Тарихшы-медиевист Олег Воскобойниковтың дәрістері орта ғасырлардағы адамдардың дүниетанымы, махаббат пен отбасы, еркектер жайлаған әлемдегі әйелдердің орны, көбіне соғыстан зардап шегетін күнделікті күйбең тірлік, орта ғасырдағы еуропалықтар кімді бөтен санағаны туралы баяндайды. Төртінші дәрісте Олег Воскобойников ортағасырлардағы қоғам мен Еуропаның қазіргі картасының қалыптасуына соғыстың қалай әсер еткені туралы айтады.
Мысырлықтар, парсылар, гректер өте агрессивті еді, Рим де дәл солай. Халықтардың ұлы қоныс аударуы, осынау вандал, готтар мен ғұндар мәні бойынша өте агрессивті тарихтың жаңа кезеңі ғана болды. Варвар тайпалардың жауынгерлігі құлдырау дәуіріндегі римдіктердің жалпы әңгімесіне айналды, өйткені ол кезде олардың өздерінің жауынгерлігі әлдеқашан тарихқа айналып, күнкөріс минимумы болды. Тациттің1
Жаңа ономастикаға көз жүгіртейік, қазіргі заманғы Еуропа римдіктер мен гректерден емес, ежелгі германдықтардан мұра етіп қабылдаған есімдер: Ришар/Ричард (Rik-hard, құдыретті және батыл), Вильгельм/Гильом (Wile-helm, ерік және дулыға), Жерар/Герхард (Ger-hard, күшті найза), Матильда (Macht-hildis, соғыста күшті), Клотильда (Chlote-hildis, даңқты шайқас), Людовик/Льюис (Chlodo-wed, даңқты ұрыс), Герберт (Chari-bercht, соғыста жарқыраған). Латын тілі тез арада жабайы әскери лексикаға толып кетті, бұл таңғаларлық жағдай емес. Ағылшын тіліндегі war, француз тіліндегі guerre, итальян және испан тіліндегі guerra бәрі франктердің «werra» — «араздық», «төбелес» деген сөзінен бастау алғанын еске түсіру жеткілікті.
Өкінішке орай, соғыс барлық деңгейдегі ішкі және сыртқы жанжалды шешудің дәстүрлі тәсілі еді және қазір де сондай. Ортағасырлық спецификаны қарастырып көруге тырысайық. Ұрыс мен соғыс тарихына мұқият қарайтын болсақ, егер 10–11 ғасырларда сеньорлар мен олардың дружиналары қандай да бір көзге көрінетін бақылаусыз күш сынасса, кейіннен бұл хаосқа алдымен Шіркеу, одан кейін феодалдық әлемнің өзі және ең ақырында король қарсы тұратын болды.
Орта ғасырдағы әскер қандай еді?
Парадокс мынада: ортағасырдағы халықтың басым көпшілігінің ең болмағанда формалды түрде қаруы болмаған. Әлеуметтік функция ретінде соғысу «құзыреті» саны аз ақсүйектерге ғана тиесілі болды, қарулану және әскери өнерді меңгеру — жай ғана міндет емес, сонымен бірге қымбатқа түсетін міндет. Адамдар саны аз қарулы жауынгерлер, milites және саны көп, қарусыз, демек қорғансыз шаруалар, rustici болып бөлінеді. Мәртебесіне орай қару ұстауға рұқсаты бар аз ғана адамдар көкпен қарым-қатынастан басқасының бәрін шешеді, бірақ оған да тікелей әсер етеді, өйткені клирi
Мұның бәрі бізге үйреншікті кәсіби армияларға емес, одан да жеке әскери компанияларға (ЖӘК) ұқсайды. Дегенмен Орта ғасырдың соңы, әсіресе Жүз жылдық соғыс2
Соғысты мемлекетке байланыстыру этика деңгейінде де, құқық деңгейінде де ең болмағанда Ескі тәртіп4
