КӨШПЕНДІ ТАЙПАНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХЫ

Көк көзді, алып денелі сақ жауынгерлері

Тиграхауда сақтары Ахеменидтер мемлекетіне алым-салық төлеуде. Ападан сарайы, Персеполис. Б.з.д. 6 ғасыр

Сақтардың мекені қайда, киімі қандай? Ескендір Зұлқарнайын оларды қайдан біледі, неге сақтар шыбынжұтты жақсы көреді? Көшпенді тайпа туралы өзге де деректер қазақстандық тарихшы, археолог Әлішер Ақышевтың материалында.

Мазмұн

Сақтар — б.з.д 8 ғасыр мен б.з. 1 ғасырлары аралығында қазіргі Қазақстан (Жетісу), Орталық Азия (Памир, Ферғана және Хорезм), Шығыс Түркістан және Ауғанстан аумақтарын мекен еткен бірнеше одақтан құралған тайпа. Сақ атауы скифтердің «saka» (бұғы) сөзінен шыққан болуы мүмкін. Олар өздерін солай атады ма, әлде көрші халықтардың қойған аты ма, ол жағы беймәлім.

Сақтардың кейбір тайпалары егіншілікпен шұғылданған және сәулет өнері пен урбанизм туралы түсініктері болғанымен, олардың көпшілігі жылқы мен қой өсіріп, негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған.

Шошақ бөріктілер мен шыбынжұттан шырын жұтқандар

Сақтар тарихта Андронов11Андронов мәдениеті.i Оңтүстік Орал, Батыс Сібір жазығының оңтүстігі, Қазақстан, Алтай Обі, Кузнецк және Хакас-Минусинск ойпатындағы археологиялық мәдениет (б.з.д. 16–12 ғ.ғ.) деп аталатын қола дәуірі мәдениетінің мұрагерлері деп танылған, сонымен бірге қазіргі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен солтүстігін және орталығын мекендеген.

Ежелгі мәтіндерге үңілсек, сақтар туралы сан түрлі дерекке жолығамыз. Солардың кейбірінде б.з.д. 7 ғасырда Мидияға22Мидия.i Б.з.д. 7–6 ғасырлардағы ежелгі ирантілді мемлекет және қазіргі Иранның батысындағы тарихи аймақ қоныстанғаны да жазылған. Бұлар — Вавилон деректеріндегі киммерліктер33Вавилон патшалығы.i Ежелгі Вавилон — Месопотамиядағы қала-мемлекет, б.з.д. 2–1 мыңжылдықта Вавилон патшалығының астанасы болды, ежелгі дәуірдегі ең ірі державалардың бірі. Б.з.д. 539 жылы Ахеменидтердің соққысынан күйреді.

Ахеменид жазбаларында*44Ахеменидтер. iЕжелгі Персия патшаларының әулеті (705?–330 ж.ж.) үш конфедерацияға сәйкес келетін сақтардың үш тобы туралы айтылады: тиграхауда сақтары (sakã tigrakhauda), хаомаварга сақтары (sakã haumavargã) және парадарайя сақтары (sakã taradrajã). Бұл атаулардағы дауыссыз дыбыстардың ретсіздігінен көз сүрінеді, дегенмен қызық.

I Ксеркс мазарының бөлшегі. Сақтардың 3 түрі. Шамамен б.з.д. 480 ж./Wikimedia Commons

Бірінші атауды «шошақ бөрікті сақтар» деп аударуға болады. Ал «хаомаварга сақтары» деген атауға келгенде (sakã haumavargã) ғалымдардың пікірі әртүрлі. Жалпы, хаома есірткі қасиеті бар өсімдік, яғни Cannabis sativa немесе шыбынжұт (улы саңырауқұлақ) секілді десек қателеспейміз. Кейбір зерттеушілер «осы хаоманы тұтынған сақтар аш қасқырдай қаһарланып кетеді» деп жазған. Зерттеушілердің енді бірі «хаомаварга» сөзі «хаома сусынын дайындаушылар» дегенді білдіреді дейді, яғни «хаомаварга сақтары» улы саңырауқұлаққа (шыбынжұтқа) тәуелділігімен танымал болды және шыбынжұт саңырауқұлақты есірткі ретінде пайдаланған немесе одан да сорақысы, оны қолданғаннан кейін қасқырдай арсалаңдап кететін болған.

