МАҚТА

Заттардың тарихы

МАҚТА

Мақта/Alamy

Аристотельдің айтуынша, табиғат үнемі толысып отыруға бейім. Табиғаттың бір бөлшегі — адам болмысына бостық пен қуыскеуделік жат ұғым. Біз бірдеңеден хабарсыз болсақ немесе түсінбесек, бойымызды білімсіздік салқыны билемесі үшін, әдетте сол бос саңылауларды әлденені тудыру, бір дүниені ойлап табу арқылы толтырамыз. Бізге таңсық нәрселер әрдайым мазасыздық пен қауіп тудыратыны бар. Алайда ештеңе білмей-ақ жайбарақат жүре беру, әрине, біртүрлі, бірақ өмір сүруге болады. Кейде бұл идеялардың қоғам санасына нық орнайтыны соншалық — нәтижесінде пайда болған стереотиптерді бұлтартпас фактілер арқылы да жою өте қиын. Әттең... миф дегенің қашанда шындыққа қарағанда тартымдырақ келеді. Неге әттең? Кейде мифтің қызықтылығының әсерінен, сіз уақыт келе оны жалғандыққа да қимай қаласыз. Төмендегі ақпараттар рас болып шықса, біздің ғаламшарда өмір сүру қаншалықты қызықтырақ болатынын өзіңіз бағамдап көріңіз.

Мақта

Мақта мысырлық нарыққа түскеніне қарамастан, ол еуропалықтар үшін біраз уақытқа дейін таңсық дүние болып келді. Ежелгі гректердің нарығында болса да, бұл мақтаның шығу негізі гректерге нақты мәлім болмады.

Бар болғаны түкті өсімдіктің бір түрі деді. Бұтақ па деп, тіпті ағаш деп ойлады.

«Ал мұндағы жабайы ағаштардың жемістері қой жүнінен де әдемі әрі мықты жүн шикізатын бере алады»iГеродот (б.з.д. 484-425 жж.) – ежелгі грек тарихшысы және саяхатшысы. «...жүн өсетін ағаштар да болды».iМегасфен (б.з.д. 3 ғасыр) – ежелгі грек саяхатшысы және тарихшысы.

Иә, бұлар күмән келтіретін нәрселер. Сондықтан дәлелді нақты дүниені бере алмайды. Бірақ аса қорқыныш та тудырмайды.

Қорқынышты нәрсе кейіннен, орта ғасырдың соңында, еуропалық ғалымдар көне қолжазбаларды қайта зерттеген уақытта басталды. Мақта Еуропада бұрыннан белгілі болғандығында тұрған ешқандай мистика жоқ, бірақ Геродот мен Страбон секілді ғалымдардың «түкті ағаштар» туралы дүниелері сананы өзгертті десе болады. Ондағы мақтаны ешкім де мойындамады. Алайда ақыры ол туралы бұрынғының ұлылары жазған екен, демек мұнда бір шындық бар ғой, яғни бұл бір жерлерде түкті ағаш расында өсіп-өнетінін білдіреді.

Ал «түкті ағаш» ұғымы қоғамдық санада жаңғыра бастады. Олар оны мұқият іздеп жүріп Мәскеуден тапты.

Иоганн Нихоффтың гравюрасы. Қытайдағы мақта өсіру кәсібі. 1666 жыл/Getty Images

Иоганн Нихоффтың гравюрасы. Қытайдағы мақта өсіру кәсібі. 1666 жыл/Getty Images

Бұл туралы Джейкоб РейтенфельсiЯкоб Рейтенфельс (17 ғасыр) - Флоренцияда өмір сүрген курландтық саяхатшы және дипломат. 17 ғасырда «Тосканияның ең жарқын герцогы III Космасқа арналған Мәскеу туралы әңгімелер» атты эссесінде былай деп жазды: «Еділ мен Танаис аралығындағы Самара тайпаларында терісі қойдікіне ұқсайтын, өзі де қой тәрізді қошқар деген өсімдік бар. Оның жүні терісінен мұқият қырқылып, одан асылтекті адамдар өздеріне арнап көйлектер мен қолғаптар тігіп алады. Себебі бұл жүннен тігілген киім әжептәуір жылырақ болатын. Ол құрғатқыш қасиеті бар және өте жылы болғандықтан, ол айналасындағы барлық шөптерді құрғатып тастайтын. Бұдан хабарсыз адамдар көбіне оны айналасындағы шөппен қоректенеді деп ойлады».

Бұл қошқар (қошқар-өсімдік) турасындағы осыған ұқсас мәліметтерді бізге сол уақыттағы Ресей саяхатшылары Адам ОлеарийiАдам Олеарий (1599–1671) – неміс географы, дипломаты және саяхатшысы. және Ян СтрейсiЯн Стрейс (1630–1694) – нидерландтық саяхатшы және жазушы. ұсынды. Ян Стрейс өзінің «Үш саяхатында» қошқар жайындағы оқиғасына жаңа ақпараттарды қосады: «Еділдің батыс жағалауында дала кейпіндегі үлкен құрғақ шөл бар. Бұл далада «қошқар» немесе «қой» («қошқар» деген сөзден шыққан, орысша «қозы» дегенді білдіреді) деп аталатын, пішіні мен сыртқы түрі бойынша қойға өте ұқсас, басы, аяғы және құйрығы бар біртүрлі жеміс түрі бар. Оның терісі жібектей жұмсақ әрі аппақ мамықпен жабылған. Ол биіктігі екі жарым футтай аласа, кейде одан биігірек те өсе береді... Жайылып, шөп жейін деп тұрғандай басы салбырап тұрады. Шөп қураған жағдайда, ол өледі... Қасқырдың өзі дәл осы өсімдіктей ашкөз болмас».

«Қошқар» немесе «скиф қозы» / Alamy

«Қошқар» немесе «скиф қозы» / Alamy

Бұл әңгімені голландиялық елшілерге кім таратқаны белгісіз, бірақ 19 ғасырдың басына дейін, яғни ежелгі грек ағартушыларының «түкті ағаштарды» мақта деп есептеп, қошқар-өсімдік туралы тақырыпты жауып тастағанға дейін, сол ғажайып өсімдік туралы әңгіме бір энциклопедиядан екіншісіне оңай көшіп отырған.

Тіпті қазірдің өзінде кейбір ісіне берілген криптозоологтар ну орманның арасынан қасқырлардан да, ботаниктерден де сәтті құтылған сол бір қошқар-өсімдікті тауып алудан үміттерін үзер емес.

Назгүл Сұлтанова

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