Ортағасырлық ақындар жауынгерлердің әскери ерліктерін жырлағанда, егер ұлы эпостарды еске алсақ, олардың кейде данышпандық шығармашылығындағы көп нәрсе ғылымның емес, қиялдың, тарихтың емес, миф жасаудың жемісі. Шамамен, бүгінгідей. Бірақ мыңдаған беттен тұратын ортағасырлық хроникаларды, хаттарды, жаңағы эпосты немесе рыцарьлық романды ерінбей оқысаңыз, көрініс күрделене түседі. 13 ғасырға дейінгі хроникалардың барлығын дерлік монахтар жазған, бірақ олардан да жемшөп жеткізу мен қаржыландырудан бастап бекіністі қоршау қаруын жасауға дейін әскери іс-қимылды ұйымдастырудың күнде қайталанып жасалған жұмысының дәлелдерін табамыз. Бұл жазбаша айғақтардың артында әрең байқалатын ауызша дәстүр жатыр. Онда, бір жағынан, римдіктердің әскери әдет-ғұрыптары және екінші жағынан, жалпы легиондардың күш-қуаты мен соғыс дағдысына қарсы қоятыны шамалы болған германдықтардың әскери әдет-ғұрыптары сақталған. Жаңа дәуірдегі соғыстарды картаға қарап зерттей аламыз, ал Орта ғасырлардан мұндай ештеңе жеткен жоқ: бәлкім, шабуылды жоспарлай отырып портуландар немесе тәуап ету итинерарияларынi
19–20 ғасырлардағы өнеркәсіптік серпіліс сырт айналып өткен қандай да бір аймаққа бүгінгі күні барғанда, көп жағдайда өзінің күрделілігімен таңғалдыратын қорғаныс ғимараттарының нағыз жүйесін көреміз. Орта ғасырлардағы Батыста не Ұлы Қытай қорғанына, не жүздеген мильге созылып жатқан Рим лимесінеi
Үздіксіз шегаралық бекіністер желісін салып, қалыпта ұстауға ірі мемлекеттің ғана шамасы келетін. Сондықтан Орта ғасырларда созылып жатқан фортификациялар аз болған: 8 ғасырда Мерсия короліi
Әскер өтетін жолдардың бойында үлкендігі әртүрлі қамалдар тізіліп тұрды. Ешбір жаулап алушы тылда жаудың тіпті шағын отрядының қалғанын қаламайтын еді, сондықтан егер мұндай қамал тойтарыс беруге дайын болса және соғыспай берілмесе, ол мұндай әр бекіністің қасында тоқтауға мәжбүр болды. Орта ғасырдың бертінгі кезеңінде Падан жазығынан Мон-Бланға және асуларға апаратын Аоста өзенінің тар аңғарында мықты бекітілген шағын қамалдар желісі пайда болды, олардың кейбіреулері төменде тұрса, басқалары жартастарда сыйысып тұрды. Тау сілемінде орналасқан мұндай «бүркіттің ұялары» итальян тілінде «рокка» немесе француз тілінде «рош», яғни «жартас» деп аталды. Көптеген өзге жерлерде де тас қамалдар 10 ғасырдан бастап стратегиялық маңызды аймақтарда, сондай-ақ тұтас тарихи аймақтарда, мысалы, Кастилияда Испанияның христиандық солтүстігі мен исламдық оңтүстігі арасындағы шегарада жатқан «қамалдар елінде» пейзажды қалыптастыра бастады.
Соғыс қалай қабылданды?
Орта ғасырларда адамдар соғысты жүргізіп қана қоймай, оны зерделеген дейтін болсақ, олар оны қалай қабылдаған? Римнің құлауымен үздіксіз соғыс жүргізудің есебінен өзінің азаматтарына бейбітшілік пен сот төрелігіне формалды түрде кепілдік берген мемлекет те жойылды. Дегенмен Тациттің пікірінше, германдықтар да мұны ең игілікті іс деп есептеген. Еуропаның біртіндеп германизациялануы нәтижесінде азаматтық өмірді күш қолданудан ажырату мүмкін болмай қалды. Бірақ олардың корольдіктері күшейген кезде, христиандандыру және мәдениеттің қайта оралуы сәтті іске асқан кезде қалтарыста әртүрлі топтарда бақыланбайтын стихияны тыныштандыруға, тәртіпті қалпына келтіруге жігерленген ерік пайда болды.
