ҚАЗАҚ ГАМБИТІ

Қазақстан қалай шахмат державасына айналды

ҚАЗАҚ ГАМБИТІ

Христиан мен Мұсылман шахмат ойнауда. Дана Х Альфонсо (1221-1284) кезінде жазылған «Ойындар кітабынан» алынған иллюстрация. Мадрид, Сан-Лоренсо-де-Эль-Эскориал монастырының кітапханасы/Alamy

Бүгінде Қазақстандағы спорттың да, өнердің де маңызды түрлерінің бірі — шахмат. Қазақстандық шахматшылар марапатқа молынан кенеліп жатыр. Жақында шахмат жетістіктерінің шежіресіне қазақстандық екі чемпионның есімі қосылды. 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында (FIDE World Junior Chess Championships 2024) Қазыбек Нөгербек алтын медалге ие болып, гроссмейстер атағын алды. Ал «сегіз жасқа дейінгі» жасөспірімдер арасындағы біріншілікте Ризат Ұлан Азия чемпионы атанды. Шахмат спорты мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да айтарлықтай жақсы қолдау тауып келеді. Сондай-ақ елімізде жоғары сапалы шахмат мектептерінің желісі де бар. Әрине, қазақ шахматының тарихы терең болмағанымен, бағындырған биік белестері аз емес.

Мазмұн

Біз қандай да бір құбылыстың тарихын зерттегенде, іздеген нәрсенің ең әуелгі бастауын табамыз деп өткен күннің түпсіз шыңырауына сүңгіп кетуге құмармыз. Кроманьондық адамдарды қозғаймыз... ежелгі қытайлықтарға соғамыз, қола дәуіріндегі ата-бабаларымызды бір аунатып тұрғызамыз... Бірақ тарих тереңіне жөнсіз бойлай беру зерттеушіні адастырып жіберерін де ескерейік.

Иә, шахмат Орталық Азияда өте ерте заманнан бері бар ойын. Талғар қалашығынанiежелгі Талхиз қаласының (қазіргі Талғар) бекініс орталығы археологтар біздің дәуіріміздің 10–13 ғасырларына жататын бірнеше мүсіншелерді тапты. Бұдан біз сол кезде қазақтар шахматты белсенді ойнады деген тұжырым жасауымыз керек пе? Жоқ. Дәл сол сияқты, орыс патшасы Иван Грозныйдың шахмат ойнап отырып жан тапсырғаны 16 ғасырда орыстар шахматты керемет ойнаған деген сөз емес. Тіпті 20 ғасырдың басына дейін Ресей империясындағы он адамның тоғызы шахматтың не екенін де білмейтін.

Палатин капелласы. Шахматтың алғашқы суреті. 12 ғасыр/ Wikimedia Commons

Палатин капелласы. Шахматтың алғашқы суреті. 12 ғасыр/ Wikimedia Commons

Өйткені, шахмат пайда болған және тараған бірнеше аймақтарды қоспағанда (мысалы, Үндістанда) барлық жерде билеушілер мен бай-бағыландар ойнаған экзотикалық қымбат ойын болды. Османлы сұлтанының кәнизактары шахмат өнерін үйренген, алайда Ыстамбұл кофеханаларында әдетте шахмат емес, нард ойнайтын еді. Бұхара әмірлері де тәп-тәуір шахматшы болған, шахматқа қатысты нұсқаулықтардан топтамалар жинайтын, бірақ шаһар шайханаларында тас иіріп ойнайған. Еуропаның королдеріне, герцогтары мен кардиналдарына керемет шахмат тақталарын жиі сыйға тартқан, бірақ ол жердегі қараша халық та ойын тасын ермек қылған. Ал 15 ғасырдан бастап полиграфия мен қағаз өнеркәсібі дамып, карта ойнауға көшті.

