ҚҰЛДЫҚ, ТЕҢДІК, БАУЫРЛАСТЫҚ

1-бөлім. Янычар деген кімдер?

Түрік янычарлары, Осман сұлтанының сарайына қатысты иллюстрациялар жинағынан, шамамен 1600 жыл/Ашық дереккөзден

Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті христиан құлдарын іріктеп алатын. Олар тұрмыста сопы-дәруіштерге еліктейтін, ал соғыс алаңында үрей мен қорқыныш тудыратын. Сұлтандарға бұл ерекше әрі қорқынышты жауынгерлер не үшін қажет болды? Янычар болу үшін қандай жолдан өтетін, олар қалай өмір сүрді, жаттықты? Ақыр соңында оларды неге таратып жіберді? Осы және басқа да сұрақтарға жауап — Qalam материалында. 

 

Бұл янычарлар туралы материалымыздың екінші бөлімі. Бірінші бөлімін мына жерден оқуға болады.

Мазмұны

Cелжұқтар империясының ұлы уәзірі Низам әл-Мүлк «Сиасат-нама» (Ел басқару кітабы) атты монументал еңбегінде бір ғана мойынсұнғыш құл үш жүз ұлдан артық деп жазған, себебі балалары әкесінің өлімін қаласа, ал бағынышты құлдар мырзасының даңқы жолында өлуге дайын. Осман сұлтандары құлдардан тұратын бүтіндей бір әскер құруға шешім қабылдады, бірақ оларды толықтай мойынсұндыра алмады. Янычарлар қыңыр, талапшыл келетін, саясатқа белсенді араласып, кімнің уәзір немесе тіпті сұлтан болатынын жиі шешетін жағдайға дейін жетті. Олардың кейбіреулері славян, грек және христиан болып туғанына қарамастан, мұсылман Осман империясында биліктің шексіз биігіне қол жеткізді.

1474 жылғы 17 тамызда Едикуле қамалындағы империяның ең қорғалған түрмесінде халықтың сүйіктісі, ақындар мен суретшілер қадірлеген ұлы уәзір, шайыр ретінде Adnî (осм. «Ғәдн жәннатына тиесілі») лақап атын иеленген, Махмұд-паша Ангелой ретінде танылған Уәли Махмұд-паша (1420–1474) өлім жазасына кесілді. Ұлы қолбасшы, ақын, қала салушы, өнер мен поэзияның қамқоршысы, Осман флотының ұлы адмиралы, 15 жылдан астам уақыт бойы ұлы уәзір қызметін атқарған, яғни сұлтаннан кейінгі империядағы екінші адам болған ол сұлтан II Мехмед Жаулаушыға (1444–1446, 1451–1481) лайық құрмет көрсетпегені үшін қызметінен босатылып, көп ұзамай өлім жазасына кесілді. Оның өлімі шексіз саяси интрига мен әдеби фантазияларды тудырды, өйткені ол Мұстафаны, яғни мұрагер ханзада әрі Мехмед Жаулаушының сүйікті ұлын өлтірді деп айыпталған еді.

Осман дереккөздері бойынша, Махмұд-паша Мұстафаны өзінің екінші әйелімен жақын қарым-қатынаста болды деп күдіктеніп, улап өлтірген. Әйелімен ол, әрине, ажырасады, бірақ ханзаданы кешірмеген. Сол заманның куәгерлерінің сөзінше, өлім аузында жатқан шахзада Мұстафаiiосм. Şehzâde — Осман сұлтаны ұлдарының титулы өліміне ұлы уәзірді кінәлап, кек алуды сұрап үлгерген.

Осман империясының тарихы. Сарбаздар-янычарлар. Генрих Гендровскийдің «Түрік халық өмірінің суреттері» кітабынан. 16 ғасыр/Alamy

Діндарлығы үшін Уәлиiiосм. Veli — құрметті, мұсылмандардың қорғаушысы деген лақап атқа ие болған Махмұд-паша, христиан текті османдық ұлы уәзірлер шоғырында екінші болды және көптеген тарихшылардың айтуы бойынша, Осман әскерінің тұрақты жаяу әскері — қарапайым янычарлар қатарынан Осман империясының әскери-саяси элитасының шыңына көтерілген алғашқы ұлы уәзірiосм. Sadr-ı âzam немесе Vezîr-i âzam болған.

БРЕНДТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Еуропаны жаулап алулар кезеңінде Осман армиясындағы янычарлар саны аз болғанына қарамастан, бұл «жаңа әскер» — осман тілінен аударғанда Yeni çeriiтүркі-моңғол сөзінен шыққан çeri (жасақ, жауынгер) орыс тіліне моңғол тілі арқылы «цирик» түрінде енген — тез арада үш құрлықта қорқыныш пен үрей туғызды әрі аңыздармен көмкерілді. Янычарлардан бәрі қорыққан, өйткені олар қала қабырғаларына бірінші болып қорықпай шығып немесе жаудың қорғаныс шептеріне шабуыл жасайтын. Оларды ашық қызыл киімдері мен өте ұзын, десе қолданысқа мүлдем ыңғайлы емес, бірақ әсерлі ақ түсті баскиімдерінен, жаңа қырылған бет-әлпетіне құйып қойғандай алыстан көзге ұратын әдемі бұралған мұрттарымен байқамай қалу мүмкін емес еді, сондай-ақ олардың жеке музыкалық оркестрі де болды. Янычарларды қол және аяқтарындағы ерекше татуы арқылы моншада да тануға болатын, денесіне қызмет саласы мен полкін білдіретін белгілер салынатын.

Якопо Лигоцци "Янычардың арыстанмен "Соғысы", шамамен 1570-80 жылдар/The Metropolitan Museum of Art, New York, Harris Brisbane Dick Fund, 1997 Bostanji bachi leu/Alamy

Көптеген маңызды шайқастардағы жеңістер дәл осы янычарларға жазылатын, көбіне олар осыған әбден лайық болып шығатын да еді. Мысалы, 1526 жылы Қануни І Сүлейманның сәтті венгр жорығына, яғни осы жаңа әскерді бүкіл Еуропаға атын шығарып даңққа бөлеген шайқасқа бар болғаны 6,362 янычарiPál, Fodor. The Battle for Central Europe. The Siege of Szigetvár and the Death of Süleyman the Magnificent and Nicholas Zrínyi (1566). Budapest: 2019қатысты, қалай десек те Мохач шайқасында венгр королі II Лайош пен оның барша ақсүйектерінің, кавалериясы мен бірнеше мыңдаған жаяу әскерінің опат болуы тарихта ең алдымен янычарларға тиесілі болып қалады.

Сигетвар жаулап алуы. 16 ғасыр миниатюрасы/Wikimedia commons

Еуропада янычарларды Ескендір Зұлқарнайдың батыл фалангаларымен салыстыратын. Белгілі флоренция тарихшысы Сципион Аммирато христиандыққа қызмет ету үшін жетімдерден осындай әскерлер құру қажеттігін айтқан, ал Шекспир дәуіріндегі ағылшын театрларында сәнді киім киген янычар бейнелері жиі кездесетін. Тіпті «Отелло» шығармасында да янычарлардың қысымымен Константинопольде өлім жазасына кесілген Сұлтан II Мехмедтің көңілдес-күңі Иринаға тұспал бар. Янычарлардың Осман империясының провинцияларындағы әйелдермен махаббат хикаялары, тәубаға келген күйі немесе славян тілін естігеннен кейін халқын қорғауға бел буғаны жайындағы патриоттық әңгімелері Орталық және Шығыс Еуропа әдебиеттерінде танымал болды. Янычар музыкасы тіпті Моцарт пен Бетховенге түрік марштарын шығаруға шабыттандырып, бұл істері болашақта Лист пен Рахманиновқа дейінгі көптеген еліктеушілерді туғызды.

Янычарлардың ел ішінде де аты шулы беделі болды. Олар сұлтандардың жеке күзетшісі бола отырып, тәртіпті де қамтамасыз етті, пристав, тіпті жазалаушы қызметтерін де атқарды. Кабактар мен сауда үйлерін жауып, дүние-мүлкін тартып алып, маскүнемдерді ұрып-соғып, қылмыскерлерді өлтірген де солар еді. Сонымен қатар ішімдік ішуден тайынбайтын янычарлар нағыз бұзақы деген атаққа ие болған.

