МҰСЫЛМАН ЕУРОПА: СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ

2-дәріс. Қоңыраулар мен нафирлер

МҰСЫЛМАН ЕУРОПА: СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ

Король IX Альфонсдың Бадахосты жаулауы. Испан алаңындағы зерленген тақта. Севилья / Superstock

Өзінің дәрістерінде ортағасырлық тарихшы Ирина Варьяш мұсылмандардың Испанияны шамамен 800 жыл бойы билеп, оны орта ғасырларда Еуропаның ең дамыған және гүлденген аймақтарының біріне айналдырғаны туралы әңгімелейді. Екінші дәрісте мұсылмандардың христиандардың билігінде қалай өмір сүргені және бұған таверналардың қандай қатысы бар екені баяндалады.

Гранададағы Үлкен мешіттің есігіне христиан қанжарымен қағылған пергаментте: AVE MARIAiлат. «Қуан, Мариям» деп жазылған еді. Бұл 1492 жыл болатын. Католик корольдердің ежелгі мұсылман қаласының қабырғаларын ала алмай тұрғанына қай заман. Түн жамылған батыл кабальеро Эрнан дель Пульгар мен оның жолдастары АлькайсарийяныiҚаланың орталық, әдетте үкімет органдары орналасқан аймағы. өртеп, жаудың лагеріне іріткі салуды көздеп, қоршауда тұрған Гранадаға баспалап кірді. Түнгі қарауыл олардың ойларын жүзеге асыруына жол берген жоқ, алайда таң ата мұсылмандар Қасиетті Бикешке мінажат жазылған жарғақты тауып алып, айран-асыр болды. Гранаданы басып алған кездегі осы испан аңызының кең тарағаны соншалық, тіпті Лопе де Веганың11Лопе де ВегаiИспан драматургы (1562–1635), 2000-ге жуық пьесаның авторы, олардың ішінде ең әйгілі туындылары — «Биші мұғалімі» және «Шөп қорыған ит». шығармаларының біріне арқау болды.

Реконкиста тұсындағы христиан корольдерінің соңғы жеңісі қоршауға алынған Гранаданың берілуі болды. Христиан қаруы салтанат құрды! Мұсылмандардың билігі ақыры құлады, Үлкен мешіт католик соборына айналдырылды, ғажайып Альхамбра король сарайына айналды. Христиан жылнамашыларының шаттығын түсінуге болады: олардың пікірінше, жерлерді мұсылмандардан қайтарып алу бірнеше ғасырға созылды және оның өзіндік құндылығы бар еді. Биік ақиқатқа деген христиандардың монополиясы қарудың күшімен жаулап алынды.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Шын мәнінде Реконкиста әскери отарлаушылық қозғалыс болатын. Басында ол солтүстіктегі христиандардың мұсылман жасақтарымен арадағы шағын қақтығыстары еді. Содан кейін франктармен бірлескен сирек жеңістер болды: Барселона мен Жирона христиандардың қолына осылайша өтті. Екі ғасыр өткеннен кейін, 11 ғасырда христиандар мұсылмандарды жеңуді үйренді: Арагон королі I Альфонсо Сарагосаны басып алды, ал Кастилия королі VI Альфонсо Толедоны басып алды. Бұл жеңістер Жерорта теңізіндегі геосаяси күштердің жалпы орналасуының көрінісі еді. Тура сол 11 ғасырда латын әлемі исламдық әлеммен бәсекелесе отырып, теңізде және сауда ісінде өзін көрсетуге қабілетті екенін сезінді. Бірінші Кірес жорығы,222I Кірес жорығы (1096–1099) iРим папасы II Урбанның Францияның Клермон қаласында сөйлеген сөзінен басталды, онда ол жиналғандарды Шығысқа барып, Құдайдың Қабірін мұсылмандардың билігінен азат етуге шақырды. Оның үндеуін еуропалық рыцарьлардың едәуір бөлігі, сондай-ақ халықтың ең кедей топтарының өкілдері қолдады. І Кірес жорығы Иерусалимді басып алуымен және Таяу Шығыста Латын патшалықтарын құруымен аяқталды. Нормандардың Сицилияны қайтарып33Сицилияның нормандардың басып алуыiБұл жолы жаулап алушылар Скандинавиядан емес, Францияның солтүстік-батысында нормандар құрған Нормандия герцогтігінен келді, сондықтан оларды кейде нормандар емес, нормандықтар деп атайды. 1059 жылдың маусымында Рим папасы II Николай норманд рыцарі Роберт Гвискарға Сицилия герцогі атағын берді, осылайша ол 9 ғасырдан бері мұсылмандардың бақылауында болған Сицилияны жаулап алуға санкция берді. 12 ғасырдың ортасына қарай Норманд корольдігіне Сицилия, Оңтүстік Италия, Мальта және Солтүстік Африканың бір бөлігі кірді. алуы және испандардың жетістіктері оқиғалардың бір тізбегінің буындары болып табылады. Еуропа есейе бастады.

Алайда христиандардың Испаниядағы алғашқы елеулі жеңісі Кастилия, Арагон, Наварра, Португалия, француз кірескерлері мен рухани-рыцарлық ордендердің44Рухани-рыцарлық ордендерiiМонах антын берген рыцарлардың бірлестіктері. 11–12 ғасырлардағы Кірес жорықтары кезінде католик шіркеуінің басшылығымен Таяу Шығыста мұсылмандармен күресу, сондай-ақ мінәжат етуге баратын христиан тақуаларын қорғау үшін құрылған. күштерін біріктіруді талап етті. 1212 жылы Лас-Навас-де-Толос түбіндегі атақты шайқаста христиандар альмохадтардың55АльмохадтарiСолтүстік Африка мен Испанияда мұсылман мемлекетін құрған әулет (1121–1269). әскерін ойсырата жеңді. Көбінесе бұл шайқас Реконкистадағы шешуші шайқас болды да, оның артынан Пиреней түбегінен мұсылмандардың қайтарымсыз қуылуы орын алды делінеді. Ал шындығында, біздің білетініміздей, «мұсылмандардың біржола аласталуына» тағы 270 жыл кетті. Дегенмен 13 ғасыр шынында да аймақтағы күштердің теңгерімін қатты өзгертті: аса ірі тайфалар христиан корольдерінің вассалдарына айналды немесе олардың тегеурінімен түгелдей жауға берілді. Кордова мен Севилья Кастилияның иелігіне, Валенсия Арагон Тәжінің иелігіне өтті, Мурсия христиандық, ал түбектің барлық оңтүстік-батыс жерлері — португалдық болды.

