Спойлер: мүмкін, бірақ факт емес. Тарихшылар тіпті Мономахтың баскиімінің баскиім екеніне сенімді емес. Кейбіреулер әуел баста оның элементтері тостаған немесе тұғыр сияқты заттарды безендірген дейді.
19 ғасырдың басынан бастап Кремльдің Қару-жарақ палатасының пайда болуына орай Мономахтың қалпағы Ресей империясының киелі регалиясы қатарында басты орында тұрды. Қару-жарақ палатасында қалпақтың 16–17 ғасырлардағы алты көшірмесі бар.1
Пушкиннің Борис Годуновы2
МОНОМАХ ДЕГЕН КІМ?
Киевтің ұлы князі Владимир Мономах (1053–1125) князь Всеволод Ярославичтің ұлы, Мономахтар отбасынан шыққан Византия ханшайымына үйленген. Бұл әулеттен Византия тағына патшайыммен қарым-қатынасының арқасында қол жеткізген ортаңқол билеуші Константин IX (1042–1055) еді. Кейбiр туыстарын Киев князіне үйлендiрген де сол. Біз оның атын да білмейміз (Мария немесе Анастасия).
15–16 ғасырлардың аяғында мәскеулік қаламгерлер өзінің ұлылығын ұлықтауға бейілді биліктің тапсырысымен болса керек, «Владимир княздері туралы хикая» жазып шығады. Онда олар Мәскеу князьдері Рим императоры Августан3
Тарихшылар 18–19 ғасырларда мұның ақылға сыймайтын бос қиял екенін дәлелдеген. Император IX Константин Владимир ұлы княздік үйдің билеушісі атанғанға дейін 50 жыл бұрын өмірден өткен. Ал император қайтыс болған жылы Владимир небәрі екі жаста болған. Бұл мәтіндерде бұдан өзге сандырақтар да жетіп артылады. Тағы бір атап өтерлігі Владимир Мономах деген лақап атпен кейінірек, яғни баскиім туралы сыбыстан кейін атала бастаған.
Оның әйелдің баскиімі екені рас па?
1328 жылы Мәскеудің Ұлы князі Иван Калитаның (1322/1325–1340) өсиетінде өзінің үлкен ұлы Семенге аманаттаған «алтын қалпақ» туралы айтылады. Кейін ол 14–15 ғасырлардағы басқа князьдердің кейбір өсиеттерінде сөз болады. Бұл тарихшылардың айтатын әртүрлі аңыз-әпсаналары мен батыл жорамалдарының ішіндегі Қалпақ туралы бірден-бір бұлтартпас деректер екені рас.
Әлгі қалпақты Иван Калита Алтын Орда ханы Өзбектен (1313–1341) алған дейді. Жұмсақ мінезді әрі елгезек Мәскеу князіне сондай сый-құрмет көрсеткен құдіретті билеушіден алмағанда мұндай сыйды басқа кімнен алады деген логика да жоқ емес.
Ал 16 ғасырдың аңызы одан қарағанда әлдеқайда романтикалық сипатқа ие. Қалпақ Византия басилевсініңi
Тағы бір аңыз бойынша Владимир Мономах «алтын әбзелдерді» Кафадағы (Феодосия) генуез билеушісінен тартып алған. 11–12 ғасырларда Қырымда генуездіктердің болмағаны айдан анық. Қырым ордасы аумағында орналасқан Кафадағы сауда-саттық орнын генуездіктер 1266 жылы салады. Ал оның гүлденген кезі Сарайдағы Өзбек хан мен Мәскеудегі Иван Калитаның билік еткен тұсына дөп түседі. Теориялық тұрғыдан бұл аңыз Кафадағы Калитаның «алтын қалпақты» алғаны туралы естеліктерді сақтауға ат салысты деп болжауға болады. Князь ол кезде «табыскер» (сауда-саттыққа құмар адам) болғаны айдан анық. Бірақ бұл болжам ғана.
Профессор Г.Ф. Валеева-Сүлейменова одан әрі тереңдеп, баскиімнің әуел баста әйел адамға тиесілі болғанын, ал крестің орнына қауырсын немесе тұтас шашақпен безендірілгенін алға тартты. Ол Иван Калитаның үлкен ағасы князь Юрий Даниловичке тұрмысқа шыққан Өзбек ханның әпкесі Кончакаға тиесілі болған көрінеді. Айрықша қалпақ мәскеулік әулетке осылайша тап болыпты. Теориялық тұрғыда бұл әбден мүмкін, бірақ бұл жай ғана болжам.