СӘНДІ ӘРІ САЗДЫ ЖІГІТТЕР

Олардың атақты болуы визуал танымалдық пен креатив бренд-менеджменттің тиімді жұмысының арқасы. Оларды ашық қызыл киімдері мен өте ұзын, десе де қолданысқа мүлдем ыңғайсыз, бірақ әсерлі ақ түсті бас киімдерінен байқамай қалу мүмкін емес еді. Ерекше бас киім (осм. börk) күміс конуспен безендірілген бүктелген жең түрінде сопылыққа қатысын білдіретін, онымен янычарлар тығыз байланысты еді (бұл туралы екінші бөлімде айтамыз) және «Бекташи тәжі» деп аталды.iосм. Bektaşi tâcı

Мехтерхане, әскери оркестр, 1839 ж. Авторы: Ариф Паша

Олардың жаңа қырылған бет-әлпетіне құйып қойғандай алыстан көзге ұратын әдемі бұралған мұртын айту керек. Янычарларды қол және аяқтарындағы ерекше татуы арқылы моншада да тануға болатын, денесіне қызмет саласы мен полкін білдіретін белгілер салынатын.

Жаңа киімдерді беру заңмен қатаң белгіленген және кез-келген кідірістер тәртіпсіздікке толы болды, ал киімдерді таза ұстап, оны жөндеу янычарлар үшін маңызды жұмыс болды. Олар әскери жорық кезінде қауырсын мен әшекейлермен көмкерілген киімдерін көрсетуді ұнататыны сөзсіз. Янычарлардың қызыл және сары аяқ киімдері жоғары еуропалық сәнге мәңгілікке енген деп есептеледі, ал олардың оғаш бас киімдеріне Батыс Еуропаның ұзын бойлы ханымдары еліктеп киген сияқты.iJirousek, Charlotte & Sara Catterall. Ottoman Dress and Design in the West. A Visual History of Cultural Exchange. Bloomington: 2019

Хофер отбасының әйел портреті неміс (шваб) мектебі, шамамен 1470 ж/The National Gallery, London

Құқық бұзып немесе қылмыс жасаған янычар әскерден қуылған кезде, оны бас киімі мен аяқ киімінен айырып, содан кейін ол «азғын» немесе «азып тозған»iосм. düşkünlerқатарына қосылатын. Таңқаларлық емес, 1826 жыл — янычарлар жойылған жылы — Осман империясының дәстүрлі аяқ киім индустриясының құлдырауы басталған жыл болды.

«Мехтер» янычар оркестріiосм. Mehterân — әскери жорық кезінде бүкіл Османлы армиясының қарқынын сақтаған және бейбіт уақытта халыққа уақыттың өзгеруі туралы хабарлаған алғашқы әскери оркестр.

Янычарлар музыкасы тіпті Моцарт пен Бетховенді, Лист пен Рахманиновты болашақта көптеген нұсқасы бар түрік маршын жазуға шабыттандырды.

Олардың әрдайым қатыгез әрі қанішер етіп сипаттағанына қарамастан, жеке қарым-қатынаста янычарлар әдетте жарқын жүзді, тіпті, достыққа сондай ашық жандай әсер қалдыратын. «Түрік хаттары»iThe Turkish Letters of Ogier Ghiselin de Busbecq, Imperial Ambassador at Constantinople, 1554-1562. Oxford: 1968 атты естеліктерінде Стамбұлдағы Қасиетті Рим империясының елшісі Ожье Гислен де Бусбек (тюльпанның атын тюрбанменiосм. Tülbent шатастырып, Еуропаға жаңа гүл мен оның атын сыйлаған адам), Венгрияда Буда қаласының маңында гарнизонға жақын жерде янычарлармен жеке кездескені былай тұрсын, олармен бірге кешкі ас ішкенін сипаттаған. Бұл османдықтардың еуропалықтардың біріккен коалициясымен ең қанды шайқас нүктелерінде майдандасқан әскері болуы әбден мүмкін.

Де Бусбек олардың тобыққа дейін жететін ұзын қафтандары мен алдыңғы жағы күміс конуспен безендірілген әйдік, жиналған жең пішініндегі бас киімдеріне таң қалғанын жазады. Оның айтуынша, янычарлар әрқашан жұппен жүріп, амандасқанда қолын сүйгісі келгендей достықпен иіліп сәлем беретін, әрі елшіге сүмбіл мен нәркес гүлін сыйлайтын. Елші олардың сөзге сараңдығын, қолдарын кеуделеріне айқастырып, төмен қараған күйде сәлемдескен құрметке толы тағзымын, бір таңқаларлығы ақшаға деген құлшынысын байқаған еді. «Шынында да, егер маған олардың янычар екенін айтпағанда, мен оларды түрік монахтары немесе қандай да бір рухани бауырластықтың өкілдері деп ойлар едім. Бірақ бұлар келген жеріне үрей тудыратын янычарлар дәл өзі болатын», — деп жазады де Бусбек күнделігінде.

