Qalam, әсіресе, әртүрлі мәдениеттердің байланыс аймақтарына қызығушылық танытады. Оларға, сөзсіз Израиль — үздіксіз өркениет алмасу кеңістігі жатады. Оның танымал музыкадағы ең көрнекті нәтижесі — мизрахи стилі болды. Американдық хип-хоп сияқты, ол төменнен — князьдерге, геттодан — стадиондарға көтерілді. Бізге мизрахи стилі туралы егжей-тегжейлі музыка сыншысы Лев Ганкин айтып берді.
16 ғасырдың екінші жартысында протестант священник және дін маманы Генрих Бюнтинг географиялық карта жасады, онда әлем үш құлақ түрінде бейнеленген: Еуропа, Азия және Африка гүлдің симметриялы күлтелеріне ұқсайды, олардың түбі бір нүктеде — Иерусалимде түйіседі. Жұмсартып айтқанда, яһуди мен христиан арасындағы қарым-қатынастың қиын екеніне қарамастан, бұл сурет әлі күнге дейін Израиль мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына көрсетіледі, яғни Израильдің астанасы әлемнің орталығы, барлық жол соған апарады деген әңгіме догмалық даудан күштірек болып шықты. Бұл таңғаларлық нәрсе емес, өйткені шын мәнінде мемлекеттің өзі ортаға тартушы күшке негізделген. 19 ғасырдың аяғында бұрын дүние жүзінде шашырап жүрген еврейлердің тарихи Отанына қайтып оралу процесі — алия (сөзбе-сөз: «көтерілу») басталған болатын. Ол қазір де жалғасып жатыр: қайтып оралу туралы заң бойынша жыл сайын Батыс Еуропадан Латын Америкасына дейін және бұрынғы КСРО елдерінен Эфиопияға дейін әртүрлі аймақтан қайтып оралған он мыңдаған жаңа репатриант Израиль азаматтығын алады.i
Олардың барлығы ең болмағанда ауыспалы мағынада құр алақан келмейтіні анық. Әркім өзі бұған дейін тұрған елдің дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзімен ала келді, ал жаңа жағдайда бұл дүниелер бір-бірімен әртүрлі жолмен әрекеттесе бастайды. Израиль мәдениеттің, оның ішінде музыкалық мәдениетінің алдын ала белгіленген гибридті, көп құрамды сипаты да осыдан. Елдің аумағы — бар болғаны 22 мың шаршы километр, ол Израиль мемлекеті құрылғаннан бері өткен 75 жыл бойы үздіксіз мәдени алмасу жүретін кеңістік болған және атап өтетіні, бұл алмасу достық және зорлық, тең құқылы және абьюзивті сипатта болды. Танымал музыкада осындай мәдени алмасудың айтулы нәтижесінің бірі — мизрахи стилі болды. Бұл күтпеген жерден тасы өрге домалап, геттодан — стадионға, шоу-бизнестің ең шетінен оның қақ ортасына ауысқан американдық хип-хоптың жолын еске түсіретін өмірлік тарихы бар ерекше израильдік феномен. Бүгінгі күні мизрахит музыкасы (ивритте сын есімдерге жекеше не көпше түрде пайдаланылуына және зат есімнің тегіне қарай әртүрлі жалғау жалғанады) — іс жүзінде Израильдегі музыкалық мейнстримнің нақ өзі: кез келген радиохит толығымен осы стильде орындалған немесе ең болмағанда оның белгілі бір ерекше әуенін пайдаланады. Ал мизрахи әртісі Эяль Голан қатарынан жиырма жыл бойы елдің үздік әншісі деп танылды.i
Иврит тілінен аударғанда «мизрах» сөзі «шығыс» дегенді білдіреді, бірақ бұл жағдайда әлемнің бағыттары Генрих Бюнтингтің үш құлақ түріндегі картасындағыдай шамалап түсіндірілген. 1950-жылдары «мизрахим» термині Израильге Ресей, Польша немесе Германия, яғни Еуропадан келіп, жас мемлекеттегі билік тізгінін ұстаған ашкенази еврейлері сияқты емес, басқа елден келген еврейлерге қатысты қолданатын болды.
