Мұстафа Шоқайды нацистер өлтіруі мүмкін

Тарихшы Гүлжаухар Көкебаева

~ 5 мин оқу
Мұстафа Шоқайды нацистер өлтіруі мүмкін

Мұстафа Шоқай / Alamy

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаухар Көкебаева Qalam-ға берген көлемді сұхбатында Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өмірі, кімдермен араласқаны, қандай қызмет атқарғаны, нацистік Германиямен қарым-қатынасы және Сырдария маңында дүниеге келген тұлғаның Берлиндегі жұмбақ өлімі туралы айтып берді.

Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өмірі

Мұстафа Шоқай алдымен Грузияда тұрды, одан соң Түркияға, кейін Францияға өтті. Францияға барған кезде алғашында жағдайы қиын болды. Жұмыс іздеді. Сол кезеңде жұбайы Мария (Горина) Шоқай қатты көмектескен. Ол естеліктерінде: «Аздаған ақшаны үнемдеуге тырысамын. Сол үшін төрт адамға түскі ас дайындап, «осындай жерде тамақ беремін» деп хабарлаймын. Арзан бағаға сатып, ақшаны екі еселеймін. Сөйтіп өмір сүрдік», – деп жазады.

Мұстафа Шоқай әйелі Мәрия Горинамен. 1919 жыл / Wikimedia Commons

Мұстафа Шоқай әйелі Мәрия Горинамен. 1919 жыл / Wikimedia Commons

Бұдан бөлек мигранттарға арнап концерт қояды екен. Мұстафаның өзі аударма жасап, түрлі іспен айналысқан. Кадет партиясының өкілі МилюковiПавел Милюков — орыс либерал саяси қайраткері. Мұстафа Шоқай оның «Последние новости» атты газетінде жұмыс істеген Мұстафа Шоқайды жұмысқа алғанға дейін жағдайы ауыр еді. Ал «Дни» газетінеiэсер бағытындағы орыс эмигранттарының басылымы, 1922–1925 жылдар аралығында Берлинде, 1925–1933 жылдары Парижде шығып тұрды қашан жұмысқа кіргені белгісіз.

Түркияда неге тұрақтап қалмады?

Бұл Мұстафа Шоқайға байланысты емес еді. Түркияда революция жүріп, билікке Мұстафа Кемал Ататүрік келді. Ол Кеңес Одағымен қарым-қатынасты жақсартуға тырысты. Өйткені көмек керек. Сәйкесінше КСРО-ға қарсы эмигранттардың белсенділігі, бір жерге шоғырлануы жергілікті билікке ұнамады. Сол кезде Осман Қожаiөзбек ағартушысы, тарихшы, зерттеуші, Орталық Азиядағы жәдидшілдіктің көшбасшыларының бірі секілді белгілі тұлғалардың көпшілігі Еуропаға кетіп қалды. Мұстафа Шоқай осы топта болды.

Солтүстік Кавказ және Дағыстан тау халықтары одағының саяси қайраткерлері:  1) Хайдар Баммат, 2) Мұстафа Шоқай, 3) Ахмет Цаликов, 4) полковник Шана, 5) Осман Саиднуров (Губе), 6) Исмайыл Абаев / Wikimedia Commons

Солтүстік Кавказ және Дағыстан тау халықтары одағының саяси қайраткерлері: 1) Хайдар Баммат, 2) Мұстафа Шоқай, 3) Ахмет Цаликов, 4) полковник Шана, 5) Осман Саиднуров (Губе), 6) Исмайыл Абаев / Wikimedia Commons

Кейін Ататүріктің орнына Мұстафа Инөнү келген соң бағыт өзгерді. Эмигранттардың елге келуіне, емін-еркін жүруіне рұқсат етілді. Бірақ Еуропаға барып тұрақтап қалғандар оралған жоқ.

Францияда кімдермен араласты?

Францияда Мұстафа Шоқай жәйдан-жәй жүрмеді. Түркияда «Түркістан ұлттық бірлестігі» деген ұйым құрылып, оны Осман Қожа, Ахмет-Зеке Уәлидиiбашқұрт қайраткері, ұлттық қозғалыс басшыларының бірі, түркітанушы, Мұстафа Шоқай үшеуі басқаратын болды. Шоқай соның Еуропадағы өкілі ретінде жұмыс істеді. Францияда осы ұйымға қатысты кездесулер өткізіп жүрді. Василий Шульгинменiсаяси қайраткер, Мемлекеттік думаның депутаты болған, Ақ қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі, Милюковпен жақсы араласты. Жалпы бұл ретте сыртқа кеткен демократиялық бағыттағы саясаткерлердің бәрі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғанын айта кету керек.