Жан Батист Ванмур 1700-1737 жылдар аралығында" Жаңашар сарбазы"/Rijks Museum, Amsterdam

БӨТЕННІҢ АРАСЫНДА ӨЗІМІЗ, ӨЗІМІЗДІҢ АРАМЫЗДА БӨТЕН

Империяның қалыптасу кезеңінде, тіпті кейінгі кезеңде де Осман әскері әртүрлі әскер түрлерінен — жалдамалы жауынгерлер мен одақтастардан тұрды. Олардың құрылымы мен ерекшеліктері айтарлықтай өзгеше болатын және көбіне иерархияландыруға келмейтін. Олардың бір бөлігі татарлар (Tatarlar), иөрүктер (Yörükler) немесе еркін славяндардан шыққан войнуктер (Voynuklar) сияқты этникалық не рулық әскерлерден құралды. Басқа бір бөлігі провинциялық немесе шекаралық әскерлерден тұрды, олар әскери қызметті өздеріне бөлінген жерлерден салық жинаумен алмастыратын. Сондай-ақ Осман шекараларынан тыс жерлерге тәуелсіз түрде шабуыл жасап, олжаларынан сұлтандарға салық төлейтін, бірақ кей тұста белгілі әскери міндеттерді орындауға тартылатын топтар да болды.

Олардың барлығы белгілі бір дәрежеде бұрынғы аймақтық даралығы мен басқару жүйесін, адалдығын, соның ішінде анатолиялық түрік бейліктерінеiяғни, бейлер немесе беклердің иеліктері князьдіктерге ұқсас болып келетін деген адалдығын сақтады, бұл Осман элитасының алаңдаушылығын туғызды. Осман империясының аумақтық экспансиясы мен шекараларының кеңеюі, әсіресе Балқан түбегіне жайылуы әскер жетіспеушілігін айқын көрсетті, ал қолда бар, негізінен түріктерден құралған әралуан әскерге ынта жетіспейтін әрі соншалық тәртіпке де мойынсұна қоймайтын. Олар біресе туған өлкесіне оралып күнделікті істерге араласып кете салатын, біресе бейлері мен әмірлерінің мүддесін көздеп саяси интригаларға араласып кете салатын.

Али Амир Жүгіру. Балқандағы жаңашылдарды жалдау. Devşirme алу үшін христиан ұлдарын тіркеудің иллюстрациясы . Осман миниатюрасы, 1558 ж.//Süleymannâme, Istanbul, Topkapi Palace Museum

Парадокс сол, Албания, Болгария, Босния, Венгрия, Греция және Сербияiкейінірек, империя кеңейген сайын, басқа еуропалық провинциялардан және біршама уақыт Анатолиядан да христиан балалары әскерге алына бастадыхристиандарынан тұрақты және кәсіби әскер құру туралы шешім басқа біреу емес, нақ осы I Мұрад (1326–1389) — алғашқы осман сұлтаныныныңiоның атасы І Осман Осман әулетінің негізін қалаушы болса, әкесі Орхан әлі де бей немесе ғази секілді қарапайым титулдарды иеленген болатынойына келіп еді. Құдай тәрізді билеушіiХүдавендигар, осм. Hüdavendigâr дейтін атаққа шыққан I Мұрад, Балқан жерлерін де қоса алғанда, ұлы жаулаушы ретінде танымал болған. Грек әйелден туған І Мұрадтың христиандардан әскер құрамын деген бұл өзгеше шешіміне тіпті 27 жылға созылған билігінің көп бөлігін дәл осы халықтармен күресіп өткізгені де кедергі болып көрінбеді. Жаңадан жауланып алынған Балқанға түріктерді ұйымдасқан түрде қоныстандырудың бастамашысы да өзі болып еді. Қалай болғанда да оның осы бөтен, жат христиан генераттардың адалдығына сенімі сейілген емес еді.

