МЕХАНИКАЛЫҚ САҒАТТЫҢ ТАРИХЫ

Ақындардың, матростардың, механиктердің заманы

МЕХАНИКАЛЫҚ САҒАТТЫҢ ТАРИХЫ

Әділет сарайындағы мұнара. Жермен Пилонның барельефі. Заң мен Әділет мүсіндері. 14 ғасыр/Getty Images

Карл Маркс бос уақытты адамның шынайы байлығының өлшемі деп есептеген-ді. Негізінде, бүкіл тарихты бос уақыт үшін күрес деп санауға болады. Су немесе тамақ табу, қашықтықты еңсеру үшін біз ата-бабамызға қарағанда, ондаған, жүздеген есе аз уақыт жұмсаймыз. Алайда сол бос уақыттың бізге қаншалықты пайдалы болғаны беймәлім. Солай десек те, бұл адам ойының ең күрделі туындысының бірі — сағатты ойлап табу үшін кәдеге жарады.

Мазмұны

Уақытты дәл өлшеу қажеттілігі оны сезіну қабілетінен әлдеқайда кейінірек пайда болды. Ұзақ уақыт бойы адамзатқа күн мен түннің, жаз бен қыстың айырмашылығы жеткілікті болды. Маятниктің қозғалысы сияқты үздіксіз санақ: қараңғы-жарық, жылы-суық уақытты тоқтатуға болмайтынын еске салып отырды.

Қайдағы сағаттар мен минуттар! Кроностыңiежелгі грек мифологиясының уақытқа жауапты құдайыараны ондағы тістерді санау үшін тым қорқынышты болды. Тіпті, уақытты еншілеп алған заманда да оның алдында барлығы діріл қағып тұратын-ды. Мәселен, орыс ақыны және сарай қызметшісі Гаврила Державин қайтыс болуынан үш күн бұрын өзінің грифель тақтайшасына өте бір үмітсіз жолдарды жазып кеткен-ді: «Асқынған уақыт өзені / Адамдардың барлық ісін алып кетеді / Халықтарды, патшалықтар мен патшаларды ұмытудың тұңғиығына батырады. / Ал егер Лира мен керней үндері арқылы/ бірдеңе қалса / Онда олар мәңгіліктің аранына жұтылады / Бірақ тағдыр ортақ болып кетпейді». Ал «Алиса» фильміндегі ессіз шай кешінің жалғасында,i«Алиса ғажайыптар әлемінде» ағылшын жазушысы Льюис Кэрролл (1832-1898) шыныаяқтар жуылмайды, өйткені уақыт жоқ, ол — ашулы.

Пьер Минар. Амурдың қанатын кесіп отырған Уақыт. 1694/Denver Art Museum/Wikimedia Commons

Пьер Минар. Амурдың қанатын кесіп отырған Уақыт. 1694/Denver Art Museum/Wikimedia Commons

УАҚЫТТЫ ИГЕРУ

Уақытты өлшейтін көне құралдардың ішінен біз қазір: күн сағаттарын, клепсидра су сағаттарын,iгрек тілінен «ұрлау» және «су»өрт сағаттарын немесе құм сағаттарын — тек ваниталардың символына айналған құм сағаттарын ғана қолданамыз:iлатын. мақсатсыз бос әурешілік символистік суреттерде және ауруханалардың емдеу бөлмелерінде. Уақыттың ең қымбат бірлігі — адам жасы, күнтізбе бойынша бітпейді. Өрт сөнеді, құм құйылады, ал өмір клепсидраның суы сияқты ағып кете береді.

1 / 3

Орта ғасырлардың соңғы кезеңіндегі және Қайта өрлеу дәуірінің механик ғалымдары уақытқа кісен салып, оған салмақ салып, оны тоқтатуға ​​тырысты. Олардың механизмдері еркін жүктің салмағымен қозғалысқа келтірілді, тәулігіне немесе аптасына бір рет қайта серпін беріліп отыратын және ол айтулы оқиға болатын-ды. Сағат мұнараларында символикалық фигуралар пайда болды, күн көтерілетін, бататын, музыка ойнайтын-ды. Олардың көпқабатты циферблаттары көпшілік үшін театрды, киноны және циркті алмастырды.