Мұндай есірткіні қазір де қолданатыны жасырын емес. Ең қарапайымы — сақтардың үшінші тобынан шыққан парадарайя сақтары (sakã taradrajã). Бұл жай ғана «өзеннің арғы бетін мекен еткен сақтар». Олар скифтекті. Сондықтан оларды ежелгі авторлар азиялық скифтер деп атаған.

Геродот55Геродот. Б.з.д. 5 ғасырдағы ежелгі грек тарихшысы, оны әдетте «тарихтың әкесі» деп атайды сақ тайпаларын жіктей отырып, ортокорибантийлер (orthocorybantae) тайпасы туралы айтады, олар шошақ бөрікті сақтарға немесе массагеттерге сәйкес келеді. Б.з.д. 5 ғасырда сақтар мен массагеттер Сырдарияның төменгі ағысында, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аудандарында, яғни қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығысында мекендеген. Геродот сонымен бірге амюргиялар туралы да жазған, улы саңырауқұлақтың шырынын жақсы көрген солар болғанға ұқсайды. Парсылар сақтардың бір тобын «Соғдының арғы жағындағы сақтар» деп атады (ежелгі авторлардың еңбегінде «париканиялар» деп келеді). Олардың көршілері Памир-Алай таулары мен Ферғана алқабын мекен еткен шыбынжұтқа құмар сақтар болды. Ирандықтар сақтар елін Сақстан деп атады.

Аңшы, шамамен б.з.д. 500 ж./Gansu Museum/Wikimedia Commons

Ежелгі Қытай шежірелерінде Жетісу сақтары «сэ» (ses, sai) деп аталғаны және олардың юэчжи халқымен қақтығыстары туралы деректер бар.66Қытай зерттеулеріндегі сақтар. Сол Қытай деректерінде юэчжидің, қазіргі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының аумағын алып жатқан шығыс-иран халқының қысымымен Гансу және Қытайдағы Цилян, сақтардың көсемі әрі патшалық руы Гибинге (Үндістанның солтүстік-шығысы), Памир үшін ығыстырылғаны көрсетілген. Сақ дәуірі туралы үнді дереккөздерінде де мәліметтер бар. Махабхарата Сакадвипада тұратын сақтардың Ауғанстан аумағына және орталық Үндістанға қалай еніп, Гандхара мемлекетінің астанасы Таксиланы басып алып, б.з.д. 85 жылы осы аймақта өз билігін орнатқаны туралы айтады. Орталық Азияның көптеген мемлекеттік құрылымдарының тағдырында сақтар өте маңызды рөл атқарды.77Сақтар және ежелгі империялар.i Сақтар біздің дәуіріміздің басында қазіргі Ауғанстан, Үндістан және Орталық Азияда пайда болған Ұлы Кушан империясының құрылуында өте маңызды рөл атқарды. Олар биік асулардан өтіп, Гератқа түсіп, содан кейін аршакидтік Иранға бет алды (Аршакидтер — б.з.д. 3 ғасырдағы Парфия империясының ежелгі әулеті). Сақтардың бірнеше тобы Адиабен патшалығында әулет құрды (астанасы Киркукпен — б.з.д. 128-125 жылдардан бастап б.з. басына дейін), содан кейін сол кезде патша ІІ Митридат басқарған Арахозияға қоныстанды. (Арахозия – Ауғанстанның оңтүстік-шығысы мен Пәкістанның солтүстігінің эллиндік атауы. II Митридат Парфия патшалығының құрамына кірді (б.з.д. 124/123–88/87 ж.ж.). Систан (бұрынғы Сақстан) провинциясының атауында сақтардың аты сақталған. Арахозиядан Болан асуынан өтіп, сақтар Үндістанға қарай жылжып, Дели мен Мумбай қақпасына дейін созылған қысқамерзімді империя құрды.