Мизрахит музыкасына байланысты парадокс осы музыкалық ағымның атауынан-ақ басталады. Иврит тілінен аударғанда «мизрах» сөзі «шығыс» дегенді білдіреді, бірақ бұл жағдайда әлемнің бағыттары Генрих Бюнтингтің үш құлақ түріндегі картасындағыдай шамалап түсіндірілген. 1950-жылдары «мизрахим» термині Израильге Ресей, Польша немесе Германия, яғни Еуропадан келіп, жас мемлекеттегі билік тізгінін ұстаған ашкенази еврейлері сияқты емес, басқа елден келген еврейлерге қатысты қолданатын болды. Айталық, Ирак, Йемен, Мысыр немесе Мароккода туылған репатрианттарды жаппай шығыс еврейлері деп бөлетін болды, сонда, мысалы, Марокконың Израильге қарағанда батыста орналасқан ел екені мүлдем ескерілмеді.
Осындай үстірт, географиялық тұрғыдан дәл емес жалпылау елдің ашкенази элитасы мизрахим еврейлерін аса жақтырмағанын анық аңғартты. «Хаарец» газетінің журналисі Арье Гельблюм 1949 жылы былай деп жазған: «Бұл өте көргені аз адамдар, білім деңгейінің төмендігі сонша, оларды надан деуге болады, Израильдегі өмірге бейімделуі нашар, мүлде жалқау және жұмыс істегенді жек көреді».i
Мизрахим еврейлерін геттоға тұрғызу олардың мәдениетіне де таралды: 1950-жылдардағы «шығыс» репатрианттарының арасында бұрын тұрған елдерінде атақ-даңқы шыққан музыканттар болды, бірақ олардың ешқайсысы да Израильдің музыка нарығына шындап шыға алмады. Зохра әл-Фассия сияқты кейбіреуінің мүлдем аты естілмейтін болды. Марокко королінің сарайында өнер көрсеткен солтүстік Африка музыкасының супер жұлдызы жаңа елдің мәдени болмысынан өз орнына таба алмай, қалған өмірі кедейлік пен жалғыздықта өтті. Ирак пен Кувейтте әлдеқашан музыкалық стандартқа айналған жүздеген композицияның авторы мен орындаушысы болған ағайынды Дәуіт пен Салех әл-Кувейтидің тағдыры да соған ұқсас: 1951 жылы репатриацияланған екеуі дүниеден өткенше базарда шаруашылық тауарларын сатуға мәжбүр болды. Ағайынды Әл-Кувейттің көңілі қалғаны сонша, екеуі де ұрпақтарына музыкамен айналысуға тыйым салды.i
Мысырлық Фильфель әл-Масри мен марокколық Джо Амардың шығармашылық талпынысы бастапқыда біршама сәтті болды. Израильде екеуі де бірнеше тамаша пластинка шығарды, бірақ олардың өлеңдері «өздерінің» арасында ғана таралды. Әр әртістің негізгі хиттерінде жаңа өмірге бейімделудің қаншалықты қиын екені туралы айтылады: мысалы, әл-Масридің Ha-Kol Be-Tashlumim («Барлығы жарнамен (төленеді)», 1959) деген әні ол бұрын білмеген, бірақ бүгінгі күнге дейін елде өте кең тараған затты кредитке сатып алу тәжірибесіне арналған, Израильде кез келген төлемді, соның ішінде супермаркетте азық-түлік үшін төлемді мерзім-мерзімімен бірнеше жарнаға бөлуге рұқсат етіледі. Осылайша адам өзі байқамай қарызға батуы мүмкін. Осы композицияның лирикалық кейіпкері әйелінің дәл осындай жағдайға тап болғанына опық жейді. Джо Амардың Lishkat Avoda («Жұмыспен қамту бюросы», 1959) деп аталатын туындысы одан да мәнерлі шыққан: онда автор алдымен маабарот лагерінде өзінің басынан өткен келеңсіз жағдайды суреттейді, содан кейін жұмыс іздегенде көргені туралы айтады. Еңбек биржасында отырған клерк оның қайдан келгенін сұрайды да, «Марокко» деген сөзді естіген бойда қуып шығады. Бірақ оның кейіпкері ақымақ емес екен, ол келесі күні қайтып келеді де өзін поляк деп таныстырады, мұны естіген қызметкер сыпайы, тіпті жағына сөйлеп «кіріңіз, өтінемін!» депті.i
