызық дәл осы жерден басталады.

Тұрыңдар, әупірімдеп болса да, сот өтіп жатыр!

Жоғарыдағы өткір ұран Moti Mahal Delux иелерінің шамына қатты тиді. Бірақ Жаггидің немересі бұл сөздерді Indian Shark Tank бизнес-реалити-шоуында таңбалап тұрып айтқаны үшін олардың ашу-ызасын одан сайын қоздыра түсті. Онда ол болашақ инвесторларға өз туындысын барынша мақтаған еді. Ақыры өкпесі қара қазандай Гуджралдың отбасы соттан бір-ақ шықты.

«Біреудің мұрасын тартып алуға болмайды! Бұл тағамды менің атам Пәкістанда тұрғанда ойлап тапқан», – деп мәлімдеді Moti Mahal Delux басқарма басшысы Мониш Гуджрал Reuters басылымына берген сұхбатында. Немересі атасына деген сүйіспеншілігін сот арқылы растады. Мониш бұл тағамды атасы Үндістанға қоныс аударардан бұрын дайындаған деп хабарлады. Ал Жаггидің бұған қатысы жоғын алға тартты. Жагги бар-жоғы оның рецептін Моништің атасынан ұрлаған!

Moti Mahal Deluxe мейрамханасы, Нью-Дели, Үндістан/Ishan Tankha/The The India Today Group/Getty Images

Гуджрал отбасы butter chicken жасап шығарушылар мәртебесін иемденіп қана қоймай, 240 000 доллар көлемінде өтемақы талап етті. Ал бәсекелес Daryaganj фирмасы осындай керемет рецепті ойлап тапқан өздерінің атасы екеніне еш шүбә келтірмейді! Оған 2018 жылы оның іскер ұрпақтары тіркеген тауар белгісі дәлел.

Үндістан сотында істердің баяу қаралатынын ескерсек, судья бүгін немесе ертең үкімді жарияламайды. Бұл ең кемі алты айдан кейін белгілі болмақ. Мүмкін бірнеше жылдан кейін. Өйткені 2752 беттік шағыммен танысу оңай шаруа емес.

Бұл әңгімеде бірдеңе дұрыс емес…

Бірақ сарапшылар кем дегенде, Пешавар кремді соустармен емес, шырынды гриль етімен танымал болғандықтан, баттер чикеннің Пәкістанда танымал болғанына күмән келтіреді. Пәкістанның аспаздық дәстүрлерін құжаттайтын зерттеуші Нилофер Африди Кази: «Жалпы, бұл тағамды Пәкістанда сирек жейді», – дейді. Ол баттер чикенді көп дегенде Пешавардағы британдық әскерилер үшін дайындауға болатынын алға тартады, себебі 1947 жылға дейін ол Британ империясының шекаралас қаласы болды. «Моти Махал» гарнизонға жақын жерде орналасқан, ал британдықтардың талғамын ескере отырып, онда кілегейлі томат соусындағы тауық етін пісіруге болатыны қисынды көрінеді.

Үнді әйелі тамақ пісіруде. 19 ғасырдың аяғы. Гравюра/Getty Images

Пешаварда өскен пәкістандық-америкалық жазушы Мохаммад Таки де бұл тағам Пәкістаннан шыққан болса, британдық сарбаздардың тағамы болған деп есептейді: «Біріншіден, тағам Оңтүстік Азияда кең таралған гхи майымен емес, сары маймен дайындалған. Менің қаламдағы сары майды өнеркәсіптік ауқымда тұтынатын жалғыз адамдар британдықтар еді. Екіншіден, Пешавардың қарапайым тұрғындары үшін тауық етін тек ерекше жағдайда, мерекелерде оның үстіне карри пісіретін. Ал британдықтар үшін тауық еті күнделікті тағам болатын».

Алайда Үндістан асханасын зерттеуші әйгілі тарихшы, 77 жастағы Пушпеш Пант дәл тауып айтқан сыңайлы: «Баттер чикенді ең бірінші болып кім пісіргенін анықтау — отты ең алғаш тұтатқан адамды анықтаумен тең нәрсе ғой».

Түскі ас. Бомбей, Үндістан. Гравюра, 1880 ж/Wikimedia commons

Көшірілді