
© Анелия Бекбасова
Сіз үшін көктем нені білдіреді? Қазақстандық суретші Анелия Бекбасова бұл күнді шыққан тегіңді, кімді жақсы көретініңді және қай жақыныңды шын көңілден құшағыңа алып, жақсы тілегіңді білдіруге болатынын бір сәт еске салатын ерекше кез деп таниды. Қазақстанда көктемнің бастауында тұратын Көрісу күні немесе Амал атты мереке бар. Бұл күні ел-жұрт құшақтасып, ескі өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне ізгі ықылас-ниетін танытып жатады.
Дәл осы мереке суретшіні Яндекс Go-мен бірлескен жоба аясында иллюстрациялар топтамасын салуға шабыттандырыпты. Бұл суреттер кейін жылы сөзіңді арнауға немесе жақыныңды виртуалды құшақтауға себепші болатын қағаз және цифрлы стикерлер жинағына айналды. Біз Анелиямен өнердің дәстүрді сақтауға қалай көмектесетіні, байырғы салт-жоралардың технологиялар дәуірінде не себепті айрықша маңызға ие болғаны жайлы сөйлестік.
СЕРІКТЕСТІК МАТЕРИАЛ
— Шығармаларыңызда өзіне тән бірегей стиль бар және дәстүрлі қазақ мәдениетін терең танитыныңыздан хабар береді. Өзіңіз жайлы айтып бересіз бе? Өнерді қалай таңдадыңыз?

Анелия Бекбасова х Яндекс Go
Бала кезден айналадағы әлемнің бояулары мен түр-пішіні қызықтыратын. Мектепте оқып жүргенде өнер өмірімнің айнымас бөлігіне айналатынын түсіндім. 6-сыныптан кейін шығармашылық мектепке ауысып, алғашқы сабағымды алдым. Осылайша өз жолымды таптым.
Кейінірек шетелде оқып жүргенде туған жердің көрінісін, үйреншікті дыбыстар мен әдет-ғұрыпты сағынғанымды түсіндім. Бұл мені қазақ шығармашылығымен (этно-салтанат) көбірек айналысуға итермеледі. Күнделікті өмірімде жаныма жақын дүние жетіспей тұрды, мұның орнын сурет салу арқылы толтырамын деп шештім.

Анелия Бекбасова х Яндекс Go
— Яндекс Go-мен коллаборация жасау туралы идея қалай келді?
Серіктестігіміз бірден басталып кетті. Мұны менің дәстүрлі сарынды заманауи әлем үшін түсініктірек және өзектірек ете түсуге деген ниетімнің қисынды жалғасы деуге болады. Стикерлер — мерекелік көңіл-күйді таратудың, көңіл жылуы мен мәдени символдарды бөлісудің көзге түсер, қолжетімді тәсілі. Мұндай жобалар қазақ мәдениетін насихаттауға, оны цифрлы һәм қалыпты күнделікті өмір салтымен табиғи түрде ұштастыруға көмектеседі.
Маған бұл бастаманың Наурыз мейрамымен шектеліп қалмай, көпшілік біле бермеуі мүмкін, бірақ маңызы зоры Амал, яғни Көрісу секілді көктем мерекесіне де мән бергені ұнады.
Амал — жәй ғана көктемнің келуі емес, бұл бірліктің, үлкенге деген құрметтің, адами жылы қарым-қатынастың белгісі. Қазақстанның заманауи мәдениетінде ол салт-дәстүрдің және жақыныңмен хабар-ошарда болудың құндылығын есімізге салады. Әсіресе адамдарды жақын ете түсетін, шын көңілмен амандасып, ізгі тілек айтатын «Көрісу» дәстүрі жанға жақын.

Анелия Бекбасова х Яндекс Go
— Иллюстрацияларыңыз арқылы не айтқыңыз келді?
Жұмыстарымның басты айтар ойы дәстүр мен мәдениеттің — тірі ағза екеніне және олар заманауи жағдайға бейімделе алатынына келіп саяды. Дәстүрлі сарынмен астасқан қолданыстағы элементтер бірегей визуал тіліне айналады, ол оны, өз кезегінде, әр адам жасына немесе қазақ дәстүрін қаншалық білетініне қарамастан оқып, түсіне алады.
Әр стикерде этно-сарын лебі бар. Иллюстрациялардың бірқатарында бәрімізге таныс оюларды байқауға болады. Мысалы, маған ақылды Алиса колонкасы сүйемелдеуімен домбырада ойнап отырған баланың суреті ұнайды. Дәстүр мен технологияның дәл осылай қатар өрілуі бұл жобаның басты идеясын жеткізіп тұр.
— Сіз үшін басты шабыт көзі не?
Мені табиғат, адамдар, музыка, қала атмосферасы, күнделікті өмір сәттері, қысқасы, қоршаған орта шабыттандырады. Жарық ойыны, түрлі түстің өзара үйлесе қалуы, адамдардың ишарат-қылығы мен сезімі секілді айрықша нәрсені әр күннен табуға болады. Шығармашылық процесс шатқаяқтай бастаған кезде, ойымды бөліп, басқа дүниемен айналысу, мәселен, серуенге шығу, орын ауыстыру, кейде жәй ғана демалу көмектеседі. Ал мұндай дағдарыс созылып кетсе, тек шығармашылығымда емес, әлеуметтік желіден де бас тарта тұрамын.

Анелия Бекбасова х Яндекс Go
— Шығармашылықтағы арманыңыз қандай? Болашақта немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Басты шығармашылық арманым — көз қуантып қана қоймай, мәдени кодты тарататын, салт-дәстүрді бұрынғыдан да түсінікті әрі өзекті ете түсетін жобалар жасау. Бұл ретте ұлттық тақырыптағы жұмыстарымның коллекциясын кеңейтуді, анимацияда жұмыс істеп көруді, ең маңыздысы, туған қаламды әдемі муралмен безендіруді жоспарлап отырмын.
Мен үшін әр жаңа идея — бұл өткенді болашақпен үйлестіруге, сондай-ақ қазақ мәдениетін қалың ел үшін қолжетімді әрі қызықты ете түсу мүмкіндік береді.
Анелия Бекбасова — қазақстандық суретші, иллюстратор. Алматыда дүниеге келген, осы қалада тұрады. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы мектепті бітірген. Білім алуды Бехиндегі (Чехия) Қолөнер орта мектебінде жалғастырған.
Анелия цифрлы иллюстрация, майлы бояу және акварельмен сурет салу, графика секілді түрлі техникамен жұмыс істейді. Суретші шығармашылығындағы бағыттардың бірі — заманауи сурет тілі көмегімен мәдени кодқа және ұлттық дәстүрге жаңаша қарап, бұл бағыттағы жұмыстарын тың түрде ұсыну. Анелия жобаларында қазақ символикасын қолданып, оны күнделікті және цифрлы мәдениетпен ұштастырып отырады.

© Анелия Бекбасова