Lishkat Avoda әнінің бір бөлігі араб тілінде шырқалған және бұл жағдай Израиль элитасының мизрахи мәдениетін бірден төмен және қарабайыр деп атауының бір себебі болды. Израиль мемлекетінің құрылғаны Тәуелсіздік үшін соғыстың қызған шағында (1948–1949) жарияланды және бүкіл тарихында дерлік көршілес араб елдерімен қақтығыс жағдайында болды. Осы тұрғыда арабтың және Таяу Шығыстың мәдениеті негізінен жаудың мәдениеті деп түсінілген және қоғамдық дискурста да соған сәйкес белгіленді (желіде бұрыннан таралып «біздің киелі жеріміз — олардың варварлық шөлі, біздің асыл халқымыз — олардың артта қалған жабайылары» және т.с.с. симметриялы мем-суретте орнығып кеткен қағида бойынша). Бұл ереженің күші таралмайтын жағдай да болды: мысалы, бір жағынан, шығыс реңкі айқын, ал екінші жағынан, талассыз тарихи беделі бар Йемен еврейлерінің шығармашылығына ерекше көзқарас танытты (Израильде осы этникалық топ көптеген ғасыр бойы Таяу Шығыс аймағынан кетпеген, сондықтан еврей халқының мыңжылдық дәстүрін қаз-қалпында дерлік сақтап қалған деп есептеді).i
Фильфель әл-Масри мен Джо Амардың музыкасының әуені оған қарама-қарсы түбегейлі басқаша еді және мәселе әнінде анда-санда ғана қолданылған араб тілінде де емес. Олардың әнінде иврит де өзгеше естілді: Еуропадан келген еврейлердің бірқалыпты сөйлеу мәнерінен айырмашылығы, онда көмейден шығып айрықша екпінмен айтылатын «хэт» және «айн» деген дыбыс бар. Аспаптары да өзгеше болды: бастапқыда уд, канун, дарбуканы пайдаланса, кейінірек гректің бузуки аспабы мен түріктің багламасы қосылды. Композицияның ладогармоникалық негізі көбінесе мажор мен минор емес, шығыс мақамы — көбіне-көп баяти немесе курд болды;i
Басым болған батысқа еліктеген стиль тұрғысынан алғанда, мұның бәрі өте оғаш естілетін және мизрахим еврейлері күдікті, тым «арабтанған» шетелдіктер деген көзқарасты растағандай болды. Алайда бұл дәстүр олардың өзі үшін ананың сүтімен сіңген дүние еді, өйткені Азия мен Африкадан келген репатрианттар талай ғасыр бойы бұрын тұрған елдерінде этникалық арабтармен қатар өмір сүрген. «(Ең сұмдығы,) олар бізге сіңісіп кетпей, қайта бізді жұтып қоятынға ұқсайды»,i
Біршама дәрежеде бұл нәтижесін берді: Израильдің тумасы болып саналатын мизрахим еврейлерінің келесі буынының көп өкілі басқа музыкалық ағымда, мысалы, рок-музыка жанрында шығармашылықпен айналысатын болды. Израильдің алғашқы рок-альбомдардың бірін шығарған Тель-Авивте құрылған The Churchill’s тобының музыкасынан оның авторының шығу тегін анықтау мүмкін емес деуге болады: тіпті мандолинада орындалған елең еткізер солосында да (Subsequent Finale финал әніндегідей) музыканттардың ата-бабалары сүйіп өскен шығыстың төл стилінен гөрі Англия мен АҚШ-тың психоделика рокерлерінің ориенталистік экспериментіне еліктеу бар. Жалпы осы стильді ұстанған әртістер көбіне ата-анасының тыңдайтын музыкасын жақтырмайтын: «Бала кезімде достарым келгенде анама өзінің араб музыкасын қоймауын өтінетінмін, өйткені олар Умм Күлсұмның (әйгілі Мысыр әншісі) мұңлы әнін келемеждейтін еді, – деп еске алды әнші Йегудит Равиц. – Анама оның ән айтқаны ұнайтын, оны тыңдап Мысырдағы балалық шағын есіне алатын. Ал маған әкем тыңдаған фолк-музыка көбірек ұнайтын. Ол Польшадан келген және барлық ескі сионистік әндерді, тіпті Еуропада жазылғандарын да білген».i
The Churchill’s музыканттары өз кезегінде мәдени абсорбцияда біршама жетістікке жетті: олар ашкенази зиялы эстрада әнінің көшбасшысы саналған Арик Айнштейн өзінің ең жақсы альбомдарын жазғанда оны сүйемелдеді, ал гитарист Ицхак Клептер 1970-жылдардағы ең танымал Kaveret («Араның ұясы») израильдік рок тобының алтын құрамына енді.