Оның үстіне, I Мұрад тіпті өз туыстарына да іш тарта бермейтін секемшіл жан еді, ол былай тұрсын тарихта бауырын өлтірген алғашқы османдық сұлтан деген атқа қалған, кейіннен тіпті баласын өлтірген алғашқы сұлтан болып тарихқа кірді. Осылайша ол алты жарым ғасыр өткенде түрік сериалдарында бояуы қанық болып суреттелетін осы бір дәстүрді бастап берген еді.

БИЛІК БАСЫНДАҒЫ ҚҰЛДАР

Қалай болғанда да, I Мұрад осман әскерінің реформасын Капыкулуiосм. Kapıkulu — «Қақпа құлдары», яғни осман сұлтаны сарайының құлдары дейтін мүлдем жаңа әскери корпусты құрудан бастады. Бұл әскер тек христиандардан, негізінен Балқандықтардан, таңдап алынды. Капыкулу әскери корпустары янычарлар мен басқа да тар аяда маманданған жаяу әскерлерді (қару-жарақ шеберлері, артиллеристер, жарғыштар мен шабуылдаушылар), сондай-ақ кавалерияны қамтыды. Бұл әскерлердің ерте кезеңдегі Осман жасағынан айырмашылығы, тұрақты және кәсіби болды, яғни нақты әскери өнерге арнайы оқытылып, тек осы іспен айналысты және тұрақты айлық жалақы алып отырды. Бұған қоса, қазіргі тілмен айтқанда, performance bonus, яғни нәтижеге қарай бонус алатын. Бұл бонустардың ешқайсысы жақсылыққа әкелмейтін. Ол жайында уақыты келгенде айтамыз.

Аты айтып тұрғандай, Капыкулу ең алдымен сұлтанның жеке құлдары (немесе қызметшілері) саналды, сондықтан сұлтан олардың кез келгенін, тіпті жүз мыңдық армияны басқарған ұлы уәзірді де, сотсыз және тергеусіз, қаласа өз қолымен де өлім жазасына кесе алатын еді, десе де, сөз жүзінде тіпті ең сорлы дейтін қарапайым тұрғынның болсын өлім жазасына кесілуі заңды заң жүзіндегі мақұлдауды талап ететін. Сондықтан бұл жаңа әскер ең алдымен сұлтанның сарайын қорғау үшін құрылды, тек Осман сұлтанына тікелей бағынды, сарайдың жанында, кейде тіпті оның ішінде өмір сүрді, бірақ ең бастысы — қалған халықтан оқшау өмір сүрді. Оларды халықтан айқын, ашық түсті киімдері мен үнемі қырынып жүретін әлпетіне ажыратуға болатын. Өйткені оларға, командирлерін былай қойғанда, сақал өсіруге тыйым салынған еді.

Жан Батист Ванмур. Корнелис Калкоен Сұлтан Ахмед III-ке көрермендер жолында. шамамен 1727-шамамен 1730 жж./Getty Images

Христиан жеткіншектерді тұрақты әскери және әкімшілік қызметке, соның ішінде Капыкулу корпусына қабылдау мен дайындауды ұйымдастырудағы алғашқы қадам «Шетел корпусын» немесе «Жаңа әскер корпусын» (осм. Acemi Ocağı)11Әжами«жат жұрттық» немесе «варвар» мағынасын беретін араб сөзі, әуеліде ирандықтарға, кейін басқа этностарға қолданыла бастаған. Уақыт өте келе осман тілінде бұл сөз жаңадан қабылданғандар мен әскер сапына жаңа қосылғандарға, кейін кадеттерге қатысты қолданылатын болды құру болды. Исламды жаңа қабылдаған христиан жеткіншектерден құралған бұл корпустардан, тек Капыкулу, соның ішінде янычарлар сияқты мамандандырылған әскери корпустар ғана емес, сонымен қатар әкімшілік элита, сарай қызметшілері, аспаздар, сұлтанның жеке күзетшілері — «бағбандар» (осм. Bostancılar) да таңдалды. Дәл осы бағбандар сериалдарда қызыл немесе қоңыр бас киімдер киіп жүреді де сұлтанға ұнамаған уәзірлерді буындырып немесе басын шабатын көріністерімен жиі бейнеленеді.