Сақтардың әскери істері және сырт келбеті

Сақтар тамаша жауынгер халық, олардың тайпалық ұйымы атты әскерге керемет негіз болды. «Өркениетті» әлем оларды шебер шабандоз ретінде таныды, олар мінген аттар да төзімді еді. Сақтар ат әбзелдерінің көптеген бөліктерін жетілдірген. Иә, бұл таңғаларлық нәрсе емес. Қазақстанда жылқы шаруашылығы мен атқа міну энеолит дәуірінен бері белгілі. Сақтардың арасында жаяу әскер, садақшылар, шабандоздар, сондай-ақ сауыт киіп соғысқан, найза мен ұзын қылышпен қаруланған катафрак–аттылар болған. Бұлар сақ элитасы саналатын.

Сақтардың әскери өнерін сол кездегі халықтар ерекше қастерлеген. Парсы патшасы ІІ Ұлы Кирдің (б.з.д. 559–530 ж.ж.) массагеттермен, яғни шошақ бөрікті сақтармен өткен шайқаста қаза тапқаны белгілі. Ескендір Зұлқарнайынның88Ескендір Зұлқарнайын. Грек патшасы және ежелгі дәуірдің ұлы жаулаушысы (б.з.д. 356–323 ж.ж.), Шығыс пен Батыстың көптеген жерлерін біріктірген империяның негізін қалаушы. Әскерінде сақтардың салт атты жасақтары болған және оның легионерлері Сырдария өзені маңында болған сақтармен шайқаста ауыр жеңіліске ұшырады.

Эдмунд Олье. Македондықтар Яксарттан өтіп жатыр. 1882 / Wikimedia Commons

Жазба деректерде сақтардың антропологиялық сипаттамасы жоқтың қасы. Флавиус Аррианның99Флавиус Арриан.i Ежелгі грек тарихшысы әрі географы (б.з. 80–160 ж.ж.) «Александрдың Анабасисі» кітабында: «Александр Македонскийдің бойы ең ұзын жауынгерлері сақ әскерлерінің иығынан келетін» деп жазылған. Қытай деректерінде сақтардың солтүстік және батыс тайпалары: «көк көзді, жирен шашты, қызыл жүзді» деп сипатталған. Антропологиялық материалдар мен көркем бейнелерді тапқан антропологтар сақтарды аралас топ деп болжам жасады.

Мысалы, Персеполис сарайының қабылдау залына бастайтын баспалдақтардағы сақтардың шошақ бөрік киген рельефтік бейнелері,1010Персеполис. Иранның оңтүстік-батысындағы ежелгі парсы қаласы, 6 ғасырдағы Ахеменидтер билігінің 4 ғасырлардағы астанасының бірі қазіргі қазақтар мен қырғыздарға қатты ұқсас. Жауынгерлердің бейнелерінен ұзын қонышты етік пен тар шалбар, белдігіне қанжар ілінген түймелі күртелерді көруге болады. Сақтардың биік баскиімдері қазақтың сәукелесіне ұқсайды. Сүйегі Жетісудағы Есік қорғанынан табылған сақ көсемі ғұрыптық белгілермен безендірілген осындай шапанмен жерленген.

Сақ шабандоздары арасындағы шайқас. Орлат тақталарының біріндегі сурет. 1 ғасыр / Wikimedia Commons

Қайтыс болған адам кавказдық антропологиялық типке жататынына қарамастан, Орталық Азиядан келген халықтардың араласуы нәтижесінде пайда болған моңғолоидтық белгілерге де ие болды. Жетісу қорымынан табылған сақ бас сүйектерінің көпшілігінің ерекшеліктері ұқсас. Памир сақтарының арасында памир-ферғана деп аталатын антропологиялық тип басым болды. Хаомаварга сақтары, улы саңырауқұлақ қайнатпасын жақсы көретіндер қазіргі ауғандықтарға, ал киімдері бактриялықтарға ұқсайтын.1111Бактрия. Қазіргі Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан территорияларындағы тарихи иран тілдес аймақ.

