ҚЫЗЫЛ ЖЫЛАН КҮНІ

Моңғол астрологиясының күрделі әлеміне саяхат

ҚЫЗЫЛ ЖЫЛАН КҮНІ

Моңғол халқының байырғы жұлдыздар картасы. Шамамен 1549 жыл/ Andrew Fare / Alamy

Еуропада жұлдыз жорамал көбінесе ойын-сауық, жай ғана қызығушылық деп есептелетін, тіпті дәстүрлі діндегі жиіркенішті құбылыс ретінде саналса, ал Моңғолияда жұлдыз жорамалға сену — күнделікті рухани өмірдің маңызды бөлігі. Себебі бұл жерде астрология мен жұлдыз жорамал буддизмнің ажырамас бір бөлшегі саналады.

Мазмұн

Моңғолияға буддизмнің келуі

Моңғолияда буддизм үш толқынмен таралды.

Буддизмнің Моңғолияға келуінің бірінші толқыны деп 13 ғасырдың ортасына дейін, яғни Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың (1215–1294) билік еткен кезеңіне дейінгі кез келген түрін айтуға болады. Тарихи деректерге сүйенсек, Орталық Азияда біздің заманымыздың 1 ғасырында буддизмнің екі бағыты таралған: Хинаяна — Кіші арба буддизмі және Махаяна — Үлкен арба буддизмі. Кейінірек, Түрік қағанаты (6–8 ғасырлар) және Қидан әулеті (10–11 ғасырлар) билік құрған кезеңдерде буддистік мәтіндер жаппай аударылып, таратылған, бірақ олар негізінен тек ақсүйектерге ғана қолжетімді болған.

Екінші толқын Моңғол империясының қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді. Сол уақытта Сакья мектебінің басшысы Сакья-Пандита Гунга-Жалцан (1182–1251) Тибеттен Шыңғыс ханның немересі Годанның ордасына буддизмді насихаттау үшін шақырылған еді. Оның жиені, Пагба-лама Лодойжанцан (1235–1280), кейінірек Құбылайдың рухани ұстазы болып, тіпті «мемлекеттің ұстазы» деп жарияланды. Сакья-Пандита бірнеше монастырь салды, буддизмнің негізгі сутрасы Ганджурды (Будданың тікелей сөздері) және басқа да үнділік, тибеттік мәтіндерді моңғол тіліне аударды. Пагба-лама өзінің «төртбұрышты жазуды» (моңғ. Дөрвөлжин бичиг) ойлап тапқанымен де танымал, бұл жазуды моңғол тілінде ғана емес, кеңейіп келе жатқан империядағы басқа да халықтың тілінде қолдану жоспарланған еді.

Сакья Пандита. Матаға салынған сурет. 18 ғасыр, Шығыс Тибет/The Metropolitan Museum of Art/Wikimedia Commons

Сакья Пандита. Матаға салынған сурет. 18 ғасыр, Шығыс Тибет/The Metropolitan Museum of Art/Wikimedia Commons

1267 жылы Құбылай атақты астроном Джамал-ад-Дин әл-Бұхариді Құлағу ұлысының.11Құлағу мемлекеті, немесе Елхан (1256–1335)iШыңғыс ханның немересі Құлағу құрған мемлекет, қазіргі Иран, Әзірбайжан, Пәкістан және басқа да бірнеше елдің аумағын қамтығанМарага обсерваториясынан өз ордасына шақырған еді. Ал 1271 жылы Құбылай Мұсылман астрономиясы институтын құрып, шақырылған мұсылман астрономдары үшін астанасы ХанбалғасiЮань империясының астанасы, қазіргі Бейжіңнің моңғолша атауы. Ханбалық деп те аталады қаласында обсерватория салдырды. Мұнда әл-Бұхаридің басшылығымен 30-дан астам ғалым жұмыс істеген.

