Маған «Неліктен қазақ фольклорындағы жағымсыз кейіпкерлердің барлығы әйел?» деген сұрақ жиі қойылады. Шындығында олай емес, онда жағымсыз еркек кейіпкерлер де бар, мысалы, «Қорқау шал» ертегісінде бас кейіпкер жаңа туған балаларын жеп қояды. Бірақ, әрине, мыстан кемпір мен жалмауыз кемпір, жезтырнақ, яғни тырнағы жезден жасалған әйел және босанған әйелдің өкпесін ұрлайтын албасты — қазақ демонологиясының ең бейнелі кейіпкерлері.
ҚАЗАҚ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ
Мыстан
20.10.2023