Бұл сұраққа XV ғасырдағы демонология және мыстандарды қудалау әдістері туралы «Мыстан балғасы» трактатының авторлары — Яков Шпренгер мен Генрих Инститорис жауап береді. Шпренгер мен Инститорис (шын тегі — Крамер) неміс инквизиторлары және Доминикандық монастырлық орденнің мүшелері болған. Трактаттың мазмұны түпнұсқа емес, бұрынғы осыған ұқсас туындылардың жинағы болды әрі нақты сот процестерінің тәжірибесіне негізделді. «Мыстан балғасы» баспасы кітап шығарудың бастау алу кезеңімен сәйкес келді, сондықтан бұл жұмыс үлкен таралыммен Еуропаға тарады.
Мыстандар дегеніміз кім?
Мыстандар — жынның көмегімен және онымен жасасқан келісімнің күшімен әрі құдайдың жол беруімен әртүрлі сиқыр жасауға қабілеттілер. Бұл олардың адамдарды әртүрлі иллюзия әрі сезіммен алдай алатынын жоққа шығармайды.
Мыстандар шынымен бар ма?
Кейбір адамдар шынымен сиқыр жоқ деп санайды және өз пікірлерін Қасиетті жазбалар мен Әулие Томас АквинаттыңiТомас Аквинат (1225-1274), ең беделді католик діни ойшылы. жазбаларының көмегімен дәлелдеуге тырысады, бірақ мұндай жазбалар жалған ілім болып саналады, себебі Қасиетті жазбаларда жындар мен шайтандар көктен түсірілген періштелер деп анық айтылған. Жындар мен шайтандар адамдардан қарағанда үлкен күшке ие, егер олар қаласа, адамдарды үйіріп әкете алады. Оның үстіне Левит кітабындаiЕскі Келісім кітабы. сиқыршылар және көзбояушылармен күресу керек деп жазылған. Мұның бәрі мыстандар мен сиқырдың бар екенін білдіреді.
Мыстанды қалай тануға болады?
Мыстанды тану — үлкен өнер. Мұнда ол туралы толық айтпаймыз. Бірақ мыстандарды әйелдердің арасынан іздеген жөн. Себебі «әйел» сөзі «иманы әлсіз»i«Сенімі аз»: Трактат әйелді жек көрушілікке толы. Мұнда Шпренгер мен Крамер «әйел» сөзіне қате этимология береді. Латын тілінде әйел - femina. Авторлар бұл сөзді «сенім» (fides) және «аз» (minus) сөздерінен құрастырады. деген мағынаны білдіреді. Бірақ кейде ер мыстандар да болады.
Инквизитор11ИнквизиторТура мағынасында бұл сұрайтын және анықтайтын адам (латын тілінен аударғанда inquirere «іздеу»). Инквизиция, яғни XIII ғасырда Рим папасы дінбұзарлықпен күресу үшін құрған арнайы шіркеу соты. Жаман атқа белгілі болғанына қарамастан, инквизиция қазіргі сот процесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды, оның ішінде куәгерлерден және айыпталушының өзінен жауап алу, сондай-ақ айыпталушыны қорғаушымен қамтамасыз ету. сотына кімдер тартылады?
Сиқыршылар, көріпкелдер, жәдігөйлер, өз заманында қабылданған қасиетті сенімнен бас тартқандардың бәрі инквизитор мен епископтың сотына тартылады. Сондай-ақ бұл қатарға күпірлік еткендер, шайтандарды шақырушылар, бір жылдан астам уақыт бойы діннен шыққандар да жатады.
Процесті қалай бастау керек?
Процесті үш жолмен бастауға болады. Біреу қазының алдында әлдекімді сиқырмен айналысты деп айыптаса, біреу сиқыршының немесе дінбұзардың бар екенін хабарласа немесе бір қалада яки ауылда мыстандар тұрады деген сыбыс инквизиторлардың құлағына жетсе, процесті бастауға болады. Қазы процесті куәгерлерді шақырып, шіркеудің есігіне хабарландыру іліп, бастайды. Хабарландыруда католиктік сенімнің тазалығын сақтауға, сиқыршылар немесе дінбұзарлар туралы дерек білетіннің бәрін сотқа келіп, куәлік беруге шақыру керек. Мұндай ақпаратты жасырудың артында ауыр жауапкершілік тұрғанын ескерту қажет. Оның жазасы — шіркеуден қуылу.
