ӨТКЕН КҮН – ҰМЫТЫЛМАС СҰЛУ САҒЫМ

Қызылорда облысы

Мазмұны

15 жасар қыз соғысқа кеткен әкесін араға 13 жыл салып, Украинадан тапты. Қызымен қауыша алмауына әкесі кеңес одағы басшылығын кінәлайды. 1941 жылдың 22 маусым күні фашист әскерлері Кеңес Одағына шабуыл жасағанда Ирина небәрі 2,5 жаста еді. Әкесі әскер қатарына қосылып, алғашқы 4 жылда отбасымен байланысын үзбей хат жіберіп отырды. Онда әкесінің взвод командирі қызметін атқарғаннан кейін, артынша рота командирі етіп сайланғаны жазылған. Соғыс біткеннен соң анасы Елизавета жұбайымен енді кездесе алмайтынын соңғы хатындағы сөздерінен сезген. Араға 13 жыл салып, Ирина анасының қарсылығына қарамай, әкесін іздеуге өзі шықты.

Әкеге апарар жол. Қазақстанда негізгі мектепті аяқтап, 15жасар Ирина әкесімен бір көрісуді мақсат етеді. Анасы рұқсатын бермесе де, әжесінің қолдауымен тамағын алып жолға бірөзі шығады. Пойызбен 5күн жүріп Украинаға жеткенде, жолаушылардан жол сұрап екінші қалаға бару үшін трамвайға отырады. Ұзақ жолдан кейін өз ауылына баратын автобус станциясындағы автобусқа мінеді. Көлік жүргізушісіне әкесіне бара жатқанын және әкесінің атын айтып, терезеге қарап отыра береді. Біраздан соң, терезеден егістік алқабы турасына келгенде көлік жүргізушісі автобусты тоқтатып, Иринаға қарап автобус алдында тұрған қызыл көлікте әкесі отырғанын көрсетеді. Сол кездегі сезімін Ирина Ивановна өзі сипаттап айтып берді:

-Мендегі жүрек қатты соғып қала берді. Төбемізде бізді қолдап отыратын құдайдың бары рас. Осы жолда көмектескен адамдардың бәрін бір құдай жіберіп отыр. Қолыма жүгімді ұстап автобустан тағатсыздана түсіп, қызыл көліктің жанына барғанда қолдарымның дірілдеп тұрғанын сездім. Алдыңғы орында 2адам отыр екен, рөлде отырған мұртты ағай мына суреттегі менің әкеме ұқсайды. Көк көзді, мұрны үлкен, ашық қоңыр шашты, бойы ұзын, ақшыл тонда келген әкем дәл қазір алдымда тұр. Бір ойым қаншама жылғы сағынышымды басып, құшағына кіріп мауқымды бассам ғой дейді, бір ойым осы кезге дейін мені және анамды іздемегені үшін әкемді жеккөріп тұр. Ойымды әкемнің сөзі бөлді: Білесің бе менің соғыс жылдары қалып кеткен Ирина есімді 15жастағы қызым бар еді, қазір сол қызымды көріп тұрмын.

Әкенің бір ауыз сөзі Иринаның жүрегін жылытып қоя берген.

-Әкеме менің қалай өскенімді көрсетемін, дәлелдеймін деп ашу-ызамен қаншама км артқа тастап келгеніммен, ішімдегі кішкентай Ирина жай ғана әкесін сағынған екен. Жанарымдағы жиналған жастың ыстық тамшылары ағыл тегіл топыраққа тамып жатыр. Әкем көлігінен шығып мені құшағына қысқанда 2жасар Ирина қайта келгендей болды. Еш уайымсыз, бейбіт елде, қарның тоқ, көйлегің көк кездер. Әкем жолдасын егістік басына тастап, мені көлігіне мінгізіп баяғы өз үйіме алып барды. Есік алдында отырған үлкен әжейді көрдім, біраз қартайғанын салбырап қалған терісі мен үңірейіп қалған көзінен-ақ байқайсың. Жөн сұрасып жатып менің Елизаветаның қызы екеніме қатты қуанып, анамның халін сұрады. Аулада екінші үй бар екен, ол үйде әкемнің жаңа отбасы тұрып жатыр. Менен кейінгі екі ініммен таныстырды. 2аптадай әкемнің қасында болып, үйге қайтуды жоспарладым. Әкем мені осында біразға дейін қалуымды сұрады. Мен де әкем сияқты анамды жалғыз тастап кете алмаймын деп жауап қаттым. Кейін келіп, көрісіп тұруға келістік. Алайда, әкем мүлде келген емес. Әкемнің жанында басқа әйелі мен балалары болғанын қабылдау мен үшін қиын болды. Біразға дейін хат жазысып, хал ахуал сұрасып тұрдық, кейін менің хаттарым жауапсыз қала берді, бұл әкемнің екінші әйелінінің ісі деп білемін. Әкем сол күйі қызының тұрмысқа шыққанын көре алмай 90-ға таяған шағында өмірден өтті.

