МИКЕЛАНДЖЕЛО ҰСЫНҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТІЗІМІ

Ұлы суретшінің сатып алу тізімі

Микеланджелодың сатып алу тізімі. Флоренциядағы Casa Buonarroti мұражайы , Италия. 1518 жыл/Wikimedia Commons

Бұл бірнеше күнге қажет азық-түлік тізімі шебердің өз қолымен жазылған әрі бүгінгі күнге дейін сақталған бірегей құжат. Суретшінің қызметшісі шала сауатты болған сыңайлы, тізімдегі біраз жерге түсінікті болу үшін суреттер де қоса салынған екен. Тізімді жасаған кезде суретші бірден үш тамақты талғажау етуді жоспарлаған сияқты, сондықтан сауда тізімі үш бөліктен тұрады.

Бірінші ас:

Екі нан, бір құмыра шарап, майшабақ, тортелли макаронының бір сыбағасы, салат.

Екінші ас:

Төрт нан, бір құмыра шарап, жеңіл тәтті қызыл шараптың бір ширек литрі (шамасы, біраз қонақ келетін сыңайлы), бір табақ шпинат, төрт анчоус (бұл балық біз білетін пицца мен ұсақталған етпен толтырылған зәйтүнде кездесетін шабақ қана емес, еуропалық анчоус, хамсаның ересегінің дене тұрқы 20 см-ге дейін жететін ірі балық) және тағы тортелли тостағаны.

Үшінші ас:

6 нан, үлкен аскөктен пісірілген 2 тостаған сорпа, майшабақ және бір шыны құмыра шарап.

Мәзірде ет, сүт және жұмыртқаның жоқтығына қарап, бұл сауда суретші ораза ұстаған кезде (шамасы, Пасха кезінде) жасалған деп болжауға болады, ал дәл осы уақытта Италияда үлкен аскөк пен асжапырақтың маусымы басталатын еді.

Көшірілді