Қанша куәгер болуы керек?
Заң бойынша екі куәгер жеткілікті. Дегенмен сотқа қанша куәгер керек, сонша адамнан жауап алуды ұсынамыз, себебі сиқырда айыптау — ең ауыр айыптаулардың бірі болып саналады. Қала берді куәгерлер өзінің жеке зұлым ойы мен кикілжінінің салдарынан айып тағуы мүмкін.
Кім куә бола алады? Шіркеуден қуылғандар мен жалған
куәгерлер куәлік бере ала ма?
Қуылғандар, сиқыр қылмысына қатысқандар, құқығынан айрылғандар, қылмыскерлер, өз иелеріне қарсы крепостнойлар барлық діни процестерде куәлік бере алады. Дінбұзарлар — дінбұзарларға қарсы, мыстандар — мыстандарға қарсы куәлік бере алады. Сондай-ақ жұбайы, ұлдары, үй шаруалығына жауаптылар да куәлік беру мүмкіндігіне ие. Мұндай адамдар сотқа көмектескісі келсе, өз күнәларын жуып-шаюға ниетті дегенді білдіреді.
Әрі қарай не болады?
Куәгерлер мен айыптаушыларды тергеу керек. Бірнеше рет сұраған дұрыс. Ант беруге міндетті түрде куәгер мен айыпталушыны алып келу керек. Куәгер мен айыптының танысуы, айыпталушының отбасылық тарихы, айыпталушының беделі және т.б. деректердің бәрі қазыны қызықтыруы тиіс. Осының бәріне қарамастан, хаттама жүргізіледі. Қажет болған жағдайда айыпталушының үйіне тінту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ сот процесінде айыпталушыны қамауға алу керек.
Сиқыр жасауда айыпталған адамға қорғаушы керек пе?
Иә, керек. Қорғаушы өз жұмысына ақы алады. Бірақ айыптаудың бәрі шындыққа жанасатынын түсінсе, процестен бас тартуына болады. Мұндай жағдайда ол ақшаны сиқыршыға қайтып береді. Әдетте адвокаттар куәгер мен айыпталушының арасында өрескел кикілжің бар екенін дәлелдеуге тырысады. Егер мұндай дұшпандық анықталса, куәгер сотқа шақырылмайды. Дегенмен сиқыршылар мен дінбұзарлар куәгерлерді өздерінің ата жауы деп, жазадан сытылып шығуға тырысады. Сот төрағасының мұны есте сақтағаны абзал.
Мыстандарға қандай жаза қолданылады?
Барлық жаза айыпталушының жасаған қылмыстары мен соттың оның кінәлі екеніне сенімді болуына байланысты.
Әйелдердің қасиеті — көзінің жасын көл қылып, тоқыма тоқып, алдап-арбау
Кінәлі екеніне күдік күшейсе, күпірлік немесе сиқырмен айналысуға қатысты жанама дәлелдер болса, күдік күшейе түседі. Бұл жерде де күдікті жұрт алдында күпірліктен бас тартуы керек. Сонымен қатар, сот төрағасы жоғарыда аталғандардан айтарлықтай ерекшеленбейтін жазалар тағайындай алады.
Күпірлік немесе сиқырмен айналысуға қатысты күдік шынына жеткенде күдіктінің әдетте сиқырға ұқсайтын тірліктермен айналысқаны анықталады. Мысалы, айтылған сөзден кейін біреуді дуалап тастауы. Егер күдікті күпірліктен бас тартса, өмір бойы бас бостандығынан айрылады. Немесе мұндай адамды киімнің үстінен қорғасын түстес монахтарға арналған бас киімсіз скапулирiМонастырлық киімдердің элементі, бастапқыда ауылшаруашылық жұмыстарына арналған алжапқыш. киюге міндеттей алады, оның артына және алдына ұзындығы жағынан үш, ал ені жағынан екі алақан көлеміндегі сары материалдан жасалған крестер бекітіледі. Күпірлік үшін айыпталған жанның мұндай скапулирді қанша уақыт кию керегін сот төрағасы шешеді. Қайтадан күпірлігін бастаса, мұндай адамды отқа жағады. Егер айыпталушы қарсылық танытып, мойындамаса, онда темірторға қамалып, азапталады.
Мыстан қандай жағдайда отқа жағылады?