Зәки Уәлиди Тоған мен Ғалымжан Таған Будапештіде. 1919 жыл / Wikimedia Commons

Зәки Уәлиди Тоған мен Ғалымжан Таған Будапештіде. 1919 жыл / Wikimedia Commons

1926 жылы Парижде «Прометей» құрылған соң, оған Түркістан бірлестігінің өкілі ретінде Осман Қожа мен Мұстафа Шоқай кірді. «Прометейді» поляк үкіметі қаржыландырды. Осы ұйымның қатысуымен түрлі басылым жарық көрді. Мысалы, бастапқы кезде Түркияда шығып тұрған, бірақ латын қарпіне көшкен кезде қаржы жетпей Еуропаға көшірілген «Яш Түркістан» бар еді. Мұстафа Шоқай сол журналдың және Түркістан бірлестігінің мәселелерімен Еуропада жүрді.

Неміс дипломаттарының Шоқай туралы айтқаны

1941 жылы Германия мен КСРО арасында соғыс басталғанда Германияның Сыртқы істер министрлігі КСРО құрамындағы халықтардың сыртта жүрген өкілдері туралы материал жинай бастайды. Оған шығыстанушы дипломаттар да араласады. Бұған қатысты бірталай құжат бұл министрліктің саяси архивінде жатыр.

Уәли Каюм-хан — Түркістан азаттығы үшін күрескен ұлттық қозғалыстың президенті. Фәтәлибейлі Дуданги — әзірбайжан еріктілерінің басшысы, майор. Signal журналы, 1943 / Wikimedia Commons

Уәли Каюм-хан — Түркістан азаттығы үшін күрескен ұлттық қозғалыстың президенті. Фәтәлибейлі Дуданги — әзірбайжан еріктілерінің басшысы, майор. Signal журналы, 1943 / Wikimedia Commons

Сонда Герман рейхінің Түркиядағы елшісі Франц фон Папенге «Түркістан ұлттық бірлестігі деген қандай ұйым? Оған кімдер кіреді?» деген сұрау жіберілген. Оған фон Папен сипаттама беріп, бірлестік мүшелерінің есімін тізіп берген. Арасында Шоқай да бар. Осы секілді құжаттардың бірінде: «Ташкенттен. Қоқан автономиясының басшыларының бірі болды. Әйелі — орыс. Ассистенті ретінде қасында Уәли Каюм деген жас жігіт жүреді. Парижде тұрады. Мұнда Розенберг алғызды», – деп жазылған.

«Мен осы «алғызды» деген сөзге ерекше мән беремін. Өйткені қазір Шоқай немістерге өзі барды, фашистермен қызмет жасағысы келді деп айтып жатады. Тіпті Гитлермен кездескен деген аңыз да бар. Әрине, мұның бәрі — негізсіз сөз».

Шындығында 1941 жылдың 22 маусымында Рейхтің Париждегі әкімшілігі көптеген белгілі эмигрантты тұтқынға алды. Солардың арасында Шоқай да біраз уақытқа қамалған. Мария Шоқай естеліктерінде осы күндер жайлы: «Заттарыңды алып кел деп аз ғана уақытқа босатты. Осыдан соң екі адам оны Берлинге алып кетті», – дейді.

Шоқай Түркістан ұлттық комитетінде болған жоқ

Мұстафа Шоқай Түркістан ұлттық комитетінiНацистік Германия бастамасымен құрылған. Басты мақсаты — неміс әскери басшылығы мен вермахт құрамындағы Түркістан легионының арасындағы байланысты қамтамасыз ету болды басқарды, ол қайтыс болған соң басшылыққа Каюм келді деп жатады. Бұл шындыққа жанаспайды. Осман Қожа, Ахмет-Зеке Уәлиди, Мұстафа Шоқайлар құрған Түркістан ұлттық бірлестігі мен Түркістан ұлттық комитеті — екі бөлек ұйым. Бір-біріне мүлдем қатысы жоқ.

Аяз Ишақи, Саид Шамиль және Осман Қожа Варшавада. 1938 жыл / Wikimedia Commons

Аяз Ишақи, Саид Шамиль және Осман Қожа Варшавада. 1938 жыл / Wikimedia Commons

Алғашқысы немістер Парижді басып алған соң, яғни 1939-дан кейін тарап кетті. Себебі Польша жауланып алынған соң «Прометей» ұйымы жабылды. Ал екіншісі 1942 жылы құрылды. Ол кезде Мұстафа Шоқай қайтыс болып кеткен. Комитетті Каюм басқарды. Бұл ұйымның міндеті — Түркістан легионыныңiЕкінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германия тарапында шайқасқан құрылым. Оның құрамында түркі халықтары мен Орталық Азия республикаларының өкілдері болды қызметін реттеп, адам жіберіп отыру. Бір керемет жұмыс атқарды деп айта алмаймын. Газет-журнал шығарды, әдебиет, саясат, үгіт-насихат бөлімдері болды.