1 / 4

Шахмат — қымбат құрал-жабдықтарды қажет ететін, күрделі әрі ұзақ уақыт ойналатын ойын. Ежелде шахмат тақталарын жасау зергерлердің және ағаш пен тас оюшыларының өнері болды.iжәне азды-көпті тиімді токар станоктары пайда болғанға дейін фигуралардың «қарапайым нұсқалары» болған жоқ

Оның үстіне, өте ұзақ уақыт бойы шахмат ойынын тек жоғары және білімді тап өкілдеріне үйрету керек деп есептелді. Ал «қараша халықтың» шахматқа тісі батпады және төменгі тап адамдарына тактикалық және стратегиялық ойлауды дамытудың не керегі бар деген түсінік болатын. Мұндай түсінік 18 ғасырдың аяғына дейін, яғни шахмат ойыны (басқа нәрселермен қатар, қарапайым тақталар мен фигураларды өндіру құнының айтарлықтай арзандауына байланысты) қарапайым халық арасында кең тарай бастағанға дейін жойылған жоқ.

Бірақ бұл ойынның тасы өрге домалаған кезі — 19 ғасырдың аяғы. Бұл уақытта шахмат ұйымдары күш алып, абырой жинай бастады: баспасөзде кеңінен жарияланатын тұрақты турнирлер ұйымдастыруды қолға алды, сол турнирлердің үздік ойындарын жаңалық бағандарына жариялап, шахмат қоғамдастығы мен мектептері ашылды, бұл ретте балалар да назардан тыс қалмады. 1851 жылы Лондонда және 1870 жылы Баденде бірінші халықаралық турнирлер өтіп, шахмат спорты жаһандық маңызға ие болды. Екі турнирде де Адольф Андерсен жеңіске жетті.

Адольф Андерсен/Wikimedia Commons

Адольф Андерсен/Wikimedia Commons

Адамзат шахматқа есі кетіп, барлық таптық және ұлттық шегараларды бұзып, бар ынтасымен ойнай бастады. Шахмат космополитизм рухына, адам санасының күшіне деген сенімге толы болды, ол ғылыми-техникалық прогрес дәуірінің символына айналды. Ойынның жанкүйерлері жаппай шахмат қоғамдары мен үйірмелерін құрды. Қазақстанда мұндай үйірме алғаш рет 1889 жылы Алматыда ашылды. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорында жұмыс істеген өлкетанушы Алоис Назаров былай деп жазды: «Мен тапқан мұрағат папкасында мұқият талдауға тұрарлық құжат бар. Бұл — әуесқой шахматшылар үйірмесі Верненскийдің жарғысы. Бұл құжаттың маңызы оның баспаханада басылғаны емес, оны Ресей империясының үкіметі — ішкі істер министрі генерал-лейтенант Шебеконың бекіткендігінде. Бұл 1889 жылы 27 қаңтарда болған. Бірақ шын мәнінде Алматыдағы шахмат клубы қажетті құрал-жабдықтарды алуға қамдана бастаған 1887 жылдың өзінде толықтай ресми түрде жұмыс істеген жоқ.

Ресей империясы. Орта Азия. Алматы. Сарай алаңы, гимназия. 1885-1887 жж (1887 жылғы жер сілкінісіне дейін). Альбом. 1-4. Кавказ және Орта Азия/Wikimedia Commons

Ресей империясы. Орта Азия. Алматы. Сарай алаңы, гимназия. 1885-1887 жж (1887 жылғы жер сілкінісіне дейін). Альбом. 1-4. Кавказ және Орта Азия/Wikimedia Commons

Штайниц, Ласкер11Вильгельм Штайницавстро-венгр, кейін америкалық болды, 1886-1894 жылдар аралығындағы әлем чемпионы. Эмануэль Ласкер, неміс шахматшысы, 1884-1921 жылдар аралығындағы әлем чемпионы секілді чемпиондар есімі әлемге әйгілі болды. Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) 1924 жылы ғана құрылды, бұған дейін әлем чемпионы атағына таласқан турнирлер жартылай жеке түрде, әдетте әлемдегі ең мықты деп саналатын екі немесе одан да көп ойыншылар арасында өткізілетін. ФИДЕ жарыс регламентін нақтылап, өткізу тәртібі мен ойын ережелерін бекітті.

Вильгельм Штайниц. 1883/Wikimedia Commons

Вильгельм Штайниц. 1883/Wikimedia Commons

КСРО кезіндегі шахмат

КСРО билігі шахматқа пайда болған алғашқы онжылдықтарында біршама шизофрениялық көзқараспен қарады. Бір жағынан шахмат жан-жақты дамыды. Кейбір зерттеушілердің, мысалы, «Советский шахмат 1917–1991» кітабының авторы Энди Солтистің пікірінше, бұл ойынды билік әдейі «зиялы қауымды басқаша ойлайтындардан алшақтату құралы деп санап» насихатын күшейткен.

