МҰСЫЛМАН ЕУРОПА: СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ

Эпилог. Көркем дәуірдің соңы

МҰСЫЛМАН ЕУРОПА: СОҒЫС ПЕН БЕЙБІТШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ

Пере Оромиг. Валенсияда морисктерді кемеге артуы. 1612-1613 жж. / Alamy

Өзінің дәрістерінде ортағасырлық тарихшы Ирина Варьяш мұсылмандардың Испанияны шамамен 800 жыл бойы билеп, оны Орта ғасырларда Еуропаның ең дамыған және гүлденген аймақтарының біріне айналдырғаны туралы әңгімелейді. Курстың эпилогында Ирина Варьяш неге екі мәдениеттің үйлесімді өмір сүруі ақыр соңында беймүмкін болғанын анықтауға тырысады. 

1492 жылы Католиктердің Корольдері түбектегі исламның соңғы саяси орталығы Гранаданы алып, мұсылмандарды христиан дініне зорлық-зомбылықсыз көшіру саясатын жүргізе бастады. Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. 1502 жылы ПрагматикаiiЗаңнамалық актінің түрі (грек тілінде — іс, әрекет). қабылданды, оған сәйкес барлық мұсылман халқы шоқындыруға мәжбүр етілді немесе корольдіктен қуылды. Гранада корольдігінің мұсылмандары бүкіл отбасыларымен көптеп шоқынып жатты немесе елден кетіп қалды. Көп ұзамай олардың соңынан Валенсия, Мурсия, Арагон, Кастилия мұсылмандары да кетті, сөйтіп 1526 жылға қарай Испанияда мұсылмандар қалған жоқ, есесіне морисктердің: дінінен бас тартқандар немесе жаңа христиандар деп аталған адамдардың үлкен тобы пайда болды. Олардың саны шамамен 1 млн адам болатын.

20 жыл ішінде кезекті әлеуметтік метаморфоза орын алды: маврлардың біреулері Феске, басқалары Каирге, тағы біреулері Стамбулға кетіп жатты. Осман империясы испандық мұсылмандарға қонақжай есіктерін аямастан ашты. Қалғандардың тағдыры — Испанияның тарихындағы ерекше тарау. 1609 жылы II Филипп Габсбург морисктерді қуып жіберу туралы жарлық шығарды. Маврлардың ұрпақтары 7 жыл ішінде Испаниядан кетуге тиіс болды. Осы Жарлықтан ең көп зардап шеккен мекендер тұрғындарының 20–30%-ына дейін жоғалтқан Арагон мен Валенсия еді. Осы түбірінен саяси шешім 17 ғасырдың ортасынан бастап ұлы империяның құлдырай бастауының бір себебі болды. Испания экономикалық, саяси, идеялық дағдарысқа ұшырады.

Біз бәрі де экономикалық дағдарыспен ұштасқан саяси құлдыраудан басталады, ол мәдениеттің тоқырауына, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне, өмір сүру стандарттарының жоғалуына әкеліп соғады деп ойлауға әдеттенгенбіз. Алайда Еуропадағы Ислам тарихы бізге мүлде қарама-қарсы нәрсені үйретеді және мәдениеттің өз тәжірибесінің тар ауқымында шоғырлануының, мәдениеттің өзіне ғана тұйықталу процесінің, оның біржола орнатылған ақиқаттарға сәйкес бірыңғайландырылған бірізділікке жетуге ұмтылуының өркениеттік дағдарысқа жетелейтінін және тек соның салдарынан ғана саяси күйреуге ұшырататынын көрсетеді.

