QALAM-НЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Жобаның Астанадағы ресми ашылуы

19-желтоқсанда Астанадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде Qalam медиа-жобасының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шара жобаның негізін қалаушы, Қазақстанның белгілі кәсіпкері — Тимур Тұрловтың құттықтау сөзімен басталды. Кештің спикері Нобель сыйлығының лауреаты, кәсіпкер әрі меценат — Мұхаммед Юнус болды. Qalam-ның бас редакторы — Жар Зардыхан жүргізген қоғамдық пікірталасты бизнес пен билік өкілдері, белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері тыңдауға келді. Ашылу салтанатының басқа да сәттерін Qalam фотогалереясынан көруіңізге болады.