1 / 2

Жұмбақ өлім

Шоқайдың өліміне байланысты түрлі болжам бар. Өзіме екі болжам жақын. Біріншісі — сүзек. Бұл аурудың бөртпе сүзегі, іш сүзегі, қайталама сүзегі деген түрлері кезігеді. Жұбайы Мария Мұстафаның Түркістанда жүргенде сүзекпенiдұрыс емделмесе немесе ем аяқсыз қалса, сүзекті ауыр түрде қайта жұқтыру ықтимал ауырғанын айтқан болатын.

Түркі және Кавказ халықтарының Польшадағы саяси эмиграциясының басшылары. Отырғандар (солдан оңға): Магомет-Гирей Сунш, Джафер Сейдамет Кырымер, Ғаяз Исхаки, Мамед Эмин Расулзаде. Тұрғандар (солдан оңға): Мұстафа Шоқай, Мұстафа Векилли, Таусұлтан Шакман  / Wikimedia Commons

Түркі және Кавказ халықтарының Польшадағы саяси эмиграциясының басшылары. Отырғандар (солдан оңға): Магомет-Гирей Сунш, Джафер Сейдамет Кырымер, Ғаяз Исхаки, Мамед Эмин Расулзаде. Тұрғандар (солдан оңға): Мұстафа Шоқай, Мұстафа Векилли, Таусұлтан Шакман / Wikimedia Commons

«Шоқай оны концлагерь аралағанда жұқтырса, қайсысын жұқтырды? Бірімен ауырған адам екінші түріне шалдықса, аман қала ма, қалмай ма? Бәлкім, дұрыс емдемеген, тіпті емдегісі келген де жоқ шығар. Бұл нұсқаны жоққа шығара алмайсың».

Екіншісі — фашистер өлтіруі мүмкін. Өйткені беделі өте жоғары болғандықтан, оны саясаткерлер де, ғалымдар да танитын. Ал Легион құруға келіспегені бас ауруға айналады.

«Сондықтан құртып жіберуі ғажап емес. Ал Шоқайды аудармашы боп жанында жүрген, кейін сол Түркістан легионын басқарған Уәли Каюм өлтірді дегенмен келіспеймін».

Легионды құрып, оның қызметінде эмигранттарды пайдалануды жоспарлаған Рейхке кім керек? Өз ойы, көзқарасы бар тұлға емес, айтқанын орындайтын адам керек. Мәселен, татарларда Ғаяз Ысқақи деген өте белгілі, білімді, беделді қоғам қайраткері болды. Бірақ немістер Түркістан комитетіндегі қызметке оны емес, Шафи Алмас дегенді қойды.

Мұстафа Шоқай қайтыс болған соң қазанама жазуды Каюмға тапсырады. Ол бәрін әзірлеп, Германияның Сыртқы істер министрлігіне жібереді. Министрлік өкілі қазанама мәтініндегі мәліметтерді тексеріп, түсініктеме береді.

Сол түсініктемеде: «Қазанамада Шоқай Түркістан автономиясын басқарды дейді, шын мәнінде, ол кішкентай ғана Қоқан автономиясының басшысы болды. Сондай-ақ ол жетекшілік еткен Түркістан ұлттық бірлестігі деген ұйым бұл жақта ешкімге белгісіз. Шоқайды мұнда танымайды. Жазылғанның бәрі — әсірелеу», – деп жазылған.

Көрдіңіз бе? Бұл секілді құжаттар нацистік биліктің Мұстафа Шоқай туралы көзқарасының нашар болғанын, оны төмендетуге тырысқанын көрсетеді.

Берлиндегі Шехітлік мұсылман зиратындағы Мұстафа Шоқайдың құлпытасы / Wikimedia Commons

Берлиндегі Шехітлік мұсылман зиратындағы Мұстафа Шоқайдың құлпытасы / Wikimedia Commons

Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болды. Берлинде жерленген.

«Оның сүйегін елге қайтару дегенді өзім қолдамаймын. Құлпытастағы Мария Шоқайдың «Бұл жерде менің ұмытылмас жұбайым Мұстафа Шоқай жатыр» деген сөзін жұлып тастап, мұнда әкеліп қоюға қарсымын».

Бұл — Мұстафа Шоқай туралы Гүлжаухар Көкебаевамен болған сұхбаттың бір бөлігі ғана. Толық нұсқасын Qalam Tarih атты YouTube-арнамыздан қарай аласыз.