Уақыт ұжымдық болатын-ды, өйткені ол бүкіл әлеуметтік өмірдің ырғағын анықтап отырды. Сағат тілдерінің көрсеткішіне бағыну қажет болды. Сағат қалалардың көркіне айналды: олар биікке — корольдердің замоктарының және храмдардың мұнарасына орнатылды. Шіркеу сағат тілдерін бақылап отырды, олар жұмыс пен дұғалардың кестесін жасады және бұл туралы мұнаралардан қоңырау соғу арқылы жамағатқа хабарлады.

Лондондағы Парламент үйі мен Биг Бен/Getty Images

Лондондағы Парламент үйі мен Биг Бен/Getty Images

Қалада сағаттың пайда болуы, олардың сыртқы келбеті мен дауысы адам өміріне жаңа бөлшектік өлшем қосты, уақыттың тұрақты тәжірибесі, күндерді емес, сағаттарды, ширектерді, тіпті, минуттарды тамашалау мүмкіндігін сыйлады. Бұл туралы сөз қозғалғанда, көбінесе, Данте мен оның «Құдіретті комедиясы»,iiiДанте Алигери, италиялық ақын және ойшыл (1265–1321)еске түседі, оның Жұмақ туралы оныншы әнінде механизмнің бөлшектері шырылдап, қоңырау соғылады, сөйтіп қоңыраулар «бізді таңды қарсы алуға шақырады». Бұл механикалық сағаттардың алғашқы поэтикалық сипаттауы деп есептеледі.

Әрине, сағаттар шіркеу мұнараларынан биржалар мен вокзалдардың шатырына көшкен кезде уақыт та поэзиядан прозаға қоныс аударды. Сөйтіп, олар бұдан былай таңды қарсы алу сияқты романтикалық сәтті емес, пойыздардың жүру кестесін, касса терезелерінің ашылу уақытын, ақша қозғалысын анықтайтын әдеттегі іске айналды.

Бірақ бұл үшін механикалық көрсеткішті неғұрлым дәлірек ету қажет болды. Бұл мақсатты әртүрлі елдер мен қалалардың ғалымдары бірде бірігіп, бірде оңаша, бірде хат алмасып, бірде өздерінің өнертабыстарын қарсыластарынан жасырып шешті. Олар іргелі ғылыммен айналысты, бірақ сонымен бірге, өздерінің зерттеулеріне қажетті тетіктерді, мәселен, сағаттарды жетілдірді. Швейцариялық Joost Burgi (1552–1632) бірінші болып секундты өлшеді, ол оған аспан денелерінің қозғалысын сипаттау үшін қажет болды. Италиялық Галилео Галилей (1564–1642) оны жасау үшін маятникті қалай пайдалану керектігін анықтау арқылы алғашқы сағатты бұрау жүйесін жасады. Неміс Питер Хенлейн (1485–1542) бос салмақтың күшін серіппемен алмастырып, тағып жүруге және өзіңмен бірге алып жүруге болатын сағатты жасады. Ақырында голландиялық Кристиан Гюйгенс (1629–1695) маятникті ауыстыруға арналған балансиры бар серіппе ойлап тапты, осылайша заманауи сағатты бұрау схемасын жасады, ол әлі күнге дейін барлық дерлік қол және қалта сағаттарында жұмыс істейді.

САҒАТ НЕГЕ ШВЕЙЦАРИЯЛЫҚ?

Франциядағы гугеноттардыңiiФранцияда протестанттық азшылықты осылай атаған. Бұл сөз немістің Eidgenosse — серік деген сөзінен шыққан. Женевалық протестанттық одақтың мүшелерін осылай атаған. қаншалықты жолы болмаса, 16 ғасырда Швейцария деген шағын елдің айы оңынан туды. Білікті сағат шеберлері Франциядағы католиктік репрессиядан қашып, кальвинизм* билік еткен Нойшатель кінәздігі мен Женева Республикасына көптеп келді.iiПротестантизмдегі ықпалды қозғалыс, оның идеологы, Женева диктаторы Джон Кальвин (1509–1564) есімімен аталған Ол жақта оларды қарсы алған дін және гильдиядағы бауырлары ықылас танытпай, қарсы алды.
Ашық сән-салтанатқа аскеттік протестантизм тыйым салды, сөйтіп «пайдалы» сағаттар «мағынасыз» зергерлік бұйымдарды ауыстырды. Реформаланған Швейцария протестанттық Ұлыбританиямен бірге сағат сәнінің заңгері атанды және Еуропа мен әлем үшін «кадрлардың ұстаханасына» айналды.