Ортағасырдағы діни, заңды және саяси әдебиетте кездесетін «әділетті соғыс» термині, латын тілінде bellum iustum, Антика заманынан бастау алады. Христиан дініндегі әділетті және әділетсіз соғыс түсінігінің негізін Августин6
Теориялық тұрғыдан алғанда, христиан дініндегі адам әрқашан бітімгер болуы керек еді және осынау игі қағидатты іске асыру қиын болса да, оның тарихи маңызы бар. Дін мамандары мен заңгерлер Августиннің ойын қолдады. 13 ғасырда Томас Аквинат7
Бірақ мұндай асқақ идеяларға ирониямен қарау үшін 1099 жылдың жазында Иерусалимді басып алу кезінде христиан рыцарьлары көрсеткен қатыгездік пен жауыздық туралы мәліметпен үстірт болса да танысу жеткілікті. Оқымысты Аквитандық Алиенораның ұлы және ортағасырлық Англияның ұлттық қаһарманы дерлік Король крест жорықшысы Арыстан Жүректі Ричард 1191 жылдың тамызында Салах ад-Дін әскерінің көзінше екі мыңнан астам мұсылман тұтқынды өлтірді және бұл кезде өзінің істеп жатқаны асқан жабайылық екенін түсінді. Сөйтіп тұтқындарды өзара айырбастау жөніндегі келіссөз процесі тығырыққа тірелді…
Христиандық көзқарас тұрғысынан алғанда, кез келген соғыс әлдеқайда маңызды соғыстың, яғни Жақсылық пен Зұлымдық әрбір діншіл адамның жаны үшін жүргізген соғыстың метафорасына айналды және бұл жағдайда да поптардың мұндай «қиялын» елеусіз қалдыруға немесе кісі күлерлік нәрсе деп және әдеби метафора тұрғысынан қарастыруға болатын еді. Себебі құрбанының ішін жарған атты әскердің немесе жаяу жауынгердің мүлде «метафоралық» жолмен әрекет етпегенін түсінеміз. Дегенмен оның мұны не үшін жасағанын білу, дүниежүзілік соғыстың екеуінде де адамдардың не үшін және кім үшін жанын пида еткенін және бүгінде бұған не үшін баратынын білу маңызды сияқты. Спилбергтің «Қатардағы Райанды құтқару» фильмінде (1998) еврей снайпері нысананы көздеп, псалом — забур жырын айтып жатқан көрініс ортағасырлық әрекеттің бір түрі. Бұл кез келген крест жорықшысына түсінікті болар еді, өйткені забур жырларында бейбітшілікті уағыздау сияқты, соғысты уағыздауға көп көңіл бөлінген. Кез келген ортағасырлық адам псаломды білуі жағынан Спилбергтің мергенінен кем түспейді.
12 ғасырда өз замандастырының «ой-пікірінің әміршісі» болған Клерволық Бернард крест жорықшысының кодексі деуге болатын «Жаңа әскерге мадақ» атты арнайы уағызында бөтен діндегілерге қарсы күресте христианның кез келген «адам өлтіруі», homicidium, яғни кісі өлтіру емес — «зұлымдықты өлтіру», malicidium болып есептелетінін жариялады, өйткені христиандарға қарсы қару-жарақ алып шығатын бөтен діндегі әрбір адам әлемдік зұлымдықтың жандайшабы ғана. Ал бұл мүлде метафора емес, жай ғана үйреншікті сөздердің құбылуы да емес, әулиенің адам өлтіруге берген батасы еді және де бұл әулиенің қаламы едәуір өткір болатын.
Храмшылар немесе тамплиерлер,i
Бүгінде Шантийи қамалында сақталған 12 ғасырдың үшінші ширегіндегі бірегей француз қолжазбасында олардың мәтіндері және ғибадат етуінің нақты ережелері қамтылған. Марсель Перестің оның шифрін ашып оқуы және «Organum» ансамблінің орындауы осы рыцарьлардың руханиятын сөз жүзінде біліп қана қоймай, тіпті музыкатану тұрғысынан айтарлықтай маңызды реконструкцияда оның кезінде қалай дыбысталғанын естуге мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, орта ғасырларға тән өзіндік ырғақта tripudium деп аталатын өлеңдерді оқығанда, мысалы, регенттің қолымен тактіні санау ғана емес, сондай-ақ әншінің денесінің сәл тербелуі ұйғарылды. Шіркеу хорында бұл тәсілді бүгінде де кездестіруге болады. Оның таза музыкалық әсерін, әрине, жазбада анық есту мүмкін емес, бірақ қиялыңызды күшейтіп, бұл жауынгерлердің діни әндерді жайымен жатқа айтып жатқанын елестету маңызды, сонда олардың дене тербелісі өлеңге үйлесімді ырғақ беріп, мүмкін, бір жағынан, әскери маршқа ұқсауы мүмкін.
Қасиетті Қабір храмының күнделікті тәртібіне және псаломдарға негізделген дәстүрлі латын дұғаларының арасында таңғажайып антифонi