ҚАРА АҚҚУ

Біз одан неліктен қорқамыз?

ҚАРА АҚҚУ

DALL-e көмегімен жасалған

Ақылға сыймайтын, мүмкін еместей көрінген әрі көзге елестете де алмайтындай түсініктер барлық тілде кездесе бермейді. 

Дегенмен жапондарда сондай түсінік бар. «Медуза сүйегі».

Осы іспеттес тұрақты сөз тіркесі ежелгі римдіктерде де болған. Олар мұндай жағдайда «қара аққу» түсінігін қолданған.

Мәселен, Рим ақын-сатиригі Ювенал өзінің алтыншы сатирасында:

«Жер бетіндегі сирек қара аққу секілді, Мінсіз әйелдің кездесе қоюы екіталай», – деп жазған.

Аттикалық қарафигуралық амфора. Б.з.б. 550 жыл/ Getty museum

Аттикалық қарафигуралық амфора. Б.з.б. 550 жыл/ Getty museum

Бүкіл тарих бойына Еуропа жұрты аққулар тек ақ түсті болады деп, ал «қара аққуды» — бүкіл таптаурындар мен түсініктерді талқандайтын ғажайып құбылыс ретінде санап келген.

Алайда Аустралия құрлығы ашылғаннан кейін, қара аққудың (Cygnus atratus) болатыны анықталды. Осыдан кейін олардың саны дүниежүзі бойынша артып, қазіргі уақытта қара аққу, ақ түсті туысының жанында экзотика ретінде көрінбейді.

Ал бейнені қабылдау айтарлықтай өзгеріске түсті. Айталық, «Аққулар көліндегі»iП.И. Чайковскийдің 1876 жылы жазған балеті Зұлым Данышпанды қара аққулардың қоршап жүргені тегін емес.

Осылайша қара аққу бұлыңғыр әрі бейберекетсіз болашақтың қатерлі символына, жорамалдауға келмейтін шынайы әлемнің бейнесіне айналды. Өте сирек кездесетін әрі түсіндіруге келмейтін оқиғалардың тарихқа, экономикаға және әлеуметке ықпалын зерттеген америкалық философ-экономист Насим Талебтің кітабында «Қара аққудың» дәл осы мағынасы қолданылған.

Хильма аф Клинт. 9 топ. Аққу. 1915/Wikimedia commons

Хильма аф Клинт. 9 топ. Аққу. 1915/Wikimedia commons