Мүмкін бұл жай ғана тостаған немесе тұғыр шығар?
Мономахтың қалпағын алғаш зерттеушілердің бірі археолог — А.А. Спицын 20 ғасырдың басында қалпақ пішінінің ыңғайсыз әрі табиғи еместігіне назар аударған. Ол әдеттегі адамның басына тым үлкен, қас пен көзді жауып тастайтын (бұл үлкен мәселе емес: қалпақтың астында басқа баскиім болуы мүмкін) қыш құмыра іспетті. Сондай-ақ алтын тілімшелер бірін-бірі бекітуге арналмаған және экспозициялық тұрғыда ғана бір-біріне байланысып тұр.
Оны киіп көрудің де керегі шамалы, ырымшыл себептен ғана емес, баскиім сынып қалуы мүмкін. Осы негізде Спицын әлгі тілімшелер әуел баста қандай да бір стендті, тостағанды қаптауға арналғанын немесе металл болмаса ағаштан жасалған басқа қолөнерді безендіру үшін жасалған деген қорытындыға келді. Олай болуы да бек мүмкін, бірақ болжам екенін тағы еске саламыз.
Қару-жарақ палатасындағы сол қалпақ па?
Бастапқыда Ресейде жаңа князьді «үстелге отырғызып», таққа көтерген. Алғаш рет «алтын қалпақ» 1498 жылы Иван ІІІ5
Бір қызығы, Қару-жарақ палатасында сақталған қалпақтың астыңғы алтын тілімшелерінің төменгі жағында бекітуге арналған саңылаулар матада бекітуге арналған саңылаулардан қарағанда әлдеқайда көп. Мүмкін оларда да ирек жыланның бейнелері болған шығар? Демек қозғалып қалса сайқымазақтың қалпағындай сыңғыр ете қалатын көпке сөз болған патшаның қалпағы осы ма? Кім біледі… Оның үстіне Герберштейн балама немесе резервте тұрған баскиімді көруі де бек мүмкін.
Барлық зерттеуші түкті жиегі мен крест орналасқан шұңқыр — баскиімнің ең бүлінбеген бөлігі екенін алға тартады, ал ортасында орналасқан жапырақ тілімшелер көнерген. Ресейдегі ақсүйектердің қалпағында түкті жиек болған. 17 ғасырдың басында орыс қызметіндегі француз офицері Жак Маржерет орыс қалпағын «аталған қалпақтардың жиегі жоқ, бірақ тұтқасысыз сорпа ішетін кеседей жасалған, аталған қалпақтың үстінде қара түлкіден тігілген баскиім бар», – деп айрықша суреттейді. «Тұтқасысыз сорпа ішетін кеседей» жиек Мономахтың баскиімінде де бұрын болған, бірақ оны Герберштейн байқамаған екен.
Ирек жыландардың тербелісіне тәнті болған ол қалпақтың төбесі туралы ештеңе жазбаған. Басқа баскиімдермен салыстыра отырып, тарихшылар бастапқыда сүйір төбе шошақ төбелі дулыға, әскери шлемдер іспетті ондағы үкіні немесе шашақты бекітуге арналған қылқан болуы мүмкін. Әрі қарай қиялдайтын болсақ, бастапқыда баскиімнің жиегінде түкті жиек емес, тоғын яки шеңбер болған, яғни қалпақ бастапқыда салтанатты князьдік шлем болуы бек мүмкін. Сонда мұндай кең баскиімнің баста қалай тұратыны және тілімшелердің қалай бекітілгені түсінікті болады.
Алайда, иконографияға назар салсақ, 16 ғасырдың ортасына қарай алтын қалпақтың түкті жиегі және алма пішіндес төбесі болған. Дәл осындай қалпақ 1547 жылы Иван Грозныйға патша билігінің нышаны ретінде кигізілген.
Қалпақты кім тікті?
Жазбаша деректердегі түсініксіз ақпараттар легінен тарихшыларға қалатыны — қалпақтың шығу тегі мен тігілген уақытын оның өзінен анықтау ғана.