Алайда бұл мәміленің шарты да болды: өнерпаздар стиль жағынан ғана емес, күнделікті тұрмыстық деңгейде де дәстүрін ұмытып, түп-тамырымен өзгеруге тиіс болды, сөйтіп тазартылған израильдік мейнстримнің бір бөлігіне айналуға ұмтылған мизрахим музыканттары өздері өсіп шыққан қауымнан амалсыз алшақтады. Бір уақытқа The Churchill’s тобының штаб-пәтері тіпті Тель-Авив емес, Лондон болды, онда олар ағылшын тілінде Jericho Jones және Jericho деп аталатын екі мықты пластинка шығарды. Көп жыл өткен соң Иегудит Равиц анасынан оның өткені мен болмысы және сүйікті әндері үшін басқалардан ұялғаны үшін кешірім сұрады. Дәстүр бойынша жаңа сөзжасамға төзімділікпен қарайтын иврит тілінде lehishtaknez деген арнайы етістік пайда болды, оның мағынасы — «ашкеназиге айналу», «ашкеназдану» дегенді білдіреді.
Сол арада қауым өзінше өмір сүре берді, онда да өзінің әуендері, Таяу Шығыс дәстүрімен тығыз байланысты музыка ойналды. Мәдени элита оған бұрынғыдай менсінбей қарайтын: 1975 жылы Тунисте туған әнші, Eyni Yakhol («Шамам жоқ») және Ima («Ана») сентимент балладаларын орындап жүрген Нисим Серусси күтпеген жерден Ярон Лондонның телевизиялық ток-шоуына шақырылды, бірақ мұндағы мақсат жүргізушіге оны тікелей эфирде аяусыз кемсітуге мүмкіндік беру болған: Лондон мизрахит музыкасын талғамсыз деп атады және сырт келбеті Серуссиге ұқсайтын және оның мәнерімен ән айтатын адам ғана Израильде танымал әртіс болуға ұмтыла алады деп мысқылдады.i
Алайда дәл осы уақытта Израиль қоғамының өзінде «тектоникалық қозғалыс» жүріп жатты, бұл жағдай ең алдымен Израильдің 2500-ден астам сарбазы қаза тапқан (және тағы 8000-ға жуық адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған) 1973 жылғы Қиямет Күні Соғысының қиын тәжірибесіне байланысты болды. Шағын ел үшін бұл өте үлкен көрсеткіш еді. Опат болғандардың айтарлықтай бөлігі мизрахим еврейлері еді, сөйтіп осы қақтығыстан кейін олардың көкейінде «Неге Израиль үшін өлу керек болғанда бізге келесіңдер де, елді басқару мәселесінде бізге дымдарыңды шығармай тыныш отырыңдар дейсіңдер?» деген сұрақ туындайтын болды.i
Йемен еврейлерінің отбасынан шыққан және үндінің ішекті шертпелі музыкалық аспабында ойнаған әнші Ахува Озери Қиямет Күні Соғысына арнап Eykhan Ha-Khayal? («Сарбаз қайда?») деген ән жазды. Оның туындысы мизрахит музыкасына тән болмаған өзекті қоғамдық-саяси тақырыпты көтеріп, ұрыс даласында қаза тапқан жас жігіт, көршісінің ұлына арналған. Алайда жағдайдың беталысына, бір қарағанда ғана, соғыс қимылына тікелей қатысы жоқ оқиға одан да зор әсер етті.
1973 жылы негізінен Йеменнен қоныс аударып келген адамдар тұрған Тель-Авивтің Шхунат Ха-Тиква ауданында ағаларымен бірге электронды тауар сататын шағын дүкеннің иесі Ашер Реувени үйленетін болды. Бірақ үйлену тойы болар кезде қаралы хабар келіп жетті: қалыңдықтың ағасы соғыстан оралмады.