Эндрю Солтистің Winning with the Bird opening кітабының мұқабасы /ашық дереккөзден

Эндрю Солтистің Winning with the Bird opening кітабының мұқабасы /ашық дереккөзден

Саясатқа қатысы жоқ интеллектуалды кәсіп табу қиын еді. Кез келген өнер өзінше қауіпті еді, өйткені ол еркін ой мен қиялды оятады, кез келген ғылым советтік идеологияға жағымсыз жаңалықтар әкелуі мүмкін (советтік генетиктер қандай қуғын-сүргінге ұшырағанын еске түсіріңіз, олардың зерттеулері кеңестік сүйікті «жаңа адамды өсіру» идеясын айқастырды). Шахмат болса тақтадағы 64 ұяшыққа қамалып, сыртқы әлемді іс жүзінде елемейтін еді.

Бұл КСРО-ны әлемге прогрессивті, ойшыл және озық ел ретінде ұсынудың қауіпсіз әдісі болды. Біз Сталиннің 1925 жылы КСРО-да халықаралық шахмат турнирін өткізуді қолдағанын білеміз. Жалпы тыңшылық дәуірінде Мәскеу жүздеген журналистерге, шахмат шенеуніктеріне, гроссмейстерлерге және олардың қызметшілеріне есік ашты.iiЖаңа қалыптасқан кеңес азаматтары турнирге қуана қатысты. Барлық соғыстардан, революциялардан және пролетариат диктатураларынан кейін мұндай шулы, халықаралық және қуанышты оқиға жай ғана қалыпты жағдай емес, жаңа және ғажайып өмірге оралу сияқты көрінді. Әлем де большевиктер сұрғылт эмигранттар сияқты қорқынышты емес деп ойлады, осындай керемет шахмат мерекесін өткізген адамдар осындай қатыгездіктер жасай ала ма? «Жаңа Васюков — әлемнің шахмат астанасы» фильмінің жарқын бейнесін біз Ильф пен Петровтың «Алтын бұзау» атты ұлы сатиралық шығармасында кездестіреміз және бұл, әрине, Мәскеу турниріне жасалған аллюзия.

"Алтын бұзау" романы/Wikimedia Commons

"Алтын бұзау" романы/Wikimedia Commons

Бір жағынан, билік азаматтардың қандай да бір өздігінен ұйымдасу ісінен қатты қорықты. Шахмат спорты өзінің мектептерімен, клубтарымен, жарыстарымен және турнирлерімен әсіресе осы ойынның энтузиастары интеллектінің жоғары деңгейін ескерсек, билік үшін тым қауіпті еді.

Сондықтан, шахмат ұйымдары ешқашан «филателиялық қауымдастық» сияқты жаппай жеңіліске ұшырамағанымен, оның көптеген мүшелері «маркалармен алмасу түріндегі шетелдіктермен байланысы» үшін немесе радиотыңшылық жасады деген күдікпен анда-санда тазартылған әуесқой радиоқоғамдары үшін қуғын-сүргінге ұшырады, бірақ шахматшыларға қарсы, әсіресе провинцияда нүктелік репрессия болды.

Қазақстандағы алғашқы турнир

Қазақстанда (Қазақ АКСР) бірінші республикалық чемпионаты 1934 жылы өтті. Бұл қиын кезең еді. Ашаршылық пен толық қуғын-сүргін дәуірінен кейін бірден шахмат чемпионаты, шамасы, партия сол кездегі елде мерекелік атмосфера жасауға тырысып, қоғамның назарын кейінгі қайғылы оқиғалар мен төніп тұрған қауіптен басқа жаққа бұру пиғылымен ұйымдастырылған оқиғалардың бірі болды.