Қалпақтың орталық тілімшелері дөңгелек бұрылыстар мен олардан созылып түсетін кішігірім бұйралары бар спираль іспетті, бұл өрнекке бай шығыс кілемдерін еске түсіреді. Тілімшелерді жасау кезінде дәстүрлі зергерлік техника — зер мен зерлеу қолданылған. Зер дегеніміз — металда дәнекерленген жіпке бекітілген алтын сымнан жасалған өрнек. Ал зерлеу дегеніміз — зерден алынған өрнекті дәнекерлейтін, негізгі суретке көлем беретін кішкентай түйіршектер немесе шарлар. Өрнектер кейде түсініксіз гүл суреттері мен гүл өрнектерін салады, ал тілімшелердің бірінде кенет могендовидке, яғни алты бұрышты иудей жұлдызына айналады. Мұнда сондай-ақ «араб гүлінің» бейнесі де бар — бастапқыда дала лалагүлі немесе лотос ассириялық «өмір ағашының» гүлінен бастау алуы мүмкін.
Тілімшелерге інжу, үлкен зүбаржат, лағыл мен қырмызы шпинельдер бекітіледі. Шын мәнінде тарихшылар арасында 20 ғасырдың басында екі негізгі нұсқа болған. Бұл не Византия, не Шығыс. Византияның қиындығы — ол Ежелгі Антика мәдениеті мен Шығыс мәдениеті арасындағы маңызды байланыс аймағы болды және Византияның қайда бітіп, Шығыстың қайдан басталатыны түсініксіз. Шығыста, әсіресе, моңғол басқыншылығынан кейін танымал болған «араб гүлінің» Византия өнерінде әйгілі лотос гүлімен ұқсастығы бар.
Басқа тарихшылар қалпақтың тілімшелерін Орданың орта азиялық қолөнер шеберлері, Орда немесе Қырым шеберлері, сириялықтар, тіпті мысырлықтар жасауы мүмкін деген көзқарасты алға тартады. Бұл қиял-ғажайып дақпырт емес. Орда мәмлүк Мысырмен тығыз одақтас қарым-қатынаста болған және ол жерден әртүрлі таңғажайыптарға тап болуы бек мүмкін.
Қалпақтың Ордадан шыққандығына сенетін Шығыс көзқарасын жақтаушылардың пікірі бұрыннан ғылымда басымдыққа ие. Бірақ бірде қалпақ 15 ғасырда Мәскеуде Фотийдің шеберханасында тігілген деген экзотикалық ой айтылды. Бұл ең кейінгі даталардың бірі. Оған дейін қалпақтың пайда болу уақыты 12 ғасыр мен 14 ғасыр аралығын қамтыды.
Қалай болғанда да Мәскеу князьдігі Алтын Орда ұлысынан пайда болды және көп жылдар бойы аты аңызға айналған баскиімнің шығу аймағы болуы ықтимал оның мәдени кеңістігінде дамыды. Кейін оның қайдан пайда болғаны ешкімді алаңдатпады, тіпті князь билігіне біраз байсалдылық үстегені де рас. Белгілі бір кезеңде 15 ғасырдың соңында, яғни Орда құлаған кезде Мәскеу төл легитимділігі үшін өзіне басқа тірек іздеп, Византия тарихына жүгінді. Алайда Шығыс Римдегі сабақтастық толықтай имитация болып қала берді. Ол кезде Мәскеуде ешкім грек тілін білмейтін (сирек келетін гректерді есепке алмағанда), ал қалпақ туралы қиялдарға назар салсақ, олар Византия тарихын мүлдем түсінбеген және басилевстердің диадемасының қандай болатынынан хабарсыз болған.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Валеева-Сулейманова Г.Ф. Короны русских царей — памятники татарской культуры. — Казань, Москва, Петербург., 1997.
2. Герберштейн Сигизмунд. Записки о Московии: В 2 тт. / Пер. А. И. Малеина, А. В. Назаренко. Под ред. А.Л.Хорошкевич. — М.: Изд-во «Памятники исторической мысли», 2008.
3. Жилина Н.В. Шапка Мономаха. Историко-культурное и технологическое исследование. — М., 2001.
4. Кондаков Н.П., Толстой И.И. Русские древности в памятниках искусства. — СПб., 1897. Вып. 5.
5. Спицын А.А. К вопросу о Мономаховой Шапке// Записки Отделения Русской и Славянской Археологии. — 1906. XVI–II, вып. 1.