Сақтар қай тілде сөйлеген?

Сақтардың тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатқан. Жазба деректерде аты аталған сақтардың есімдері, негізінен, солтүстік иран тілінен шыққан1212Сақтардың тілі туралы пікірталас. Шығыс Түркістандағы қазба жұмыстары кезінде табылған будда мәтіндерінен белгілі хотаносақ тілі б.з.д. 8 ғасырда иран тілдерінен бөлініп шыққан. Көршілері сақтар деп есептелген тайпалардың кейбірі кентум тобындағы үндіеуропалық тілдерге жататын тохар тілінде (иран тілінде емес) сөйлеген болуы мүмкін.

Өкінішке қарай, сақтардың тілдік қатысы туралы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Дегенмен кейінгі уақытта жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған кейбір құжаттарда қосымша мәліметтер бар. 1969–1970 жылдары Есік обасының атақты сақ қорымынан табылған күміс тостағанда белгісіз тілде жазылған жазу бар. Кейінірек бұл жазудың не әліпбилік, не силлабикалық (буынды жазу) сипаты бар екені белгілі болды.1313Силлабикалық жазу. Мұндай жазуда белгілер жеке буындарды сипаттайды. Орыс лингвисті В. А. Лившиц тостағандағы кейбір таңбалар Орталық Азиядан табылған басқа да археологиялық мұралардың (олжалардың) ішінде де кездесетінін анықтады, мысалы, А. М. Мандельштамның Тывадағы қайың қабығынан тапқан жазулар.

Осы тұрғыдан алғанда ең бір қызық жаңалықты 1967 жылы Ғазниден 80 шақырым жерде Дашт-и Навур үстіртінен француз геологі М А. Бутье ашқан шамамен біздің дәуіріміздің басындағы Ұлы Кушандар дәуіріне жататын үш жазуы бар тас болды.1414Ұлы Кушандар.i Орта Азия, Ауғанстан, Пәкістан, Солтүстік Үндістан территориясында құрылған юэчжи халқының мемлекеті. Оның гүлденген кезеңі 105–250 жылдар аралығына жатады Олардың бірі грек-бактрия тілінде, екіншісінің тілі белгісіз, ал үшіншісі кхароштхи тілінде жазылған. Белгісіз тілде жазу құрастырған халықтың кім екенін ешкім анықтай алмады.

Дешті Навур жазбасы. Ауғанстан, 1 ғасыр / Wikimedia Commons

Мақала авторы В. А. Лившиц мұндағы әңгіме сақтар құрастырған жазу туралы болып отыр деп есептейді. Дешт-и Навур жазбасы — трилингва, яғни үш тілде жазылған бір мәтін. Грек-бактрия және кхароштхи тілінде жазылған әрі шифрленіп үлгерген екі мәтінде Кушан патшасы Вима Кадфистердің Сайна халқына жорықтары және оның Митра құдайының құрбан шалатын үстелін орнатуы туралы баяндалады.

Белгісіз жазудың ең көлемдісі үшіншісі. Кейін белгілі болғандай, онда Кушан империясын құрушы Ұлы юэчжилер сөйлеген сақ тілдерінің біріндегі мәтін кездескен. Демек Ұлы Кушан империясында сақ жазуы ресми жазу болғандығын анықтау Азия тарихын түсінуге мүмкіндік беретін маңызды жетістік екені даусыз.

Сақтар салтанат құрған жер

Сақтардың жері Сақстан деп аталған Иран деректеріне қарағанда, бұл тайпалардың қоныстанған аймақтары Иранның оңтүстік-шығысына, Орталық Азияға және қазіргі Ауғанстанға сәйкес аумақты қамтыған. Ал Үнді деректерінде сақтардың алғашқы қоныстанған аймағын Сакадвипа (Сақтар елі) деп атайды.

