LES ALEXANDRINS – DJAKARTA

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Les Alexandrin в 1967/Сollection:Léo Roy.

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Өткен шығарылымда Синатра туралы айтқан екенбіз, енді салыстырмалы түрде сирек кездесетін музыкалық жауһарлар аймағына үңілуге рұқсат етіңіздер. Les Alexandrins — бұл канадалық, дәлірек айтсақ, Квебек провинциясының дуэті Люк пен Лизаның 1969 жылғы Индонезия астанасының бейнесінен шабыт алып аз болса да саз болып шыққан франкофон психофолк шығармасы. Алпысыншы жылдардың соңында Канада мен Индонезия арасындағы байланыс соншалық терең емес еді. Бар мәселе сол кезеңдегі Квебек сахнасы жалпы романтикалық-географиялық көңіл-күйінің асқақтығымен ерекшеленуінде еді. Мысалы, олардың басты хитінің бірі — Атлант мұхиты арқылы алғашқы әуе сапарын жасаған ұшқыш Линдбергке арналды, ал бұл әнді Монреаль дуэті Робер Шарльбуа мен Луиза Форестьер сұлу орындаған.

Көшірілді