ҚАРАҚШЫЛАР, СЕКС ЖӘНЕ УТОПИЯ

Мадагаскарда әділетті қоғам қалай орнады?

"Пиратское Просвещение, или Настоящая Либерталия" кітабының мұқабасы/ашық дереккөзден

«Қарақшылық ағарту ісі» — бұл америкалық антроплог, профессор және саяси белсенді-анархист Дэвид Гребердің (ол 2020 жылы Венецияда панкреатит ұстамасынан қайтыс болған) өмірден озған соң шыққан соңғы кітабы.

Дегенмен бұл өлімнен кейінгі мирас қылып жазған жазба емес, керісінше туу туралы куәлік іспетті. Гребер ең алғаш рет Мадагаскарға ғылыми мансабы басталған шақта, 89-жылы барып, екі жыл бойы дала зерттеуімен айналысқан (оның аты 2011 жылы «Қарыз кітабы» шыққан соң шартарапқа тарады). Кариб қарақшыларының қонысын тауып, зерттеген тарихы оның мұрағатында отыз жылдан астам уақыт жатты, бірақ мезгілсіз ажалынан бұрын ол бұл тақырыпқа эссе жазған, кейін бұл эсседен жіңішке кітап пайда болды.

17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басындағы Мадагаскар Үнді мұхиты қарақшылығының ортасы болды, Гребердің пайымдауынша қарақшылардың кемесі өз кезегінде «демократия зертханасы» ретінде қызмет еткен. Қарақшылар қауымдастығы қашанда әртүрлі адамдардың қосындысы еді, қаңғыған құлдан текті әулеттен шыққандарға дейін болатын, мысалы «қарақшылардың жентельмені» атанған аты аңызға айналған Стид Боннетті алайық. Әртүрлі әлеуметтік топтағы, әртүрлі сенімдегі адамдар бір кемеге қамалғанда еріксіз түрде жалпыға ортақ билік ету нормасын ұстануға мәжбүр болған. Қарақшылардың әртүрлі болатынын айта келе, оның ішінде адам өлтірушілер де бар, Гребер олардың бәрін «аз да болса простестік мәдениет пен өркениеттің орнауына өз үлесін қосқан, әрине, кейде тым жауыздыққа барса да, бұл шеңберде өзінің моральдық коды мен өзінің демократиялық институтының іргетасы қаланған» адамдар ретінде көреді. Қарақшылардың өзіне тән сайлау үрдісі мен импичменті туралы біз стивансондық «Қазына аралы» арқылы таныспыз.

"Пиратское Просвещение, или Настоящая Либерталия" кітабының мұқабасы/ашық дереккөзден

Мадагаскардағы қарақшылардың қоныстары пайда болған соң бірқатар революция болды, нәтижесінде қарақшы мен жергілікті әйелдің ұлы Рацимилаху есімді патша шығыс жағалауында Бетимисарака конфедерациясын құрды (бөлектенген). Оның тұрғындары классикалық ұлттық мемлекет құруға тырыспады, бұл, тіпті, аралдың бөлшектелген тайпалық құрылымы, онда шексіз соғыстар жүргізетін ұсақ кінәздер барда мүмкін емес те еді. Бірақ олардың осы жүйеден бас тартуын Гребер алға тартып, осы тұрғыда лайықты бағасын береді, оның орнына аборигендер, азды-көпті пираттардың қатысуымен, олардың өмірінен шабыт алған соң да, тарихи новаторлық тәжірибе жасап көріп, орталықтандырылмаған, жалпы қоғамдық теңдікті ұстанатын ел құруға шешім қабылдады. Том Стоппард айтпақшы11Том Стоппард i1937 жылы туған — танымал британиялық драматург, оның бір пьесасы «Утопияның жағалауы» деп аталады, ол көбіне орыс ағартушыларына арналған тікелей мағынасындағы утопияның жағалауы болатын.

Бетсимисарак халқы. Уолтер Каудерннің Мадагаскарға екінші экспедициясы (1911-1912)/Wikimedia commons

Гребер бұл жағдайда Ағартушылық туралы әлі күнге дейін пікірталас тоқтамай келе жатқан жалпы ғаламдық сана моделі туралы емес, нақты тарихи дәуір ретінде айтады. Бұл, мысалы, Стивен Пинкер22Стивен Пинкер i(1954 жылы туған — канада-америкалық ғалым, психолог-когнитивист, сана, ғылым мен гуманизмді жақтайтын «Ағартушылық жалғасып келеді» (2018) кітабының авторы және басқа да оптимистер мен жақсылыққа жаны құмарлардың тұжырымынша, прогресс пен гуманизммен бірге әлі де жалғасып келе жатыр ма, әлде керісінше, дәстүршілдер мен консерваторлардың (және ең алғаш дабыл қаққан романти-ницщеандықтар) пайымдауынша әлемді тұңғиыққа тартып барады. Мысалға, бүгінгі адамзатты жоюы мүмкін жасанды интеллект алдындағы қорқынышты алайық, бұл «Ағартушылықтың өзін жоюға апаратыны» туралы классикалық мысал. Бұған сонау 1947 жылы Франкфурт мектебінің ойшылдарды Теодор Адорно мен Макс Хоркхаймер «Ағартушылық диалектикасы» еңбегінде айтып кеткен еді. Ол жерде прогресстің шексіз пайдасы соңында әлемді концлагерьге дейін әкелгені туралы жазылады.