Өз қылмысын мойындаған жағдайда ғана. Рухы әлсіздер немесе жынға әлі толық берілмегендер қылмысын тез мойындайды. Оларды жын сот кезінде қолдамайды. Бірақ оған арқа сүйейтіндер де бар. Ондайларды азаптау керек.
Азаптау қалай жүруі керек?
Процестің өн бойы сияқты азаптау да нотариус толтыратын хаттама арқылы жүргізіледі. Қылмыстың ауырлығына қарай азаптау жеңіл немесе ауыр болуы мүмкін. Азаптау кезінде кейбір мыстандарды жын иемденгісі келіп, оған өзіне қол жұмсауға шақыратынын есте сақтау керек. Сондықтан азаптау кезінде күзетшілер болғаны жөн.
Азаптау кезінде мыстан өзін қалай ұстайды?
Егер әйел азаптау кезінде жыламаса, ол бірден мыстан деп танылады. Кейбір мыстандар соттан айласын асырып, жылап тұрғанын білдіру үшін көзін сілекейімен сүртуге тырысады. Бірақ Жаратқан Иенің жолы анықсыз. Жылау, мүләйімсу, алдау әйелдерге тән. Сондықтан азаптау кезінде мыстан да жылауы мүмкін. Кейбір мыстандардың рухының күшті болғаны сондай, азаптау кезінде ұзақ уақыт өз кінәсін мойындамайды.
Өзіңді сиқырдан қалай қорғауға болады?
Судья және сотқа қатысушылар Қасиетті Жексенбіде қастерлі саналатын тұз, қасиетті шөптер мен балауызды мойнына тағуға тиіс. Өйткені, мыстан жанасып қана қоймай, жаман көзімен де, сөзімен де дуалай алады. Сонымен қатар мыстанның денесіндегі шаш пен түктің бәрін қырып тастау керек, себебі мыстандар кейде шашына бойтұмарларын ырымдап сақтап қояды. Бір мыстанның өртенген әрі шоқынбаған ұл баланың күлін өзімен тасып жүргені баршаға белгілі. Сондықтан сиқыр жасады деп айыпталған адамды тінту керек.
Азаптау қалай жүреді?
Азаптаудың әртүрлі түрі бар. Бірақ ең көп таралғаны — кергішті пайдалану. Мыстанды кергішке керіп, жерден көтергеннен кейін оған куәгерлердің айғақтары оқылады. Сондай-ақ қызған темірмен азаптауға да болады. Мыстандар бұл азаптауға бірден келіседі, себебі жынның оларды күйіп қалудан сақтайтынын біледі. Мұндай жағдайда азаптау22СынақтарНемесе ордалиялар — ерте Орта ғасырлардағы Батыс Еуропада қабылданған және негізінен 14 ғасырға дейін өмір сүрген сот дәлелдемелерінің жүйесі. Ордалиялардың немесе құдай үкімінің мәні бойынша, егер айыптар жалған болса, күдікті сынақтан өтеді. Мысалы, ыстық темірдің күйігі үш күнде кетеді. Немесе сынақтан өтуші қайнаған суды іше алады. Жауынгерлік сынақтар да болды. Олар да Мыстан балғасы кітабында айтылады. Мыстан балғасының авторлары сынақтарға теріс көзқараспен қарайды және олардың жалпы ұсынысы - оларды қолданбау. жүргізілмейді.
Мойындағаннан кейін не болады?
Егер мыстан қылмысын мойындаса, өлім жазасын орындау үшін оны зайырлы сотқа беру керек. Бірақ сот жоғарыда аталған жазаның бәрін қолдана алады. Үкім әрқашан ашық жарияланады. Кейде сиқыршы мен олардың қорғаушылары аппеляцияның көмегімен процесті созуға тырысады. Мұндай жағдайда сот аппеляцияның негізсіздігін дәлелдеуге міндетті.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Крамер Генрих, Шпренгер Яков. Молот ведьм / пер. с лат. М.А. Гуреева, предисл. С.М. Лозинского. Москва, 2017.
2. Тогоева О. И. Реальность или иллюзия? Теория и практика ранних ведовских процессов в Западной Европе (XIII–XV вв.). In Umbra: Демонология как семиотическая система. Вып. 2. М., 2013.
3. Тогоева О. И. Истинная правда. Языки средневекового правосудия. М., 2006.