КӨПЕСТЕР МЕН ӘСКЕРИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ

Сағат жасау мемлекеттік іске айналды. Еуропалық державалардың маңызды ісінің бірі дәлдік үшін жарыс болды, әр мемлекет басқалардан бұрын теңіз хронометрын жасауға ұмтылды. Халықаралық сауда-саттық жолдарының ахуалы осы құралға тәуелді болды. Уақытты дәл білмей, кеменің ашық теңіздегі орнын анықтау мүмкін емес еді.iТеңіз хронометрі. Ол Гринвич уақыты мен аспан денелері бойынша белгілі болған кеменің қазіргі орнындағы уақытты салыстыру арқылы бойлықты анықтау үшін қажет

Ағаш қораптағы  теңіз қозғалысын теңестіруге арналған аспадағы кеме хронометрі. Glashütte Original музей қорынан/А.Тарханов

Ағаш қораптағы теңіз қозғалысын теңестіруге арналған аспадағы кеме хронометрі. Glashütte Original музей қорынан/А.Тарханов

1714 жылы Британ парламенті көзге көрінетін белгілер болмаған жағдайда бойлықты анықтаудың жолын таба алатын кез келген адамға үлкен сыйлық ұсынды. Бұл бәсекеде ағылшын флоты үшін адмирал Нельсоннан кем емес дүние жасаған британдық жеңіске жетті. 1761 жылы Джон Харрисон (1693–1776) теңіз хронометрін әзірледі және жасап шығарды. Біздің кезде 18 ғасырдағы осы «манхеттендік жоба» туралы «Бойлық» («Долгота») атты тұтас сериал түсірілді.

«Бойлық» телехикаясының постері/Ашық дереккөзден

«Бойлық» телехикаясының постері/Ашық дереккөзден

Сол кездерден бері француз, британ, швейцариялық сағат шеберлері бүкіл әлемдегі әскерилерді дәл уақытпен қамтамасыз етіп келеді. Педометр сағаты әскери колонналардың дұрыс ырғағын анықтады, ал артиллериялық сағат жау позицияларына дейінгі қашықтықты өлшеді. Уақыт генералдар мен адмиралдардың мүдделері үшін жұмыс істеді, бірақ бірдеңе болған жағдайда оларды бес минутта жоқ қылып жібереді. Сол швейцариялық Ulysse Nardin маркасы теңіз хронометрлерінің Цусима шайқасы кезінде ресейлік және жапондық кемелерде бірдей болғанын еске түсірудің өзі жеткілікті.iКорея бұғазындағы Цусима шайқасы 1905 жылғы орыс-жапон соғысындағы орыс флотының ең үлкен жеңілісі болдыГорология қарсыластарды Жапон теңізіндегі бір нүктеге түйістірді, сөйтіп барлық мәселені зеңбіректер шешіп тастады.

СҰЛУЛЫҚ ПЕН ТАЛАНТ УАҚЫТЫ

Бірақ мемлекеттік маңызы бар тапсырмалардан бөлек, сағат жасаушыларды әлемдегі ең әдемі және күрделі механизмдерді жасауға деген бас айналдыратын ұмтылыс алға жетеледі. Швейцариялық Пьер Жакет Дроз (1721–1790) өзінің андроидтарымен, автоматондарымен және берілісі бар роботтарымен танымал болды. Олармен бірге ол бүкіл әлемді аралады, барлық дерлік еуропалық және азиялық монархтардың сарайларында болды, оларды өз туындыларының механикалық талантымен таң қалдырды.

Пьер Жаке-Дро аутоматондарын XV Людовик пен ақсүйектерге көрсетуде/Alamy

Пьер Жаке-Дро аутоматондарын XV Людовик пен ақсүйектерге көрсетуде/Alamy

Ол жасаған ең әйгілі аутоматондардың үшеуі Невшателдегі музейде сақтаулы. Олар — XV Людовик пен Туту итінің портретін салған «суретші» (кейде оларды бір-бірімен әдейі шатастырып жіберетін), қаламсаппен тұтас сөз тіркестерін жаза білетін «жазушы» мен клавесинде ойнайтын және шулы терең тыныс алатын «музыкант» әйел.

