ҒАСЫРЛАРДЫ ЕҢСЕРГЕН ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАРЫ

Ертедегі адамдардың сезімін жеткізген жазбалар, граффити мен хаттар

ҒАСЫРЛАРДЫ ЕҢСЕРГЕН ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАРЫ

Антонио Канова. Венера және Адонис. 1794 жыл / Aurelio Candido / Flickr

Махаббат хаттары бүкіл адамзат тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Дүниежүзінде атап өтілетін Әулие Валентин күнінде Qalam редакциясы да Ежелгі Новгородтан тартып, Осман империясына дейінгі бізге жеткен бірнеше ғашықтық хаттарын оқырмандарға ұсынады.

Қайың қабығына жазылған махаббат жазбалары (12-13 ғғ.)

Ортағасырлық Новгород әлемге сол дәуірдегі адамдардың жеке өмірінің бірегей куәлігі қайың қабығына жазылған жазбаларды қалдырған. Осы күнге дейін 1000-нан аса хат табылған. Олардың арасында ғашықтық хаттары да бар:

1. Мен саған үш рет (жолдауымды) жібердім. Осы аптада келмегеніңе қарағанда, менде қандай өшің бар екен? Сені бауырымдай көрдім ғой! Әлде саған (жолдауымды) жібергенім үшін сені ренжітіп алдым ба? Соған қарағанда, сен бұны ұнатпайсың. Ұнатсаң, амалын тауып, келетін едің: ... енді басқа бір жерде. Жауабыңды жазшы ... ‘сенен бас тартқанымды қалайсың ба? Егер мен сені ақылсыздығымнан ренжітіп алсам да, мені мазақ қыла бастасаң, онда төрешің Құдай һәм менің жарамсыздығым’ (12 ғасырдың басы).

2. Микитадан Аннаға. Маған (тұрмысқа) шық. Мен сені, ал сен мені қалайсың. Оған Игнат куә (болады)… (13 ғасырдың соңы).

Махаббат хаты 1100‒1120 (артқа жылжыған болу мүмкін). Великий Новгород, Новгород мемлекеттік біріккен мұражай-қорығы/gramoty.ru

Махаббат хаты 1100‒1120 (артқа жылжыған болу мүмкін). Великий Новгород, Новгород мемлекеттік біріккен мұражай-қорығы/gramoty.ru

15 ғасырдағы ағылшын абақтысынан жеткен Валентин хаты

Француз тұтқыны, Орлеан герцогы Азенкур (1415 жыл) шайқасында тұтқынға түсіп, Лондон Тауэрына қамалғаннан кейін әйеліне былай деп хат жазған:

Махаббат дертіне шалықтым, менің нәзік ВалентинамiТүпнұсқа: Je suis desja d'amour tanné ma tres doulce Valentinée

Орлеан герцогы Тауэерде отырып, сүйіктісіне хат жазуда. Ағылшын миниатюрасы. 16 ғасырдың басы/British Library

Орлеан герцогы Тауэерде отырып, сүйіктісіне хат жазуда. Ағылшын миниатюрасы. 16 ғасырдың басы/British Library

Құрбылардың болашақ күйеуді сөз қылуы (11-12 ғғ.)

Киев Софиясының қабырғасында көптеген граффити сақталған. Арасында құпиясы ашылмағаны бар, бірақ ол анық махаббатқа арналған:

«Ешкі жын-шайтанмен қошқарға күйеуге тиcем бе деп кеңеседі».

Ешкі мен қошқарды жын қатысуымен үйлендіру туралы жазба. Киев София соборының қабырғасы. 1280-1320 жж./epigraphica.ru

Ешкі мен қошқарды жын қатысуымен үйлендіру туралы жазба. Киев София соборының қабырғасы. 1280-1320 жж./epigraphica.ru

Ханым туралы армандар (12 ғасыр)

Басқа Софияда, Новгородта, шіркеуге келушілер де махаббат жайында жазатын. Мысалы, новгородтық сұлудың сүйіспеншілігін армандайтын жігіт:

«Ұялшақ, сұлу, жаныма ыстық … ханым»

Фреска сылағының бөлшектері. "Ұялшақ ханымға" арналған махаббат туралы жазба. Әулие София соборы, Великий Новгород, Ресей. 1144 жыл/epigraphica.ru

Фреска сылағының бөлшектері. "Ұялшақ ханымға" арналған махаббат туралы жазба. Әулие София соборы, Великий Новгород, Ресей. 1144 жыл/epigraphica.ru

Гаремнің хаттары (16 ғасыр)

Роксолона немесе Хюррем хас сұлудың алдында ұлы Сүлеймен сұлтанның өзі де әлсіз еді.

«Өтінемін, сағыныш жарақаты мен азабынан қайғыға батқан үмітсіз қызметшіңіздің болмашы жанталасын қабыл алыңыз. ... Егер самал лебі менің жарақатымды сізге жеткізсе, қызметшіңіздің бұлбұлдай жылап, сарнап жатқанын түсінерсіз. Сізге көз жасым сіңген киімімді жіберіп отырмын. Киіңіз де, мені еске алып тұрыңыз.