1276 жылы Құбылай хан инженер Го Шоу-синьге (1231–1316) жаңа күнтізбе әзірлеуді тапсырды. Бұл тапсырманы орындау үшін Го Шоу-синь Ханбалғас обсерваториясын қайта ұйымдастырды. Жаңа құралдарды және бұрынғы бақылауларды пайдалана отырып, ол жылдың ұзақтығын 365,2425 күн деп анықтады (бұл қазіргі өлшемдерден небәрі 0,0003 күнге ғана ауытқиды). Бұл көрсеткіш дәлдігі жағынан 1582 жылы енгізілген Григориан күнтізбесімен сәйкес келді, ал Го Шоу-синьнің осы өлшемі негізінде жасалған Шоу ши ли күнтізбесі 1281 жылы аяқталды. Шоу ши ли күнтізбесі Юань, Мин және Цин әулеттері кезінде бірнеше ғасыр бойы пайдаланылды.

1 / 2

Буддизмнің үшінші толқыны Юань империясы құлағаннан кейін, 16 ғасырдың ортасында орын алды. Құбылайдың ұрпағы Алтан хан (1507–1582) сол кездегі көрнекті лама Сонамджамцаны (тибетше Сонам Гьяцо, 1543–1588) Моңғолияға шақырды. Алтан хан ламаны «Ваджрадхараның мөрі — Далай-лама. Жеңіс болсын!» деген жазуы бар алтын мөрмен марапаттады. Сонамджамц ресми түрде «Далай-лама» атағын алған алғашқы адам болды. «Далай» моңғол тілінде «мұхит» дегенді білдіреді, ал «Далай-лама» «Мұхит ламасы» дегенді білдіреді, бұл оның мейірімділігі мен білімі мұхит сияқты терең және кең екенін меңзейді. Далай-лама Сонамджамц Моңғолияда көптеген монастырьлар ашып, буддизмнің кеңінен таралуына ықпал етті.

Астрология ғылым ретінде

Моңғолияда Махаяна — Үлкен арба буддизмі және Ваджраяна — Алмас арба буддизмі кең таралған. Бұл екі бағытта да астрологияға ерекше мән беріледі, әрі ол астрономиядан көп айырмашылығы жоқ.

Тибет-моңғол буддистік білім беру жүйесінде астрономия мен астрология дәстүрлі ғылымдардың бірі. Жалпы, буддистік білім беру жүйесінде бес негізгі білім саласы — «Бес ұлы ғылым» (моңғолша «Их таван ухаан») және бес қосалқы білім саласы — «Бес кіші ғылым» (моңғолша «Бага таван ухаан») бар.

Тибет медицинасыдағы шипагерлік қолжазба, 18 ғасыр/Alamy

Тибет медицинасыдағы шипагерлік қолжазба, 18 ғасыр/Alamy

Бес негізгі ғылымға тіл білімі (моңғ. дуун ухаан), логика (моңғ. учир шалтгааны ухаан), медицина және фармакология (моңғ. анагаах/тэжээхүйн ухаан), өнер және қолөнер (моңғ. урлахуйн ухаан), ішкі өзін-өзі тану, яғни буддистік философия, психология және медитация (моңғ. дотоод ухаан) жатады.

Бес қосалқы ғылымға поэзия (моңғ. зохист аялгуу), шешендік өнер (моңғ. илт өгүүлэх), өлең құрастыру (моңғ. эвсүүлэн найруулах), актерлік шеберлік пен би (моңғ. дууриал бүжиг) және бесінші — астрономия, астрология және математика (моңғ. одон зурхай) кіреді. Айта кету керек, медицина білімін игеруші шәкірттер астрологияны да үйренуі міндетті болған, ал астрологтарға медицина оқу міндетті болмаған.