1 / 3

Сондай-ақ XV Людовик портретін салған «суретші» және Жаке-Дро Қытаймен сауда жасап, сол жаққа сағат механизмі бар сайрайтын құстарды сатты. Цин әулетінің соңғы императорлары оның бұйымдарын жинақтап отырды. Сағат және тірі бұлбұл жарысының тарихын сипаттайтын Андерсон «Бұлбұлының» «Қытайда барлығы, тіпті, императордың өзі де қытайлық» деген сөздерден басталуы бекер емес.

Бұлбұл. Жаке-Дро. Аукциондағы бағасы шамамен 240-340 мың АҚШ доллары. Гонконг, Қытай/Синьхуа/Сон Чжэньпин/Alamy

Бұлбұл. Жаке-Дро. Аукциондағы бағасы шамамен 240-340 мың АҚШ доллары. Гонконг, Қытай/Синьхуа/Сон Чжэньпин/Alamy

Еуропалық бай-бағландардың аты аңызға айналған жеткізушісі Луи-Абрахам Бреге (1747–1823) барлық режимдер кезінде жұмыс істеді: Людовиктер реставрациясына дейін де, одан кейінде, император Наполеон үшін де, оны жеңген I Александр үшін де. Бреге, дәлірек айтқанда, оның бүкіл отбасының өнерінің арқасында, ескі әлемнің ең күрделі және ең қымбат Marie Antoinette деп аталатын сағаты жасалды.

Елизабет Виже-Лебрен. Мария-Антуанеттаның портреті. 1783/Getty Images

Елизабет Виже-Лебрен. Мария-Антуанеттаның портреті. 1783/Getty Images

Жас патшайым Мари-Антуанетке сыйға арналған ол сағат сол замандағы барлық күрделі қызметтерді біріктірген-ді: толық күнтізбе, уақыттарды теңестіру,iиндикатор қуат резерві, термометр, хронограф тілі және қос соққыдан қорғаныс Франция патшайымын «сағат ханшайымымен» қуанту үшін Бреге өзінен асып түсуге мәжбүр болды. Француз гвардиясының офицері, жас ақсүйек Брегеге патшайымның тапсырысын түсіндірді: «Сіз қанша уақыт қаласаңыз, сонша уақыт жұмыс істей аласыз, сіз өзіңіз тағайындаған кез келген ақыны аласыз».

Мари-Антуанетта бұл сыйлыққа қуана алмады. 1793 жылғы 16 қазанда оның басы шабылғанда, сағат әлі де Брегенің үстелінде жатқан болатын-ды. Ол жарты ғасырға жуық, өле-өлгенше жұмыс жасады, бірақ аяқтай алмады. Сағатты Брегенің ұлы Антуан-Луи жасап бітірді. Санауды жақсы көретін швейцариялықтардың айтуынша, Marie Antoinette патшайым қайтыс болғаннан соң 34 жылдан кейін, бұйрықтан 44 жылдан соң және сағат жасаушы қайтыс болғаннан кейін төрт жыл өткен соң дүниеге келген. Әйгілі сағаттың шытырман оқиғалары мұнымен бітпеді, олар жоғалып кетті, содан кейін жеке коллекцияларда пайда болды, олар мұражайдан ұрланып, табылды, ақырында, қазіргі заманғы Breguet бренді аңызға айналған сағатты қайтадан жасап шықты.

1 / 2

Адамдар әлі күнге дейін өте күрделі және өте қымбат сағаттарды қалайды. 2014 жылғы 11 қарашада 1932 жылы шыққан Patek Philippe қалта сағаты Женевадағы Sotheby's дүкенінде 24 миллион долларға сатылды. Сағаттардың, картиналардың коллекционері және жеке аралдың иесі кіші банкир Генри Грейвс әйгілі Женева брендіне әлемдегі ең күрделі сағатқа — өзінің досы Джеймс Паккардты мұқату үшін тапсырыс берді. Қазіргі байекештер яхталарымен жарысқандай, ол кездегі қалталылар өздерінің сағаттарымен бәсекелесті. Құпия тапсырысты орындауға бақандай бес жыл бойы жұмыс істеуге тура келді, пияз кейіпіндегі үлкен алтын қорап тек 1933 жылы Америкаға жеткізілді.