Күшті және батылдары янычарлар корпусынаiосм. Yeniçeri Ocağı алынатын, кейде оларды Acemi Ocağı мектебінде 7–8 жыл алдын ала дайындықтан өткізгеннен кейін ғана қабылдайтын. Көрікті келген ұлдарды сарай қызметінеiосм. İç oğlanı — ішкі немесе сарай оғланы алатын, ал күшті, сымбатты және тартымдыларын «бағбандыққа» қабылдайтын. Ең ақылдыларын «Ішкі мектепке»iосм. Enderûn Mektebi жіберетін, онда олар ислам теологиясы мен шет тілдерінен бастап, математика мен дипломатиялық протоколға дейінгі нәрсенің барлығын оқитын. Олардың барлығын алдын ала империяның еуропалық бөлігіндегі жүз мыңдаған христиан оғландардың арасынан мұқият іріктеп алғанын қаперде ұстағанның өзінде осындай електен өтетін.

Бастапқыда христиандарды әскери қызметке тұтқынға алынған христиандар арасынан «пенчик»iосм. pençik немесе penç ü yek — бірден бесінші деп аталатын сол кездері орныққан қағида бойынша іріктейтін. Заң бойынша әрбір бесінші тұтқынды сұлтанның армиясына алатын. Жауынгер-құл дәстүрі ислам әлемінде ежелден болған, оларды «ғулaм» немесе «ғилман» (арабш. бозбала немесе қызметші) деп атайтын. Араб халифатында және басқа мұсылман мемлекеттерінде бұл бала қызметшілерді негізінен Орталық Азияның түркітілдес халықтарынан, соның ішінде османдықтардың ата-бабаларынан да жасақтайтын. Олар ең сенімді және элиталық әскер саналған, ең алдымен билеуші мен халифтердің сарайында қызмет еткен, ал олардың кейбіреуі кейіннен өздері билеуші болған, мысалы, мәмлүктер (арабш. құл).

Фетх Әли-шах (1771-1834 жж. Иран шахы) нөкерлерімен бірге. Сол жағында екі гүләм - біреуінде қолында қалқан, екіншісінде сойыл. 1810/Wikimedia commons

Ғилман немесе мәмлүктер исламды қабылдағаннан кейін сөз жүзінже құлдықтан босайтын. Халиф жерінде бөтен болғандықтан, олардың туыстық байланыстары және аймаққа қатыстылығы болмаған, сондықтан олардың болашағы мен әл-ауқаты теориялық тұрғыда тек мемлекет басшысына байланысты болатын. Бұл оларды сенімді әрі құбылмайтындай берік ететін. Осман сұлтандары да дәл осындай есеппен әрекет етті, өйткені олар түрік тайпаларының ұрпағы болғандықтан түрлі мұсылман әулеттеріндегі Аббасилерден бастап Селжұқтарға дейінгі тұтқындардан құралған әскердің жайын жақсы білетін.

Сұлулық — қорқынышты дүлей күш

Әйтсе де османдықтардың христиандардан элиталық әскер жасақтаудағы ең маңызды жаңалығы «пенчиктен» біртіндеп бас тартуы болды. Пенчик тек шекаралас аймақтарда немесе әскери жорықтар кезінде қолжетімді болатын әрі мұқият таңдау жасауға мүмкіндік бермейтін: не бар — соны алуға мәжбүр болушы еді. Біртіндеп османдар янычарларды мүлдем жаңа үлгімен жинауға көшті, ол — «девширме»iосм. devşirme — жинау немесе қабылдау деп аталды. Бұл мәселеде Әмір Темір катализатор болды, ол 1402 жылы Осман әскерін талқандап, сұлтан І Баязидті (І Мұрадтың ұлы) тұтқындады, бұл ішкі азаматтық соғысқа ұласып, османдықтардың көршілеріне шабуылдарын уақытша тоқтатқан еді, сәйкесінше тұтқындардың әскерге ағыны да азая түсті.

Хасеки-агаси, сұлтан күзетінің лейтенанты. Түрік костюмдері альбомынан сурет/Wikimedia commons

Девширменің кездейсоқ әрі нашар жоспарланған пенчиктен айырмашылығы, империяның еуропалық провинцияларындағы христиан бағыныштылары арасында іске асырылды, сондай-ақ арнайы заңменiDevşirme kanunnamesi реттелді. Ал оның орындалуын әрбір қадамды мұқият құжаттайтын көптеген шенеуніктер бақылап отырды. Девширме ең алдымен янычарларды жинау үшін жүргізілді, сондықтан оны тек янычарлардың командирі бастай алатын. Ол жаңа әскерлердің нақты санын көрсетіп, Диванға, — жоғарғы заң шығарушы органға өтініш жолдайтын. Диуан әртүрлі аймақтар бойынша нақты санын көрсете отырып сұлтанның жарлығынiосм. fermân шығаратын.