Франсиско де Паула Ван Хален. Лас Навас де Толос шайқасы. 1887 жыл / Alamy

Франсиско де Паула Ван Хален. Лас Навас де Толос шайқасы. 1887 жыл / Alamy

Реконкиста және мұсылмандар

Ал мұсылмандар ше? Шынымен олардың барлығы жойылды ма немесе қуылды ма? Христиандар үшін соншалықты ертегідегідей бай әл-Андалус әлемін ғасырлар бойы қалыптастырған, егін егіп, бақ отырғызған, кемелер мен сарайлар салған, ең жақсы ер-тұрмандарды жасап, арабы сәйгүліктердің тұқымын өсірген, жұп-жұқа мата тоқыған немесе хош иісті сабын қайнатқан адамдардың бәрі шынымен-ақ құрып кетті ме? Ал босап қалған қалалар мен ауылдардағы, базарлар мен кеме айлақтарындағы олардың орнын солтүстіктен келген адамдар басты ма?

Жаппай жоятын қару қолданылған дүниежүзілік соғыстардың тарихын, көркем әдебиет пен кинодағы ядролық қыс пен ғарыштық келімсектердің суреттерін көріп тәрбиеленген біздің замандастарымыздың қиялында ақырзаманның осыған ұқсас көрінісі оп-оңай пайда болады. Ортағасырлық өркениетте адамдар, әрине, мұндай тәжірибені бастан өткерген жоқ және де жалпы алғанда адам өмірі ол кезде анағұрлым жоғары бағаланды, өйткені оны дүниеге әкеліп, кәмелетке толғанша өсіріп-жеткізу қазіргіге қарағанда әлдеқайда қиын еді. Ортағасырлық дәуірде биліктің саяси бағыты адам өмірінің құндылығы мен адам ресурстарына назар аударумен айқындалатын.

Жай сөзбен айтқанда, христиандық корольдер маврларға қарсы жорыққа аттанғанда жаңа жерлерді басып алу туралы емес, мол олжа, алымнан түсетін алтын немесе қазынаға салық төлейтін және әскерде қызмет атқаратын жаңа бодандар туралы армандайтын. Мұсылмандар немесе сол кезде сарациндер немесе маврлар деп аталған бодандар салық төлеушілер ретінде аса тартымды болды, себебі оларға христиан дінін ұстанатын халыққа қарағанда көбірек салық салуға, ал қажет болған жағдайда олардан шамадан тыс алым алуға болатын. Бірден айта кетейік, мұндай қажеттілік таққа отыруға, корольдің қыздарын тұрмысқа беруге, әскери шайқастарда жеңіске жетуге, әскери жорыққа дайындалуға немесе тақ иесінің жаңа жерлерді сатып алуына байланысты мерекелер жоспарланған сайын туындап отыратын.

I Мұхаммадтың король III Фердинандқа қаланы босатып беруі. Мигель Морайтаның «Испанияның жалпы тарихы» еңбегінен алынған иллюстрация. 1890 жыл / Superstock

I Мұхаммадтың король III Фердинандқа қаланы босатып беруі. Мигель Морайтаның «Испанияның жалпы тарихы» еңбегінен алынған иллюстрация. 1890 жыл / Superstock

Христиан елдеріндегі мұсылмандардың құқықтары

Христиандық билеушілердің прагматизмі әрқашан жеңетін. Бос жатқан жерлер кіріс әкеле алмайтын, ал мұсылмандардың қалалары мен ауылдарына солтүстіктен келген христиандарды қоныстандыру дәл осындай үлкен ауқымдағы міндетті шешпейтін еді. 11 ғасырдан бастап 1492 жылға дейін христиандық мемлекет басшылары кез келген қаланы бағындырған кезде, олардың мұсылмандық билеушілерімен капитуляцияiiОрта ғасырларда бірнеше тармақтан немесе тараудан — капитулдан тұратын келісімді осылай атайтын. шартын жасасатын, онда барлық маврларға ол жерден кетіп қалуға немесе өз дінін, заңы мен мүлкін сақтай отырып, сол жерде қалуға мүмкіндік берілетін. Гранадада, Солтүстік Африкада немесе Таяу Шығыста қаражаты мен туыстары бар маврлардың көпшілігі кетіп қалатын. Олар негізінен ақсүйек әрі әл-ауқаты жоғары адамдар болды. Бірақ көпшілігі қалып қойды, бұл жерде олардың үйі мен Отаны болатын.

Мысалы, Валенсия корольдігін бағындырған Арагон королі I Жаулап алушы Жауме екі нәрсені іске асырды: әуелі мұсылмандардың барлығына сол жерде қалу құқығын берді, оларға діни наным еркіндігін және жеке басы мен мүлкіне қол сұғылмайтынына кепілдік берді; содан кейін сарацин жерлерінің басым бөлігінің жорықтарға қатысқан ақсүйектерге таратылып берілмейтінін, оның орнына король қазынасына кететінін жариялады, бұл, әрине, сеньорлардың әдеттегі артықшылықтарын кеміту еді. Сонымен қатар мейірбан католик болғандықтан, король бұл жерге христиандардың қоныстануын қалады және ол 1245 жылы мұнда 100 мыңға жуық адам келеді деп шамалады. Алайда 1275 жылға қарай бүкіл Валенсия корольдігінде тек 30 мың христиан ғана қоныстанды, оның үстіне олардың көпшілігі қалаларда тұруды қалады, сондықтан ауылдық жерлердің негізгі халқы мұсылмандар болып қала берді. Көбінесе бұл өңірлердегі ауылдық мекендерде тек екі христиан: нотариус және шарап сататын таверна иесі болатын, қалған тұрғындар сарациндер еді. Қалаларда, әсіресе, түбектің оңтүстігінде және жағалауда да мұсылман халқының саны көбірек болуы да мүмкін еді. Кейде бұл жерде олардың үлесі 80%-ға дейін жететін. Мұсылман қауымдары 16 ғасырдың басына дейін Испанияның барлық ірі қалаларында және көптеген шағын қалашықтарда, мекендер мен қамалдарда болды, әйтсе де олардың саны айтарлықтай қысқарып бара жатты. Оған себеп болған мұсылмандардың көшіп кетуіне әкеп соққан соғыстар мен алым-салықтар еді. Олар жерін, үйлері мен дүкендерін сатып, кейде бүкіл үй ішімен, барлық жылжымалы мүлкімен бірге кетіп қалатын.