Сақастан тарихи аймағындағы 16 ғасырда салынған жел диірменінің қалдықтары. Иран / Wikimedia Commons

Сонда халықтардың ұлы көші нәтижесінде ішінара қаңырап қалған сақтардың осы атақты елі қай жерде орналасты?1515Ұлы көш. Б.з.д. 4 ғасырда ғұндардың шапқыншылығынан туындаған Азия мен Шығыс Еуропадан Рим империясының аумағына халықтардың бірнеше ауқымды қоныс аударуының шартты атауы.

Геродот еңбектерінен біз мынадай қызықты мәліметтер таптық. Дарий1616I Ұлы Дарийi б.з.д. 522–86 ж.ж. Ахеменидтер империясының патшасы өз жасақтарын шошақ бөрікті сақтарға қарсы аттандырды; сақтардың бастапқы аймағынан алшақ жерде сақ авангардтарымен бетпе-бет келуге мәжбүр болды. Сақтар өздерінің жауынгер шабандоздары ұтымды деп тактиканы қолданып, жауға күтпеген жерден шабуыл жасады. Сарбаздарынан айырылып, ашуға булыққан Дарий сақтардың көсеміне ашық шайқасқа шығу туралы ұсыныспен елшілерін жіберді. «Парсылар біздің ата-бабаларымыздың зираттарын тауып алып, тас-талқанын шығарсын, сонда ғана олар сақтардың қалай соғысатынын көреді», деп сақтар жауап қайтарған.

Б.з.д. 1-2 ғғ. "Бунер Рельефтеріндегі" скифтер / Wikimedia Commons

Кез келген ежелгі қоғамда көсемнің қандай болғанын халық арқылы көре аламыз. Сақтар да бұдан қалыс қалмады: сақтардың ата-бабалары қай жерде жерленсе, сақтар елінің жүрегі де сонда болды, яғни атамекенді кие тұтты. Б.з.д. 51 ғасырлардағы Жетісу жері бұл анықтамаға сай келеді. Шынында да, басқа еш жерлер, тіпті Орталық Азияда, Қазақстанда немесе Оңтүстік Сібірде мұндай үлкен көлемде сақ қорымы табылмаған. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 1618 метрге, диаметрі 100150 метрге дейін жетеді. Олар Тянь-Шань тауының бөктерінде, өзен жағасындағы аңғарларда орналасқан. Қорымдар топтастырылып, көбіне ондаған қорғаннан құрылған кешен болған.

Сақтардың жерлеу рәсімі

Тайпалық конфедерация басшыларының, тайпа көсемдерінің және дворян жауынгерлері қорымдарының басқа жерлеу рәсімінен анық айырмашылығы бар, ал жерлеуге арналған құрылыстардың көлеміндегі айырмашылықтан сақ элитасы арасында болған иерархияны көреміз. Үлкен қорғандар маңында құрбан шалатын орындар, өртенген жерлер, құрбандық асы, жер асты өткелдері, кромлехтер1717Кромлех. Жерге тігінен орналастырылған, шеңбер құрайтын бірнеше ұзын тастардан тұратын ежелгі ғимарат және арнайы қоршалған ғұрыптық аймақтар анықталды.

Елеке Сазы қорғаны /Yevgeniy Domashev

Кейбір жағдайларда от культімен байланысты храмдардың қалдықтары тіркелді. Дәл осы жерге қола және темір тұғырдан жасалған керемет қазандар, құрбан шалатын үстелдер мен хош иісті заттар, ыдыстар, ырым-тыйымдар кезінде қолданылатын үккіштер және түйгіштер қойылған болса керек. Бұл заттардың барлығы асқан шеберлікпен жасалған, олардың декоры «скиф-сібірлік аң стиліне» жатады. Патша қабірін қазуға жұмысшылардың едәуір бөлігі тартылып, ал құрылыс кейде біршама ұзақ уақытқа созылды. Сонымен, б.з.д. 43 ғасырларда сақтарды билеген патша (ябғу) жерленген Есік моласын тұрғызу үшін бір жұмысшыға 4000 күн қажет деп есептелген. Іле алқабындағы Бес-Шатыр бейітін салу үшін сол бір жұмысшыға он есе көп уақыт қажет болар еді.