Бірнеше ай аза тұтқаннан кейін жас жұбайлардың достары олардың көңілін көтеру үшін арнайы кеш ұйымдастырмақ болды (мизрахи қауымдастығында оны арабша «хафла» деп атайтын) және оған Даклон деген атпен танымал Йосеф Леви және Моше бен-Моше есімді музыканттарды шақырды. Бұл екеуі кейін мизрахи қозғалысы үшін маңызды саналған Tslilei Ha-Kerem ансамблінің мүшесі болды (сөзбе-сөз: «Жүзімдік үні», бұл жерде жүзімдік дегенде осы музыканттың балалық шағы өткен Керем Ха-Тайманим ауданы туралы айтылады). Жағдайдың өзі әдеттен тыс ерекше емес еді, мизрахим әртістерінің көпшілігі үйлену тойы мен бар-мицвада концерт қойып ақша табатын.
Айталық, The Churchill’s тобы сән-салтанатты академиялық залда ұлы дирижер Зубин Мета басқаратын симфониялық оркестрмен 1960-жылдардың аяғындағы прог-рокерлердің өсиеті бойынша симфониялық оркестрмен концерт қойса, басқа шығыс еврей музыканттары жеке пәтер, мейрамхана немесе, мысалы, асығыс-үсігіс жасалған сахнасы бар бензин құятын бекетте өнер көрсетуді ұнататын. Ерлі-зайыпты Реувенидің «Хафласы» таңға дейін жалғасты, жас жұбайларды құттықтауға екі жүзден астам қонақ келді. Бірақ олардың әлі әскерде жүрген кейбір достары келе алмады. Сондықтан үйленген жігіт пен оның ағалары оларға арнап кешті кассетаға жазып алуды ұйғарды. Сөйтіп бөлменің бір бұрышына қойылған кішкентай арзан магнитофонның таспасы түні бойы айналып сусылдаумен болды.
Кейіннен бұл оқиға шығыс еврей музыкасының тарихында аңызға айналып, осы кассета мәдениеттің қалыптасып өркендеуіне түрткі болды деген пікір қалыптасты. Әрине, бұл асыра көрсету болады, бірақ мизрахит музыкасының индустриясы шынында да Ашер Реувенидің үйлену тойының фонограммасынан бастау алады. Көп ұзамай мақсатты аудитория сүйікті әндерін әртістің тікелей орындауында ғана емес, жазылған нұсқасын да тыңдағысы келетіні белгілі болды және олардың жазбада шырқалып жатқан әннің көбіне-көп қонақтардың у-шуынан естілмей қалатынына да қарамайтын. Жас жұбайлармен жеке таныстығы жоқ адамдар таспаны жүз лираға ұсынатын болды (Израильде шекель 1980 жылы ғана айналымға енгізілген). Ағайынды Реувени бұдан жақсы ақша табуға болатынын түсініп, рекорд-лейбл мен продюсерлік орталық құрды. Кейінгі жылдары ол мизрахит музыкасының өркендеуіне жол ашқан орындардың біріне айналды.i
Осы музыка ағымына табынушылар көптеп жиналатын тағы бір жер — Тель-Авивтегі автобус станциясы болды. Бұл зор көлік хабы ғана емес, сауда хабы да қызметін атқарды, төбе-төбе болып үйіліп жатқан киім-кешек, ұсталған тауарлар мен әртүрлі азық-түлік сататын орындардың арасында тез арада кассета, соның ішінде контрафактілі өнім сататын көп жайма пайда болды. «Он шекельге үш кассета алуға болатын, – деп 1990 жылдардың ортасында есіне алған еді баламалы рок пен мизрахит музыкасын тоғыстырған Teapacks тобының фронтмені Коби Оз. Мен көне станциядан түсетінмін, сонда мен үшін бұл жер мүлдем басқа ел: жаңбыр жауып түр ма, күн қайнап тұр ма, екіұдай болмыстың елі болды».i
Осы мәдени құбылыспен тығыз байланысты тағы бір парадокс: Еуропа мен АҚШ-та аудиокассета — арзан, пайдалануға оңай ақпарат тасымалдағыш — музыкалық андерграундтың символына айналып, музыкалық лейблмен келісімшартқа отыру түсіне де кірмеген әртістерге шығармашылығын мәңгілікке сақтауға мүмкіндік берді.i
Йеменнен келген репатрианттардың ұрпағы, шығыс халықтарына тән есте қаларлық келбеттің, жарқын сахналық харизма мен күшті дауыстың иесі — Аргов ағайынды Реувенилер шығарған Elinor деп аталатын алғашқы синглі шыққаннан кейін мизрахи ортасында жұлдызға айналды (1980 ж.). Екі жылдан кейін ол Израильдің шығыс әндері фестивалінде Ha-Perakh Be-Gani («Менің бақшамдағы гүл») композициясымен жеңіске жетті. Дегенмен басты жеңіс жүлде алудың өзі емес, 1982 жылғы фестивальдің тұңғыш рет ұлттық телевизияда көрсетілуі болды.i