Корольдер сарациндік бодандарын сақтап қалуға тырысып бағатын: оларға артықшылықтар беріп, салықтан уақытша босататын. Олар кетіп қалған сарациндерге корольдікке қайтуға рұқсатты аямай-ақ беріп отырды. 1296 жылы Мурсияны жаулап алу барысында Арагон королі II Әділетті Жауме соғыстан қашқан сарациндерге «қауіпсіз өмір сүріп, бидай өсіре алуы үшін» қайтып оралуға рұқсат қағаздарын берді.

Корольдік билік шебер мұсылман кәсіпшілерді өте жоғары бағалады. Жалпы испандық қалалардың қолөнерші сарациндермен: етікшілермен, тері илеушілермен, қасапшылармен, тоқымашылармен, көзешілермен және т.б., шеберлермен аты шыққан болатын. Әсіресе, қару-жарақ шеберлері, жиһаз жасаушылар, ұсталар, бояушылар жоғары бағаланды. Сумен жабдықтау жүйесімен о бастан мұсылмандар айналысатын, сондықтан 15 ғасырдан бастап олар алғашқы қалалық өрт сөндіру қызметтеріне тағайындалатын. Мұсылмандар көпшілік таныған дәрігерлер мен дәріханашылар еді. Сонымен қатар олар бекіністі қоршайтын қондырғылар бойынша жоғары білікті мамандар болды да, король әскерінде қызмет атқарды.

Севильяның Кафедралдық соборы / Alamy

Севильяның Кафедралдық соборы / Alamy

Сірә, өздері туралы ең көрнекті естелік қалдырғандар король сарайларын, қала қақпалары мен ақсүйек қамалдарын тұрғызған тас қалаушылар мен балташылар болса керек. Мавритандық мәнердің үлкен сұранысқа ие болғаны соншалық, құрылысшы мұсылмандар мен христиандардың күш-жігерімен қалыптасқан готика мен ренессанс сәулетінің ерекше испандық нұсқасы пайда болды. 14 және 15 ғасырларда Севильядағы король алькасары,iiiяғни, сарай Толедодағы Пуэрта дель Соль, Сеговияның жанындағы Кастильо де Кока және басқа да көптеген құрылыстар, соның ішінде христиандардың мінәжат ететін ғимараттары мен кәдімгі қала үйлері осы мәнерде салынған. Севильядағы атақты ХиральдаiФлюгер (исп. Giralda) осы мәнердің және сонымен қатар әл-Андалус пен кейінгі мұсылман қауымдарының арасындағы сабақтастықтың рәмізі деп саналады. Бұл мұнара 12 ғасырда салынды да, әрі мешіт мұнарасы, әрі обсерватория ретінде пайдаланылды. 13 ғасырда қала христиандардың қолына өткеннен кейін Үлкен мешіт Соборға, ал мешіт мұнарасы шіркеу мұнарасына айналды. Хиральданы бүгінгі таңда да тамашалауға болады, бірақ оның үстіңгі қабаттары және Діни нанымды бейнелейтін мүсіні 16 ғасырда қосымша тұрғызылған.

Сөйтіп, мұсылмандар христиан монархтарының қол астында тұрып жатты. Әрине, Фестен немесе Каирден келген діндестері мұсылмандарды Испаниядан кетуге үгіттеді, бірақ мұндай елеулі шаруаны кез келген адамның қалтасының көтере бермейтіні 14 ғасырдың өзінде-ақ түсінікті еді, оның үстіне тамыр жайған жерінен қол үзу де қиын болды және де испандық мұсылмандар өздерін жайлы сезінетін. Олардың қоғамдағы орны аса ауқымды артықшылықтар берілген және мұсылман қауымының барлық ішкі істерінде олардың дербестігі қамтамасыз етілген құжаттардың тұтас бір тобында белгіленді. Бұл мәселеде христиандық билеушілер өздерінің дәл сол мұсылман көршілерінен үйренген басқару стратегияларын ұстанатын.

Мұсылмандар ислам дінін еркін ұстанатын, олардың өз мешіттері болатын. Қауымды олардың өздері сайлаған көшбасы басқаратын, оны король немесе сеньор тек бекітетін, ал қауымдағы барлық лауазымды қызметтерді де мұсылмандардың өздері атқаратын. Ең маңызды дәстүрлі лауазымдардың бірі қади — діни судья лауазымы болды, оның өкілеттігі өте ауқымды еді және көбінесе қоғамның басшысы да сол болатын. Мұсылмандар өз Заңы бойынша өмір сүрді және егер әңгіме ішкі істер, яғни діндестердің арасындағы іс туралы болса, олардың ісін сотта өз судьясы қарайтын. Мұсылмандар ораза ұстап, қажылыққа66ҚажылықiМұхаммед Пайғамбардың туған жері Меккеге қажылық. Мұсылман үшін міндетті 5 жарлық — исламның 5 парызының бірі. Әр мұсылман өмірінде бір рет болса да мұндай сапар жасауы керек. барып тұрды, өз күнтізбелерін, мерекелері мен әдет-ғұрыптарын сақтады. Олар балаларын өз мектептерінде, өз кітаптары бойынша, Құран мен хадистерді77ХадисМұхаммед пайғамбардың өмірі, істері мен айтқан сөздері туралы әңгімелер. үйрете отырып оқытты. Мұсылмандар қалаларда өздерінің қасапханалары мен ет дүкендерін ұстады. Олардың меншігінде өз зираттары болды.