16 ғасырда және 17 ғасырдың бірінші жартысында Испания корольдігі Еуропада және Америка құрлығында қанат жайған құдыретті гегемон, ұлы отарлық держава болды, император V Карл Габсбург дәл тауып айтқандай, оның шегінде «күн ешқашан батпайтын». Сонымен қатар Испанияның жаңа, басқа, өзіне ұқсамайтын нәрселерге қызықпай, католиктік нұсқадағы христиандық монополияны ұзақ уақытқа сақтап қалуды көздейтін әлеуметтік және мәдени көкжиегі болатын. Испандар Америкадағы индейлерге өз тәртіптерін орнатып, өз мағыналарын таңатын. Испандар морисктерден нағыз католиктер шықпайды деп санады да, оларды қуып жіберді. Міне, шындығында саяси билік тарапынан құрылған еуропалық центризм осыдан басталады, қазір енді біз бәріміз, еуропалықтар да, Дар аль-ислам тұрғындары да оны бойымыздан кетіруге тырысудамыз.

Осыған ұқсас жағдай керемет Ислам мәдениетінің де басына түсті. Ол 13 ғасырда жаңа білімді меңгеруге деген ынтасын жоғалтып, кенеттен ақиқатты нығайтуды алдына мақсат етіп қойды да, «иштихат қақпасының», яғни дінтану мен құқықтық дереккөздерді пайымдау мен түсіндіру бостандығының жабылғаны туралы жариялады. Араларында біржола тағайындалған беделділер болмаған, оның орнына пікірлер плюрализмі және білім іздеу орын алған «зияткерлер республикасынан» әлеуметтік парадигманың ауысуы, арабтар, парсылар, сириялықтар құрған, өз болмысы жағынан әрқашан да осал келетін мәдениетке немқұрайлы қарайтын моңғолдардың пайда болуымен тұспа-тұс келді... Тарихи келешекте мәдениет көкжиегінің тарылуы мұсылман әлемінің құлдырауына, ал содан кейін Еуропа таңған стандарттарға бағынуына әкелді. Ал Еуропаның мұсылман әлемінен үйренгенін мүлде ұмытқаны соншалық, 21 ғасырда біз соның бәрін еске түсіруге аса мұқтажбыз.

Түптің түбінде әңгіме өз тарихымыздың 800 жылын, адамзаттың сегіз ғасырлық тәжірибесін, шығармашылығын, ой қозғалысын еске түсіру туралы болып отыр. Бұл көп пе, әлде аз ба? Егер ерте ме, кеш пе, кез келген өркениет бәрібір ақтық сәтіне жетіп, құрып кететін болса, оның жетістіктері, стандарттары, күш-жігері неге тұрады? Менің ойымша, дәл осылай тәжірибені сақтап қалу ата-бабаларымыздың 500 жыл бұрын атқарған жұмысын бүгін мән-мағынаға толтырады және өлместікке уәде береді, әрине, біздің әрқайсымыздың емес, бәріміз бірлесіп жасап жатқан игілік пен ұлылықтың өлместігіне.

Габриэль Рода. 1609 жылы мұсылмандардың Испаниядан қуылуы . 19 ғасыр / Wikimedia Commons

Габриэль Рода. 1609 жылы мұсылмандардың Испаниядан қуылуы . 19 ғасыр / Wikimedia Commons

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Леви-Провансаль Э., Арабская культура в Испании. М., 1967.

2. Крачковский И. Ю., Арабская культура в Испании. М.-Л., 1937.

3. Уотт У. М., Какия П., Мусульманская Испания. М., 1976.

4. Монтгомери Уотт У., Влияние Ислама на средневековую Европу. Разн.изд.

5. Варьяш И. И., Мусульманская Европа. Сигналы идентичности. СПб., 2020.

6. История Испании. 1 том. М., 2012.

7. Хинес Перес де Ита., Повесть о Сегри и Абенсеррахах. М., 1981.

8. Де Либера А., Средневековое мышление. М., 2004.

9. Вашингтон И., Легенды Альгамбры. М., 1979. Разн.изд.

10. Menocal M. R., The Ornament of the World: How Muslims, Jews and Christians created a Сulture of Tolerance in Medieval Spain. Boston, 2002.

11. Ибн Хазм., Ожерелье голубки. М., 1957.

12. Песнь о Сиде. Романсеро. М., 1976.