Зоар Арговтың классикалық жазбаларын Джо Амардың немесе Фильфель әл-Масридің орындауындағы мизрахит музыкасының ертедегі үлгілерімен салыстыра отырып, оларды бір мәдени континуумның бөлігі десек қателеспейміз, бірақ айырмашылығын да естиміз. Моти Регев пен Эдвин Серусси «Израильдің танымал музыкасы және ұлттық мәдениеті» атты кітабында мизрахит музыкасының өрлеу заманындағы жеті ерекше белгісін (музыкалық кодын) көрсеткен.i
Бұл тізімнің ішінде Lishkat Avoda әніне тән болған белгілер де бар: бұл статикалық гармония, ырғақ секциясындағы циклдік сурет, вокалдық мелизматика, шығыс мақамына сүйену (Арговпен көп жұмыс істеген гитарист Йегуда Кейсар сонау 1970-жылдары тіпті ширек тонды пернелері бар арнайы гитара жасап алған).i
Кеңейтілген импровизацияның және бір-бірімен байланысты музыкалық фрагменттердің орнына (өлшем бірлігі) мұнда шамамен үш минутқа созылатын бөлек ән беріледі. Мұның ешқайсысы мұсылман елдерінен келген еврейлердің музыкалық дәстүріне тән болмаған дүние». i
Әрине, бұл эволюция біршама дәрежеде таза тұрмыстық себепке байланысты болды: Джо Амардың электр гитарасын алуға мүмкіндігі болмады, ал Зоар Аргов ол жағынан қиындық көрген жоқ. Бірақ мұның басқа себебі де бар сияқты. 1950-жылдардағы мизрахит музыкасы репатрианттардың алуан түрлі дәстүрінің ала-құла жинағы іспетті болған, ал «мизрахим» терминінің өзі ол кезде менсінбей қарап жалпылау секілді естілді және элитаға «бөтен» адамды анықтап, оған жоламауға мүмкіндік беретін тәсіл сияқты еді. 1980-жылдары, бұған керісінше, бұл сөзбен Азия мен Африканың мұсылман елдерінен келген репатриант ұрпағының нақты кімдігі сипатталған: Израильде туылған мизрахим буыны өздерін біртұтас әлеуметтік-мәдени топ деп сезініп ұғынды. Зоар Арговтың, оның замандастары мен ізін қуушылардың әндері — тағдырдың қалауымен басқа аумаққа көшіріп әкелінген Марокко, Ирак немесе Йеменнің музыкасы емес, енді ол Израиль қоғамының нақты бөлігінің арманын білдіретін сөздің тура мағынасындағы мизрахит музыкасына айналды.
Сондықтан онда мизрахидің өздері жақсы көрген және тыңдаған дүниенің бәрі әдейі араластырылған. Мысалы, онда 1960-жылдары Израильде танымал болған Арис Санға еліктеген грек эстрадасымен үйлесім бар, Арговтың Elinor әні грек композициясының кавер нұсқасы болды, ал Йегуда Кейсар гректің аспабы бузуканың үніне ұқсастырып гитара тартудың стакато мәнерін меңгердіi
Бұған Сан-Ремоның шабытты романтикасын, әсерлі рок-н-ролл энергиясын, әнді Балқан мен басқа да Шығыс Еуропа елінің дәстүрімен үрмелі аспаптармен көркемдеуді (Ha-Perakh Be-Gani әнін көркемдеген Нэнси Брандес Румынияда туылған) қосуға болады, сондай-ақ кейде ресми ашкенази эстрадасы да бар: 1980-жылдардағы танымал мизрахи әншісі Хаим Моше тіпті «Алтын Иерусалимді» жазған Наоми Шемерге жаңа композицияға және The Great Israeli Songbook-тегі ондаған әнге тапсырыс берген. Шемердің және басқа да құрметті ашкенази авторларының онжылдықтың соңына қарай мизрахи әртістерімен қоян-қолтық жұмыс істеуді ұят санамағаны, сондай-ақ Алты күндік соғыстың ардагері, көбіне-көп бейресми түрде Израильдің Боб Диланы деп аталатын жыршы-ақын Меир Ариэльдің өз репертуарына Зоар Арговтың Kvar Avru Shanim («Талай жыл өтті») әнінің кавер нұсқасын енгізгені де парадигманың өзгергенін айқын дәлелдеп отыр.