2014 жылғы 11 қарашада 1932 жылы шыққан Patek Philippe қалта сағаты Женевадағы Sotheby's дүкенінде 24 миллион долларға сатылды/Sotheby's

2014 жылғы 11 қарашада 1932 жылы шыққан Patek Philippe қалта сағаты Женевадағы Sotheby's дүкенінде 24 миллион долларға сатылды/Sotheby's

Грейвз қарсыласын жеңді, оның Henry Graves Supercomplication сағаты ең күрделі болып шықты және биылғы жылға дейін сондай болып келген-ді, бірақ биыл заманауи магнат Уильям Беркли Грейвзден асып түсті. Оның өтініші бойынша тағы бір әйгілі Женева бренді Vacheron Constantin салмағы бір келіге жуық The Berkley Grand Complication сағатын құрастырды.

Швейцарияның бейтараптығы сағат шеберлеріне басқа ұлттардың уақыт өлшеушісі, тарих трибунасында көрермен ретінде әрекет етуге мүмкіндік берді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде швейцариялық сағаттарды барлық соғысып жатқан армиялардың ұшқыштары тақса, швейцариялық сағаттар космонавтар мен астронавтардың қолында ғарышты бағындырды, сондай-ақ швейцариялық сағаттар барлық Олимпиада ойындарында төрешілердің уақытын өлшеп келеді. Тіпті, 1969 жылы нарыққа кварц қозғалысы бар алғашқы жапондық сағаттар шыққанда, швейцариялықтар бірден жеңіле қойған жоқ.

Олар әлемге адамның уақыттың қанша екенін білу мүмкіндігі үшін емес, суретшінің туындысына ақша төлейтінін түсіндіріп, керемет сағаттар жасайтын мәртебелі өнермен айналысуға көшті. Қазіргі уақытта телефондар, тоңазытқыштар мен микротолқынды пештер уақытты бұрынғы қаһарлы құдайдан атқаратын қызметтерінің тізімі бар ұсақ бақылаушыға айналдырды.

Сағат жасаушылардың керемет туындылары бізге уақыттың бұрынғы, қасиетті, ғарыштық сезімін қайтаруда. Олар мұны аса бір сағынышпен және нәзіктікпен жасауда. Егер сағаттар бұрынғы өлім қорқынышы туралы әңгімені қозғайтын болса, ол тек өткен жылы Константин Чайкин Louis Erard-пен бірлесіп жасаған Time-Eater сияқты әзілде ғана орын табады. Ол мүлде басқа құбыжық, сүйкімді және ұстамды, дәлірек айтсақ, қолға тағатын сағат.

Le Régulateur Louis Erard x Konstantin Chaykin. “Мен Гойяның “Баласың жұтқан Сатурн” мен уақытты жейтін лангоньерді еске түсірдім. Секундттар индикаторын "ауыз" тәріздес етіп жасадым. Тістер айналымы уақыттың циклін суреттейді. Константин Чайкин/Konstantin Chaykin

Le Régulateur Louis Erard x Konstantin Chaykin. “Мен Гойяның “Баласың жұтқан Сатурн” мен уақытты жейтін лангоньерді еске түсірдім. Секундттар индикаторын "ауыз" тәріздес етіп жасадым. Тістер айналымы уақыттың циклін суреттейді. Константин Чайкин/Konstantin Chaykin

ҮЗДІК САҒАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Тіпті, қазірдің өзінде, олар ойлап тапқаннан кейін бірнеше ғасыр өткен соң, Генлейн серіппесі мен Гюйгенс спиралі сағат механизмінің негізгі элементтері болып қала беред.і.iҚараша айында Женевада Grand Prix d'Horlogerie de Genève (GPHG) сағат байқауының қорытындысы шығады. Сарапшылар мен қазылар алқасы іріктеудің екінші кезеңінен өтіп, номинацияға енген сағаттарды анықтап үлгерді. Іріктеу кезінде біз сағат механизмінің әртүрлі аспектілерін көрсететін сағаттарды таңдадық

Ол бірнеше функционалды блоктардан тұрады. Энергия қоры барабанға орналастырылған серіппе арқылы сақталады, ол орама кілті арқылы қысылады. 1861 жылы Жан-Адриан Филипп оны тәжбен ауыстыру идеясын ұсынды.