1 / 2

Иудаизмде көптеген белгілі тұлғалар астрологияның негізділігін жоққа шығарған, ал христиандықта астрология Лаодикий соборынан (біздің заманымыздың 4 ғасырында) бастап тыйым салынған. Исламда астрология көбінесе сиқырмен теңестіріліп, күнә деп саналғанымен, тарихта Насир-ад-Дин ат-Туси, әл-Бируни, Ұлықбек сияқты көптеген мұсылман астрономдары мен астрологтары танымал.

Буддизм мен индуизмде астрология дін, философия және медицинаның бір бөлігі. АюрведадаiҮндістанда пайда болған баламалы медицина жүйесі және Тибет медицинасында астрология диагностика үшін басқа әдістермен қатар қолданылады.

Астрологияны моңғол тілінде «Зурхай» деп атайды. Зурхай сөзі «зурах» — сурет салу, сызу деген сөзден шыққан. Мәселе мынада: ламалар математикалық есептеулерді арнайы қара тақтайшаларға күлмен себелеп, үшкір таяқшамен жазған. Есептеулерде арнайы алгоритм қолданылған, онда әрбір жаңа есептелген санды жазбас бұрын алдыңғы санды күлмен өшірген. Есептеу аяқталғаннан кейін тақтайшада тек соңғы нәтиже қалатын.

1 / 2

17 ғасырда өмір сүрген (1639–1704) моңғол дәрігері, философы, Шыңғыс ханның 30-буындағы ұрпағы Лувсанданзанжанцан «Зурхайн гол авч орхихыг тодотгогч гэрэл» («Астрологияның мәні, нені алу, нені тастау керектігін анықтайтын жарық») және «Шидийн зурхайн гарын авлага» («Астрология шиді бойынша нұсқаулық») сияқты танымал шығармаларды жазған. 17 ғасырдан бастап монастырьларда медицинаға арналған арнайы колледж-дацандар — «Мамба дацан», сондай-ақ астрологияға арналған дацандар — «Зурхайн дацан» (Астрологиялық дацан) ашыла бастады.

Моңғол тарихшысы, философы Сумбэ хамба Ишбалжир (1704–1788) астрология мен Тибет медицинасын моңғол географиялық еніне және өсімдіктеріне бейімдеп, «Төгс буянт шинэ зурхай» («Кемел ізгіліктің жаңа астрологиясы») деген шығарманы жазды. Кейінірек, 18–20 ғасырларда Моңғолияда Цахар гэвш Лувсанчүлтэм (1740–1810), Минджуурдорж (17 ғасыр), Доёдбалдан (1860–1920) сияқты белгілі астрологтар өмір сүріп, шығармалар жазған.

Лувсанданзанажанцан Моңғолияның алғашқы отох Ламасы. 1639-1704 жылдар аралығында өмір сүрген жоғарғы әулие Занабазардың күн және ай шәкірттерінің бірі. Ол әйгілі діни қайраткер, саяхатшы және астролог болған/Wikimedia Commons

Лувсанданзанажанцан Моңғолияның алғашқы отох Ламасы. 1639-1704 жылдар аралығында өмір сүрген жоғарғы әулие Занабазардың күн және ай шәкірттерінің бірі. Ол әйгілі діни қайраткер, саяхатшы және астролог болған/Wikimedia Commons

Калачакра

Тибет-моңғол күнтізбелері мен жұлдызнамалары «Калачакра-тантра» ілімінің сутрасына негізделген. Бұл ілімді Будда 2800 жыл бұрын Оңтүстік Үндістанның Андхра-Прадеш өңірінде үйреткен. Үндістаннан шыққан бұл ілім Мьянмаға, Малай түбегіне және Индонезияға таралған, алайда 14 ғасырға қарай бұл аймақтарда Калачакра ілімі жоғалып кеткен. 11–13 ғасырларда бұл ілім Үндістаннан Тибетке жетіп, қазір буддизмнің сакья, кагью және гелуг ағымдарында қолданылады. Моңғолияда «Шарын шашин» деп аталатын гелуг ағымы кең таралған, сондай-ақ кагью ағымының «Улааны шашин» деп аталатын ізбасарлары да бар.