Мизрахит музыкасы әлі де ТВ-дегі прайм-таймда сирек берілетін, бірақ оны ең болмағанда, содан он жыл бұрын студияда бейбақ Нисим Серуссидің итін шығарған сияқты талқандамайтын. Қайта керісінше, шығыс еврейдің әнші жігіттері мен қыздары бұрын ашкеназдар оларға қойған «чахчах» немесе «фреха» сияқты қорлайтын лақап аттарға жаңа мағына берді.i
Ақырында, тағы бір элементі — сефард синагогасының сазы немесе пиют (ол өз кезегінде зайырлы еврей немесе араб эстрадасының әуендеріне жиі негізделеді). Орташа есеппен алғанда мизрахим еврейлері мемлекеттің бастауында тұрған еуропалық сионистерге қарағанда әлдеқайда діндар болды, уақыт өте келе «Ликудтан» кейін олардың саяси өкілдігінің тағы бір органы ультраортодокс «ШАС» партиясы болды. Мизрахит музыкасының көптеген басқа өкілі сияқты, Зоар Аргов жастайынан синагогада ән айтқан; оның әндерінің сөзі көбінесе көне лепірме тілде жазылған. «Күндіз-түні мен үшін көзімнің қарашығы едің, мен үшін қара түнектегі Құдайдың періштесі болдың», – деп айтылады Ha Perakh Be-Gani әнінде;i
Мизрахит музыкасының ең болмағанда коммерциялық тұрғыдан жаңа сапаға өтуі Хадад, Зехава Бен, Эяль Голанның және 1990 жылдардағы кейбір басқа дебютанттардың есімдерімен байланысты. Жаңа онжылдыққа дейін өмірден озып кеткен Зоар Арговтанi
Мизрахи музыкасының 1990-жылдардың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы — бұл бірден барлық деңгейде: дыбыстық, медиа, саяси, мағыналық тұрғыда үздіксіз экстенсивті дамудың шежіресі. «Менің досым, Иерусалимдегі дыбыс режиссері айтқандай, 2015 жылы мизрахи — Израиль поп-музыкасының бір жанры деп айтуға болмайды, тіпті бұл негізгі мейнстриммен бәсекелесетін сәтті жанр деп те айтуға болмайды», – деп атап өтті мизрахи әртістері Лираз Руссо мен Омер Адамның әнінің құрметіне жазылған «Израильдің бақыт революциясы» атты мақаланың авторы Матти Фридман. Бұл мейнстримнің өзі, бұл Израиль поп-музыкасының өзі. Егер бүгін бір елдің кеудесін стетоскоппен тыңдасаңыз, оның жүрегі мизрахи ырғағында соғып жатқанын естисіз».i
Әлбетте, бұл жағдай барлығына бірдей ұнай бермейді. «Түріктер Тель-Авивті басып алды!»i
Заманауи мизрахи-мейнстрим көп жағдайда басқа мәселеде де әртүрлі қайшылықты жоюға ұмтылады. Айталық, бұл музыкаға әлі де терең діни сипат тән — бұл дінді қатаң сақтайтын яһуди, шаббат кезінде өнер көрсетуден бас тартатын хитмейкер Омер Адамның концерттерінің міндетті элементі, оның Modeh Ani («Алғыс айтамын», 2015) балладасы таңғы дұғаның мәтініне негізделген. Сонымен қатар оның концерттерінің тағы бір міндетті элементі — өзіндік жаргонизмге толы Tel Aviv (2013) еркінсінген гей әнұраны. «Адамның мансабындағы бұл әрекеттерді бір-біріне қайшы деп бағалаудың орнына, оның мизрахим еврейлері басымдық ететін және шынымен де, бір қарағанда, өте алуан түрлі үрдістен: шығысқа тән квирлік, діни дәстүршілдіктен және гедонистік гипермаскулинизмнен құралған қазіргі Израиль орта табының сұлбасын мүмкіндігінше толығырақ қамтуға ұмтылатынын түсіну керек»,i