Қол орамасы бар сағаттарда энергия тек тұтынылады, ал автоматты орамасы бар сағаттарда қол мен сағаттың қозғалысынан арнайы ротордың тербелісі арқылы серіппеге үнемі орама қосылып отырады. Бреге заманында қолданылған және 1924 жылы Джон Харвуд қол сағаттарына патент алған бұл механизмнің қазір көптеген нұсқасы бар. Маховик салалық болуы мүмкін, ол механизмде жасырылады, егер ол жұқа болуы керек болса, онда шеңберде орналасады, медициналық таразыдағы салмақ сияқты сызықпен қозғалады — бәрі инженерлік шешімге байланысты.

Барабан энергияны негізгі дөңгелекке береді. Ол еркін айналушы, бірақ оны теңгергіш қашау баяулатады. Гюйгенс серіппесінің тербелістері якорьмен есептелетін кішкене бөліктерде энергияны босатады, бұл тісті доңғалақтардың жүйесін циферблатта секундқа тең қашықтыққа айналдыруға мүмкіндік береді.

Ультра жұқа Bvlgari Octo Finissimo Ultra Platinum сағатының ерекшелігі (жұқалығы — 1,8 мм) бүкіл механизм алақандағыдай бір қабатта орналасқан. Мұнда жоғарғы сол жақта серіппелі барабанды, ал төменгі сол жақта босату блогын және беріліс дөңгелегі жүйесі тұр/Баспасөз қызметінің архиві

Ультра жұқа Bvlgari Octo Finissimo Ultra Platinum сағатының ерекшелігі (жұқалығы — 1,8 мм) бүкіл механизм алақандағыдай бір қабатта орналасқан. Мұнда жоғарғы сол жақта серіппелі барабанды, ал төменгі сол жақта босату блогын және беріліс дөңгелегі жүйесі тұр/Баспасөз қызметінің архиві

Сағаттық және минуттық дөңгелектер босату дөңгелегіне қосылған. Олардың саны циферблаттағы тілдер санына байланысты және олар тиісінше сағаттық немесе минуттық ырғақпен қозғалады.

1 / 2

Бұл әдеттегі механизмнің диаграммасы, оған қабаттасатын модульдер немесе алдын ала құрастырылған функция түріндегі күрделіліктерді қосуға болады.

1 / 2

Хронограф, уақыт кезеңдерін өлшейтін және жазатын сағат, оның ең жетілдірілген нұсқаларында негізгі немесе «үлкен» күрделіліктер болып саналады. Мәселен, бір уақытта екі түрлі уақыт аралығын өлшеуге мүмкіндік беретін секундтық екі тілі бар, екі секундтық хронограф немесе көрсеткіштерді лезде нөлге келтіру және секундтық тілді қайта іске қосу функциясы бар ұшу хронографы.

Zenith Chronomaster Original Triple Calendar — бұл 20 ғасырдағы ең әйгілі El Primero қозғалысының арқасында, секундтың 1/10 бөлігіне дейін санауға қабілетті классикалық хронограф. Жоғарғы түйме үлкен секунд тілін қосады және тоқтатады, төменгі түйме оны нөлге қайтарады. Циферблатта жиынтық есептегіш, күн және ай фазасының индикаторы бар/Баспасөз қызметінің архиві

Zenith Chronomaster Original Triple Calendar — бұл 20 ғасырдағы ең әйгілі El Primero қозғалысының арқасында, секундтың 1/10 бөлігіне дейін санауға қабілетті классикалық хронограф. Жоғарғы түйме үлкен секунд тілін қосады және тоқтатады, төменгі түйме оны нөлге қайтарады. Циферблатта жиынтық есептегіш, күн және ай фазасының индикаторы бар/Баспасөз қызметінің архиві

Әдетте, хронограф корпусында екі түймеше болады: уақытты қосу және тоқтату үшін және көрсеткіштерді қалпына келтіру және сағат 12-де тілді бастапқы орнына қайтару үшін. Көптеген брендтер қазір сәнге қайта оралған бір түймешелі хронографты да пайдаланады.