Бетсимисарак тұрғыны. Тенерифе, Мадагаскар. Уолтер Каудерннің Мадагаскарға жасаған екінші экспедициясы (1911-1912)/Wikimedia commons

Жалпы Гребер Ағартушылықтың құндылығына қарсы шықпайды және әлгі аты шулы Ағартушылық бар жерде қысым, басқыншылық және басқа да ақ адамдардың ісі туралы риторикаға да жатып алмайды. Ол тек оның еуропалық прерогативіне қарсы пікір айтады, Монтоскье, Вольтермен бір дәуірде өмір сүрген айдаладағы үндіс Кондиаронканың адамзатты құтқарушысы ретінде неге айтпасқа? Гребер Ағартушылықтың деколонизациясымен айналысты деуге болады, бірақ автор «деколониалды» деген эпитетті жанына жақын көрмеді, оны тек сәнді сөз ретінде ғана қабылдады.

Бетсимисарака әйелдері. 1863/Wikimedia commons

Гребер 80-жылдардағы сол экспедиция процесі кезінде малагиялық қызбен жақын болғанын жасырмайды, кітаптың айтарлықтай жарқын ақпараты сол әйелдердің саясаты туралы жазылғаны сол үшін де болуы әбден мүмкін. «Мадагаскардағы сексуалды әсемдік пен әңгіме айту өнеру тығыз байланысты болған сияқты», – дейді автор. Қарақшылар отбасынан ажыраған, жалғыз адамдар еді, оған қоса тіл де білмейтін, сондықтан жергілікті қыздар тек төсек қатынасында ғана болмай, тілмаш және ұстазға айналды, ал олардың балалары аралдың жаңа ақсүйектері атанды. Ал «магиялық, коммерциялық және эротикалық сапарда» әйелдер өзінің серігінен әлдеқайда басымдыққа ие болатын. Егер тіпті өзге теңізшілер мен саудагерлер оларды алдауға тырысса, оның жазасы да қатаң еді. Гребер рао-диа деп аталатын махаббат рәсімі туралы сипаттайды. Бұл рәсім кезінде қыз өзінің серігі басқан топырақты қыздырып, «Менікі болмаса, онда ешкімдікі де емес! Өліп қалсын!» – деп айтады. Бұның сәл жұмсақтау түрі цимихао-бонга деп аталады. Ол өзінің серігін белгілі бір аймақта ғана жүруі үшін дуалайтын. Қалай десек те Мадагаскардағы әйелдер біртіндеп үлкен саяси күшке ие бола бастады, Рацимилаху көсемнің «өзінің өмірінің соңында әйелдері мен ашыналары арасындағы бітіспес соғыстан шаршап, қаңғырып, ақылынан адасып, нәтижесінде уланып өлгені» бекер емес.

Су іздеген Бетсимисарака әйелдері. 1900/1910/Wikimedia commons

«Қарақшылық ағартушылық» греберлік «Қарыз» (сауда-сатық қарым-қатынасының негізінде неге аморальды қарыз санаты жатаныны туралы трактат), «Ақылға симайтын жұмыс» (кеңсеге барудан құтқаратын ең жақсы еңбек) және «Бәрінің соңы»iсауда-саттықтың, бюрократияның және әлеуметтік жіктелудің алғашқы қоғамның құрамында болмағаны және бәрі басқалай болуы мүмкін еді дегенді дәлелдеуге тырысатын еңбек сияқты хиттарының әлдебір соңғы сөзі ретінде саналады.

Греберді тағы да тенденцияға жаны құмар деп және өзі жасаған өзгермейтін солақай пайымдау концепциясы жағына фактілерді бұрмалады деп айыптады. «Қарақшылық ағартушылықта» ол қылдың жүзімен жүргені анық, себебі зерттеу объектісінің өзі тым экзотикалық және құжатталмаған жері көп, сондықтан ол жерден фольклор қайсы, жалған ақпараты қайсы, саяси декларациясы қайсы, зімбір мен қан арқылы бекітілген тайпалық рәсімі қайсы ажырату қиын. Гребердің өзі малагасиялық кландардың басшылары Рацимилахудың басшылығымен тек «әлдебір нәрсені бастады», кейбір оқиғалар туралы «бізге тек олардың болуы мүмкін екені ғана белгілі» екенін мойындайды, оған қоса кітаптың өзінде қайсы кім екенін ажырату қиынға түсетін болған және ойдан шығарылған корольдік қарақшылар туралы баяндалған.

Мадагаскардағы Әулие Мария қарақшылар зираты/Wikimedia commons

Қалай дегенмен ол үшін бұл тек жай ғана символоикалық өлшем және Либертария (онда көбіне Мадагаскар тарихының дәйектері негізінде жасалған) деген утопиялық республика туралы миф емес. Ол өмір бойы майдан қыл суырғандай әділдікті аңсап, адамзаттың төбесінен күн шыққан сәтті іздеді. Гребердің тарихи ғылымының проблемасы еуропацентрикалық болғаны емес, оның ішпыстырарлық және қызықсыз болғанында. Ол тек шын өмірде өте қызық болатын. Оның соңғы кітабына қандай да жала жаба беруге болады, тек оны қызықсыз деп тануға болмайды. Оны оқу — оқ-дәрі араласқан бір стақан теңіз суын достық үшін көне қарақшылық дәстүр бойынша қағып салғанмен тең.

«Пиратское просвещение» кітабын ұсынған «Меломан» дүкені

"Пиратское Просвещение, или Настоящая Либерталия" кітабының мұқабасы (орысша басылым)/ашық дереккөзден

Көшірілді