1993 жылы Өзбекстанның Самарқан облысы Пайарық ауданындағы Мұхаммеди қышлағының тұрғыны Анвар Шағдаров арық қазғанда жердің қойнауынан көне қазанды тауып алды. Одан кейін оның олжасы отыз жыл бойы шаңырағына адал қызмет етті. Ол тұратын өңірдің атын шығарған Регистан алаңы, Әмір Темір кесенесі немесе жібек кілемдері ғана емес, сонымен қатар ол Самарқан палауымен де әйгілі, ал бұл тағамды, әлбетте, отқа және тек қазанда ғана пісіреді. Егер өткен жылы Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігінің өкілдері бұл қазанның пішіміне қарап қызығушылық танытпағанда, ол бұрынғыша бұл үйде ас пісіру үшін пайдаланылып, ұрпақтан-ұрпаққа өте беруі мүмкін еді.
ҚАЗАН
Мені қасиетті қазан тойғызсын!
28.11.2023