Есік қорған-қорымы © "Есік" қорық-мұражайы

Сақ көсемдері Тянь-Шань шыршасынан жасалған ағаш саркофагтарға немесе тас сағаналарға жерленген. Қарапайым сарбаздар тас сандықтарғаiяғни жер астында орналасқан тас қабірлерде және аласа үйінділердің астындағы топырақ қабірлерге жерленген. Малшылар, қолөнершілер мен егіншілерді қарусыз, жұпыны бұйымдарымен бірге көмген.

Сақ қоғамы

Сақтардың қоныстанған елдімекендері де болған, онда әдетте егіншілер немесе саудагерлер қоныс тепкен. Қорғандардан табылған бағалы әшекейлерді, негізінен, отырықшы сақтар жасаған. Қолымыздағы дереккөздерге сүйенсек, олардың арасынан көсем боп сайланған жауынгерлер үстем тап өкілдері болған. Үндістандағы сақ империяларында Элам патшалығындағыдай әйелден тұқым қуалау жүйесі болған.1818Элам. Иранның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттік құрылым Билік патшаның әпкесінің ұлына берілді, ал мемлекеттегі патшаның өзінен кейінгі ең ықпалды адам патшаның ағасы боп есептелді (яғни, патшаның әпкесінің күйеуі және мұрагердің әкесі) және олар өз монеталарын соғуға хақылы болған. Ата-бабаларының отты храмдар мен қорымдарға қызмет ететін діни қызметкерлер тобы болды.

Тақсай-1 қорғанынан шыққан ақсүйек әйелдің қайта құрылған келбеті / Wikimedia Commons

Сақтар да көптеген үнді-иран халықтары сияқты діни рәсімдерде есірткі заттарын пайдаланған деп айтады Геродот. Пазырық қорғандарында (Алтай) және Жетісудағы Есік қорғанында құрамында қарасора бар хош иісті заттар табылды. Сақтардың патша басқаратын тайпалар конфедерацияларын құрғаны белгілі. Демек, сақ қоғамы ежелгі дүниеде пайда болған алғашқы таптық қоғамдардың құрылымдық белгілеріне ие және өзінің белгілері бойынша авесталық қоғамға ұқсас болды.1919Авеста. Зороастризмдердің немесе отқа табынушылардың қасиетті мәтіндерінің жинағы. Ежелгі Иран әдебиетінің ең көне ескерткіші.

Ежелгі сақтардың наным-сенімі

Сақтардың идеологиясы бізге жеткен архаикалық үнді-иран мифтеріне, соның ішінде «Ригведа»2020Ригведа. iiiКөбінесе діни гимндер жинағы, үнді мәдениетінің веда тіліндегі алғашқы ескерткіші. «Веда» деген атпен белгілі төрт діни мәтіннің бірі. Шамамен 1700–1100 ж. және «Авеста» немесе кейінгі кезеңдегі зороастрлық әдебиет. Сақтардың әсері «Авестаның» кейбір өлеңдерінің құрылымынан, Орталық Азия эпосы «Шахнаме»2121Шахнаме. «Патшалар туралы кітап» — парсы әдебиетінің көрнекті ескерткіші. эпикалық поэмасында және Рустам туралы дастаннан,2222Рустам.Парсы эпосындағы аңызға айналған кейіпкер. түркі халықтарының кейбір аңыздарынан және Орталық Азия топонимикасынан байқалады.

«Авестадағы» Митрадай Күн құдайы сақ мифологиясында басты орын алған шығар. Сақ патшасы күнге қарап ант берді, тіпті Күннің елшісі һәм жердегі Митраның балама бейнесі болды. Әлемнің жекелендірілген орталығы мен барша әлеуметтік таптардың біріктіруші көсемнің міндетін де, басшының қызметін де бір мезгілде дінбасылар атқарды. Басшының жерлеуіне қарамағындағылардың бәрі қатысқан. Сақ мәдениетінің ең көрнекті үлгілері, қоғамның барлық қабаттарының рәміздері дәл сондай патша қабірлерінен табылған. Сақтардың жаулары патша қорымдарында жасырылған байлықтар туралы да білген. Жетісуға юэчжи, үйсін, сүннет және басқа да халық басып кірген кезде сақ көсемдерінің қабірі қазылып, бірнеше рет тоналды. Кейбіреулері 19 ғасырда да тоналған.