Күрделіліктерге ауырлық күшінің әсерінен қозғалыс ауытқуларын өтеуге арналған турбиллон, арнайы бұрау модулі кіреді. Оны Бреге қалта сағаттары үшін пайдаланды, өйткені олар көлденең ұстағанда да, тігінен ұстағанда дәл жұмыс істейді.

1 / 2

Кеңістіктегі орнын үнемі өзгертетін қол сағаттағы турбийон, егер біз гироскоп принципіне негізделген бірнеше осьтері бар турбийон арбасы туралы айтпағанда, оның орналасуына қарамастан, бұрау бағытын сақтауға арналған әшекейге айналды.

GMT модулді сағаттар бар, оларда екінші сағат белдеуі болады немесе, тіпті, бір уақытта көптеген уақыт белдеуіндегі уақытты көрсетеді, яғни, «әлемдік уақыт» функциясы бар.

Tudor Black Bay 58 GMT сағатындағы негізгі тілі көрсеткіштерімен салыстыру үшін таңдалған екінші уақыт белдеуінің уақытын көрсетеді/Баспасөз қызметінің архиві

Tudor Black Bay 58 GMT сағатындағы негізгі тілі көрсеткіштерімен салыстыру үшін таңдалған екінші уақыт белдеуінің уақытын көрсетеді/Баспасөз қызметінің архиві

Сағаттар мен минуттарды санауды сағаттарға сеніп тапсырған инженерлер оларды күндер мен жылдарды санауға бейімдеді. Күнтізбе — тамаша және сирек кездесетін сағаттық күрделіліктер. Олардың ішіндегі аса дәл, қажет болған жағдайда, иесінің араласуынсыз айдың 30-ын 31-не ауыстыруға және ақпан күндерін санау кезінде кібісе жылды қалыпты жылдан ажыратуға және оны түзетусіз ондаған, тіпті, жүздеген жылдар бойы жасауға қабілетті.

IWC Schaffhausen Portugieser мәңгілік күнтізбесін шығарды, бұл өмірдегі ескірмейтін мәңгілік күнтізбе. Ол айлар мен кібісе жылдардағы күндерді ажыратады. Бұл сағат кем дегенде 3999-жылға дейін ілесе алады және озып кетпейді/Баспасөз қызметінің архиві

IWC Schaffhausen Portugieser мәңгілік күнтізбесін шығарды, бұл өмірдегі ескірмейтін мәңгілік күнтізбе. Ол айлар мен кібісе жылдардағы күндерді ажыратады. Бұл сағат кем дегенде 3999-жылға дейін ілесе алады және озып кетпейді/Баспасөз қызметінің архиві

«Күрделіліктер патшайымы» минуттық қайталағыш, яғни репетитор деп аталады. Бір кездері мұнара сағаттарының қоңырау мұнаралары сияқты қайталағыш сағаттары уақытты шырылдатады. Қараңғыда уақытты анықтау үшін ойлап табылған дауыс шығаратын сағаттар қымбат ойыншықтарға айналды. Ширек сайын немесе толық сағат сайын шырылдайтын модельдер бар, үш түрлі тонды шырылдататын минуттық репетиторлар бар, алдымен сағат, содан кейін сағаттың ширегі, содан кейін минуттар. Уақытты құлақпен дұрыс ажырату үшін әдет қажет.

Hermes дауысы бар сағат. Ат тәрізді кішкентай балғамен гонк соғу арқылы уақытты көрсетеді. Ал ортасында бірнеше осьте айналатын турбиллон орналасқан. Бұл сағат шеберлерінің әртүрлі қиын бөлшектерді бір модельде біріктіретінінің мысалы/Баспасөз қызметінің архиві

Hermes дауысы бар сағат. Ат тәрізді кішкентай балғамен гонк соғу арқылы уақытты көрсетеді. Ал ортасында бірнеше осьте айналатын турбиллон орналасқан. Бұл сағат шеберлерінің әртүрлі қиын бөлшектерді бір модельде біріктіретінінің мысалы/Баспасөз қызметінің архиві

Алексей Тарханов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