1 / 3

Мұсылмандардың киімі

Испандық маврларды көз алдымызға елестеткенде, біз көбінесе бөлек мәхаллалар — морерияларда тұратын, түрлі түсті маталарға оранған әйелдердің, сәлде мен шалбар киген еркектердің бейнесін көреміз. Морериялар, шын мәнінде, Испанияның көптеген қалаларында болды, бірақ бәрінде емес. Сарациндердің үлкен қауымдары болған жерлерде мұсылмандардың өздері де өз мәхалласының айналасында қақпалары түнде жабылатын қабырғалар тұрғызған. Басқа қалаларда мұсылмандардың санының көп болғаны соншалық, қалған тұрғындардан қоршаумен тасаланудың мәні мүлде жоқ еді. Оңтүстікке жиі келіп жүрген христиандар мұсылмандардың жанынан үй сатып алып, олармен бір көшеде көршілес тұрып жататын.

Ал киімге келер болсақ, мұсылмандар еуропалық сәнді тез қабылдап, христиандар сияқты киінетін болды. Епископтар бұған теріс көзқарас танытты, себебі мұсылмандарды христиандардан оңай ажыратып, соның арқасында «дінсізбен» аса қауіпті ықтимал жыныстық қатынасқа түспеу үшін мұсылмандардың сыртқы түрі басқаша болуы керек деп санады. Епископтардың хаттарында, мысалы, христиандық жезөкшелер өздерінің христиан клиенттерімен шатастырмас үшін сарациндер,iМұсылмандардың тағы бір атауы. лат. көпше түр Saraceni, т.б. — грекше Σαρακηνοί — «шығыс адамдары» ← арабша شرق‎, шарк شرق‎ — «шығыс», яғни шашын өзгеше мәнерде қырқуы немесе сақал өсіруі керек деген ұсыныс айтылды. Христиандардың ішінде мұсылмандардың сыртқы келбетінің епископтардан басқа ешкімді де мазаламағаны айта кетерлік жайт. Мұсылмандар мұндай жаңа талаптарға белсене қарсы шығып, жауап ретінде корольдерге шағым жазды, онда олардың әдетінде ешқашан шашын ерекше мәнерде қырқудың немесе сақал өсірудің болмағанын атап көрсетті.

Жеңіл жүрісті әйелдердің айтқандарына сүйенсек, сарациндердің шынында да сыртқы әлпетімен де, сөйлеген сөзімен де христиандардан айырмашылығы жоқ еді. Қалай болғанда да қалаларда әйтеуір осылай болатын. Әңгіме соншалық алыста қалған замандар туралы айтылған кезде, тарихта іс жүзінде өте сирек кездесетін әйелдердің осындай керемет байқауы испандық маврлардың келбетінің шын мәнінде мұсылмандық-еуропалық болғаны туралы маңызды мағлұмат береді. Шынында да олар өздерін бір жағынан діни тұрғыдан хақ мұсылмандар деп, ал екінші жағынан, аумақтық тұрғыдан — валенсиялықтар, мурсиялықтар, гранадалықтар деп қабылдады. Олар христиандық ақсүйекке қызметші ретінде вассалдық ант беретін және сөзіне адал болатын. Айта кету керек, шамасы, вассалдық антты олар араб тілінде айтқан және оған ескі кастиль немесе ескі каталан тілінде түсіндірме беріліп отырған болса керек.

Шахмат ойнап отырған христиан мен мавр. 13 ғасырға тиесілі Испан миниатюрасы / Wikimedia Commons

Шахмат ойнап отырған христиан мен мавр. 13 ғасырға тиесілі Испан миниатюрасы / Wikimedia Commons

Маврлар қай тілде жазды және сөйледі?

Жалпы алғанда, Пиреней түбегінде мұсылмандардың қандай тілді қолданғаны туралы мәселенің олардың ұлттық сәйкестігіне тікелей қатысы бар. Құран тілі болған дәстүрлі араб тілінің әмірлікте 8 ғасырда ресми және кітап тілі ретінде қабылданғанын, мемлекеттік қағаздардың, хаттар мен поэмалардың сол тілде жазылғанын, көшеде адамдардың сол тілде сөйлегенін айту керек. Бұл метрополиямен және сол жерден Испанияға келген адамдармен арадағы ортақ тіл болатын. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғылым бойынша білімді адамдарға трилингвизм тән болған деп саналады: әл-Андалустың мұсылмандары дәстүрлі араб тілінде, араб тілінің жергілікті диалектінде және романсе тілінде сөйлейтін.

Мұсылмандардың жанында жергілікті христиандардың да тұрғанын ескерсек, романсе тілінде сөйлеудің күнделікті және іскерлік қарым-қатынастағы маңызы зор болды. Романседегі терминдер мен сөз тіркестері дәстүрлі араб тілінен сөйлеу мәнерімен де ерекшеленетін диалектілік араб тіліне түсті. Кордованың солтүстігінде ғасырда өмір сүрген арабтың Бану Бали әулетінен шыққан адамдардың замандастарын таңғалдырғаны кездейсоқ емес: «олардың еркектері де, әйелдері де романсе тілінде (латын) мүлде сөйлемеді десе де болады, тек араб тілінде сөйлеген. Диалектілік араб тіліне келетін болсақ, 10 ғасырдың өзінде-ақ Шығыста андалустықтардың морфологиясы мен синтаксисіндегі оғаштау айтылу мәнері және кейбір өзгерістер байқалған. 12 ғасырға қарай мұсылмандардың барлығы екі тілде — жергілікті араб және романсе тілінде сөйлеген, романсе тілі қала тұрғындарымен және шаруалармен күнделікті қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылды.

Екі тілділік тіпті биік дәрежелі әдебиетке де ене бастады. Мысалы, 12 ғасырдағы белгілі андалус ақыны Ибн Кузман өзінің араб тіліндегі шығармаларында романсе лексикасын, тіпті метрика элементтерін де қолданған. Гранада әмірлігінде араб тіліне ислам діні мен мәдениетін сақтап қалудың құралы ретінде ерекше көңіл бөлінді. Энциклопедияшы, тарихшы әрі ақын Ибн әл-Хатиб гранадалықтардың «тазартылған» тілді қолданатынын атап айтқан. Романсе екінші санаттағы тіл болып санала бастады. Сонымен бір мезгілде араб тілі бұл жерде біртұтас болған жоқ: мысалы, Валенсия мен Гранадада адамдар түрлі диалектілерде сөйледі.