Калачакра санскрит тілінде «Уақыт шеңбері» дегенді білдіреді, ал моңғолша «Цагийн хүрд» (цаг — уақыт, хүрд — айналатын шеңбер) деп аталады. Моңғолияда бұл ілімді «Уақыт шеңбері ілімі» немесе тибеттік атауы «Дүйнхор» деп те атайды.

Калачакра мен Вишматаны бейнелейтін мандала, Тибет/Alamy

Калачакра мен Вишматаны бейнелейтін мандала, Тибет/Alamy

Буддистік сангханың жетекшісі Богдо-гэгээн IV (1775–1813) 1804 жылы Лхасада Лама Лхова Джалсрайдан Калачакраға арнау алды және 1806 жылы Моңғолия астанасы Их хурээде (қазіргі Ұлан-Батор) Калачакра сутрасын зерттейтін «Дүйнхор» дацанын ашты. Осыдан кейін Калачакра ілімі Моңғолияда таралып, монастырьларда Дүйнхор дацандары салына бастады. 19 ғасырда бұл ілім Сібір буряттарына, ал 20 ғасырда Волга бойындағы қалмақтар мен Тыва халқына таралды. Бурятияда, Калмыкияда және Тывада монастырьларда Дүйнхорға арналған бөлімдер пайда болды.

Гандантегченлин, Будда монастыры, Ұрға, Моңғолия. 1913 жыл, шілде/Stéphane Passet/Musée Albert-Kahn/Wikimedia Commons

Гандантегченлин, Будда монастыры, Ұрға, Моңғолия. 1913 жыл, шілде/Stéphane Passet/Musée Albert-Kahn/Wikimedia Commons

Бұл ілімге сәйкес, уақыт — әлемдегі және ғаламдағы сыртқы өзгерістердің, сондай-ақ адамның денесіндегі ішкі өзгерістердің өлшемі және бұл өзгерістер циклді түрде жүреді. Сыртқы өзгерістерге Күн, Ай және планеталардың қозғалысы, жыл мезгілдерінің өзгеруі, Ай фазасы және т.б. жатады. Калачакра сутраларында бұл өзгерістерді есептеуге арналған күрделі математикалық формулалар мен алгоритмдер бар. Бұл — Калачакраның астрономиялық, астрологиялық және космологиялық бөлігі. Ішкі өзгерістерге, мысалы, өмір кезеңдері (балалық, ересектік, қарттық), әйелдердің циклдері, ұйқы циклдері, тыныс алу және шығару циклдері жатады. Калачакра әдебиетінде адамның ағзасының сипаттамасы, энергетикалық жүйесі, «чакралар», «каналдар», «тамшылар» сияқты ұғымдар арқылы түсіндіріледі. Бұл сипаттамалар — Тибет медицинасының бөлігі.

1 / 2

Тибет-моңғол астрономиясы мен астрологиясында сыртқы циклдер ретінде Күн, Ай, бес планетаның қозғалысы, Ай фазасы, 27 Ай шоқжұлдызы, Юпитердің 60 жылдық циклы есепке алынады. Тибет-моңғол күнтізбесі — ай-күн күнтізбесі, онда ай айлары мен күн жылы қолданылады. Бұл күнтізбеде уақыт аралықтары жаңа айлар арасындағы кезеңдермен өлшенеді. Он екі ай айы күн жылынан қысқа болғандықтан, шамамен үш жылда бір рет қосымша ай қосылады.

Сыртқы және ішкі циклдер, әрине, бір-бірімен байланысты. Адамдар бұл циклдерді кармасына сәйкес, осы өмірдегі және өткен өмірдегі ойларының, сөздерінің және істерінің нәтижесінде бастан кешіреді. Сондықтан адамдар бұл циклдердегі тағдырына тікелей әсер ете алмайды.