Құжаттарда «Оралдан шыққан озат (орыс. – первокатегорник)» деп көрсетілген Исидор Лопатников турнирде жеңімпаз атанды. Біз кеңестік баспасөзде Қазақстанның тұңғыш чемпионы туралы басқа мәліметтерді кездестіре алмаймыз және оның кейінгі тағдыры да беймәлім. Бұл таңғаларлық жағдай емес. Бұл туралы Лопатниковтың ұлы, әйгілі ресейлік экономист Леонид өзінің өмірбаянында былай деп жазып қалдырған:

«Шахматная горячка» фильмінен көрініс. Блокнот ұстап тұрған Лопатников/ ашық дереккөз

«Шахматная горячка» фильмінен көрініс. Блокнот ұстап тұрған Лопатников/ ашық дереккөз

«Менің әкем Исидор Павлович Лопатников, шахмат тілімен айтсақ, «ПІЛ»-ге келіп тұтылды... Жалпы, әкемнің қандай болғаны есімде жоқ. Лагерьден шыққаннан кейін ол отбасына оралмады. Бірақ, анамның және басқа да туыстарымның айтуы бойынша, тұтқындалуының себебі — өзі өмір бойы сүйіп ойнаған шахмат (...) Ашып айтсақ, Бірінші Мәскеу халықаралық шахмат турнирі қатысушылармен тым жақын араласқаны үшін сотталыпты. Менің әкем турнирде төрешілердің бірі болды. Биыл (бұл жолдар 2005 жылы жазылған) еліміздің шахмат өміріндегі айтулы оқиғаға 80 жыл толады, осыған орай, бәлкім «Шахматная горячка» (Шахмат қызбасы) комедиясы теледидардан көрсетіледі. Ол фильмге турнир туралы деректі кадрлар енгізілген, онда менің әкем де бар. Біз әрқашан осы сәтті асыға күтеміз. Цензорлар қадағалауы бойынша ол кадрды кесіп тастаған жоқ...».

Лагерьден кейін шахматшының үлкен қалаларда тұруға құқығы болмай, Оралға қоныстанды. Турнирде жеңіске жеткен бұрынғы сотталушы, әрине, баспасөз беттерінде мақтауға тұрмайды деп саналды, сондықтан турнирдің өзі қоғамдық ортада жиі айтыла бермейді.

Советтік Қазақстандағы шахмат

Жалпы КСРО-да мектеп оқушылары мен жастардың спорттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінгенімен, Қазақ АКСР-де шахмат тастанды баладай болды. Ұзақ уақыт бойы республикадағы 11 спорт мектебінде ғана шахмат секциялары жұмыс істеді. Онда бір мезетте 400-дей бала оқыды. Қазақ жасөспірімдерінің Бүкілодақтық мектеп оқушылары біріншілігінде (1965 және 1967-жылдары қазақ жас спортшылары чемпион атанды) сәтті өнер көрсеткеннен кейін ғана қосымша шаралар қолға алынды. Осылайша, Алматыда жақсы шахмат секциясы бар Пионерлер мен Оқушылар сарайы ашылды. Соған қарамастан республикадағы балалардың көпшілігі, әсіресе шалғайда тұратындарының өз отбасынан басқа жерде шахмат білімін үйренуге мүміндігі болмады.

Оқушылар сарайы. Алматы/Alamy

Оқушылар сарайы. Алматы/Alamy

Сонымен қатар, бұл ойынның өзі республикада өте танымал болды. Қазақстан шахмат федерациясы жинаған статистикаға сәйкес, 60-80-жылдары кем дегенде 200 000 қазақстандық шахматты жан рақаты үшін ойнаған. Ерлер арасынан да, әйел арасынан да спорт шеберлері шықты, бірақ қазақтар дүниежүзілік, тіпті бүкілодақтық аренада айтарлықтай табысқа қол жеткізген жоқ, шахмат секциялары мен мектептердің жағдайын ескерсек, бұл түсінікті жағдай. Мысалы, Грузияда балалардың шахматтан білім алу мүмкіндігі, әсіресе, Нона Гаприндашвили, Майя Чибурданидзе, Нана Александрия және Нана Иоселиани сияқты тамаша шахматшылардың тұтас галактикасы пайда болғаннан кейін әлдеқайда жақсарды. Грузияның барлық орта мектебіндегі, соның ішінде ауылдық мектептердегі шахмат үйірмелерін мемлекет қаржыландырды.