Валенсияны бағындырғаннан кейін христиандардың арнайы үлкен сөздік жасағаны, онда араб сөздерінің латын тілінде түсіндірмесі берілгені айта кететін жайт. Осындай елеулі еңбектің қысқа мерзімде жүзеге асырылуын ғалымның оған қызыққандығынан емес, жеңімпаздардың іс жүзіндегі мұқтаждықтарынан болған деп түсіндірген дұрыс.

Гранада корольдігі жойылуға жақындағанда христиандық көршілерінің саяси беделі өскен сайын адамдар көбінесе романсе тілінен алынған кірме сөздерді пайдалана бастады. Диалектілік сөз тіркестері дәстүрлі түрде классикалық араб тілінде жазылған поэзияға, отбасылық хат-хабарларға, нотариаттық кесімдерге, тіпті арнайы әдебиетке де ене бастады. Андалустық араб тілінің кейінгі осы нұсқасы 1505 жылы фра Педро де Алкалиоздың «Араб тілін жеңіл меңгеру өнері» атты баға жетпес еңбегінің арқасында жақсы танымал, оған араб-кастиль сөздігі қоса құрастырылған болатын.

Соңғы намазынан оқыған Мұхаммед. Әл-Бурунидің «Өткен буынның ескерткіштері» туындысындағы анонимді иллюстрация, 14 ғасырдағы Елхан қолжазбасының 17 ғасырда жасалған османдық көшірмесі / Alamy

Соңғы намазынан оқыған Мұхаммед. Әл-Бурунидің «Өткен буынның ескерткіштері» туындысындағы анонимді иллюстрация, 14 ғасырдағы Елхан қолжазбасының 17 ғасырда жасалған османдық көшірмесі / Alamy

Христиандық билеушілердің қол астында қалған мұсылмандар үшін араб тілі бұрынғысынша өздерінің сәйкестігінің маңызды факторы болды. Ол мұсылмандардың көпшілігінің ауызекі тілі ретінде өз ұстанымын сақтап қалды, алуан түрлі келісімшарттар, нотариаттық актілер, грамоталар жазу кезінде де пайдаланылды. Оның үстіне 15 ғасырдағы маврлардың көпшілігі Гранада тұрғындарынан өзгеше екі тілді болатын. Мұсылмандар, әсіресе, қала тұрғындары жергілікті роман тілдерінде еркін сөйлейтін. Сондықтан оларға христиандық корольге вассал ретінде оның ана тілінде ант беру қиындық тудырмас еді. Бірақ олар бұлай істеген жоқ, себебі ондай жағдайда оммаждың күші бола қоймас еді.

Барлық мәдениеттерде әдет-ғұрыптық және кәделік рәсімдер аса тұрақты болып келеді, басқаша айтқанда, олар өзгеріске аз ұшырайды. Шариғат Құранға және хадистерге (Мұхаммедтің өмірі мен айтқандары туралы аңыз-әңгімелер), яғни араб тілінде жазылған Құдай сөзі мен қасиетті мәтіндерге негізделетіндіктен, демек мұсылмандар Құдайдың ақиқаты мен әділеттігі туралы сөз болғанда дәл осы араб тілін қасиетті және бірден-бір рұқсат етілген тіл деп санайды. Құдай сөзін жеткізетін трактат немесе нотариаттық кесім, вассал ретінде айтылатын серт немесе сотта берілетін ант туралы мәселе қозғалғанда испандық мұсылмандар да дәл осылай ойлаған.

Орта ғасырларда мұсылмандар антты тек барлық ережелерді сақтай отырып, өздерінің салтымен, өз тілінде берген жағдайда ғана олардың антын христиандардың мойындағаны да айта кетерлік жайт. Олай болмаған жағдайда, егер рәсімнің бұзылуына жол берілсе, ешкім де құдайы құдыреттің жасырын қатысып отырғанына кепілдік бере алмайтын, ал киелі жораларды зайырлы келісімдерден ажырататын дәл осы болатын.

Сонымен қатар христиандар: король, оның ресми қызметшілері мен хатшылары араб тілін түсінбейтін. Монархтың немесе жергілікті ақсүйектің нөкерінің қатарында араб тілін, әсіресе, мұсылмандық ант пен оммажiiВассал антын беру рәсімінің французша атауы, оның барысында вассал өзінің екі алақанын әміршінің екі алақанына салып, сөздің тура мағынасында оның адамына айналған (homagium — латынша homo деген сөзден шыққан). формулаларын білетін адам свит бола қоймайтын. Бұл мәселені шешудің жолы өзінше бір екі тілділікті қолдану болды. Мұсылмандар арабша ант беретін де, содан кейін роман тіліндегі өзгеше сөйлеу мәнерінде өздерінің жаңа ғана не туралы ант бергендерін айтатын. Осындай екі тілді рәсім, мысалы, мұсылмандар да, христиандар да қатысқан қылмыстық істі тергеу кезінде таптырмас тәсіл болатын. Екі тарап пен судья өздерінің арасында біртұтас ортақ әділетті кеңістіктің болуына мүдделі еді.

Испан корольдіктерінде сарациндердің көп болғанымен және олардың әдетте екі тілде сөйлегенімен қатар, олар өздерінің христиан көршілерімен тіпті де тығыз араласатын. Оларға үйлерін жалға беретін, қызметші ретінде жалдайтын, өздері де қызметке жалданатын, өз дүкендерінде оларға тауар сататын, шеберханалар мен ұстаханалар ұстайтын, христиан саудагерлер мен кәсіпшілерден тауар сатып алатын, қажет болған жағдайда христиан шенеуніктерге жүгінетін және т.с.с. Мұсылмандар мен христиандардың ынтымақтасатын, кейде бәсекеге де түсетін күнделікті, жеке немесе іскерлік өмірінің барлық салаларын тізіп шығу қиын. Әдетте, мұндай ынтымақтастық өзара тиімді болатын. Дегенмен мұсылмандар мен христиандардың мүдделері бір-бірімен қарама-қайшылыққа түсіп, жеке қақтығыстар орын алатын, әлеуметтік шиеленіс те білініп қалатын, ал ондай шиеленіс үшін діни және этностық айырмашылықтардың ең құнарлы топырақ болатыны белгілі ғой.