1 / 2

Алайда уақыттың үшінші циклы бар, оны «балама Калачакра» деп атайды, бұл циклге тантралық арнау, практиканың екі кезеңі және будда күйіне жету кіреді. Бұл цикл сыртқы және ішкі Калачакраға балама болумен қатар, олардың зиянды әсерлеріне қарсы у. Калачакра ілімінің медитативтік жүйелерінің көмегімен тәжірибешілер сыртқы және ішкі циклдерге тәуелділіктен шығып, өз мақсаттарына тиімдірек жетіп, басқа тіршілік иелеріне нұрға бөленуге көмектесе алады.

«Калачакра» деп Құдайды — идамды, Калачакра сутрасының мәтінін (кітабын), сондай-ақ ілім мен дүниетаным жүйесін атайды. Калачакра — астрономия мен астрологияның қамқоршы құдайы, бұл тұрғыда ол ежелгі грек астрологиясының муза Уранияға ұқсайды. Моңғолдар көбінесе Калачакраны Уақыт шеңберінің Құдайы (Цагийн хүрдний бурхан) немесе Дүйнхор Құдайы (Дүйнхор бурхан) деп атайды.

Тибеттің рухани көсемі Далай лама өткізген оқу сессиясы кезіндегі Будда монахтарының Бодхгайдағы Махабодхи ғибадатханасы жанындағы Калачакра алаңында "Авалокитешвараға Арнауы" атты арнайы дұғасы. 2010 жыл, 8 қаңтар/ DIPTENDU DUTTA/Getty Images

Тибеттің рухани көсемі Далай лама өткізген оқу сессиясы кезіндегі Будда монахтарының Бодхгайдағы Махабодхи ғибадатханасы жанындағы Калачакра алаңында "Авалокитешвараға Арнауы" атты арнайы дұғасы. 2010 жыл, 8 қаңтар/ DIPTENDU DUTTA/Getty Images

Калачакра арнауы мен практиканың екі кезеңі тантраның ең жоғары класының медитативті практикалар жиынтығы және ақырғы мақсат ретінде нұрға бөленуге жетуді көздейді. Арнау баяу, қадам сайын жүзеге асырылады және сыртқы және ішкі Калачакра арасындағы параллельдерді қамтиды, сонымен қатар ғалам мен адам денесінің модельдері болатын күрделі мандалдар қолданылады.

Бұл дәстүрден тыс өскен адамға Калачакра идеясын түсіну өте қиын. Бірақ нағыз буддистер үшін де бұл тәжірибе өте күрделі болып саналады. Калачакра рәсімін бірнеше ұстаз, соның ішінде Далай-Лама жүргізеді. Далай-Лама арнауы бір топ адамдарға бір мезгілде ұсынылады, ал арнау кезінде тыңдаушыларға ілімді түсіндіру жүзеге асады, бұл түсіндіру 7 күннен астам уақытқа созылады. Арнауға өте тәжірибелі шәкірттер де, қарапайым адамдар да қатыса алады. Дайындалған озық шәкірттер ғана ілімді қабылдап, меңгере алады деп есептеледі, бірақ рәсімге қатысудың өзі адамның болашақ өмірлерінде нұрға бөлену жолын жеңілдететін батасы ретінде саналады.

1 / 2

Далай-Лама 1954 жылдан бері Калачакра рәсімін әлемнің әртүрлі елдерінде, соның ішінде Үндістанда, АҚШ-та, Канадада, сондай-ақ Еуропа мен Австралия елдерінде көптеген мыңдаған адамдарға жүргізген. Ол 1991 және 1995 жылдары Моңғолияда, Ұлан-Баторда да Калачакра рәсімін өткізген.