Дегенмен, КСРО Қазақ АКСР-де шахматты дамытуға тырысқан жоқ деуге болмайды. 1968 жылы мұнда шахматтан 36-КСРО чемпионаты өтті. 1980 жылы Қазақстанда олар әлем чемпионы атағы үшін маңызды әрі тартысты ширек финалдық кездесу өткізді. Алматыда ойын әуесқойлары жиналған атақты «На Калинина» шахмат клубы жұмыс істеді. Соған қарамастан, советтік Қазақстан әлемдік шахмат орталығы атағынан алыс еді.

Исаак Израэлс. Шахматшылар/Wikimedia Commons

Исаак Израэлс. Шахматшылар/Wikimedia Commons

Қазақстан Республикасындағы шахмат

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін барлығы күрт өзгерді және бұл өзгерістер биліктен бастау алды. Ел билігі шахматты, әсіресе балаларды шахматқа оқытуды мақсатты түрде дамытуға кірісті. Мектептегі тегін секциялар мен үйірмелер саны күрт өсті. Жоғары шенеуніктер шахматтың маңызын айта бастады. Жаңа турнирлер ұйымдастырылып, чемпионаттар өткізілді. Елге шахматтан бірінші санатты ұстаздар шақырылды. Көп күттірмей жақсы нәтижелерге жетті.

1995 жылы Эльвира Сахатова тұңғыш қазақ гроссмейстері атанды. 1998 жылы Флюра Хасанова халықаралық гроссмейстер атағын алды. Сондай-ақ 1998 жылы Дәрмен Сәдуақасов жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атанды (бүгін гроссмейстер Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті және Азия шахмат федерациясының вице-президенті).

Бүгінде Қазақстан — жиырмадан астам гроссмейстерлердің Отаны. (Оның ішінде әйелдер де, ерлер де бар) 2023 жылғы командалық әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар күміс жүлде иеленді. Ерлер командасы әлі де артта қалып келе жатқанымен әлемнің ең үздік 20 командасының қатарына кіреді.

Эльвира Сахатова / Wikimedia Commons

Эльвира Сахатова / Wikimedia Commons

Ал мемлекеттің шахматқа деген қызығушылығы күшті. Қазақстанда 50 мың бала мен 200 мың ересек адамды қамтитын жеті мыңнан астам шахмат секциялары жұмыс істеп тұр. 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматты бастауыш мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізуді ұсынды. Бұл бағдарламамен балалардың кемінде 20%-ы қамтылуы тиіс. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027-жылдарға арналған кешенді жоспары» мынадай қадамдарды ұсынады. Мәселен, қоғамда ойынға деген қызығушылықты арттыру үшін жоғары оқу орындарында шахмат пәнінің мұғалімдерін даярлау, көпқабатты үйлерде шахмат клубтарының желісін құру, журналистер, шенеуніктер арасында шахматтан турнирлер сериясын өткізу, т.б.

28 Панфиловшылар саябағындағы шахмат ойыны. Алматы/Getty Images

28 Панфиловшылар саябағындағы шахмат ойыны. Алматы/Getty Images

Әңгіме Қазақстан үкіметінің гроссмейстерлер мен әлем чемпиондарымен мақтанғысы келетінінде емес. Жеңімпаздарға құрмет пен мақтаудан бөлек, бастапқы жаһандық мақсаттар басқаша. Қазір шахматпен шындап айналысатын 50 000 баланың оны, тіпті жүздегені табысты кәсіби спортшы атанды.

Бірақ, жоғарыда айтылғандай, шахмат — тактикалық және стратегиялық ойлауды дамытуға көмектесетін интеллектуалды спорт түрі. Әсіресе шахматты бала кезінен ойнап, машықтанған жөн. Ал көптеген жас шахматшылар кейін бизнеске, ғылымға, медицинаға, саясатқа, бағдарламалауға және өнер саласына ауысып жатады. Жоғары интеллект, зейінді шоғырландыру және өз іс-әрекетінің салдарын тез бағамдай алу қабілетін қажет ететін кез келген әрекетке негізделген салада шахматшылар үздік шығады. Ал бұл балалар — елдің ертеңгі интеллектуалдық байлығы. Кез келген қоғамды лайықты болашақпен қамтамасыз ететін қазынасы.

Жібек жолы проспектiнде шахмат ойыны/Alamy

Жібек жолы проспектiнде шахмат ойыны/Alamy