Митра Құдай Так-е Бостандағы Сасани патшасы II Шапур рельефінде бейнеленген / Wikimedia Commons

Бір қызығы, 19691970 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының археологтары зерттеген Есік қорғанынан табылған мәйітке қарақшылардың қолы тимеген, бүтін болып шықты. Онда сақ конфедерациясы басшыларының бірінің сүйектері болған. Б.з.д. 34 ғасырлардың басында қорған тұрғызылды. Көлемі жағынан да, құрылымы жағынан да бұл қабірдің сол қорымдағы басқа патша қорғандарынан айырмашылығы, ерекше ештеңесі болған жоқ.

Салт-жоралғы неғұрлым аста-төк, асқақ болса, соншалықты нанымды болды, ал сақ қоғамы сол кезде әлі де биліктің шыңында тұрғанда, өз басшыларын мадақтаудан аянып қалмаған. Есік қорғанынан табылған заттардың тым қымбаттығына қарап, күнделікті қолданатын бұйымдар емес деп ойлаймыз. Ал қалған заттарға алтынды тек жалатып қойған, бұл өзін көрсетуге деген ниетті бүркемелеп тұрғандай.

«Алтын адамның» ақырғы жорығы

Есік қорғанының астынан табылған марқұмның сүйегі орналасқан жеріне қарап, мәйіт шалқасынан, басын батысқа қаратып, жерлеу камерасының сол жағына жатқызылған деп пайымдауға болады. Қалдықтардың оң жағында ғұрыптық сипаттағы заттары, яғни науа, әртүрлі пішіндегі және көлемдегі ыдыс-аяқ, әртүрлі материалдардан (ағаш, керамика, қола) жасалған шелек, тостағандар мен құмыралар болды. Тостағандардың бірінен ойып жазылған жазу табылды. Марқұммен бірге жерленген қылышы мен қанжары да алтынмен қапталған.

Есік қорғанынан табылған жазуы бар тостаған. Б.з.д. 5 ғасыр / Wikimedia commons

Жаяу жүргенде қару аяққа тиіп кетпес үшін қынның ұшы аяққа байланған. Марқұмның сол қолында алтын жалатылған қоладан жасалған айнасы және салттық косметикаға арналған бояуы бар алтынмен әшекейленген былғары сөмке болған. Мойнына жолбарыстың басы бейнеленген алтыннан соғылған әшекейлер болған, бұл билік символы. Оның алтын сақиналарының бірінде күн құдайы Митра бейнеленген. Костюмнің сәндік элементтерінің құрылымы сақтардың Ғарыш туралы тамаша танымымен байланысты.

Марқұмның салтанатты киімі мыңдаған алтын табақпен безендірілген былғары күртеден, тар шалбардан және биік етіктен тұрады. Басына құлақшыны бар ұзын, үшкір қалпақ киген. Бұл шабандоздың киімі болатын. Еске сала кетейік, сақтардың көсемдері атты әскерден сайланған. Оның күртешесі жауынгердің металл қорғаныс сауыты катафрактқа еліктеу болуы мүмкін. Киімнің қызыл және алтын түстері үнді-ирандық халықтардың Күнмен байланысты болған жауынгер табын бейнелейді. Бұл алтын сауыттың құндылығы алтынның берік сапасында емес, оның символдық күшінде, яғни күн металының сиқырлы қуатында жатыр.