Далай лама Махабодхи ғибадатханасының жанында Бодхгайдағы Калачакра фестивалінде дұға оқу сәті. 2012 жыл, 6 қаңтар/DIPTENDU DUTTA/AFP via Getty Images

Далай лама Махабодхи ғибадатханасының жанында Бодхгайдағы Калачакра фестивалінде дұға оқу сәті. 2012 жыл, 6 қаңтар/DIPTENDU DUTTA/AFP via Getty Images

20 ғасырдағы дәстүрдің құлауы

Кеңес Одағының ізімен және оның ықпалынан соң 1930-жылдары Моңғол Халық Республикасында Ұлы репрессия (Их хэлмэгдүүлэлт) болады. Он мыңдаған адам репрессияға ұшырады, оның ішінде ақсүйектер, бұрынғы шенеуніктер, буддалық иерархтар, қарапайым ламалар мен малшылар, сондай ақ Моңғол халық-революциалық партиясының комунист басшылары мен зиялылар да бар еді. Кейіннен, Кеңес Одағының ықпалымен Моңғолия кириллицаға көшкен.

1937–1939-жылдары Моңғолияда Коминтерннің қысымы болған соң 700-ден аса, яғни түгелдей дерлік ғибадатхана сүрілген. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ішкі Моңғолия мен солтүстік Қытайды жапондардан босатқаннан кейін Кеңес әскері Ішкі МоңғолиядағыiҚазіргі Қытай Халық Республикасының солтүстігіғибадатханалардың бір бөлігін жойып жіберген. Нәтижесінде Моңғолияда кейін музейге айналған бірнеше ғибадатхана ғана аман қалған. 1946–1990-жылдары бүкіл елде жұмыс істеп тұрған бір ғана Улан-Батордағы Гандантэгчинлин деген монастырь болған.

1930-жылдардағы репрессия кезінде астанадағы Гандантэгчэнлин монастырі жабық болған, ал бұл монастырдағы Калачакры ғибадатханасы жүздеген басқа да ғибадатханалар секілді сүрілген. Монастырь 1944 жылы қайта ашылған, ал Дуйнхора сутралары тек 1961 жылы оқыла бастады. 1993 жылы демкоратиялық қайта құрылу кезінде Гандантэгчэнлин монастыріндегі Дуйнхора ғибадатханасы қайта салынған. 1995 жылы тамызда XIV Далай-Лама Моңғолияға сапары кезінде дацанды әулиендіріп, 100 мыңнан астам адамға Калачакра рәсімін өткізді. Содан кейін ол жерде сутрлар оқуы қайта жалғасып, Калачакра рәсімі жүріп тұратын болған. Астана мен аймақтарда 2010-жылдары бірнеше Дуйнхора дацандары ашылған. Дацандағы ламалар Будданың дәрежесіне жету үшін Калачакраны үйреніп, оның рәсімдерін оқыйды. «Барлық тіршілік иесінің игілігі және адамдарға көмек үшін» лама-астрологтар астрологиялық күнтізбелер шығарады.

Калачакра тантра институты, Дешенгалапа ғибадатханасы, Гандан Монастыры, Ұлан-Батор, Моңғолия/Alamy

Калачакра тантра институты, Дешенгалапа ғибадатханасы, Гандан Монастыры, Ұлан-Батор, Моңғолия/Alamy

Тіпті, Моңғолиядағы социализм кезінде де дәстүрлі Ай күнтізбесі шығып тұрды, онсыз моңғолдар ауыл шаруашылығымен айналыса алмайтын. Оны «Малчны цаг тооны бичиг» (Малшының күнтізбесі) деп атайтын және идеологиялық цензура оны қарапайым күнтізбе ретінде көрсетуді ұйғаратын. Онда малшылар үшін маусымның басы, айлы айы және Ай фазалары, Күн мен Айдың шығатын және бататын уақыты көрсетілген. Күнтізбеде күндер 12 жылдық жануарлар цикліне сәйкес белгіленген, мысалы, қара жолбарыс күні, қара қоян күні. Бұл мәліметтер малшылар үшін өте маңызды болған, мысалы, қоныс аудару, қой қырқу, жас малды піштіретін күнді немесе күзде мал соятын күнді анықтау үшін қажет еді. Малшылар бұл мәселелерде көбінесе ақсақалдармен немесе сирек жағдайда, аман қалған ламалармен ақылдасатын. Бұл күнтізбе көшпенді малшыларға ыңғайлы болу үшін 14х10 см мөлшеріндегі шағын қалта форматында жасалған. 1990 жылдан кейін Моңғолияда бұл күнтізбелерде жоғарыда аталған мәліметтерден басқа, күннің стихиясы, Айдың жұлдыздық орнының нөмірі және әртүрлі циклдар сияқты астрологиялық параметрлер де көрсетіле бастады.