Уд ойнаған мұсылмен мен христиан. 13 ғасырға тиесілі миниатюра / Photo by: Pictures From History/Universal Images Group via Getty Images

Уд ойнаған мұсылмен мен христиан. 13 ғасырға тиесілі миниатюра / Photo by: Pictures From History/Universal Images Group via Getty Images

Христиандар мен маврлар тавернаға қалай баратын?

Мұсылмандар мен христиандардың арасында жеке бас деңгейінде қақтығыс туындауы мүмкін физикалық және әлеуметтік жерлер таверналар еді. Оларды ұстайтын әрқашан да христиандар болатын, өйткені мұсылмандарға заң бойынша шарап сатуға тыйым салынатын. 15 ғасырға дейін мұсылмандар тіпті үй-жайларын шарап ішетін жерлерді ашқысы келгендерге жалға да бере алмады. Бірақ христиандардан шарап сатып алып, оны ішуге тыйым салынбайтын. Пиреней түбегінде мұсылмандар халифат заманынан бері шарап ішетін. Әртүрлі өңірлердегі мұсылмандардың арасында шарап ішу бірдей дәрежеде таралған жоқ, дегенмен жалпы алғанда қалаларда да, ауылдық жерлерде де олар шарап ішетін.

Көпшілік адамдардың арасында ислам діні ішімдік ішуге үзілді-кесілді тыйым салады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Алайда шындығында мұсылмандардың ішімдік ішуден толық бас тартуын талап ететін догмалық ұйғарым ешқашан да болған емес. Шариғатта худудқаiАдамгершілікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. жататын және қатаң жазаға тартуды талап ететін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде мас болып жүру (сукр) аталады, алайда Құранда да, Кітапта да бұл қылмыс үшін кесілетін белгілі бір нақты жаза жоқ. Мұсылмандық құқықтанушылар сукрды түрліше түсіндіретін және бұл мәселеде жергілікті әдет-ғұрыптардың маңызы әрдайым зор болатын.iGoldziher I Le dogme et le loi de l 'islam. P., 1920. Сюкияйнен Л. Р. Мұсылмандық құқық. Теория мен практика мәселелері. М., 1986. С. 189–190. Urresti M. F. La España expulsada. La herencia de Al-Andalus y Sefarad. Madrid, 2009. P. 248. Андалустың мұсылмандары шарап ішуден тартынған емес және Эльчеде орын алған оқиғалар көрсеткендей, қаланың христиандық бөлігінде ғана емес, мұсылмандардың мәхалласында да орналасқан таверналардан шарап сатып алуды әдетке айналдырған.

Эльче әрқашан корольге тиесілі жерлерге жататын ірі орталық болатын, оның халқының 80%-ы мұсылмандар еді. Сондықтан сарациндердің арасында шарап сату таверналардың жергілікті христиан қожайындарының, король қазынасының кірісінің маңызды бөлігі болатын. 1308 жылы король II Жауме сарациндерге христиан таверналарынан шарап сатып алуға ғана емес, сонымен қатар егер шарапхана сарациндер тұратын мәхалланың аумағында болса, оны сол жерде де ішуге де рұқсат берді. Қаланың христиандық бөлігінде орналасқан таверналардың қожайындарының бұдан шығын көргені анық, сондықтан олар корольге өздерінің құқықтарын мұсылман мәхаллаларындағы таверна иелерінің құқықтарымен теңестіруді өтініп хат жазды. Король олардың өтінішін орындады.

Арада 8 жыл өткенде Эльченің мұсылман қауымы корольге осы зиянды істі тоқтату туралы өтініш айтуға мәжбүр болды: мұсылмандар «кейбір сарациндер ұяттан мүлде жұрдай болып, христиандардың таверналарына кіреді, онда мас болғанша шарап ішеді де, христиандарға қарсы жанжал шығарып, оларға көп ұятсыз сөздер айтады» деп шағымданды. Мұсылмандардың «осының кесірінен осындай маскүнемдікке салынып көңіл көтеретін сарациндерге ғана емес, басқаларға да қарсы наразылық туындап, бүкіл қауымға үлкен нұқсан келтірілуі мүмкін» деп қорқуының негізі бар еді.

Сегіз жыл бойы христиандармен бірге мұсылмандардың шарап ішуі неліктен ешкімді абыржытқан жоқ, ал мына жерде корольдің өзінің араласуы қажет болып қалды? Корольдің құжатханасындағы қағаздардан іздеп көріп, суреттеліп отырған оқиғалардан он күн бұрын дәл сол Эльчеде орын алған жағымсыз жағдайды корольдің өз кеңесшілерімен талқылағанын байқауға болады. Діни сезім бойын кернеген кейбір бозбала христиандар қала тұрғындарын морерияға шабуыл жасап, тас-талқанын шығаруға шақырды. Әрине, мұндай көңіл күйдің сарациндерді қарсы әрекет жасауға құлшындырғаны анық, сөйтіп, таверналарда бұл тақырыпты екі тарап та қызу талқылап жатты. Бұл көңіл-күйлер Құдайға тіл тигізуден де алыс емес еді, ал ондай жайт ол кездері қылмыс болып саналатын. Көріп отырғанымыздай, бір саптыаяқ шарап ішіп отырып жасалатын күнделікті қарым-қатынас негізінен алғанда, уақыт өткізудің қалыптасқан әдеті болатын, бірақ жанжалға соқтыруы, тіпті арандатуы да мүмкін еді.

Эдвин Уикс. Мешіттің кірісінде. 1885 жыл / Alamy

Эдвин Уикс. Мешіттің кірісінде. 1885 жыл / Alamy

Дін

Христиан корольдіктерінде маврлар өздерінің әдет-ғұрыптарын, мереке күндері мен отбасылық дәстүрлерін ұстана отырып, үйреншікті өмірін жалғастырды. Мұсылмандар бұрынғыша Рамазан айында ораза ұстайтын, балалары Құран оқуды үйренетін, ал әйелдері тойға ұрпақтан ұрпаққа мұра болып өтетін әшекейлер мен жамылғыларды киетін.