Әр 3–5 жылда (кейде бұдан жиі) тек христиандардан 40 отбасына шаққанда 8 жастан 20 жасқа дейінгі 1 баладан жинап отыратын, ол үшін шіркеудегі тіркеу кітапшаларындағы шоқындыру рәсімінің жазбаларын мұқият тексеретін. Барша дерек екі янычар өкілі, қазы,iосм. kadı кавалеристi осм. sipâhi және жергілікті қауым басшысыныңi осм. kethüdа қатысуымен жазылып, екі жеке кітапқа тіркелетін. Содан кейін бұл екі көшірме әртүрлі жолмен астанаға жеткізілетін. Әрбір балаға қатысты деректің барлығы хатқа түсетін: ауылдың, ауданның, облыстың атауы, туған күні, сыртқы келбетінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, ата-анасының есімдері, қоныстың әскери командирінің аты-жөні және т.б. Балалар мен жасөспірімдер 100–200 адамнан тұратын топпен астанаға янычар корпустарына жіберілетін. Оларды дереу сәнді, янычарларға тән айқын қызыл киімдермен киіндіретін, бұл олардың қашуын қиындататын болған. Жолда кез келген баланың өлімі немесе ауруы жергілікті қазының қатысуымен сыртқы келбеті мен белгілерін тіркеу кітабына сәйкестендіру арқылы құжатталатын болған, бұл олардың ауысып кетуін немесе парамен босап шығу жолын кесетін. Ауылдарда алаяқтардың жалған құжаттармен балаларды жинайтын жағдайлары да болған. Мұндай жағдай көбіне тым пысықай мырзалардың қолын шабумен аяқталып жататын.

Ottoman miniature of the Janissaries fighting against the Knights of Saint John at the siege of Rhodes in 1522. Painting by Matrakci Nasuh (1480-1564), 1558/Alamy Түркия: 1522 жылы Родос қоршауында Әулие Джон орденінің рыцарьларына қарсы соғысып жатқан янычарларды бейнелейтін Османлы миниатюрасы. Матракчи Насухтың Суреті (1480-1564), 1558/Alamy

Бір қызығы, осынау мемлекеттің маңызы зор осы істе османдықтар аз жинап қалудан немесе қашып кету қаупінен гөрі, жаңа әскерлерге қажетсіз элементтердің — түріктер, мұсылмандар, еврейлер, қалалықтар, саудагерлер мен қылмыстық топтардың еніп кетуінен, янычарлар қатарына қосылуды тартымды мансап ретінде қарастыратындардың қатарға қосылып кетуінен көбірек қорқатын. «Жаңа әскерді» тек тұнба түкпірлерден шыққан күшті, дені сау, сосын бейкүнә әрі сүйкімді христиан балалардан құрып, тәрбиелеу қажет болып жоспарланған. Сондықтан девширмеге 20 жастан асқан, сүндеттелген, үйленген, отбасындағы жалғыз ұл саналатын, бойы аласа, ұсқынсыз, жетім, бақташы, таз және сақалсыздарды қоспайтын. Сонымен қатар қолөнершілер мен шеберлер, түрік тілін үйренгендер мен Стамбұлда тұрып үлгергендер де қатарға қабылданбады.

Астанаға жеткенде бұл христиан балаларды сыртқы келбеттерінің сипаттамалары бойынша мұқият тексеретін. Болмашы өзгеріс не сәйкессіздік анықталса, бүкіл топтың Kapıkulu қатарына алыну жолы жабылатын (оларды жай ғана зеңбірек құю шеберханаларына жіберетін), ал осы іске қатысы барларды анықтап жұмыстан шығарататын, сосын жазалайтын. Тексеруден кейін балардың барлығын сүндеттеп, ислам дініне кіргізетін.