Шашыңды қашан қисаң да өзің білесің, бірақ ағашты шабатын күнді дөп таңда

Моңғол астрологиясын зерттеуші Л.Тэрбиш 1990-жылдардың басында жыл сайынғы «Монгол зурхайн цаг тооны бичиг» (Моңғол астрологиясының уақыт және сандар жазбалары) күнтізбесін шығара бастады. Бұл күнтізбедегі есептеулер «Төгс буянт зурхай» немесе «Кемел қайырымдылық астрологиясы» дәстүріне негізделген. 2010 жылдан бастап басқа да астрологтар жыл сайынғы күнтізбелерді шығара бастады, олардың мазмұны жалпы алғанда Тэрбиштің күнтізбесіне ұқсас және есептеулерде «Кемел қайырымдылық астрологиясы» дәстүрін пайдаланады. Дегенмен Тэрбиштің күнтізбесі халық арасында әлі де ең танымал болып қала береді.

Лама-кстролог Түвден Довдан жасаған Бұқа жылының (2021-22) күтізбесі/Ашық дереккөздерден

Лама-кстролог Түвден Довдан жасаған Бұқа жылының (2021-22) күтізбесі/Ашық дереккөздерден

Бұл күнтізбелерде әр күнге 12 күндік жануарлар циклі, Ай айының күндері (Ай фазасы), сондай-ақ 28 күндік Ай тұрағы циклі, 9 күндік «белгі» циклі, 8 күндік стихиялар циклі сияқты басқа да циклдар көрсетілген. Мысалы, 2024 жылдың 1 маусымы — жаздың бірінші айының 24-күні, Сары жылан айы, екі қара белгісі бар күн, қызыл маймыл күні. Әр циклдің өз қолдану саласы бар, сондықтан қандай күнде не істеу қолайлы немесе қолайсыз екенін анықтау үшін арнайы кестелер ұсынылады.

Тибет-моңғол астрологиясында жеке жұлдыз жорамалдар да жасалады, бірақ қазіргі уақытта бұл практика кеңінен қолданылмайды. 20 ғасырдың басында Моңғолияда өмір сүрген белгілі финдік монғолтанушы Г.Й. Рамстедт өзінің естеліктерінде моңғол тілі мен әдебиетін жылдам меңгергенін көрген моңғолдардың оны өткен өмірінде моңғол болған деп есептегенін жазған. Урга (қазіргі Улан-Батор) қаласының астрологтары Рамстедттің туған күні мен жерін жиі сұрап, астрологияның көмегімен оның денесінде қайсы бір моңғолдың жаны келгенін білгісі келген екен.

Жылдық күнтізбелерде Маусым демінің бастауы, бидайдың пісуі, ұйқыдағы аңдардың оянуы секілді ерекше күндер де көрсетілді. Мысалы, қыс немесе көктем демінің бастауы күндері күз, қыс, көктем, жаз айларынан сәл ертерек басталады.