Бірақ өмір өз түзетулерін енгізді. Ислам дінінің саяси үстемдігінен айырылуы шариғат нормаларына ғана емес, христиандардың заңдарына да бағына бастаған мұсылмандарға әсер етпей қойған жоқ. Оның үстіне, кейде бақытсыз сарациндер екі оттың ортасында, яғни өз Заңының талаптарының және патшаның жаңа жарлығының арасында қалып қоятын. 15 ғасырға дейін корольдер маврларға нұқсан келтіретін жарлықтарды өз қалауы бойынша және жеке басының сеніміне сәйкес сирек шығаратын. Керісінше, олар шіркеудің немесе ақсүйектердің талабына бағынғанымен де, өздерінің бодандары — сарациндер елден жаппай кете бастайды деп қисынды түрде қауіптенгендіктен, оларға келтірілген нұқсанды барынша азайтуға тырысқан.

Осындай күрделі жағдайдың ең жарқын мысалы ретінде намаз оқу үшін азан шақыруға қатысты қақтығыстарды келтіруге болар еді. Біздің есімізде сақталғандай, мұсылмандар діни сенім бостандығына және мінәжат оқу құқығына ие болған, олар мешіттерінің бәрін болмаса да, кейбірін сақтаған және күніне бес рет намаз оқыған, оның уақыты туралы мешіттің мұнарасынан азаншы жар салған. Бұл тәртіп 14 ғасырдың басына дейін Испанияда ешкімнің тарапынан ешқандай қарсылық тудырған жоқ-ты.

Осындай дәстүрлі стратегияларға қол сұққан күштер Пиреней түбегінен алыста орналасқан еді. 1311 жылы Вьенада Рим папасы V Клименттің тұсында шіркеулік Собор өтті, онда намаз оқуға шақыру және Аллаһ пен Мұхаммедтің есімін айқайлап жар салу христиан дінін қорлау, сондықтан оған өлім жазасымен тыйым салынуға тиіс деген ұйғарым шығарылды. Папа Клименттің 1312 жылы Кірес жорығының бастамашысы болғаны және тамплиерлерге88ТамплиерлерiiАлғашқы діни-рыцарьлық ордендердің бірі. Ресми атауы — Иерусалим ғибадатханасының Кедей рыцарьларының ордені. Бастапқыда мінәжат етуге баратын христиан тақуаларын қорғау үшін құрылған орден ірі феодалға айналды. Сонымен қатар орден қаржылық қызмет көрсетумен айналысты және оның бұл қызметін еуропалық монархтар да пайдаланды. 14 ғасырдың басында тамплиерлерге қарызы көп болған француз королі IV Сұлу Филипп Рим папасының қолдауымен орденге қарсы шықты. Қақтығыстың нәтижесінде орден талқандалып, оның магистрі Жак де Молені отқа өртеп жіберді. қарсы шайқасқа қатысқаны баршаға белгілі.

Испандық корольдер бұл шешімді іске асыруға асыққан жоқ, өйткені ол корольдіктің заңдарына және мұсылмандарға сыйға берілген артықшылықтарға қайшы келген еді. Алайда епископтар талап етуін қоймады да, корольдік биліктің бағынуына тура келді. Сөйтіп, Арагон королі II Жауме мешіт мұнараларынан Мұхаммедтің есімін айқайлап айтуға тыйым салған жарлық шығарды. Онсыз шахаданы жариялау мүмкін болмағандықтан, намазға шақыратын бүкіл азанға да тыйым салынды. Жарлықты бұзған адам рақымшылық жасауға ешқандай құқық алмастан, өлім жазасына кесілуге тиіс болды.

Жарлық корольдіктегі шенеуніктерге таратылды. Жарлықтан кейін жергілікті жерлерге корольдің атынан хат жолданып, онда ресми қызметкерлерге мұсылман қауымдарының өкілдерін әр ірі аймақтан немесе қаладан алты-алтыдан жинап, оларға азанға тыйым салудың папаның ұйғарымын орындау бойынша корольдік міндеттен туындаған мәжбүрлі шара екенін түсіндіру туралы өкім етілді.

Патша мұсылмандардан түзу ниеттестік, түсіністік таныту және тыйым салынғанды жасамау туралы астыртын уәде беруді өтінді. Мұсылман қауымы корольдік билікпен келісімге келді, бұл олардың елдегі жағдайын нығайтуға тиіс еді. Ертерек айту керек, корольдік билік одан кейін де бұл заңды нақты өмірге қатысы жоқ қажетті мағлұмдама ретінде қарастырды. Азан шақырғаны үшін өлім жазасына кесу туралы норма қолданылған жайттар белгісіз.

Алайда мұсылмандар бірін-бірі жоққа шығаратын екі норманы ұстануға міндетті болып шықты: мұсылмандар ретінде өздерінің діни жорасын орындау, ал христиандық корольдің бодандары ретінде жарлыққа бағыну: күніне бес рет жалпы намазға шақыру, сөйте тұра бірде бір рет жария түрде азанiНамазға шақыру-шақырмау. Бұл тығырықтан шығатын жол үрмелі аспаптардың көмегімен табылды. Азаншының дауысын қатты шығарып азан шақыруға және дұға оқуға құқығы болмағандықтан, ол мешіттің мұнарасына көтерілген кезде, намаздың барлық сөздерін өте ақырын дауыспен айтатын. Азаншы екі құлағын саусақтарымен ұстап, ерні дыбыссыз дерлік күбірлеген қалпында бетін Мекке жаққа беріп қақиып тұратын. Ал оның жанында тағы бір адам тұрып, араб кернейі нафирде ойнайтын. Сол нафирдің үні енді мұсылмандарға намаз оқитын уақытты жария ететін. Арагон королі IV Рәсімді Перенің пікірінше, нафирдің дыбысы құлаққа жағымсыз естілуі мүмкін емес еді.

