ҚОМАҚТЫ АҚЫҒА КЕНЕЛЕМІН ДЕСЕҢІЗ...

Алдымен жалақыны немен төлейтінін біліп алыңыз

Ежелгі Римдегі базар. Заманауи сурет/Alamy

Ертеде өмір сүрсеңіз, сізге ақшаның орнына қолыңызға кесек тұзды ұстата салуы мүмкін еді.

Ежелде тұзды баға жетпес байлыққа теліді. Тіпті теңізге жақын тұратын халықтардың арасында да бұл заттың қымбат болғаны мәлім. Ақшаның орнына пайдаланған деректер де жиі кездеседі. Осы замандағы адам тұз өндіру үшін бір шәугім теңіз суын қайнатсам болды, шаруа бітеді деп ойлайды. Бірақ осы білгенін істеп көрсе, таң-тамаша қалар еді. Қайната салумен іс бітпейді. Су буланып кеткен соң ыдыс түбінде тұз ғана емес, дәмі ащы сабындай жиіркенішті қайнаған органика мен құм тұнып қалады. Теңіз суын қайнату технологиясы — машақаты көп жұмыс. Қазір «табиғи теңіз тұзын» жасанды су бөгендерінде табиғи булану арқылы алады.

Ертеде теңіз суын қыздырып буландыру және сүзу өте қымбатқа түсетін, себебі өнім алу үшін көп кезеңнен өтуге, бағасы шарықтап тұрған отын жағуға тура келеді. Одан өндірген тұздың құны алтынмен пара-пар.

Қытайлық жұмысшылар тұзды су алу үшін құдық қазып жатыр, 19 ғасыр/Ken Welsh/Getty Images

Сондықтан көне өркениет өкілдері тас тұзды қолданды. Оны өндіретін орнынды табудың өзі қиямет қайым. Тұз ең құнды ресурс және тауар болған соң да оның өндірісі көбінде мемлекеттің монополиясында болды. Ежелгі Қытайда да, ежелгі Римде де жеке адамдардың тұз өндіруіне тыйым салған. Мысалы, Қытайда «тұз ақша» деген валюта болған. Нығыздалған кесек тұзға шенеуніктердің мөрі қойылып, ақша ретінде қолданылғаны белгілі.

«Олардың ақшасы мынадай еді: алтын... ал ұсақ ақшасы: тұзды қайнатып, жарты фунтқа жуық салмақ шығаратын қалыпқа салады; осындай сексен тұз ақша бір sale-ге теңiСалмақ өлшемі, мәні белгісіз таза алтынға пара-пар. Олардың ұсақ монетасы осы» (Марко Поло, «Әлемнің әралуандығы туралы кітап»).

Эфиопиядан шыққан тұз валютасы, 1925 жылы табылған/The Trustees of the British Museum

Қытай шенеуніктері жұмыс ақысына ақша ғана емес, жібек бумасын, мөшектегі күріш және кесек тұз да алатын.

Антикалық Римде тұзды шөгіндісі мол Тибра өзенінің сағасынан осы бір құнды затты өндіретін. Бұл өндірістің монополиясы мемлекетке тиесілі еді, оған қоса тұзға деген сұраныс көп болғаны сонша, көбіне ақшаның орнына пайдаланып жататын. Мысалы, Рим әскерилеріне ақысының бір бөлігі ретінде тұз берген. Легионерлер ақшалай және басқа да сыйақы алғаны анық, бірақ дәл осы тұзбен төлеу «әскери жалақы» ретінде қалыптасып кетті. Sal, яғни, тұз сөзінен ағылшынша «salary» сөзі шыққан. Бұл жалақы, сыйақы деген мағынаны білдіреді. Алайда «солдат» сөзі sal-дан шыққан жоқ, оның түп төркіні ортағасырық «сольди» сөзіне барып тіреледі. Бұл — кейіннен римдік солид (лат. қатты) болған ұсақ монета еді. Ал 15–16 ғасырларда еуропалық орталықтандырылған монархиялар құрған армия жалдамалы әскерилерден тұрған соң, олар ақысына тұз алған емес.

Константинопольде соғылған II Феодосий солиді. Шамамен 435 жыл/Wikimedia Commons

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Марко Поло, «Әлемнің әралуандылығы туралы кітап». – Пальмира, 2021.

Көшірілді