Моңғолия, Хувсгель провинциясы, Мерен, Хатгал Дархат шопандар қауымдастығы, мұз басқан Хевсгел көліндегі мұз фестивалі ақпанда ай толғанда, Цагаан Сара (ақ Ай) кезінде, шанаға жегілген жылқы/Alamy

Моңғолия, Хувсгель провинциясы, Мерен, Хатгал Дархат шопандар қауымдастығы, мұз басқан Хевсгел көліндегі мұз фестивалі ақпанда ай толғанда, Цагаан Сара (ақ Ай) кезінде, шанаға жегілген жылқы/Alamy

Айта кету керек, қазіргі Моңғолияда күнтізбедегі жаңа үйді салу, үйлену, көшу секілді өте маңызды істер алдында пайдаланады. Күнделікті өмірде моңғолдар күнтізбеге сүйенбегелі қашан, дегенмен жүз жыл бұрын олардың көбі ыңғайлы күнді таңдап алмайынша тіпті тырнағы немесе шашын да алмайтын. Қазір олардың басым бөлігі астрологияны ырымға да жатқызбайды, және, әрине, ондай скептиктердің көбі білімді қалалықтардың қатарынан екенін де айта кеткеніміз жөн.

Соған қарамастан, моңғолдар табиғатқа, жерге, ағаштарға және суға зиян келтіретін әрекеттерге ерекше сақтықпен қарайды. Мысалы, үйдің іргетасын қалау, ор қазу, ағаш кесу сияқты істер карма үшін қасиетті мәнге ие деп есептеледі және оларды әлі де күнтізбе бойынша жүзеге асырады. Мұндай жағдайларда тіпті скептиктер де, «барлығы дұрыс болу үшін», астрологиялық көрсеткіштермен салыстырып немесе ламаның сөздеріне құлақ асуға мәжбүр болады.

Моңғол халқы Моңғолияның Жаңа Жылы Цагаан Сар кезінде отбасы мен достарына қонаққа барады. Хатгал, Моңғолия. 2020 Жылғы 25 Ақпан/Пьер-Жан Дурье/Alamy

Моңғол халқы Моңғолияның Жаңа Жылы Цагаан Сар кезінде отбасы мен достарына қонаққа барады. Хатгал, Моңғолия. 2020 Жылғы 25 Ақпан/Пьер-Жан Дурье/Alamy

Сонымен қатар моңғолдар 12 жылдық жануарлар циклына сәйкес туған жылдарға мұқият қарайды. Көптеген адамдар өздерінің туған жылына сәйкес келетін достық және достық емес белгілерді біледі және жақын немесе іскерлік қарым-қатынастарды тек өздеріне қолайлы серіктестермен орнатуға тырысады.

Оқуға ұсынамыз:

1. Я.Ганбаатар Хубилай хааны тэнгэр шинжих ордон (мон. Дворец анализа неба Хубилай хаана), dorgio.mn
2. Как мусульманские ученые повлияли на представление китайцев о звездах, islamosfera.ru
3. Го Шоу-цзин, synologia.ru
4. Цогт цагийн хүрдний Дүйнхор бурхан (Бог Колеса времени Дүйнхор), газета “Глаз разума” (”Билгийн мэлмий”), 2011-нояб (109)
5. Александр Берзин. Монголын Бурханы шашны түүх (История буддизма в Монголии), studybuddhism.com/mn
6. Александр Берзин Особенности тибетской астрологии, часть 1: философский контекст и гороскопы, studybuddhism.com
7. Лувсан’минжүүр’дорж “Расчеты движения Солнца и Луны” (”Нар сарны хөдөлгөөн байршлыг хөөн бодох)”, перевод с тибетского А.Баясгалан, редактор Л.Тэрбиш. Серия “Монгольская астрология”, Улаанбаатар.
8. Александр Берзин Обзор Калачакры –Распространение Калачакры studybuddhism.com
9. Александр Берзин Что такое Калачакра?, studybuddhism.com/mn
10. С.Нинжбадгар, Расчёты -“лит” монгольской астрологии, (Монгол зурхайн лит,) Улаанбаатар, 2006

Баярмаа Лхагваа

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