Мен тәңірдің жаратқан дүниесіндегі жоғалған пендемін. Ғұмырымның көктемін асыл тастар қобдишасындағы меруерттей сіздің қорғауыңызда сүрдім. Өтінемін, сағыныш жарақаты мен азабынан қайғыға батқан үмітсіз қызметшіңіздің болмашы жанталасын қабыл алыңыз. Тек сіздің қасыңызда ғана жан тыныштығын табамын.

Егер самал лебі менің жарақатымды сізге жеткізсе, қызметшіңіздің бұлбұлдай жылап, сарнап жатқанын түсінерсіз. Сізден жырақта, маған шипа жоқ, күш-қуатым әлсірейді. Жан жарамды емдеуге ешкімнің қабілеті жетпес. Егер сіз мұңға толы жанымды көргенде, лезде менің науқас екендігімді және сынған қамыс сыбызғысындай айырылу азабынан ұлып жатқанымды түсінер едіңіз.

Сіздің байғұс та жексұрын кәнизагіңіз»

Антон Хикель. Роксолана мен Сұлтан. 1780 жыл/Wikimedia Commons

Антон Хикель. Роксолана мен Сұлтан. 1780 жыл/Wikimedia Commons

Жанартау ауызындағы махаббат (б.д. 1 ғасыр)

Помпей тек лава мен күл астында қалғанымен ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар сол жерде қалдырған қабырғадағы жазулардың көптігімен де танымал. Негізгі тақырыптар: саясат және махаббат, кейде жауапсыз қалғаны да бар:

«Біздің бақытымызды кешіктіріп, үмітімізді желге ұшырып, үнемі «ертең» деп айтасың? Мені өлтіргенің абзал, сенсіз өмірі құрысын бұндай. Сенің маған деген сыйың осы болсын».

«Марцеллус Пренестинаны жақсы көреді, ал оның Марцеллуста шаруасы жоқ».

«Флороний, 7-легионның пұрсатты жауынгері осында болған, алайда әйелдер оның тәніне қарық болмаған, арасында ғана болмаса, нақты айтқанда алтауы ғана».

Помпеи көрінісі. 1864 жыл/Alamy

Помпеи көрінісі. 1864 жыл/Alamy

Ежелгі Мысырдың жаралы жүрегі (б.д. 2 ғасыр)

Мысырлықтардың бақилықтың ғана қамын жемегенін көрсететін сирек дәлелдер:

«Сереннен сәлем саған әпкем және ханымым Исидора. Ең әуелі, сенің саулығың үшін дұға оқып, күнімен, түнімен сені сүйетін Таурет құдай анаға мінажат етемін. Мені тастап кеткен кезден бастап, түнде жылап, күндіз қайғырып, аза тұтып тұрғаным жайлы білуіңді қалаймын.

Фаофи айының 12 жұлдызында бірге шомылғаннан бері, атир айының 12-не дейін жуынбадым және май жақпадым.

Сен маған тасты да шайқалтатын хаттарды жібердің, сенің сөздерің маған соншалықты әсер тигізді. Сол сағатта-ақ саған жауабымды жазып, 12-і күні хаттарыңмен бірге беріп жібердім.

«Колоб мені жезөкше қылды» деп жазған хаттарыңнан бөлек, шабарманың маған ауызша мынаны айтты: «Қатының алқаны оның өзі сатып, мені кемеге өзі салғанын айтуға жіберіпті».

Сен мұның бәрін олар маған кемеге мінуге қатысты сенбеуі үшін айтып отырсың. Қарашы, мен сені қанша рет шақырдым. Келесің бе, келмейсің бе, маған хабарла».

Артқы жағында: «Хатты Исидораға беріңіз, Сереннен».

Ежелгі Мысырдағы ерлі-зайыптылар. Шамамен б.д.д. 2400 жыл/Wikimedia Commons

Ежелгі Мысырдағы ерлі-зайыптылар. Шамамен б.д.д. 2400 жыл/Wikimedia Commons

Махаббат шифры

Солтүстік Сібірде тұратын жоғалып бара жатқан юкагир халқы ерекше идеографиялық хаттар жазды. Осындай бірнеше хатты 20 ғасырдың басындағы этнографтар сақтап қалды.

Густав Крамер, «Глобус» журналы. Юкагирлердің махаббат хаты. 1896 жыл/ашық дереккөзден алынған

Густав Крамер, «Глобус» журналы. Юкагирлердің махаббат хаты. 1896 жыл/ашық дереккөзден алынған

Міне, қыздың махаббат хатының болжамды мағынасы:

«Сен алысқа кетіп, басқа біреумен тұрасың, балаларың бар, бірақ та мен әлі де сені ұмыта алмай, қайғырып жүрмін. Махаббатымыз үзілсе де, мен сүйе алмайтын кісіні әзірше қабылдай алмаймын».

Махаббат туралы әртүрлі тәсілдермен, ең бастысы, әртүрлі формамен жазуға болатынын көрдіңіз бе?