Мерекелерде, ғұрыптық рәсімдерде ғана киетін баскиімі вертикальды ретпен орналасып, үш деңгейге бөлінген құпия өрнектермен безендірілген. Ортасында алтын таулар мен ағаштар бейнеленген сәндік фриз болды. Тау етегінде жердегі жануарлар, яғни жолбарыстар мен ешкілер; тау шыңындағы құстар мен қанатты жолбарыстардың суреті салынған. Сақтардың айтуы бойынша ою-өрнекте жағалай Әлемді қоршап тұрған Дүниежүзілік тау жотасы бейнеленген. Безендіру әдісі сонымен бірге ғаламның үш бөлігін (төменнен жоғарыға) көрсетеді, олар: жер асты, жер үсті және аспан әлемі. Айқасқан ретпен орналасқан жануарлардың фигуралары төрт негізгі бағытты білдіреді. Баскиім композициясының ортасында Күннің таңбасы және қанатты төрт пырақ пен төрт алтын жебе бейнеленген. Ол сондай-ақ тұтастай ғарышты бейнеледі және патшаның белгісі болды. Тұтастай алғанда, баскиімдегі декор композициясы үш сфераға, сондай-ақ шығыстан батысқа қарай жылжыған кезде күн сәулесінен жарықтанған әлемді билейміз дегенді білдіреді.

Есік Алтын адамы. Катафрактарияның стильдендірілген сауыты болып табылатын былғары негізінде алтын қабыршақтардан жасалған сақ патшасының салтанатты сауыты / Wikimedia commons

Бәлкім, Алтын адам тірі кезінде Күн құдайымен теңескен әлемнің билеушісі саналды. Көсемдердің қасиетті билігінің ауқымы туралы мұндай ой-пікірлер әртүрлі халықтар арасында ерте заманда кең тараған. Алтын киім символизмі мен үнді-иран мифологиясы, Авеста, Ригведа гимндері және пехлави Бундахишнінде2323Бундахишн. Космогония, мифология және зороастризм аңыздары туралы орта парсы мәтіні. жинақталған космогониялық зороастризм мәтіндері арасында үлкен ұқсастық бар.

Алтын киімдегі зооморфты зергерлік бұйымдарын зерттеу де қызығушылық тудырады. Олар бір жағынан Таяу Шығыс (Ассирия, Вавилон, Иран) және Бактрия халықтарының өнерімен, екінші жағынан оңтүстік Сібір тайпалары мен Орталық Азия (Пазырық, Ордос өнері және ғұн өнері) өнерімен ұқсастықтарды аңғартады. Жетісу сақтарындағы аң стилі өзіндік өнердің бір түрі. Сақтардың өнері континенттің көптеген мәдениеттерімен тек әскери байланыстардың ғана емес, сонымен бірге шығармашылық байланыстардың болғанын айғақтайды.

Сақтардың тарихтағы рөлі

Бұл аң стилі басқа элементтермен біріктіріліп, біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында кушандар мен соғдылардың ұлы өнерінің дүниеге келуіне септігін тигізді. Сонымен бірге Қытай Хань империясының өнерінің дамуында ғұндар мен сақтар үлкен рөл атқарды.2424iҚытай тарихындағы хань кезеңі (б.з.д. 206–220 ж.)

Сақ дәуірі — Азия тарихындағы маңызды кезең. Жаңа дәуірдің басында «сақ шеңбері» халықтарының қоныс аударуы Еуразияның бет-бейнесін өзгертті.

Юэчжейдің жеңілген жауы ретінде Халчаяннан келген сақ жауынгерінің басы, б.з.д. 1 ғасыр / Wikimedia commons

Бұл халықты және олар қалдырған мұраның маңызына бойлай зерттеу енді ғана басталады. Сақтар қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжік сияқты халықтардың және Ауғанстан (дардтар), Иран, Үндістан және Қытайдың кейбір халықтарының қалыптасуында маңызды рөл атқарды деп айтуға болады. Бұл халықтың атауы якут (саха), қазақтар (саяктар) және түрікмендер (саха) деп аталатын атаулармен байланысты болуы мүмкін. Сақ дәуірі дәстүрлі еуропалық тарихнаманың екі дәуірімен, яғни антикалық және эллиндік кезеңімен сәйкес келеді. Сақтардың Азия тарихына қосқан үлесін ежелгі мәдениет пен эллиндік қала-мемлекеттердің жетістіктерінің айналасындағы көшпелі халықтарға тигізген әсерімен салыстыруға болады.

Көшірілді