Эдвин Лонг. Архиепископ Хименес шоқындырған мавритандықтар. 1873 жыл / Photo by: Universal History Archive/Universal Images Group via Getty Images

Эдвин Лонг. Архиепископ Хименес шоқындырған мавритандықтар. 1873 жыл / Photo by: Universal History Archive/Universal Images Group via Getty Images

Христиан билігі мен қоғам өздері де қаламастан мұсылмандардың діни өміріне мезгіл-мезгіл араласып тұрды. Мысалы, бүкіл 14 ғасыр бойы нобильдерiiяғни ақсүйектер. мұсылмандардың корольдіктен кетуге деген құқығын шектеуді талап етті, себебі табыстарын жоғалтқысы келген жоқ. Корольдер де сарациндердің ең болмағанда соғыс кезінде елден кетуіне тыйым салуға бейім еді. Мезгіл-мезгіл басылып шыққан тыйымдар мұсылмандардың артықшылықтарына қайшы келіп, тек еркін саудаға ғана емес, қажылыққа баруға да кедергі келтіретін.

Дегенмен бейбіт кезеңде мұсылмандар бұрынғысынша қажылыққа аттанатын және де бұл көп шығынды қажет етсе де, сирек жайт емес еді. Қажылыққа бару үшін маврлар корольдіктен сыртқа шығуға берілетін лицензиясы үшін ақша төлеуге, христиандық шенеуніктерге баж салығын төлеуге тиіс еді, оған қоса, бір-екі жыл сапарда жүргенде туыстарының, бала-шағасы және қызметшілерінің күнкөрісіне қаражат жинауы керек болатын. Меккеге, Мединаға, Бейрутқа, Киелі Жерге, Александрияға баратын. Өздерінің күнкөрісін қамтамасыз ету үшін жолшыбай сауда жасайтын, сондықтан әдетте өздерімен бірге ақшадан гөрі тауарды көбірек алатын.

Есесіне, 14 ғасырдың соңына дейін корольдіктің аумағындағы мұсылмандардың тақуалық қажылығына шек қойылған жоқ. Ал олар әлдеқайда жақын әрі арзан болғандықтан, Испанияның түкпір-түкпірінен және Солтүстік Африкадан келген көптеген мұсылмандар жергілікті маңызы бар шағын киелі орындарға қажылыққа баратын. Ислам дініндегі жергілікті киелі орындардың жергілікті халық үшін кейде елеулі маңызға ие болатыны соншалық, белгілі бір жағдайларда, әсіресе, «қажылыққа баруды елеулі кедергілер қиындатқан» кезде умра мен қажылыққа теңестірілуі мүмкін еді.

Әдетте, ислам әлемінде адам тірі кезінде-ақ тақуалыққа берілгенінің, игі істер мен ғажайып әрекеттер жасағанының, көрегендігінің және т.с.с. арқасында әулие деген атаққа ие болған. Ислам дінінде әулиелер қатарына жатқызудың ешқандай рәсімі қалыптаспаған, сондықтан еркекті немесе әйелді әулие деп тану үшін оларды Құдай қалаған деп сенуден басқа ештеңенің де керегі жоқ еді. Діни іліммен, ғылымдармен айналысу, сондай-ақ Заңды және Құдай сөзін терең білуді топшылайтын істі — қауымдағы сот төрелігін атқару, Тәңірге бойұсынуы және рухани көзқарасы болуы адамға айрықша бедел беретін. Ондай адамға кеңес алу, көмек сұрау, әділдік іздеу үшін баратын. Сопының бұл дүниедегі жолы аяқталғаннан кейін халық оның зиратына марқұмды жай ғана еске алатын немесе оның жеке басын білдіретін орын ретінде емес, тылсым күшке бөленген жер ретінде қабылдаған. Діндарлар әулиелердің зираттарына қажылыққа барған, сол жерде мінәжат еткен, құрбандыққа сый-тарту әкеліп және өтініштерін айтқан. Осы жерлер мұсылмандардың қол астында болған кездің өзінде-ақ кішігірім Атзенет мекенінде судья қызметін атқарған Ғалиб бен Хассан бен Ахмад бен Сид Буна осындай әулиенің ғұмырын кешкен адам ретінде қадір-қасиетке ие болған. Ол өзінің имандылығымен және сопылығымен белгілі болды да, Валенсияны христиандар жаулап алғаннан кейін дүниеден өтті.

Сарациндер Арагон корольдігінің барлық жерлерінен, Кастилиядан, Гранада мен Бербериядан жыл сайын көктемде бүкіл отбасымен, әйелдерімен және мүлкімен Атзенетке, мешіттің жанында орналасқан осы әулие кісінің мүрдесі жатқан жерге сапар шегетін және де олардың саны соншалықты көп болатын, олар түрлі жолдармен жүрді, ал еркектері қару асынатын, айтарлықтай үлкен топтарға бірігіп, тіпті кейде жергілікті биліктің алаңдаушылығын тудыратын. 15 ғасырдың басына дейін корольдік билік мұндай істердің жолын кеспей келді, керісінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, мешітке дұға оқуға және уәделі сый-тарту ұсынуға келген әр маврдан баж салығын алу туралы ұйғарым шығарды. Одан кейін де король Дін жақшысы I Мартиннің Атзенетке қажылық сапарға барудың жолын кесуге қанша тырысқанына қарамастан, имандылық орталығы бұл жерде сақталып қалды. Ол туралы жазбаларды 16 ғасырдың екінші жартысындағы II Филипп Габсбург заманындағы Инквизицияның материалдарынан да табуға болады.

Орта ғасырлардағы испан қаласын, әсіресе, кемежайы бар қаланы көзге елестетіңіз. Реконкистаның шайқастары әлдеқашан өтіп кеткен. Теңіз айлағынан, көне қабырғалардан, зілдей қақпалардан, өрнекті сарайлар мен ақ кірпішті көшелерден жоғары таңғы мұнарда қоңырау сыңғыры қалықтайды, ал оған араб кернейі нафир үні қосылады. Кемелердің жанында саудагерлер мен қажылыққа аттанушылардың ала-құла тобы: біреулері Рим мен Иерусалимге, басқалары Меккеге жол жүріп барады. Сауда алаңындағы кеңседе екі кәсіпкер қол алысып, әрқайсысы: «Құдайдың даңқы арта берсін!» – деп бірі кастиль тілінде, екіншісі араб тілінде дауыстайды. Кешке қарай, бәлкім, олар бір-бір саптыаяқ шарап алып, тавернада бірге отыратын да шығар.

Севильялық Алькарастың күмбез астындағы кеңістігі / Alamy

Севильялық Алькарастың күмбез астындағы кеңістігі / Alamy