Янычарлар. 17 ғасырлық неміс көдексінен/Museum: Austrian National Library, Vienna/Alamy

Бір қызығы, сол кезеңде үш құрлыққа үрей туғызған бұл бейкүнә христиан балаларын ең батыл, қатал әрі шебер жауынгер етіп тәрбиелеу ісі естен тандырар жаттығулар мен күнделікті жауынгерлік дағдыларын шыңдаудан басталудың орнына, Анадолы ауылдарында ауылшаруашылық жұмыстарына жегуден басталатын. Ең әдемілерін сарайға, ең күштілерін «бағбандыққа» іріктеп алғаннан соң, қалғандарын уақытша Анадолы қыстақтарындағы түрік отбасыларына 6–7 жылға «сататын», онда олар түрік тілі мен исламды тәжірибеде үйренетін, сол бір ерекше қызыл киіммен далада жұмыс істейтін, әдетте бойына ыза мен кекті қатар жинайтын болса керек. Оларды қала тұрғындарына, әсіресе Стамбұл тұрғындарына, қолөнерші, ғалым және сот, қазы болып істейтіндердің отбасына беруге қатаң тыйым салынған еді. Осман үкіметінің пікірінше, қалалық ортаға бейімделу, әсіресе қолөнерді үйрену және осылайша өз күнін өзі көруге мүмкіндік алу — жатжерліктердің сұлтанға адал әрі қатал жауынгерге айналуына кедергі келтіретін.

Бірнеше жыл бөтен түрік отбасында өмір сүріп, Анадолының алыс ауылының егіндігінде тырманып еңбек еткеннен кейін олардың қашуын болдырмау үшін ауылдардың теңізден және үлкен жолдардан алыс орналасуы маңызды өлшем саналды, — олар жаңа есіммен янычар отрядына жіберіледі. Оларды ендігі христиан діні немесе ұмыт бола бастаған ана тілдері емес, ауыр тағдыр, жүрегінің терең түкпіріне көмілген естеліктері мен сезімдері және бауырластық сана-сезімі біріктірді. Бауырластық — янычарлардың ендігі қолында бар жалғыз нәрсесі және олардың былайғы өмірінің барлығы ендігі соның айналасында құрылады.

Раламбтың костюмдер туралы кітаптан янычар. Миниатюралар сия, гуашь пен алтын жалатумен жасалған. Оларды Константинопольде 1657-1658 жылдары Швеция елшілігін басқарған Клаас Раламб сатып алды/Alamy

Жаттығуда оңай — шайқаста қиын

Содан кейін әдепкі нәрсе — күнделікті, тұрақты және шаршататын жауынгерлік жаттығулар басталады, оларды тек түскі немесе кешкі ас, өлең оқу немесе құлшылық уақыты ғана тоқтата алатын. Янычарлардың әскери шеберлігі сұлтандардың шексіз мақтанышына айналды. Олардың көбі мемлекеттік істер арасындағы үзілісте жаттығу процесін, әсіресе садақпен атуды бақылауды ұнататын, осы үшін янычарларды ІІ Мехмед салған «Окмейданы» (түрк. Okmeydanı) — садақ ату алаңына, сұлтанның тамашалауы үшін ложамен жабдықталған арнайы алаңға шақыратын. Сұлтандардың өз ұлдары әскери істерді дәл осы янычарлардан үйренетіні соншалық таңқалатын жәйт емес.

Болашақ янычарлар көбіне топ болып әрбірі өз полкінің құрамында жаттығатын. Янычарлар қылышпен символдық, тіпті рухани байланыс құрғанына қарамастан, садақпен де, аркебузамен (білтелі мылтықтың ежелгі түрі) де атуды шебер меңгеретін. Бұл тіпті жаттығуларының едәуір бөлігін құрайтын, бірақ бұған қоса, жалпы дене дайындығына арналған жаттығуларға да аз көңіл бөлмейтін. Көбіне ойын және жарыс түрінде өтетін.

Әр апта сайын янычарлар Стамбұлдың орталығындағы «Ет алаңында» (түрк. Etmeydanı) толық әскери киімде әрі музыканың сүйемелдеуімен парад ұйымдастыратын. Қала жұрты олардың қойылым түріндегі жаттығуларын, шайқас сахналарын және тактикалық маневрларын тамашалай алатын.

Янычарлар туралы материалымыздың бірінші бөлімін мына жерден оқыңыз.

Сұлтан Мұрад II садақ ату кезінде. 16 ғасыр миниатюрасы/Wikimedia commons

Көшірілді