Бір қызығы, Адам — мизрахи емес немесе ең болмағанда толық мизрахи да емес: оның анасы — ашкеназ, әкесі — тау (кавказ) еврейі, ал Адамның өзі АҚШ-та туып-өскен. Қазіргі мейнстрим ретіндегі түрінде мизрахит музыкасы бұдан былай тиісті субэтностардың айрықша дүниесі емес, ол ерекше белгілердің жиынтығы бар (айтарлықтай ауқымды) толыққанды космополиттік саунд-әуен. Static & Ben El дуэтінің Silsulim әнінде бұл стильдің айқын белгілері бар, бірақ сонымен бірге ол тіпті Despacito композициясы сияқты, әлемнің түкпір-түкіпірінде жазылған көптеген жазғы, жағажайлық дэнс-поп-хиттердің қатарына жатады.
Осындай жағдайда соңғы он жылда қоғамдастық ішінде балама страта қалыптасып жатыр, оның өкілдері мизрахи стилін оның бастауына, соның ішінде сөздің тура мағынасында да, қайнар көзіне қайтаруға ұмтылып жатыр. Иерусалим әншісі Нета Элькаям 20 ғасырдың ортасында Мароккода тасы өрге домалап жұлдыз болған, бірақ Израильге репатриациядан кейін ұмыт қалған Зохра әл-Фассияның музыкасын әлемге қайта ашты. Елдің оңтүстігіндегі шөл далада өскен апалы-сіңлілі Хаимдер (олардың америкалық HAIM тобымен ешқандай байланысы жоқ, бірақ бір қызығы, ол да үш апалы-сіңліліден тұрады) өз отбасының тарихын тілге тиек етеді. A-WA жобасына қатысу арқылы олар йемендік еврейлердің, дәлірек айтсақ, еврей әйелдерінің ауызша музыкалық дәстүрін жаңғыртуға үлес қосып жатыр. «Ер адамдар синагогаға барып, онда діни ән шырқаған кезде әйелдер үйде қалып, араб қауымымен тығыз қарым-қатынас жасайтын», – дейді музыкалық этнографиядан бакалавр дәрежесін алған олардың бірі.i
Өздері көшіп кеткен елдің музыкалық стандарттарының корпусын жасаған ағайынды Ирак еврейлерінің бірі — Дәуід әл-Кувейтидің немересі Дуду Тасса атасының салған тыйымына бағынбай, музыкант болды. Оның көп жанрлы бастамаларының ішінде Dudu Tassa & the Kuwaitis «кросс-мәдени еврей-араб жобасы» ерекше көзге түседі, онда әртіс Израиль және Ирак аспапшыларымен бірге ата-бабасы сусындаған төл музыканың заманға лайықталған нұсқасын ұсынады. Топ АҚШ-та «Коачелла» фестивалінде қатысты, ал 2017 жылы олар Radiohead тобының гастрольдік туры кезінде әр концерттің ашылуында тыңдарман қауымның ықыласын оятып өнер көрсетті, сондай-ақ Тасса әдет бойынша Таяу Шығыстың (бірақ бұл жолы еврей емес) музыкалық дәстүріне арналған Jarak Qaribak деп аталатын ең соңғы альбомын (2023) Джонни Гринвудпен бірге жазды.
Парадок-парадокстан тоқылған, Зоар Аргов шығарған әндердің әуені сияқты бұралаң жолға ұқсайтын мизрахит музыкасының тарихы дәл қазір қарқынмен дамып келеді және оның беталысын алдын ала болжап білуге болмайды. Тек оның кіндігі ғана Генрих Бюнтингтің географиялық картасындағы гүлдің түрлі түсті үш күлтесі түйіскен нүктеде өзгеріссіз қалды.