Украина елінің ауыл тұрғыны болған, қарапайым отбасының қызы Ирина Ивановна Ұлы Отан Соғысы басталған сәтте анасы және нағашы ата-әжесімен бірге фашисттердің қолына түсіп, Германияның Кутно ауылында(қазір Кутно қаласы) қара жұмысқа тартылды. Неміс әскерлері тұтқын халықты ауыр жұмысқа салып, құлша жұмсаған еді дейді Ирина Ивановна. Соғыс жылдары Германиядан қашуды жоспарлап бір ауылдан екінші ауылға жасырынған кезде, бомбалар жарылып, көшеде танкі дауысынан аттар үркіп қашатын, сондықтан үнемі қашу операциясы сәтсіз шығатын деп есіне алды. Ал ең сорақысы нағашы әжесі құшағына бала Иринаны қысып, окопта жасырынып жатқан кезінде өлі адам денелері тізіліп жатқанын мәңгілікке есіне сақтап қалған. Ирина апамыз өз өмірін былай сипаттады:

-Алғашында әскер қолына түскен соң бізді бір ауылға алып кетті, сонда әжем мен інілерім шошқалардың қорасында өмір сүрді, ал анам екеуміз егістік алқапта жұмыс жасадық. Ал атаны бірден түрмеге отырғызып тергеуге алды, қысым көрсетіп жауапқа тартты, себебі атам ауыл әкімі еді. Кейіннен атам туберкулезбен ауырған кезде неміс әскерлері бұл аурудан қатты қорқатындықтан үйге әкеліп тастаған. Атам ауруын көтере алмай дүниеден өткенде, жоқшылық заманы болғандықтан денесін ауылдағы көлшік жанына апарып тастаған екен. Атамның көлшік жанындағы өлі денесін көріп құшақтап, жанына жиі жақындағандықтан, мен де туберкулезбен ауырып қалыппын. Әжемнің қандай ем қолданғанын білмеймін, аз уақыт қана төсек тартып жаттым да құлан таза айығып кеттім. Анамның айтуынша, мен көк жөтелмен де ауырып қалған кезім болған екен, бірақ сол жылдары мұндай сұмдық аурумен ауырған балаларды емханаға жатқызып тастайтын, сонда да емделіп шығатындар саны аз еді. Мұны білген әжем тағы да өз емдік шөптерімен мені ауруымнан жазып алған екен. Жұмыс жасап жүріп, біртіндеп жағдайымыз жақсара бастады, жақсы тамақтана бастадық. Анам бірнеше жұмыс жасайтын, солай өзі тігінмен айналысып, маған көйлектер тігіп беріп жүрді. 1945жылы кеңес одағы жеңіске жетті деген хабар келді. Әжем мен анамның қуанышында шек жоқ, десе де бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Отанымызға, өз үйімізге барамыз деген арманымыз күл болып сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, отбасымызбен Акмолинск қаласына депортацияландық. Алғаш рет Қазақстан жеріне келдік.

Қазақстан тұрғындары өте жылы қарсы алды дейді Ирина Ивановна. Бұл мекеннің тұрғындары аш балаларды көп тамақтандырған. Ирина мерекелерді қатты жақсы көрген, себебі сол уақыттарда бауырсақ пен бешбармақ дайындап қонақ қылатын деп еске алды. Кейіннен мектепке де қосылған.

-Сыныпта тек бір ғана қазақ болды, қалғандары біз секілді өзге ұлт өкілдері: кәріс, неміс, поляктар еді. Мені мектепке жібергеніне қатты қуандым. Есесіне сабақты да жақсы оқыдым. Тек білім саласында ғана емес, спорт саласында да озат болдым. Шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау сынды қысқы спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, орындар алдым. Қазақстан халқы бізді жатырқаған емес, керісінше қолындағысын бөліп беретін өте қонақжай халық болды. Мен сол себепті болашақта осы елге қызмет етемін деген мақсат қойдым. Сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Ирина Ивановна 1939жылы 1қаңтарда қарапайым отбасыда дүниеге келген. Әкесі көлік жүргізуші, анасы поляда қызмет жасаған. Ирина негізгі мектепті аяқтап, химия саласы бойынша институтқа түскен. Өте білімді, дүниетанымы жоғары, ешқашан білімін қызғанған емес, керісінше студенттермен бөліссем деп жүретін дейді әріптестері. Ол білім саласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық Университетінде оқытушы болып, кейін Астана Медицина Университетінің биохимия кафедрасына ауысып оқытушы, меңгеруші, бірнеше жоғарғы оқу орындарында адал қызмет жасаған. Доцент Ребрикова Ирина Ивановна 1978 жылы «Отличник здравоохранения СССР» белгісін алған. Әлі күнге дейін жұмыс орнындағы қызметкерлер құрметтеп, іздеп тұрады. Ирина Ивановнаның күйеуі де өте сауатты жан болған, екеуі бір сыныпта оқып жақын араласып, кейін бас қосқан, отбасында 2ұл бала дүниеге келген. Жұбайы - Владимир Ребриков Ильич, атақты архитектор қазіргі бас қаламыздың бірнеше зәулім үйлерінің проектысын сызған маман. Өкінішке орай, күйеуі жүрек талмасынан қайтыс болған. Үлкен ұлы қазіргі таңда Россияда өз отбасымен өмір сүреді. Оның Қазақстан азаматтығы болмағандықтан, тек виза уақытын күтіп келіп тұрады. Алайда соңғы жылдары онкология диагнозымен ота жасатып, ендігі кезекте химия алып емделіп жатыр. Ал, кіші ұлы жас кезінде қайтыс болған. Ирина Ивановнаға жүректе ақау бар деген дәрігер диагнозымен пышақ астына түскен. Жүрекке ота жасау үшін, аяқтың тамырынан алынып, жүрек тамырларына жалғағандықтан, қазір аяғымен отырып тұруы қиындаған. Арбаға танылғандықтан өздігінен жүріп-тұруы қиындық әкеледі. Ері екеуі қазақ еліне адал қызмет етуді мақсат етіп, сол мақсаттарына жетті дейді АМУ деканаты Раушан Карабаевна.

1 / 3

Подкаст